| Ұйымдастыру кезеңі. | Балалар,бүгін бізде ерекше күн. Бүгінбізге қонаққа апайлар келіп отыр.Біз кең, жарық, әсем бөлмеде жиналып қалыппыз.Қане, бәріміз бір–біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрып көрейікші. Балалар осы шеңберде тұрып бір бірімізге қуанышымызды,күлкімізді сыйлайықшы: Кел балалар күлейік, Күлкіменен түлейік , Қабақ түйген не керек Көңілді болып жүрейік. Жарайсыңдар,балалар.Енді жақсы көңіл-күймен біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс әрекетімізді бастайық.Балалар сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдерго я? Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырамын. Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. (қозы) 1.Кезекті бір жануар, Үстінде екі тауы бар.(Түйе ) | | Балалар қайталап айтады. Ия |
| Дидактикалық ойын Топпен жұмыс Сергіту сәті Рефлексивті түзету | Ия дұрыс айтасыңдар балалар Бұларды бір сөзбен не дейміз? Үй жануарларына сонымен балалар не жатады? - Қане,кім айтады? Үй жануарларының қоректенетін қорегі не? Олар қайда жасайды? Көктемде, жазда ше? Балалар қалай ойлайсыңдар жануарлар олардың төлдері сөйлейме? Ал ертегіде болса сөйлейді. Ендеше біз интерактивті тақтада «төлдер айтысы» ертегісін тыңдаймыз. -Төлдер бір-бірімен не үшін айтысты? -Лақ не айтты? -Құлын ше? -Бұзау не деді? -Қошақан, бота не деді? -Адам не деп жауап берді? Жарайсыңдар, балалар өте жақсы жауап бердіңдер. Ал енді балалар,сендерді ата – аналарың,ата – әжелерің үйде үй жануарларына теңеп еркелетеді ме? Қалай еркелетеді? Дұрыс айтасыңдар,үй жануарларының төлдері өте сүйкімді,кішкентай.Сондықтан да кішкене бүлдіршіндерді үй жануарларына теңеп еркелетеді. 1-ші топ.Енді балалар «төлін тап» ойынын ойнайық.Алдымызда үй жануарлары мен төлдердің суретті берілген.Төлдер өз енелерінен адасып қалыпты,қанекей,төлдері өз енелерімен қауыштырайық. 2-ші топ. «Не артық» артық жануарды сыз. 3-ші топ. Үй және дала жануарын ажырату. Балалар кім төлдер туралы тақпақ біледі? Жарайсыңдар керемет Балалар қараңдаршы мына менің қолымдағы төлдер жайлауға бара алмай қалыпты соған біз көмектесемізбе? Олай болса қазір мен сендерге тапсырмаларды беремін 1-ші топ. Ақ қағазды жасыл түске бояйды? 2-ші топ.Төлдерге жүндерін жапсырады? 3-ші топ. Гүлдердің суретін салады?
Дайын болған жұмысты тақтаға ілдіреміз. Балалар қараңдаршы қандай керемет жайлауда мына төлдер жайылып жүр. Сонымен балалар бүгінгі ұйымдастырылған іс әрекетіміз сендерге ұнадыма? -Үй жануарларының адамдарға қандай пайдасы бар? -Ешкі, қой, сиыр, түйе, жылқының төлдерін ата. | үй жануарлары және төлдерінің суреттері. | Үй жануарлары түйе,жылқы, сиыр,қой,ешкі жатады. жем,шөп,су. Қорада Жайлауда Жоқ Балалар мұқият тыңдайды. Балалар жауабы Мені- ботам дейді, мені- қошақаным дейді, мені- құлыншағым дейді т.б Қимылмен орындайды. Ия Балалар қызыға жұмысқа кіріседі Ия |