СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Балалардың дамуына арналған логикалық ойындар

Нажмите, чтобы узнать подробности

мектепке дейінгі мекеменің балалардың логикалық дамы бағдарламасы   

Просмотр содержимого документа
«Балалардың дамуына арналған логикалық ойындар»


Павлодар қаласы әкімдігі павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының №11 сәбилер бақшасы»

Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны











Б А Я Н Д А М А

Тақырыбы: «Баланың тілдік қызметін ұйымдастыруда ойынның маңызы»













Естиар тобы:

В.Б. Ахмадиева









Павлодар қаласы

2014 ж.


Баланың тілдік қызметін ұйымдастыруда

ойынның маңызы


Ойын – мектепке дейінгі балалар үшін айналаны танып, білу тәсілі. Ойын мен ойын әрекеті мазмұнның әлеуметтік сипаты. Баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты.

Ойында үлкендердің қызметіне еліктеп, өзінің шамасы келмесе де, осындай қоршаған ортамен етене араласады.

Мектепке дейінгі балалық шақта адамның жеке тұлғалық қасиетінің негізі қаланады.

Ойын баланың жетекші іс-әрекеті. Ойынды тәрбиелеу және жамыту құралы ретінде қолданады.

Ойын арқылы баланың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі. Ойын әдісі мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту барысында ерекше орын алады. Көрсету, түсіндіру, нұсқау беру, сұрақтар қою сияқты тәсілдермен ойын әрекетінің құрамдас бөліктерін үйлестіре отырып, пайдалануды көздейді.

Ойынның түрлері: ұлттық ойындар, сюжеттік рөлдік ойындар, дидактикалық ойындар, сахналанған ойындар, қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, құрылыс ойындары.

Әсіресе дидактикалық ойындар мен түрлі материалдар арқылы жүргізілетін ойындар кеңінен пайдаланылады. Әрбір дені сау бала туылғаннан әр нәрсені зерттеп білуге, ізденушілік белсенділігі басым болады. Баланың ішкі сезімі әлемді түсіну, қоршаған ортаны танып білуді қалайды. Ал оған ойынның атқаратын рөлі өте зор. «баланы ойын өсіреді» деген даналық сөз тегін айтылмаса керек. Бала ойнап жүріп ойланады, ойын арқылы тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайлы таным түсінігі қалыптасады.

Ұлттық ойындарды алатын болсақ, баланың тек дене бітіміне әсер етіп қана қоймай, ондағы санамақ, төрт шумақты өлеңдер, ой-өрісіне, тілінің дамуына мақсатты әсер етеді.

Баланың сөздік қорының дамуына дидактикалық ойынның орны ерекше. Ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, тыңдай алады. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Әр бала өз жетістігіне қуанады, сондықтан да ойын тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас ерекшелігімен жеке ерекшелігін ескерген жөн. Тәрбиеші балалармен ойынды (заттар, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуге болады. Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы: «Ғажайып қалта», «Дәл осындай тауып ал», «Салыстыр да атын ата», «Қай ағаштың жапырағы?», «Қайсысы көп?» т.б.

Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысал: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Бір сөзбен ата»

Ал сөздік ойында сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйрету. Мысалы: «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Мақалды жалғастыр»

Балалардың сөздік қорын дамыту ойындары, тапсырма жаттығуларды қодану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қорлары дамып, ауызша сөйлесу мағынасын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеті бойына сіңіреді. Бала ойын үстінде өмірде көрген білгеніне, өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктей отырып, соны бейнелей ойнайды. Бала ойын арқылы дүниені танып, түсінігі арқылы қабылдап, ересектерге еліктей жүріп үйренеді. Қай ғалымды алмайық өздерінің ойын туралы еңбектерінде «ойын балаланың жетекші әрекеті» екендігі, өйткені ойын баланы ақыл ойы жағынан да алға жетелеп дамытады, ойын өрбітіп, бойын өсіреді. Ежелгі гректерге «ойын» түсінігі балалардың қимылы деген ұғымды білдіреді, ал еврей халқында «ойын» сөзі қуаныш, шаттық сезімдерін сипаттайды.

Балабақашағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:

-балалардың сөздік қорларын дамыту;

-жаңа сөздерді меңгерту;

-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озган, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.

Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.

Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады.

Психологиялық ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады.

Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз.

Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма- жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді., таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.

Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық- саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады.

Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.

Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзеті- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.