СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Балалардың сенсорлық тәрбиесі бойынша дидактикалық ойындар жинақ»

Нажмите, чтобы узнать подробности

балалардың сенсорлық дамуына арналған дидактикалық ойындар

Просмотр содержимого документа
««Балалардың сенсорлық тәрбиесі бойынша дидактикалық ойындар жинақ»»

Аманқарағай ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің

«Бөбек» Аманқарағай бөбекжай-балабақшасы» МКҚК





































«Жан-жануарларға жейтін тамақтарын табуға көмектес»

дидактикалық ойыны

Мақсаты:

Балаларға жан-жануарларды атауға,олардың дыбыстарын, қимылдарын қайталауды үйрету.Олардың жейтін тамақтарын тапқызу, аттарын үйрету, ұсақ қол моторикасын дамыту.(Бұл мысық. Мысық мияулайды, мысық сүт ішеді, ет, балық жейді.Балаларға қыстырғышпен тамақтарын қыстыру

«Кірпі азық жинайды» дидактикалық ойыны.

Матадан тігілген кірпіге алмаларды, алмұрттарды, саңырауқұлақтарды жината отырып, қыстырғышпен қыстыртып үйретемін.

Мақсаты: балаларға кірпі туралы түсінік беру.Заттардың түрін,пішінін ажыратуға үйрету.Тілдерін дамыту.Көзбен қол икемділігін дамыту.

«Сәйкесін тап» дидактикалық құрал

Қорапшаны ашық түстермен безендіріп, босаған қақпағы бар ыдыстарды орналастырып, қақпақтарын түсті жіптермен бекітіп, балаларға сәйкес ыдыстарға орналастыруды үйретемін.

Мақсаты: заттардың түсімен, пішінімен, көлемімен танысып, жинауға және сұрыптауға үйренеді ,балалардың сенсомоторлық көз бен қолдың үйлесімділігін қалыптастырады.

«Дидактикалық тасбақа» көпфункциялды дидактикалық құрал.

Түрлі –түсті материалдардан тасбақа бейнесінде тігіліп, оған жұмсақ матадан тігілген, тоқылған  үй жануарлары ойыншықтары, көкөністер, жемістер, ірі түрлі-түсті тізілген  шарлар, жұмсақ доптар тігіледі. Балаларға олар туралы түсінік беріліп, түсін, пішінін анықтап, олармен жұмыс жасауда балалардың қол икемдлктері артып, ұсақ қол моторикасы дамиды.

Мақсаты: Қоршаған ортадағы  заттардың қызметі мен қасиеттерін іс-жүзінде тануға қызығушылықтарын дамыту, сенсорлық қабілеттерін қалыптастыру, жақын қоршаған ортасы туралы түсінік беру, байқағыштығы  мен белсенді сөйлеуін жетілдіру,  ұсақ қол моторикасын дамыту.

«Көңілді көрпеше» көпфункциялды дидактикалық құрал

Бұл көрпеше көгал бейнесіндегі жасыл және көл бейнесіндегі көкшіл матадан сәйкестендіріліп жасалған. Көлге балықтар, кішкентай үйрек балапандары мен құрбақалар орналасқан, ал көгалда тауық балапанымен, қоян, қонжық,  қозы т/б аңдар орналасқан. Бұлардың бәрі әдемі жіптермен ілініп тұр. Бұл жұмсақ көрпешені оқшаулану бөлмесінде орналастыруға болады. Балалар өз беттерінше отырып немесе жатып алып ойыншықтармен ойнайды.Оларды шиқылдатады.Бір-бірімен сөйлестіреді.Өз орындарына орналастырады.

Мақсаты: Балалардың көңіл күйлерін көтеру, қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттыру, байқағыштығы  мен белсенді сөйлеуін жетілдіру

« Ертегі кілемше» дидактикалық материалы

Мақсаты: Балаларға ертегі үйрету, тілдерін дамыту, көру мен қозғалыс қабілеттерін үйлестіру. Аңдарды атауға үйрету.

Фетр матадан тігілген алаңқай, аңдар бейнесі. Бұндағы ертегі кейіпкерлерін  балалардың өздеріне ұстатқызып, қозғалта отырып, орналастырады. Бауырсақты домалатады. Балалар қуашышты сезімде болып, бауырсақтың әнін айтады

«Ғажайып қорапша» дидактикалық ойыны

Бос қорапшаны ашық түсті қағаздармен жапсырып, ойық жасап, ішіне түрлі- түсті бет орамалдар салып, тесіктен бір ұшын шығарып қойамын, балалар бір ұшынан тартқан кезде бірінен  соң бірі түрлі орамалдар шығады. Бұл балаларды қуаныш сезіміне  бөлейді.

Мақсаты: балаларды түстерді тануға, атауға үйрету, ұсақ қол моторикасын дамыту.

«Түрлі-түсті қуыршақтар»

Түсті маталардан тігіліп жасалған.Қуыршақтарды қозғалтып, олардың орамалдарының түсіне назарларын аудартып, сәйкес беторамалдарын тауып балаларға қуыршақтарға беруге ұсынамын.

Мақсаты: Балаларды заттарды аңғарып қарауға және оларды салыстыруға  үйрету,түстермен таныстыру,  көру мен қозғалыс қабілеттерін  үйлестіруге жаттықтыру. 

«Доптар үйіне кетіп барады» дидактикалық ойыны

Мақсаты: Әртүрлі түстермен таныстыру, сезіммен байланысты түйсіктерін дамыту, қозғалыс қабілетін дамыту, көру мен қозғалыс қабілеттерін үйлестіру

Жүн жіптен тоқылған диметрі 6 см доптар,дотар алуан түсті болып келеді. Доптардың әрқайсысының баулары бар.Доптар  әдемі қорапта  салынып тұрады.

Балаларға допты ұстатып, оның түсіне, жұмсақ екеніне, қысылатынына назар аудартамын. Балаларға бауынан ұстап тұрып, допты секіртіп апарып, ернеуі кең, мөлдір бөтелкеге салуды ұсынамын. «Қызыл доп үйіне кетіп барады» деп айтып отырамын.Барлық доп бөтелкеге  салынғаннан кейін,бөтелкені екі қолмен төңкеріп, дотарды қайтадан кәрзеңкеге салғызамын.

«Секіргіш доптар» дидактикалық ойыны

Мақсаты: Байқағыштық қабілеттерін дамыту.Балаларды әртүрлі түстермен таныстыру. Ойыншықтарды танып, атауға үйрету.

Балаларға қалаған добын алып, оның түсін бірге анықтауға үйрету. Доптың бауынан ұстап, оны үстелдің  үстінде секіртіп тұрады, домалатып жіберіп қай ойыншыққа барғанын айтады.Доп секіріп қоянға барды. Қоян допты алды.



«Көңілді жастықшалар»  дидактикалық құрал

Мақсаты:  Балалардың көңіл күйлерін көтеру, өз- өзімен ойнап отыруға үйрету.Түстерді, пішіндерді ажыратуға үйрету.

Оқшаулану бөлмесін  безендіру мақсатында ашық,көңілді  түстерден   мысық, батпырауық, қуыршақ бейнесінде жасалған жастықшалармен балалар қызыға ойнайды. Ондағы қадалған түсті пішіндерді ұстап көріп, пішіндерін, түстерін ажыратады. Батпырауықтағы ұсақ моншақтарды қозғалтады.



«Менің ертегім» дидактикалық құралы

Мақсаты: Балаларға ертегі үйрету, тілдерін дамыту, көру мен қозғалыс қабілеттерін үйлестіру. Кейіпкерлердің сөздерін, қимылдарын қайталауды үйрету.

Жарамсыз дискілерден қалаған ертегі кейіпкерін  матамен, картон қағазбен  безендіріп жасап, үстел –үсті театрында пайдалануға болады.

 

«Аңдарды вагондарға отырғыз» дидактикалық ойыны

Мақсаты: қоршаған ортадағы  заттардың қызметі мен қасиеттерін іс-жүзінде тануға қызығушылықтарын дамыту, сенсорлық қабілеттерін қалыптастыру, жақын қоршаған ортасы туралы түсінік беру, байқағыштығы  мен белсенді сөйлеуін жетілдіру.

Жұмсақ, былқылдақ маталардан вагон бейнесін тігіп, аңдарды ататып, дыбыстарын, қимылдарын салуды үйретіп,, қалташаға орналастырады.

 

«Сиқырлы қорапша» дидактикалық ойыны

Мақсаты:балалардың байқағыштық қабілеттерін дамыту.Балаларды әртүрлі түстермен таныстыру. Ойыншықтарды танып, атауға үйрету, көру мен қозғалыс қабілеттерін үйлестіру.

Бос қорапшаны әдемі суреттер жапсырып безендіріп, баланың қолы сиятындай ойық жасап,ішіне баланы қызықтыратындай түрлі ойыншықтар, заттар салып қоямыз. Балалар заттарды алып, оның түріне, түсіне, пішініне назар аударады.