Просмотр содержимого документа
«Балаларды? тілін дамыту?а арнал?ан баяндама»
Балалардың тілін -жаңа технологияларды қолдана отырып дамыту
Мақсаты: Балаларға күнделікті ҰОІӘ – де сабақты жаңа технологияны қолдану арқылы, балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту. Балалардың тілін дамытудағы жаңа технологияны қолдану арқылы, ой-өрісі дамыған, тәрбиелі, білімді, заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу.
Бала өмірінің алғашқы мектепке дейінгі кезеңі – оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезең, бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл кезде баланың ақыл-ойы, қабілеті, қасиеттері және эстетикалық сезімдері қызықты, мазмұнды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, еңбек, ойын үдерісінде жан-жақты қалыптасады.
Мектепке дейінгі мекемеде ойынның маңызы ерекше.Ойын барысында білім мен біліктілігін арттырамыз. Ойлауға үйрету дегеніміз – дидактикалық қарама – қайшылықты көре білуге, сол арқылы шындықты тануға үйрету деген сөз. Қарама-қайшылық – ой дамуының қозғаушы күші.
Тәрбиенің алдағы міндеттерінің бірі балалардың ойлау қабілеттерін қалыптастыру болса, ойын – осы мәселенің шешімі. Балада ойлау қабілеті мен сөйлеу қызметі бірге дамиды. Баланы ойната отырып сөйлетуде суретті әңгіме, дидактикалық ойынды сурет арқылы өткізу, шығарманы оқып таныту оң нәтиже береді. Мектеп жасына дейінгі балаларды тіл мәдениетіне тәрбиелеу, сөздік қорын дамыту, сурет қарау, заттарды сипаттау, жұмбақ шешу, құрастыру, тақпақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштармен қатар ертегі тыңдау әңгімелесу баланың тілдік құзіреттілігін, қызығушылығын арттырады. Тілдің грамматикалық дұрыс құрамын қолданалы.
Педагогикалық үдерісті қарама-қарсы, ойын, эксперимент, тәрбиеші мен құрдастары арасындағы ынтымақтастықта өткізуге болады.
Бала біткен бәрі де ес білгеннен бастап «білсем, көрсем, естісем, ұстасам, алсам» деп әрекет етуге ұмтылады. Бұл – баланың өзін қоршаған өмірді терең де толық білуге құштарлығы. Бала құмарпаз, әуесқой, тынымсыз зерттеуші.Ұйымдастырылған іс-әрекеттерді ойын түрінде өткізуде сөздік қорын дамытып ауызша сөйлеу машығы игеріледі, таныс белсенділіктері калыптаса түседі.
Осыган орай балабақшадағы тәрбиешілерде балаларға ақын-жазушылардың тақпақ, өлең, жаңылтпаштарын үйретуде, олардың мәнерлеп айтуда қиындықтар кездеседі.
«Қатынас» саласындағы мақсат жан-жақты қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін ойын технологиясымен қатар ТРИЗ әдісін қолданудың тиімді жолдарын тауып, әрбір іс-әрекетті тиімді ұйымдастыруда балалардың қиялын, логикалық ойлау, сөзге сурет ойлап табу, ойлау қабілеті ұшталады.
Балаларды жаңа әдіспен ойын арқылы ТРИЗ технологиясын қолдану барысында біз кері жол жүреміз, тақпақ, жаңылпаштарды біз суретке айналдыру арқылы жаттаймыз. Бұл әдісті бес сала бойынша қамтуға болады: шығарманы мәнерлеп оқу, автормен таныстыру, әр сөзге, сөйлемге теңеп сурет ойлап табу, қиын сөздерге тоқталу, қайталау.
Сурет толық салынып болған соң «Қай сурет жоқ?», «Қай сөз, сөйлем жоқ?» ойындары ойналады. Тақпақтар тез, буындап, суретке қарап жатталады. Сергіту сәті осы тақпаққа қимыл ойлап табу арқылы тағы қайталанады. Жеке, топтасып қайталанады. Сызбамен салынған сурет ең бірінші тақпақ жаттап алған балаға сыйланады. Көркем салынған сурет-тақпақ топта бір апта бойы ілініп, жаттап қойған балалардың көмегімен басқа балалар да қайталау арқылы тез жаттап, алуға бейімделеді.
Сызба, тақпақ, жаңылтпаш, ертегілер балалардың іс-әрекетке қызығушылығын арттырады. Жаңадан шыққан әдіс-тәсіл қолдану арқылы балалардың жаттауға, есте сақтауға деген ынталарының дамуына, тілдерін машықтандырғанына көз жеткізеді.
Күнделікті жаңа ҰОІӘ-де тәрбиелеу мен оқыту ісінің бір ерекшелігі көрнекіліксіз іске аспайды. Ал біз әр тақпақ пен жаңылтпаштарға сызба-сурет салып көрнекілік ретінде пайдаланамыз.
Ойын түрінде өткен бұл әдіс бала тілінің дамуына ықпал тигізіп, таным, қатынас, шығармашылық, әлеумет, денсаулық салаларындағы белсенділіктерінің дамуына, қолдануына жол ашады. Ойын баланың ойлау, есте сақтау, салыстыру, қиялдау, еркін сенінуге, еркін сөйлеуге, жеке тұлға болып табылуына көмектеседі. Тәрбиешілерге шығармашылық жұмыс жүргізуге, жинақтауға, жеке жұмыс өткізуге, есте сақтауға көмектеседі.
Әдістемілік үлгісі:
1. Шығарманы жазған автормен таныстыру.
2. Шығарманы мәнерлеп оқу.
3. Шығарма туралы әңгімелеу.
4. Қиын сөздермен жұмыс.
5. Ақынның тақпағына сурет салуды ұсыну.
6. Әр қатар оқи отырып балаларға қиялдап, ойлануға жетелеу.
7. Суреттер салу (қатар қайталау)
8. Сызба бойынша үлгі ретінде айту.
9. Балалармен сурет көрсетіп айту (тез бояу, буындау, аң, жануарлар, көзін жұмып іштей қайталау).
10. Ойын: «Қай сурет жоқ?», «Қай сөз жоқ?»
11. Жеке балалардың айтуы: бірінен соң бірі жалғастыру.
12. Ең тез жаттап алған балаға сызба-тақпақты сыйлау.
13. Көркем салынған суретті ілу.
14. Сурет қандай болса, сендер де мәнерлеп айтып беріңдер.
15. Алған білімдерін қорытындылау.
Жаңа ҰОІӘ-де барысында баланың оқу мақсатын шешу кезіндегі іс-әректіне қолдау көрсетіп мақтау, сыйлық беру сияқты әдістер қолданылады. Бұл әдіс бұрын балабақшада қолданылмаған ең жаңа оқу формасы болып есептеледі.
Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі – бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Бұл мәселенің шешімін табуға үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрижеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Айтылған талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттерін бойына сіңірген шәкірт тәрбиелеуден бастағанның маңызы зор.
Олай болса педагог тәрбиешінің алдындағы басты міндет – ХХІ ғасыр білім ғасырының есігін еркін ашып кіретін, дүниежүзілік мәдениетті танып, ұлттық бай, ой-өрісі дамыған, тәрбиелі, білімді, заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу.