«Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің қосымша білім беру орталығы» ММ
Көңілді жаз-2016

Құрастырушы:Жамелова И.К
Жаз-2016
Бағдарлама мазмұны
Түсінік хат.
Жазғы лагерді ұйымдастыру мақсаты мен міндеттері.
«Допты қуып жет» эстафеталық жарыс
«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» эстафеталық сайыс
«Көңілді тапқырлар сайысы» эстафеталық сайыс
«Тапқырлар сайысы» эстафеталық жарыс.
«Көңілді мәре» эстафеталық сайыс
«Қызықты жаз» эстафеталық жарыс
Ойындар
Жұмбақтар
Логикалық сұрақтар
Әдебиет.
Түсінік хат
Жазғы үлкен үзіліс ұзақ оқу жылынан кейін мектеп оқушыларының денсаулығын бекіту, денесін шынықтыруы, күш жинауы үшін беріледі. Бірақ бұл да олардың рухани баю, өз күштерін тексеру және байқап көру, қоршаған ортаны игеру және түсіну уақыты. Балалардың белсенді демалысы әдеттегідей спорт-сауықтыру лагерлерінде, шипажайларда, мектеп қарамағындағы жазғы сауықтыру лагерлерінде өтеді.
Қосымша білім беру орталығының базасында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында балалардың күндіз болуы ұйымдастырылып отыр.
Оқушының дене мәдениетін қалыптастыру, өз денсаулығын сақтау барысында оқушылардың бойында тұрақты мотивтер мен қажеттіліктерін қалыптастыру, физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын, салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене шынықтыру құралдарын шығармашылық қолдана білуін қамтамасыз ету болып табылады.
Осы мақсатты жүзеге асыру барысында төмендегі міндеттерді шешуді талап етеді:
- денсаулықты нығайту, ағзаның негізгі сапаларын дамыту және қызмет ету мүмкіндіктерін арттыру; негізгі спорт түрлері бойынша техникалық-тактикалық әрекеттерді жетілдіру;
- өз денсаулығына ықтиярлықпен қарау, оны нығайту мен ұзақ мерзім сақтай білу қажеттілігін тәрбиелеу;
- дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;
- тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.
Бағдарлама балалардың қызығушылығы мен жас ерекшеліктерін есепке ала отырып жасалды.
Мекеме мекен-жайы: Арқалық қаласы, Абай 45
Телефон 8( 71430) 7 20 24
Бағдарламаны жүзеге асыру формасы: мектеп қарамағындағы балаларды сауықтыру лагері мен қосыымша білім беру орталығы.
«Допты қуып жет» эстафеталық жарыс
Мақсаты: Балаларды шыдамды, сабырлы қалыпта берілген белгіні тыңдауаға, тез жүгіруе, түстердің көлемін ажырата білуге баулу. Ойынның шарты:бұл ойынға 5-6 бала, тәрбиеші басқаруымен қатыса алады. Тәрбиеші доптарды себетке салып алып,балалардың алдына домалатып жібереді. Допты қуып жет деген белгі бойынша, балалар допты ұстап алып тәрбиеші ұстап тұрған себетке салуы керек.
Керек құралдар: түрлі-түсті ,үлкен-кішілі доптар.
Жарыстың шарты.
1. Сәлемдесу.(ұраны, топ аты)
2. Эстафеталық ойындар
3. Қорытындылау
1.«Эстафета таяқшасын алып жүгіру»
Әр топ ойыншылары төрешінің белгісі бойынша кедергілердің арасымен эстафета таяқшасын алып белгіленген жерге жүгіріп барып, кейін қайтады. Екінші ойыншыға береді. Бірінші келген команда жеңіске жетеді.
2.«Секіртпемен жүгіру»
Топ оқушылары төрешінің белгісі бойынша секіртпемен жүгіреді. Белгіленген жерге жүгіріп барып, кейін қайтады. Келесі ойыншыға береді. Ойынды бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.
3.«Шығыршық тасы»
Төрешінің белгісі бойынша топ басшысы шығыршықпен белгіленген жерге топ мүшелерін біртіндеп тасып, кейін қайтады. Соңғы ойыншыны апарып, барлығын бірдей алып келеді
4.«Кім жылдам?»
Төрешінің белгісі бойынша белгіленген жерге допты жерге ұрып барып, қайтарында жүгіріп келеді. Допты келесі ойыншыға береді. Ойын осылай жалғасып, бірінші келген команда жеңімпаз болады.
5.«Жұптасқан ұстаушылар»
Төрешінің белгісі арқылы топ мүшелері екеуден жұптасып белгіленген жерге жүгіріп барып, кейін қайтады.
6.«Қаппен жүгіру»
Төрешінің белгісі арқылы қапты киіп алып, белгіленген жерге секіріп барып, кейін қайтады. Қапты шешіп келесі ойыншыға береді. Бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.
7.«Арқан тарту»
Команда мүшелері түгел арқан тартуға шығады. Белгіленген жерге қарсылас команда мүшелерін тартып келеді. Командалар бір - бірімен түгел арқанмен тартысады.
«Көңілді старт» эстафеталық жарыс
Мақсаты:
1. Оқушылардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.
2. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
3. Салауатты өмір салтын насихаттау.

Сайысқа қатысушылармен жеке – жеке таныстыру.
2. «Кім жылдам» эстафетасы
3. «Қаппен секір» эстафетасы
4. «Асық ату» эстафетасы
5. «Жалауды тез жеткіз» эстафетасы
6. «Жүйрік ат» эстафетасы
7. «Допты шеңберге лақтыру» эстафетасы
Біз ананың қуанышымыз
Бала кезден шыныққан
Болашақта есейіп,
Біз жеңімпаз боламыз.
2. «------------------------»
Қатар өскен құрдасқа
Жарыс ұнап тұрмас па
Қуып жету жақсы ғой
Озып шығу бір басқа.
3. «-----------------------»
Қане, қане жарысуды
Айналдырайық әдетке
Денемізді шынықтыру
Денсаулыққа қажет те.
II: «Кім жылдам» эстафетасы
Ойынның шарты: Үш отбасының алдында, үш себет тұрады оның ішінде көкөніс пен жемістер салынған. Бірінші сайыскер көкөністерді отырғызады, ал екінші жинайды. Қай топ ұқыпты отырғызып, тез жинап шықса, сол отбасы жеңген болып табылады.
III: «Қаппен секіру» эстафетасы
Ойынның шарты: Жарысатын үш топтың сайыскерлері мәреге келіп тұрады.
Бірінші адамның аяғында қап, осы қаппен секіріп сөреге дейін барып қайтып, екінші сайыскерге береді. Ал, балалары болса бір аяқпен секіріп барып қайтады. Қай отбасы уақытында келсе, сол жеңімпаз болады. Әділқазылар алқасы бағаларын жазып, ұпай сандарын жазып отырады.
IV «Асық ату» эстафетасы
Ойынның шарты: Белгілі мәреде шеңбер ішінде асықтар қойылған. Қай отбасының сайыскерлері асықты құлатып, шеңберден шығарса, сол топ көп ұпай жинап, жеңіп шығады.
V «Жалауды тез жеткіз» эстафетасы
Ойынның шарты: Команда капитандары қолына жалау ұстап ойынды бастауға белгі бергенде ойын аланына қойылған кегілені айналып өтіп, жалауды келесі балаға береді.Командалар тез өз тізбегінің соңына барып тұрады. Қай команда тез бітсе сол жеңіске жетеді.
VI «Жүйрік ат» эстафетасы
Ойынның шарты: Балалар допты тақымға қысып, секіру арқылы жарысады. Ойынды сапалы әрі тез аяқтаған команда жеңіске жетеді.
VII «Допты шеңберге лақтыру» эстафетасы
Ойынның шарты: Әр отбасындағы сайыскерлердің епті мерген екендіктерін анықтау. Отбасылардың алдында 2 метр қашықтықта биіктігі 1, 5 метрдей темір құрсау тұрады. Міне, осы құрсауға допты дәл лақтырса, сол көп ұпай жинайды.
Қолданылатын құралдар: эстафеталық кедергілер, доп (үлкен, кіші), шарик, қасық, үлкен ыдыс, гимнастикалық төсеніш, таяқшалар және т. б.
Сайыс соңында әділқазылар алқасы ұпай санын шығарып, қай жағы жеңгенін айтады.
Жарыстың соңына қарай барлық ойында жеңіске жеткен отбасына сыйлықтар, балаларына арнайы әзірленген алқалар тапсырылады.
«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» эстафеталық сайыс
Таза ауа, спорт болсын дәріміз.
Еңбек етіп келгенінше әліміз,
«Алға» - деген бір – ақ мақсат ұстанып,
Сайысқа аттанайық бәріміз!
Оқушылар жетекшілерімен қосылып,
отыр сынға түскелі,
Сыналмақшы ептілік пен күштері.
Әрбірінің жігер – күші жалындап,
Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі.
«Спорт» десе таза біздің арымыз,
Сайысатын сыныптарды бүгінгі
Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.
Ортаға сынып жетекшілерімен оқушылардан құралған, сайысқа түскелі тұрған топтарымызды шақырайық:
№1 топ: «------------------»
№2 топ «----------------»
№3 топ «-----------------»
Үш топ жүріп өтіп, ойын алаңына барып орналасады.
«Көңілді мәре» атты спорттық ойынымыз 7 турдан тұрады. Өз бақтарын сынағалы тұрған әр топ дөңгелене тұрып, сергіту жаттығуларын бастайды. Олар өздерінің топ аттарымен, төсбелгілерімен және ұрандарын таныстырып өтеді.
1. Эстафеталық жарыс ( доппен кедергілер арасынан жүріп өту)
2. Повар ойыны (шарикті екі қасықпен қазанға тасу)
3. Баскетбол торына доп лақтыру (баскетбол добын кедергілер арасынан бір қолмен алып жүріп, себетке салу)
4. Калькулятор ойыны (эстафета берілісімен жүгіріп барып берілген есепті шығару
5. Капитандар сайысы белдегі шығыршық (әр топтың капитандары шығып жарысқа түседі)
6. Кім шапшаң?( кішкентай шеңбер ішіне картошканы салып, қайтадан жинап алу)
7. Арқан тартыс
Құрметті спорт сүйер қауым!
Бір тілек айтарымыз,
Берекелі заман болсын,
Баршаңыз аман болыздар!
Жиырма бірінші ғасырда,
Ашық аспан астында,
Денсаулықтарыңыз мықты болсын!
Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!
Бүгінгі «көңілді мәре» жарысын,
Осымен аяқтаймыз!
Мейрамдарыңыз құтты болсын! Рахмет
«Көңілді тапқырлар сайысы» эстафеталық сайыс
Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтына баулу және спорттық жаттығуларға, спорттық қозғалыс ойындарына деген ептіліктері мен шапшаңдықтарын арттыру.
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) Командаларды сапқа тұрғызу.
ә) Сәлемдесу, реттік санау.
Жоспары:
«Кім жылдам?» ойыны
«Қос аяқ» ойыны
«Шеңбердегі жұп» ойыны
«Орнын ауыстыр» ойыны
«Допты хоккей» ойыны
«Допты жерге соқ» ойыны
« Команда тізбегі» ойыны
ІІ. Эстафеталық жарыс:
«Кім жылдам» ойынының шарты: Жолдағы кедергілерден ирек жүгіру әдісі бойынша жылдам келу. Ескерту: Ойыншы мәреден толық айналып, сөреге жеткенше ойын шартын толық орындау қажет. Команда ойыншылары қарсыласын сөреге жеткенше күтуі қажет.
«Қос аяқ» ойынының шарты: Допты (волейбол добы) аяқ ортасына қыстырып, қос аяқпен әдісімен секіріп апару. Мәреге жеткен соң, жай жүгіріспен сөреге дейін жүгіру. Ескерту: Жарыс барысында доп түсіп кеткен болса, ойын дәл сол жерден жалғасын табу керек.
«Шеңбердегі жұп» ойынының шарты: Екі ойыншы берілген шеңбер ішіне кіріп, жұп құрайды. Тура жүгіру әдісі бойынша жылдам жүгіріп барып келеді.
Ескерту: Ойыншы мәреден толық айналып, сөреге жеткенше ойын шартын толық орындау қажет. Команда ойыншылары қарсыласын сөреге жеткенше күтуі қажет.
«Орнын ауыстыр» ойынының шарты: Командаға бес спорт таяқшалары беріледі, олардың бастапқы орны «сөре» болып саналады. Сол таяқшаларды алғашқы бес ойыншы біртіндеп «мәреге» орнын өзгертіп жеткізеді, қалған бес ойыншшы спорт тяқшаларын қайтадан «сөреге» орнына жеткізеді. Ескерту: Ойыншы мәреден толық айналады, команда ойыншылары қарсыласын сөреге жеткенше күтуі қажет.
«Допты хоккей» ойынының шарты: Әр ойыншы хоккей таяқшасымен хоккей добын кедегілерден ирек жүру әдісімен мәреден, сөреге дейін толық орындау қажет. Ескерту: Ойын барысында хоккей добынан айырылып қалған ойыншы, ойынды дәл сол жерден жалғастырады.
«Допты жерге соқ» ойынының шарты: Допты (баскетбол добы) жерге соғып, кедергілер арасынан ирек жүру әдісімен жылдам серпіте апару. Мәреге жеткен соң, жай жүгіріспен сөреге дейін жылдам жүгіру.
Ескерту: Жарыс барысында доп түсіп кеткен болса, ойын дәл сол жерден жалғасын табу керек.
« Команда тізбегі» ойынының шарты: Команда мүшелері тізбек бойынша қатарласып тұрады. Топ басшысы берілген допты (волейбол добы) келесі ойыншыға жоғарыдан береді. Ойын толық тізбек орындалғанша жалғасады. Ескерту: Допты жерге түсіруге болмайды. Доп жерге түскен сайын ұпай саны шегеріледі.
ІV. Қорыту бөлімі:
а) Командаларды сапқа тұрғызу.
ә) Эстафеталық жарыстың нәтижесі бойынша мадақтау.
б) Жүлделі орындарды марапаттау.
Эстафеталық жарысқа белсенді түрде қатысқандарыңызға рахмет!
«Тапқырлар сайысы» эстафеталық жарыс.
Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру, сымбаттылыққа, ептілікке тәрбиелеу
Денсаулық - бар байлығың басыңдағы,
Жайнаған өміріңнің жасыл бағы
Қастерлеп аяласаң, мәпелесең,
Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы
Денсаулық қашаннан да алтынға тең,
Болады болашағың жарқын да кең.
Аңдамай жақын болсаң арсыздықпен,
Ойланып көп тасымай ақылға кел, - деп бүгінгі эстафеталық жарысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Жарысымыз 2 командадан тұрады.
1 команда «Жас ұлан»
2 команда «Достық»
Жарысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
«Ой шақыру»
Сұрақтар:
1. Салауатты өмір салты дегеніміз не?
2. Денсаулық үшін не пайдалы, не зиянды?
3. Тұмау деген не? Оның таралу жолдары қандай?
4. «Ауру - астан» демеп пе еді халқымыз, тамақтану гигиенасы туралы не айтасыздар?
1. Таныстыру (әр команда капитаны өз ұрандарын таныстыру).
2. Спорт - біздің досымыз,
Күш, қайрат сыналған.
Спорт - біздің досымыз
Бала кезден шыңдалған - деп келесі турымыз «Кедергілерден өту»
3.Жүйрік болса кім
Күлімдейді күн
Жарыста жүгір, алға ұш - деп келесі турымыз «Скакалкамен жүгіру».
4. Жүгір.Жүгір, селмен жарысып,
Жүгір желмен жарысып
Нұрға сылан,
Болып қыран,
Өс ұлан –деп «Жорға, аяңдап жүруден жарыс».
5. Жапырақтар жырлар,
Гүлдер сыбырлар.
Күн нұрын күт,
Таза ауа жұт,
Бойыңа құт –деп келесі «Ергежейлі» аяқты жартылай бүгіп жүруден
жарыс.
6.Күш атасын танымас –деп келесі турымыз «Мен күшті» арқан тартыс.
Осымен бүгінгі жарысымыз өз мәресіне де жетті.Келесі жарысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Келіп тамашалап көргендеріңізге рақметімізді айтамыз.
«Көңілді мәре» эстафеталық сайыс
Мақсаты: Мұғалімдердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға ықпал ету, жолдастық қолдау,ширақ ортаны қалыптастыру,оны ойынның соңына дейін сақтауға дағдыландыру.
Керекті құрал – жабдықтар: 2 волейбол доптары, 4 белтемір, белгі кубиктер, 10 кішкене ойыншық, 2 себет, 2 клюшка, жіп, 2 ақ парақ.
Ұйымдастыру кезеңі:
1) Техникалық қауіпсіздік ережелеріне мән беру.
2) Керекті жабдықтармен керекті заттардың дұрыстығын тексеру.
3) Ойыншылардың спорттық киіміне мән беру.
Мақсаты : Мұғалімдердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, келешекте өз елінің, қоғамның салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін осы мектеп мұғалімдер арасында спорттық эстафетены өткізгелі отырмыз.
Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен танысайық.
Ал ендеше сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейік.
«Кім епті?...»
Әр топтың бірінші ойыншысы төрешінің белгісінен кейін кедергілер арқылы клюшкамен допты домалатып нысанаға дейін алып барады. Қайтадан артқа тек клюшкамен ғана оралып, екінші ойыншыға береді. Екінші ойыншы допты кері алып келеді. Осылай топ ойыншылары жалғастырады. Бірінші аяқтаған топ жеңіске жетеді.
«Су тасу»
Әр топтың бірінші ойыншысы төрешінің белгісінен кейін кедергілердің арасымен жүгіріп барып белгіленген жерден, берілген ыдыспен су тасу қажет. Қай топ көп су жинаса, жеңімпаз атанады.
«Үңгіршектен өту»
Әр топтың бірінші ойыншысы төрешінің белгісінен кейін белгіленген жердегі матадан жасалған үнгіршектен өтуі тиіс. Үңгіршекті бір ойыншы ұстап тұруы керек. Жылдам өтіп келесі ойыншы жалғастыруы тиіс.
«Көңілді сәт»
Әр топтың бірінші ойыншысы төрешінің белгісінен кейін жүгіріп барып белтемірдің астынан өтеді. Сосын кедергілер арқылы жүгіріп өтіп, екінші белтемірдің астынан өтеді. Артқа жай жүгіріп келеді.
«Мергендер»
Төрешінің белгісінен кейін үлкен шарға мініп белгіленген жерге дейін секіріп барып, шарды қойып белгіленген сызықтан тұрып дротикпен нысанаға ату қажет. Бұл кезеңде жылдамдық ескерілмейді, бірақ нысанаға тигізген ұпай саны есептеледі.
«Ойыншық жинау»
Ойыншы себетті ойыншық салуға ыңғайлы етіп ұстауы тиіс. Себетке түспеген жағдайда келесі ойыншыға жалғаса береді.
Әр топтан 1- ойыншы ойыншық жинаушы, қалған ойыншылар ойыншық (кішкене ойыншықтар) тасымалдаушы. Ойыншықтар шеңбер ішінде орналасады. 1–ші ойыншы шеңбер ішінен бір ойыншықты алып, себетке лақтырады да, қайта оралады. 1– ші ойыншы мәреге келмей, 2 – ші ойыншы жүгірмейді.
«Қортынды сайыс»
Ойыншы тізеге допты қысып, шеңберге дейін барады. Допты кері қарай екінші ойыншыға домалатып жібереді. 2–ші ойыншы сол мезетте допты алып ойынды жалғастырады. Қай топ бірінші жиналса, жеңімпаз атанады. Ойыншылар шеңберден шықпауы тиіс.
«Қызықты жаз» эстафеталық жарыс
Мақсаты:
Эстафета ойыны арқылы дененің жылдамдық, ептілік, иілгіштік, төзімділік күш сапалық қасиеттерін дамыту; дене даярлық сапасын арттыру; ойын арқылы дене жүктеме жаттығуларын үйлестіру.
Керекті құрал – жабдықтар: 2 волейбол доптары, 4 белтемір, белгі кубиктер, 10 кішкене ойыншық, 2 себет, 2 клюшка, жіп, 2 ақ парақ.
Ұйымдастыру кезеңі:
1) Техникалық қауіпсіздік ережелеріне мән беру.
2) Керекті жабдықтармен керекті заттардын дұрыстығын тексеру.
3) Ойыншылардың спорттық киіміне мән беру.
Мақсаты – жас ұрпақты денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамның салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру.
Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқсымен танысайық.
Негізгі бөлім:
«Кім епті?...»
Әр топтың бірінші ойыншысы төрешінің белгісінен кейін кедергілер арқылы клюшкамен допты домалатып нысанаға дейін алып барады. Қайтадан артқа тек клюшкамен ғана оралып, екінші ойыншыға береді. Екінші ойыншы допты кері алып келеді. Осылай топ ойыншылары жалғастырады. Бірінші аяқтаған топ жеңіске жетеді.
«Ойыншық жинау»
Ойыншы себетті ойыншық салуға ыңғайлы етіп ұстауы тиіс. Себетке түспеген жағдайда келесі ойыншыға жалғаса береді.
Әр топтан 1- ойыншы ойыншық жинаушы, қалған ойыншылар ойыншық (кішкене ойыншықтар) тасымалдаушы. Ойыншықтар шеңбер ішінде орналасады. 1–ші ойыншы шеңбер ішінен бір ойыншықты алып, себетке лақтырады да, қайта оралады. 1– ші ойыншы мәреге келмей, 2 – ші ойыншы жүгірмейді.
«Кім жылдам?»
Ойыншы тізеге допты қысып, шеңберге дейін барады. Допты кері қарай екінші ойыншыға домалатып жібереді. 2–ші ойыншы сол мезетте допты алып ойынды жалғастырады. Қай топ бірінші жиналса, жеңімпаз атанады. Ойыншылар шеңберден шықпауы тиіс.
«Аралдар»
Топ ойыншылары бірлесіп екі белтемір арқылы келесі бетке жетуі керек. Бірінші жеткен топ жеңімпаз болады.
«Капитандар сайысы»
Топ басшыларына екі парақ қағаз беріледі. Соның көмегімен ұйықтың келесі бетіне тез өту керек.
«Көңілді мәре» Әр топтың бірінші ойыншысы төрешінің белгісінен кейін жүгіріп барып белтемірдің астынан өтеді. Сосын кедергілер арқылы жүгіріп өтіп, екінші белтемірдің астынан өтеді. Артқа жай жүгіріп келеді.
Ойындар
Балалар екі командаға бөлінеді. Жарысатын қашықтықтық ұзындығы 10-15 метрдей болады. Саптың ең алдында тұрғандардың қолында доп болады. Мұғалім белгі берісімен доп ұстаған екі ойыншы жүгіре шығып, допты баскетбол ойынының тәсілімен тездете алып жүріп, жалаушаны айналып келіп, допты өз командасының келесі ойыншысына береді де, өзі саптың ең соңына барып тұрады. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді. Қай команда бірінші келсе сол команда жеңіске жетеді. Доп қолдан шығып кеткен жағдайда, сол жерден қайта жалғастыру қажет. Белгі берілмей тұрып алаңға жүгіріп шығуға болмайды.
Ойынның мақсаты-мәреге өзгеден бұрын жетуге тырысу арқылы жылдамдықты арттыру.
«Мергендер»
Саптың ең алдында тұрған ойыншы батут доптың үстіне отырып секіріп барып волейбол доптың жатқан жеріне дейін жетіп волейбол допты нысанаға тигізіп, қайта артқа келу қажет. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді.
«Допты түсірме»
Балалар екі командаға бөлінеді. Саптың ең алдында тұрған ойыншы допты екі тізесінің арасына қыстырып алып секіріп жалаушаға жетіп есепті шығарып қайта артқа келу қажет. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді.
«Кім жылдам?»
Оқушылар екі командаға бөлінеді. Жарысатын қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады. Саптың ең алдында тұрған ойыншы кері бұрылмастан допты басынан асырып келесі ойыншыға береді де өзі саптың соңына барып тұра қалады. Доп келесі ойыншыға, сосын одан кейінгі ойыншыға беріліп кете береді. Бастапқы тұрған оқушы қайтадан өз орнына келгенге дейін ойын жалғаса береді. Қай команда бірінші болса сол команда жеңеді.
«Арқан тартыс»
Ойынға ұзындығы 8-10 м екі ұшы түйілген арқан дайындалады. Арқанның қызыл мата байлаған жерін еденге сызылған белгі сызықтың үстіне дәл келтіреді. Команда екі топқа бөлініп, арқанның белгісінен бастап ұшына дейін қос қолдап ұстап тартып тұрады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа тартады. Ойынның мақсаты–екі команданың бір ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып шығару. Ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншының командасы жеңіледі
«Күш сынаспақ»
Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады. Екі бала шынтақтарын столға тіреп қол бастарын айқастырады. Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады. Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады.
«Жұмбақтар»
1.Ызақор бұғып жатыр,
.Сақалы шығып жатыр.
(жуа)
***
3.Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.
(жуа)
***
4.Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.
(орамжапырақ)
***
5.Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр
(қызылша)
***
6.Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті.
(қарбыз)
***
7.Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
(қауын)
***
8.Көк лағым көгенде жатып семіреді.
(Қарбыз)
***
9.Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп.
(қарбыз)
***
10.Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.
(қияр)
***
11.Бұтағында азығы
Ортасында азығы.
(алма)
***
12.Ақ құман жүр жүзіп.
Су бетін сүзіп.
(аққу)
***
13.Бес қаруы белінде
Самғап жүреді көгімде.
(бүркіт)
14.Бір-ақ сөз біледі, Өз аты онысы.
Соны айтып жүреді және жоқ қонысы.
(көкек)
***
15.Талдың басында, жемі бар қасында,
Там тұр саялы, достары аялы.
(құс ұясы)
***
16.Ағайынды бәрі:
Шықса-көк, Түссе-сары.
(жапырақтар)
***
17.Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.
(ұстаз)
***
18.Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап)
***
19.Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі.
(қарындаш)
***
20.Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
(бор)
21.Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(мектеп)
***
22.Қиналып көтеріп,
Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді,
Жүкшідей кәдімгі.
(құмырсқа)
***
23.Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт.
(көгершін)
***
24.Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(ағаш)
***
25.Қолы бар, Саусағы жоқ.
Мойны бар, Басы жоқ.
(көйлек)
***
26.Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз.
(Зымыран)
***
27.Беттескен қос табақ, Ортасында бас тамақ.
Киізбен шоққа ораса, Дәм піседі тамаша.
(таба нан)
***
28.Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас.
(нан)
Логикалық сұрақтар
1. Жолаушының бір ешкісі, бір капустасы, бір қасқыры бар. Ол өзеннің бір жағынан екінші жағына екі орынды қайық арқылы өтуі керек. жолаушы ешкіні, капуста және қасқырды өзеннен қалай өткізді? Қасқырды ешкімен қалдыра алмайды, ал ешкіні капустамен қалдыра алмайтыны белілі болса?
Шешімі: Ол үшін үшеуін де қадағалаусыз қалдырмау керек. Бірінші қатынағанда жолаушы өзеннің ар жағына ешкіні апарады. Екінші қатынағанда жолаушы қасқырды алады, капуста қалады. Өзеннің ар жағына жеткен соң қасқырды қалдырып, ешкіні қайтадан өзеннің бер жағына әкеледі. Үш қатынағанда ешкіні қалдырып, капустаны өзеннің ар жағына апарады. Капустаны қалдырады да, өзі бер жаққа қайта оралады. Төрт қатынағанда ол ешкіні өзеннің ар жағына шығарады.
2. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?
Шешімі: Жанат - ұзын
3. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім?
Жауабы: Медет
4. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
Жауабы: үш
5. Тік төрбұрышты бөлмеге әрбір қабырғасында үш болатындай сегіз орындықты орналастыру керек. Орналастырыңдар. Жауабы:
6. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?
Жауабы: 4 мысық
7. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
Жауабы: үш стакан
8. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат –үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды?
Жауабы: 1-Марат, 2-Асет, 3-Талғат
9. Бес шырпы таяқшасынан екі үшбұрыш құру керек. Құраңдар.
10. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?
Жауабы: үшеу
11. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?
Жауабы: екі сағат
12. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?
Жауабы: жоғары
13. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
Жауабы: шырпы
14. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?
Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
15. Үш литрлік және бес литрлік суды қалай өлшеуге болады?
Жауабы: 3+3=6 6-5=1 3+1=4л
16. Бес гномға үш қызыл және төрт көк капюшонды көрсетеді. Қараңғыда үш қызыл және екі көк капюшонды гномдардың бастарына кигізеді. Қалған капюшондар жасырылады. Жарық жағылады. Гномдардың қайсылары өз бастарындағы капюшонның түсін таба алады?
Шешімі: екі көк түсті капюшон киген гномдар таба алады. Себебі көк капюшон киген гном алдында үш қызыл және бір көк капюшон киген гномдар түрады. Ал қызыл капюшон саны үш, қалғаны көк. Сондықтан өз басындағы да көк.
17. Үш гном бар. Сол үш гномға үш қызыл және үш көк капюшонды көрсетеді. Қараңғыда үшеуіне екі қызыл және бір көк капюшонды кигізіп, қалғандарын жасырады. Гномдардың қайсысы өз басындағы капюшоның түсін таба алады?
Жауабы: ешқайсысы
18. Үш оқушы үш мектептен лагерге келді. Тәрбиеші олардан кім қай мектептен келгендерін сұрады. Оған: Бейбіт: мен 24-ші мектепте, ал Айдын 8-ші мектепте оқиды. Айдын Мен 24-ші мектепте, ал Бейбіт 30-шы мектепте оқиды. Диас: Мен 24-ші 5 Құрастырған: Маженова Жаңагүл, Байназаров Талғат мектепте, ал Бейбіт 8-ші мектепте оқиды деді. Тәрбиеші мына жауаптардан түк түсінбеді. Сосын үш оқушы айтқандарының бірі ғана дұрыс екенін мойындады, ал екеуі өтірік деді. Оқушылардың айтқандарының қайсы рас, қайсы жалған? Кім қай мектепте оқиды?
Шешуі: Бейбіттің бірінші айтқанын дұрыс деп алайық, онда екіншісі өтірік. Онда, Айдын 8 метепте оқиды. Онда Айдын мен Диастың бірінші айтқаны өтірік. Онда олардың бірінші айтқандары рас болу керек. Қарама- қайшылыққа әкеледі. Енді Бейбіттің екінші айтқаны рас деп алайық. Онда Айдын 24-те оқимайды. Бейбіт 30-да оқыса, онда ол 8-де оқымайды. Бейбіт 30-да, Айдын 8-де, Диас 24-те оқиды.
19. Он екі литрлік бөшкеде квас бар, соны сегіз литрлік және үш литрлік екіге тең қалай бөлуге болады?
Шешімі: 12-3=9 9-3=6 6=6
20.10 литрлік бөшкеде су бар және 7 литрлік, 2 литрлік бос ыдыстар бар. Екі ыдысқа 5 литрден суды қалай тең бөлуге болады?
Шешімі: 10-7=3 7-2=5 2+3=5
21. Тоғыз литрлік және төрт литрлік екі ыдыс берілген. Осы ыдыстардың көмегімен бактан алты литр суды қалай алуға болады? (суды бакқа қайта құюға болады)
Шешімі: 9-4-4=1 9-4=5 5+1=6
22. 8 л, 5 л, 3 л ыдыстар берілсін. 8 л ыдыс суға толы. Енді осы суды екі ыдысқа 4 литрден қалай тең бөлуге болады?
Шешімі: 8-5=3 5-3=2 3+3=6 6-2=4
23. Ойлаған санға бірді қостым, қосындыны еіге көбейттім. Көбейтінідіні төртке бөлдім. Бөліндіден үшті азайттым. Бір шықты. Мен қандай сан ойладым?
Шешімі: (((x+1)*2)/4)-3=1 x=7 6
24. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы ұш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?
Жауабы: Бір ғана мотоцикл
25. Сыныпта 35 оқушы бар. Қыздар ұлдардан үшке артық. Сыныпта ұлдар қанша , қыздар қанша? Шешімі: x+x+3=35 x=16(ұ) х+3=16+3=19(қ)
26. Есептеңіз. 7500*8001+8001*3500 Шешімі: 7500*8001+8001*3500=8001*(7500+3500)=8001*10 000
27. 30 марғұлан үш күнде жүз конверт сатып алды. Осы үш күннің бірінде ол кем дегенде отыз төрт конверт алғанын дәлелдеңдер. Шешімі: 100=33*3+1
28. Мектепте төрт жүз оқушы бар. Олардың ең болмағанда екеуі бір күнде туғанын дәлелдеңіз. Шешімі: (Дирихле принципі) 1 жылда 365, 366 күн бар. Демек, олардың ең болмағанда екеуі бір күнде туған.
29. Сиқырлы алма ағашында алғашында он бес банан , жиырма апельсин өсіп тұр. Егер ағаштан бір жемісті үзсек, онда дәл сондай жеміс өсіп шығады, ал егер бір уақытта екі бірдей жеміс үзсек- апельсин, ал егер бір уақытта екі әр түрлі жеміс үзсек – банан өсіп шығады. Алма ағашында бір түрдегі жемістер қалу үшін , жемістері қандай ретпен үзу керек? Жауабы: Талдау
30.Қорапта 25 кг шеге бар. Табақты таразы мен массасы бір кг гирь тасты қолданып, екі рет өлшеу арқылы қалай 19 кг шеге алуға болады? 12+1кг=13 12/2=6 6=6 13+6=19