СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Баланы балабақшаға дайындау жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баланы балабақшаға дайындау жолдары

Бейімделу

Ойыншықтарды жинауға қалай уйрету керек?

Бала неге жылайды?

т.б.

Просмотр содержимого документа
«Баланы балабақшаға дайындау жолдары»



БАЛАНЫ БАЛАБАҚШАҒА ДАЙЫНДАУ ЖОЛДАРЫ






Құрметті ата-аналар!
Сіздің балаңыз ержетіп балабақша босағасын аттауға дайын. Бірақ ескертіңіз, балабақша сіздің сәбиіңізге – бөтен адамдардың әлемі. Балаға түсіндіріңіз: «Сен балабақшада басқа балалармен қаласың, бірақ, мен сені тастамаймын, қайтадан оралып әкетемін».
Осы кепілдемелер арнайы сіздерге:
• Балабақшаға тек қана дені сау баланы әкеліңіз;
• Алдын-ала топтың күн тәртібімен танысып, балаңызға айтыңыз;
• Баланы топтың тәрбиешілерімен алдын-ала таныстырыңыз;
• Алғашқы күндері баланы балабақшада толық күнге қалтырмаңыз;
• Баланың көзінше балабақша мәселерін әңгімелемеңіз;
• Үйде баланы өзін-өзі күту әдеттеріне тәрбиелеңіз;
• Балаңызға ескертуге ұмытпаңыз: «Сен маған бұрынғыдай қымбаттысың, сүйкімдісің






Бейімделу


Бейімделу деген не? Бейімделу қалай өтеді?
Бейімделу деген жаңа қоршаған ортаға үйрену. Балабақша балаға, әрине, жаңа, әлі таныс емес кеңістік, жанашылық қарым-қатынас.
Баланың балабақшаға бейімделуі өзінің психо-физиологиялық және тұлғалық ерекшеліктеріне, отбасылық қарым-қатынастарына, мектепке дейінгі мекемедегінің қатысу шарттарына байланысты. Әр бала балабақшаға өзіндікпен үйренеді. Бірақ, бірнеше заңдылықтарды атап өтуге болады.
Біріншіде, ескертіңіз: 2-3 жастағы баланың өзінің құрдастарымен қарым-қатынаста боламын деген қажеттігі жоқ, ондай сезім әлі қалыптасқан жоқ. Осы жастағы балаға ер жеткен адам ойынсеріктес, еліктеудің үлгісі және баланың тілектестік назарлығы мен ынтымақтастық қажеттілігін қанағаттандырады. Құрдастары осы қасиеттерді көрсете алмайды, өйткені өздері де осыған зарық. Осыдан бала балабақшаға тезірек бейімделе алмайды, өйткені анасымен құштарлық сезімі тығыз, анасының жоқ болғаны баланың қарқынды қарсылығын толғантады, әсіресе бала сезімтал және әсерлік болса.
2-3 жастағы балалар бөтен адамдардан және қарым-қатынастың таныс емес жағдайларынан қорқады. Осы қорқыныштар – баланың балабақшаға бейімделуінің бір себебі. Кейбір жағдайда осы себептер баланы жылаушақты, құштарлықты, арланғышты, жарақатты қылады, бала жиі сырқаттанады, өйткені, стресстер жастық ағзаның паналаулық күштерін әлсіретеді.
Сонымен қатар, ұл балалардың бейімделуі қыздарға қарағанда, қиыншылықпен өтеді. Өйткені олар осы жаста анасына құштарлықты, анадан айырылғанда көбірек уайымдайды.
Эмоционалды дамытудан тыс балалардың бейімделуі теріс өтеді, өйткені олардың анаға деген құштарлықтары төмен. Психологтар келесі парадоксті ескертеді: бір жасқа дейінгі бала балабақшаға қабылданса, болашақта коммуникалдық сезімдері дамыған болады. Алғашқы эмоционалды жанасуды осындай бала анасымен емес, құрдастарымен құрады. Болашақта бұл баланың сүйіспеншілік, аяушылық, құштарлық сезімдері дамыған болмайды. 
Баланың анасымен эмоционалды байланысы дамығанымен, оның бейімделуі қиыншылықпен өтеді. Өкінішке қарай, бейімделу мәселелерін кейбір балалар өте алмайды. Бұл баланың шалығуына келтіреді.
Баланың балабақшаға бейімделуі бір жылдың арасында өтпесе, бұл ата-аналарға ым, баланы маманға көрсету қажет.
Психологтардың байқауымен бейімделудің ортаңғы мерзімінің нормасы бойынша:
- Сәбилер тобында – 7-10 күн;
- Балабақшаның үш жасар балаларына – 2-3 апта;
- Мектеп жасына дейінгі балаларға – бір ай.
Әрине, әр бала жаңа жағдайға әртүрлі қатысады, бірақ, жалпы ерекшеліктері бар. Отбасыдағы жалғыз баланың, шамадан тыс баскөз болған, өзіне-өзі сенбейтін, балалар балабақшаға
Отбасындағы дау, ата-аналардың көпшіліктен тыс қасиеттері баланың бейімделуіне көп кедергі жасайды. Атааналарының ұнамсыз мінез-қылықтырын меңгеріп, өз құрбыларымен қатынас құра алмайды.
Осындай балалар жасықтықты, батыл емес. Осыдан топ балаларымен қарым-қатынас құруға қиынсынады.

Ойыншықтарды жинауға қалай үйрету керек?

Балабақшаға алғашқы келген сәбидің «ойыншықты жинау» деген дағды баланың «багажында» болу тиісті. Балабақша да осыған үйретеді. Бала тәрбиешінің нұсқауларын орындауға үйренеді, жеке ұжымның беделі де рөлін ойнайды. Үйден осындай дағдыларға үйренбеген бала, балабақшада тәрбиешінің талабын ұнатпайды.
- Баладан «ойыншықтар тәртібін сақта!» – деген талабын сұрауға болмайды деген көзқарас бар. Кішкентай болғандықтан бала бұл талапты орындай алмайды емес, ең әуелі ер адамдардың, ата-аналардың тәртіп туралы елестері баланың табиғатына, психикалық жас ерекшеліктеріне бөтен. «Бәрін орын-орнына қой, шашпа!» – деген талап баланың шығармашылық потенциалын дамытпайды, оның іздену белсенділігін өшеді. Бала әлемдік, космостық заңы бойынша дамиды: алғашқы баланың әлемі – бұл алғашқы аласапыран, оны бала тәртіпке келтіреді.Осы теорияның жаны бар. Сіздің ер адам болып, «бәрі орында болу керек» деген тәртібіңіз балаға жарамайды, оған қызықты емес. Осындай тәртіптік баланың шығармашылық қасиеттерін дамуға кеңістік қалтырмайды.
Жас өнерпаздың алғашқы аласапыран сезімін тәртіпке қалай келтіруге болады?
Әрине, компромисс табу керек. Ең біріншіде, баланың жеке бөлмесі болу тиісті. Өз бөлмесінде не істеймін десе, соны істейді. Шығармашылыққа кеңістігі мол, бірақ қауіпсіздікті ескерту керек. Бөлмеде шашылып жатқан ойыншықтар жиналуға тиісті, бірақ үстелдің астындағы өз «үйінде» ойыншықтар тәртібіне бала өзі хожайын.Балабақшада осындай компромисстерге орын жоқ. Балалардың саны көп, ойыншықтар бәріне жетпейді (оларды осыдан баптап, күтіп ұстауға тәрбиелейді), тәрбиешілердің өз елестері: не дұрыс, не бұрыс.Он бес жаратушылардың жасаған былықтарына тәрбиеші, әрине, келіспейді. «Жинауға», «реттеуге» деген мәселе осыдан шығады. Үй ішінен бастап баланы ойнап отырып үйретіңіз. Бұйрықты, талапты сөйлеу тоны мен емес, тек қана ойынмен үйрету. Қар жинау машинасы, эвакуаторлар, крандар, жүк тасушы ойындарына ойнауға болады. Еденге шашылған ұсақтарды «жидек, саңырауқұлақ, гүлдерді» жинайықшы – деп, баланың қызығушылығын оятуға болады. Ең бастысы, бірізділікті болыңыз.
Қажеттілік әдетке үйрету үшін, өзіңіздің ниетіңізден айнымаңыз. Бала, әрине, ойнайды, бірақ біртіңдеп керек ережелерге үйренеді: ұйықтау, ас ішу, серуенге бару адында ойыншықтарды өз сөрелеріне, жәшіктеріне, т.б. «үйлеріне» орналастыру әдеті.


Бала неге жылайды?
Баламен қоштасу жолдарының тиімдісі


Баланың жылағаны – ренжігенін көрсету бірден- бір әдіс.
Балаға пайдалы қоштасуының рецептін тауып көрейік.
- Жұмыстан қалмау үшін және баламен қоштасуға уақыт қалтыру үшін, 5-10 минут ертерек жиналыңыз.
- Балаға қайда, неге баратыңызды ашық айтыңыз (мысалы: «Мен дүкенге барамын», «Мен жұмысқа компьютер басуға барамын»). Бала түсінбейді деп қорықпаңыз: сіздің сабырлы, ашық дауыс ырғағыңыз балаға көрсетеді: ананың баратын жері – жақсы жер, ананың айналасатын ісі – пайдалы және ұнамды.
- Қайтып келетін мезгіліңізді балаға анық айтыңыз. Уақытын балаға айтуға қажет емес (кішкентай сәби түсінбеуге мүмкін). «Сен асыңды ішіп, серуендеп, ұйықтап болғасын, мен де келемін», – деп айтуға болады. Осындай түсінікті бала ұғады.
- Балаға кіммен қалатынын, не істейтінін түсіндіріңіз. Мысалы: «Сен тәрбиеші Нина Николаевна және басқа балалармен қаласың. Сендер ас ішесіңдер, серуенге шығасыңдар, бірге ойнайсыңдар, сосын бәрің мені қарсы аласыңдар!»
- «Жүлде әкелемін» деп балаға уәде бермеңіз, бірақ, бірдеме ала келші десе, бас тартпаңыз. Баланың тілегі ыңғайсыз болса – өзіне тура айтыңыз. Бала ештеңе сұрамаса да, анда-саңда сіз оған бір ұнамды затты әкелетін болыңыз (печенье, кәмпит, алма, дәптер, т.б.), яғни бала сезу керек, сіз одан алыс болғанымен, ұмытқан жоқсыз, кездесуге дайындалдыңыз.






Көріністер мен айлалы әрекеттерден қалай сақтану керек?





Ата-аналармен қатынасты

бұзатын көріністер екенін бала сезеді.
Көріністерді жеңетін жоралар. Жора деген ересектермен қайталай беретін іс-әрекеттердің тәртібі. Мысалы, кетерде, анасы әрқашанда:
- Үш минутке сәбиді көтереді;
- Бетін сүйіп қайда кететінін және қашан келетінін айтады;
- Сөмкесін (кілтін, мұрын орамалын, т.б.) әкелуге өтінеді;
- «Рахмет» және «кездескенше» дейді;
- Бала жыласа: «Өкінішті, сені ренжіткім келмейді, бірақ уақытша қоштасуымыз керек»;
- Баланы ересек адамға тапсырады;
- Кетеді.
Ата-ананың осындай мінез-құлығы балаға бірінші күннен көмектеспейді емес, тек жоралық болғанда ғана, көмектеседі. Күннен күнге қайталанатын жоралар баланы ересектерге сену сезімін тәрбиелейді: анасы кететін, қалай кететінін, қашан қайтып келетінін бала жақсы біледі. Осы сенімдік пен білім сезімі сәбидің алаңдауын азайтады.





Мен өзім бәрін істей аламын!




Балабақшаға баратын баланың дағдылары
Балабақшаға баратын бала, әрине, өзін-өзі күту дағдыларын игереді: киіну, ас ішу, дәретханаға бару, жуыну, бет-қолын сүлгімен сүрту. Тәрбиешілер түймелеу, байлау іс-әрекеттеріне көмек көрсетеді, бірақ, әр уақытта он бес, мүмкін одан көп болған, балалардың киімдерін ауыстырып, әрқайсысына ас беруге, үлгермейді!Екі жастағы баланы дербестілікке үйрету ең ыңғайлы жас. Кішкентай адамның психикалық даму заңымен табиғаттың өзі де сіздің жағыңызда. Үш жастағы баланың өмір ұраны: «Мен өзім!». Осы жастағы баланы дербестілікке үйрету қажет емес – ол өзі осыған қоймай және қажырлы тырысады. Сіздің көмегіңіз балаға қажет емес. Қойған мақсатына жетіп қанағаттанады. Балаға дербестілікті болуға бөгет жасамаңыздар. Бұл өте маңызды сәт! Үш жастағы бала дербестілік дағдылырын меңгереді: ішу-жеу, тіс тазалау мен жуыну, киіну-шешіну, уақытында дәретке бару. Ойыншықтарын жинау, орнына қою, үстелді сүрту, киімді ретімен жинау дағдыларын меңгереді.Өз жұмыстарыңызды жоспарлағанда, алдын-ала күн тәртібіңіздің бір-біржарым сағатыңызды баланың «дербестілігіне» сақтаңыз. Балаңыздың күші келетін іс-әрекетті оның орнына орындамаңыз. Екіншіде, баланың күші келмейтін тапсырмаларды бермеңіз, сәби амалым жоқ деп сезбесін, қайта көбірек жетістіктерге жете берсін.





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!