Карымсакова Гулшара,
№1 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет, ағылшын тілі мұғалімі
8 класта «Қазақстанның ірі қалалары» модулі бойынша үштілдіктің маңыздылығын көрсетуге көзделген біріктірілген сабақ жоспары
Бас қаланың бойтұмары
Сабақтың мақсаты: Астана қаласы, «Бәйтерек» кешені тақырыбы бойынша үш тілде айта білуге үйрету.
Міндеттері:
1. Білімділік: Жаңа сөздерді пысықтау, күрделі сөздер туралы білімдерін жинақтау. Ережелерді қайталап, оларды практикада қолдануды жаттықтыру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын, тілдерін дамыту; дүниетанымдарын, білімдерін кеңейту.
3.Тәрбиелік: Ана тілін сүйіп,басқа тілдерді де құрметтеуге тәрбиелеу. Өз отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: видеолар, слайдтар, кеспе қағаздар.
Қолданылған әдіс-тәсілдер: АКТ, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, топтық, өзіндік жұмыс түрлері.
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу
Психологиялық дайындық.
Армысың туған жер,
Армысың қонақтар,
Армысың достарым,
Армысың ұстазым,
Бәріңе тілеймін,
Тыныштық әлемін. ( 3 тілде айту)
Топқа бөлу. Сабақта тапсырмаларды орындау арқылы ұпай жинайтынын айту, дұрыс жауап үшін теректің жапырағын алады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Астана туралы ролик бейнелеп отырып, Астана қаласының тарихын әңгімелеу, өлеңдер жатқа айту, ағылшын тілінде Астана туралы әңгімелеу.
1)«Астана тарихы» 1-тапсырма 104-105 бет
2)1.Астанама қарашы,
Елімнің жас қаласы.
Неткен ұлы, неткен кең,
Қазағымның даласы!
2. Алтын күннің астында,
Желбірейді туымыз.
Қазақ деген халықтың,
Ұлы менен қызымыз.
3. Ардақталды Астанам,
Мәртебелі бас қалам.
Көркейе бер күн сайын,
Алға қарай, бас қадам.
3) Since October 1997, Akmola has become a new capital of the Republic of Kazakhstan. Later on, it got its present name Astana. Astana is a modern growing city, a political, financial, economic, scientific and socio-cultural center of the state. There are a lot of beautiful buildings, universities, colleges and secondary schools, hotels, banks in Astana. There are many places of interest in Astana: the Central Square the Republic Avenue, the Palace of Youth and the Bridge across the Ishim River, the Regional Museum of Fine Arts and others. From everywhere you can see Baiterek, the symbol of prosperity and happiness.
ІІІ Жаңа сабақ:
1. Оқылым.1- тапсырма. Топта 107 –беттегі «Бас қаланың бойтұмары» атты мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру. (әр топ бес сұрақтан қояды)
2. Сөздік жұмыс ( слайд)
Қызғалдақ – тюльпан - tulip
Мұнара-башня – tower
Көрме – выставка – exhibition
Кешен – комплекс- complex
Жеделсаты – лифт – elevator
3.Cөйлесім. «Кім жылдам? » ойыны
Сұрақтарға жауап бер, орыс, ағылшын тіліне аудар
4.Жазылым
Мәтіннен күрделі етістіктерді теріп жазыңдар. (1 – топ- біріккен сөздер, 2 –топ – тіркескен сөздер)
5.Кеспе қағаздармен жұмыс. Сөйлемдер құраңдар, ағылшын , орыс тілінде баламасын табыңдар
1-топ: « Бәйтерек» жобасының авторы – ағылшын архитекторы Норман Фостер.
The author of Baiterek project is an English architect Norman Foster.
Автор проекта Байтерек- английский архитектор Норман Фостер.
2-топ: Келген қонақтарға экскурсиялар қазақ, орыс және шет тілдерінде өткізіледі.
Excursion for guests are in Kazakh, Russian and foreign languages.
Эксурсии для гостей ведут на казахском, русском и иностранном языках.
6. Тыңдалым. Бәйтерек туралы аңызды видеодан тамашалап, тыңдау, түсінігін айту
7. «Күш сынасу» ойыны. Әр оқушы үш түрлі түсті карточкілерден өзіне тапсырманы таңдап алып, дәптерінде орындайды, 3 оқушы тақтада орындайды.
Қызыл- сөйлемге синтаксистік талдау жаса
Сары- сөзді септе
Ақ- сөздердің дара немесе күрделі екенін анықта.
IV. Қорытынды:
1)Рефлексия.
«Ойлы болсаң – озып көр» (слайд)
1. Бәйтеректің жоғары бөлігінде не орналасқан?
2. Астана рәмізі «Бәйтеректің» ұзындығы не себептен 97 метр?
3. Шардың диаметрі қанша?
4. «Аялы алақан» кімдікі?»
5.Астана қандай өзеннің жағалауында орналасқан?
6. 1 желтоқсан қандай күн?
2) Ұпайлар санау, оқушылардың білімін бағалау.
3) Үйге тапсырма:108-109 бет «Бәйтерек» туралы аңызды әңгімелеу, 3 - тапсырма (жазбаша)
Мәртөк ауданы