СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Баскетбол сабақ жоспары

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Баскетбол сабақ жоспары»

  1. Абай аудармалары

  2. Абай өлеңдерінің тәрбиелік мәні

  3. Абай және Батыс әдебиеті

Жауаптар:

1. Абай аудармалары

Орыс әдебиетінің классигі М.Ю.Лермонтов мұрасының қазақ әдебиетінде алар орны ерекше. Бұл әсіресе, ХІХ ғасырдың аяғындағы ұлы Абай аудармаларымен құнды.

Абайдың аудармаларына жалпы шолу жасасақ, ол үнемі таңдап, талғап аударған. Абайдың Лермонтовтан аударған өлеңдері не адамгершілік тақырыбына байланысты жаман мінез-құлықты шенеу, жақсылыққа үндеу, не патриоттық үлкен идеяны көксеген өлеңдер, не терең ой — философия, не үздік көркем өлеңдер болып келеді.  Сондықтан ұлы ақындардың өлеңдеріндегі идеялық-мазмұндық ұқсастықтар мен көркемдік бояу нақыштары жүрекке жағымды келеді. «Абай Лермонтов өлеңдерін аса бір ұқыптылықпен әрі ерекше сүйіспеншілікпен аударды. Әсіресе «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Теректің сыйы», «Желкен» сияқты Лермонтов шығармаларының ең үздігін алып аударған. Ал бұлардың бәрі орыс классиктерінің ішінде шеберлік жағынан теңдесі жоқ туындылар болып отыр» деген екен Абай аудармалары туралы кезінде Мұхтар Әуезов. Лермонтов әуені Абай шығармашылығында жарасымды үндестік тапқан.

Абай Лермонтов өлеңдерін аудару барысында әлеуметтік-эстетикалық танымы мен шығармашылық нысанын білдіретін ұғымдардың аттарын аударуда ықшамдау принципін ұстанады. Түпнұсқаның негізгі мазмұнын, мағыналық өзегін сақтауда, сөйтіп автордың ойын жинақтап жеткізуде бұл принцип оңтайлы және едәуір тиімді көркемдік қызмет атқарады. Мұндай сипатты аудармада түпнұсқа мәтіндегі тікелей аударуға болмайтын ұғымдарды сөзбе-сөз немесе сипаттай аудару аударманың мазмұны мен мағынасы арасындағы келісім мен жарасымға көлеңкесін түсіруі ғажап емес. Түпнұсқада үлкен мағыналық жүк көтеріп тұрған мұндай тілдік құралдардың сөзбе-сөз аудармасы аударма мәтіні жүйесіндегі «бөтен сөзбен былғануына» алып келеді. Осы тұрғыдан келгенде, аудармада ықшамдау, жинақтау принципін қолдану да бір жағынан тиімді және мұның өзі айтарлықтай шығармашылық нәтижеге алып келетінін Абай аудармаларынан байқауымызға болады.

Абай аудармаларындағы мазмұны дәлме-дәл аударылған «Менің сырым, жігіттер, емес оңай» («Я не хочу чтобы свет узнал») деген өлеңінің көлемдері екі тілде де 16 жолдан. Бұлай аудару үлкен шеберлікті танытады. Айта берсе, Абай аудармалары шетінен асқан талант иесі екенін дәлелдейді.

«Көңілім менің қараңғы, бол-бол ақыл» шығармасы да осындай әсерлі өлеңдерінің бірі. Бұл — Байронның «Моя душа темна» атты туындысын еркін аударған Лермонтов нұсқасы. Орысша нұсқасы ақынның көзі тірісінде «Отечественные записки» журналында басылып, кейін өзінің жинақтарында басылған.

Абай осы өлеңнің алғашқы сегіз жолын ғана аударған. 1933 жылға дейінгі жинақтарда «бол,бол ақын» «бұлбұл ақын» болып басылып келген екен. Алғашқы басылымдарда «Еврей күйі» деп берілсе, кейінгі басылымдардың барлығында Лермонтовтан деп қана беріліп жүр.

Ала қойлар (И. А. Крыловтан)

Ал, сенейін, сенейін (М. Ю. Лермонтовтан)

Асау той, тентек жиын, опыр-топыр (М. Ю. Лермонтовтан)

Әм жабықтым, әм жалықтым Әншілер (И. А. Крыловтан)

Бородино (Лермонтовтан)

Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда? (М. Ю. Лермонтовтан)

ВадимДұға (М. Ю. Лермонтовтан)

Есек пен бұлбұл (И. А. Крыловтан)

Жалау (М. Ю. Лермонтовтан)

Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз (М. Ю. Лермонтовтан)

Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы (Я. Полонскийден)

Кең жайлау - жалғыз бесік жас балаға (Лермонтовтан)

Көңілдің күйі тағы да (М. Ю. Лермонтовтан)

Күнді уақыт итеріп (М. Ю. Лермонтовтан)

Қанжар/Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы (М. Ю. Лермонтовтан)

Қарға мен бүркіт (И. А. Крыловтан)

Қарға мен түлкі (И. А. Крыловтан)

Қасиетті дұға (М. Ю. Лермонтовтан)

Менің сырым, жігіттер, емес оңай (М. Ю. Лермонтовтан)

Піл мен қанден (И. А. Крыловтан)

Теректің сыйы (М. Ю. Лермонтовтан)

Шайтан (М. Ю. Лермонтовтан)

Шегіртке мен құмырсқа (И. А. Крыловтан)

2. Абай өлеңдерінің тәрбиелік мәні

Ақын өлеңдерінің қай-қайсысын алып қарасақ та, олардың барлығы адам баласын ойландырмай қоймайтын өсиет-өнеге толы. Сондықтан да Абай өлеңдерінде тәрбиелік арналар аса мол деп сеніммен айта аламыз. 
Әсіресе, ақын шығармашылығындағы қоғамдық, әлеуметтік, саяси тақырыпқа жазылған бірқатар өлеңдерден барша халықты адамдық асыл қасиеттерге  үндейтін ізгілікті ойларды көптеп кездестіреміз. Оған алдымен, ақын ұраны іспеттес «Ғылым таппай мақтанба!» өлеңі дәлел. Ондағы:
«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге» ,- деген жолдардың өзінде қаншама тәлім-тәрбие жатыр?!   Абай атамыз адам болам дегендерді өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, мал шашпақ тәрізді қасиеттерден аулақ болуға шақырса, талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды бес қасиетті бойға сіңіруге үндейді. Сонымен қатар, «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» шығармасында да ақын ер-азаматтарға «кімді сүйсең де, шын көңілмен сүй, талапты болып, әр түрлі өнер, жақсы қылықты бойға сіңір, бір-біріңмен тату бол, біреуді сыртынан ғайбаттама» деп ақыл айтады. Ойшыл ақынның берер өнегесі мүнымен тоқтап қалмайды. «Әуелде бір суық мұз- ақыл зерек» өлеңінде:
«Тоқтаулылық, қалыпты шыдамдылық,
Бұл қайраттан шығады білсең керек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста
Сонда толық боласың елден ерек» ,-деп, өзгелерден жоғары тұру үшін ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстау керектігін ескертеді. Расымен де, осы үш қасиетті бойына тоғыстыра білгендер кез-келген қиындыққа тайсалмай төтеп берері анық. Осылайша,  ақын әрбір адам бойынан табылуы тиіс рухани құндылықтарды тізбектей келе, гуманизм идеясын асқақтата түседі.
 Сонымен, Абай өлеңдерін талдай келе, онда тәрбиелік арналардың қайнар көзі жатқандығына көз жеткіземіз. Ұлы ақынның әрбір айтқан сөзі -есті адам үшін өсиет-өнегенің таптырмас үлгісі. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, таңырқа!» демекші, өмірге азық боларлық асыл ойлардың Абай жырларында  тұнып тұрғаны баршаға мәлім.

3. Абай және Батыс әдебиеті

Европамен таныса келе Абайдың «Шығысым- батыс, батысым-шығыс боп кетті » деуі ақынның Батыс елінің мол рухани қазынасына, мәдени, әдеби өсу жолына қатты қызыққаннан айтқан сөзі. Абай оқып, біліп, таныс болған Батыс Европалық философия, тарих, мәдениет, әдебиет қорының көлемін, шеңберін нақты анықтау қиын. Ақынның кітапханасы сақталмаған.  Бұл жайында М.Әуезов: «Батыс Европа мен орыс жазушыларының көпшілігін ол әуелі көп оқып, тексеріп өтеді. Өзінің білім алып, дүние тануына солардың шығармаларын азық етеді. Осы ретпен оқып шыққан ақын-ғалымдарының ішінде Батыс Европаның Гетесі, Шекспир, Шиллер, Гейнесі, Байрон, Бальзак, Беранжесі де болады. Ол кездегі білім-өнерлердің мол қоры, үлкен бесігі Батыс Европа екенін аңғарып, сол жақтың ақындары ғана емес, неше алуан философ білімпаздарын да зерттейді. Европа философиясын зерттеу ретінде Спенсер, Спиноза, Декарттарды оқиды. Бәрінен де Дарвинге қызығады. Қиыр шығыс тарихынан Будданың жайын да біледі» деп жазған.

Абай аудармаларының ішінде ұлы ағылшын ақыны, революцияшыл романтизмнің көрнекті өкілі Джордж Ноэл Гордон Байронның әйгілі «Еврей сазы» топтамасынан «Көңілім менің қараңғы» деген өлеңі бар. 

Поляк ақыны А. Мицкевичтің жарқын есімі әлем әдебиетінен ұлы классик жазушылармен қатар. Абай оның шығыс ақындарының ішіндегі бірінші аудармашысы. «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі».










Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!