СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бастауыш сөйлем мүшесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыштың сөйлем мүшесіндегі рөлімен таныстыру

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сөйлем мүшесі»

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК





Бекітемін :_________________

Колледж әдіскері: Табилтайқызы С.

___________________________

Мектеп мұғалімі: Татыбаева Т.

№ 8 мектеп кешені




Тақырыбы: «Бастауыш»






Өткізетін: Жарылқасынова Толқын

Сыныбы: 3 «Ә»

Дәрісхана : 27

Бағасы:












Семей қаласы

2018 жыл



Күні: 30.11.18

Сынып: 3 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Бастауыш»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.3.1.Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.3.5.1. Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін хат, шақыру, нұсқаулық құрау/коспьютерде теру;

3.4.2.7. Сөйлемнің тұрлаулы бастауыш және тұрлаусыз мүшелерін ажырату.


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

- үлгі негізінде сөйлем мүшелерін ажыратып, сөйлемдер құрастырады;

- сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады.

Оқушылардың көпшілігі:

- сөйлем мүшелерін ажыратып, сөйлемдерді құрастырады

- қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;

Кейбір оқушылар:

- сөйлем мүшелерін ажыратып, сөйлемдерді құрастырады

- түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді


Жетістік критерийлері

Тірек сөздер мен суреттерді пайдалана отырып,сөйлем қарапайым постерлер құрастыра алады.

Құндылықтарды дарыту

Сөйлеу әдебін сақтау

Пәнаралық байланыс

Әдебиет пәнімен байланыс

Тілдік құзыреттілік

Сөйлем мүшелері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Психологиялық ахуал «Ақтілек»

Оқушылар орындарынан тұрады .

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.


Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!


Шаттық шебері






Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

Қайсымыз 5 алудан қашпаймыз,

Ендеше үй тапсырмасын сұрауды бастаймыз.



Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

8 минут


































































Сергіту сәті



«Моншақ» әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашады.

«Бастауыш» сөзі шығады.





Қимыл, іс—әрекеттің иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді. Бастауыш кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімі? Кімің? Несі? Нең? Деген сұрақтарға жауап береді: Ауылдан әкесі келді.


Қарамен жазылған сөздердің астын сыз, оларға сұрақ қой. Бұл сөздер қимыл иесі болып тұрғанын байқа.

Мұғалім түсіндірді. Мұз қатты. Күн шықты. Кино көрді.




5.Мәтінді оқы.

Киіз үй – тарихымыздың ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Көшіп қонуға ыңғайлы. Киіз үйдің жалпы салмағы жиһаздарымен қосқанда 300-400 келіге жуық.

Кереге,уық, шаңырақ, сықырлауық – киіз үйдің негізгі бөлшектері. Кереге киіз үйдің негізгі қаңқасы, болып есептеледі. Ол талдан, қайыңнан жасалады.


*Сұрақтарға жауап бер.

1. Ата –бабамыз неліктен киіз үйді пайдаланған?

2. Киіз үйдің негізгі бөлшектеріне нелер жатады?

3. Кереге неден жасалады?

6. Сөйлемдерді көшіріп жаз.

Киіз үй тігілді. Атам төрге жайғасты. Балалар далада ойнайды.


*Қарамен жазылған сөздердің астын сыз, оларға сұрақ қой. Бұл сөздер қимыл иесі болып тұрғанын байқа.


7. Суреттерге қара.



*Сурет бойынша әңгіме құрап жаз.

*Жазған сөйлемдеріңнен бастауышты тап.


«Бала, бала балапан» сергіту сәті


8. Мына нақыл сөздерді көркем жаз.

1. Шаңырағың шайқалмасын.

2. Керегең кең, екі босағаң тең болсын.


*Нақыл сөздердің мағынасын қалай түсінетініңді айт.

* Киіз үйге қатысты тағы қандай нақыл сөздерді білесің?

*Алғашқы сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.


Суреттер таратылып беріледі. Әр сурет бойынша сөйлемдер құрастырып, сөйлемдерінен бастауышты табу.



  • Төмендегі сөздерді қолдана отырып өз жұбымен «Телефонмен сөйлесу» тақырыбына бірнеше сөйлем құрастырып жаз.

Сәлеметсіз бе, өтінемін, мазалағаным үшін кешірім өтінемін, белгіленген уақыт, сау болыңыз.



  • Берілген тақырыптар бойынша іздену жұмысын ұйымдастыру. Постер жасау.


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс






















































Аяқталуы

16 минут


Үй жұмысын беру



«Сағат» сөзіне бес жолды өлең құрастырып жазып келу



Шар арқылы бекіту сұрақтарын қою

Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар:

- Бастауыш дегеніміз не?

- Сөйлемде бастауышты қалай табуға болады?

- Егер біз сөйлесу барысында бастауышты қолданбасақ не болар еді?

-Сөйлем мүшелерін ажыратып, сөйлемдер құрастыра аласың ба?

- Диалогке қатыса аласың ба?

- Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазасың ба?

-Берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыра аласың ба?

Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы

2 минут


Бағалау «Мадақтау смайликтері» арқылы

Мені қатты қуанттық





Сен өте ақылдысың






Бүгін жақсы жауап бердің








Рефлексия

+ Мен ................ үйрендім.

-Маған .............. қиын.





Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.