САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: адамзаттың ғарышты игеруі жайлы түсіндіру
Міндеттері : 1.тұңғыш ғарышкер мен Қазақстан ғарышкерлері туралы мәлімет беру;
Байқоңыр ғарыш айлағы туралы түсініктерін кеңейту.
2. Ғарышқа жол ашылуының адам үшін маңызын ұғындыру; оқушылардың есте сақтау, тұрақты зейін қою, салыстыру және қорытындылау біліктілігін дамыту
3. Адамзаттың ортақ үйі-Жер ғаламшарына, ғарыш әлеміне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; айналасындағы адамдарды сыйлау , құрметтеу, жақсы қарым-қатынаста болуға үйрету.
Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сынып дүниетану ашық сабақ»
КЛАСЫ: 4 «А»
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Ғарышқа жол ашу. Ю.А.Гагарин.,Т.Әубәкіров,Т.Мұсабаев –қазақ ғарышкерлері.
Сабақтың түрі : аралас
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: адамзаттың ғарышты игеруі жайлы түсіндіру
Міндеттері : 1.тұңғыш ғарышкер мен Қазақстан ғарышкерлері туралы мәлімет беру;
Байқоңыр ғарыш айлағы туралы түсініктерін кеңейту.
2. Ғарышқа жол ашылуының адам үшін маңызын ұғындыру; оқушылардың есте сақтау, тұрақты зейін қою, салыстыру және қорытындылау біліктілігін дамыту
3. Адамзаттың ортақ үйі-Жер ғаламшарына, ғарыш әлеміне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; айналасындағы адамдарды сыйлау , құрметтеу, жақсы қарым-қатынаста болуға үйрету.
Сабақтың барысы:
Психологиялық көңіл-күй. Топқа бөліну.
1-топ : ЖЕР , 2-топ: Шолпан; 3-топ : Марс; 4-топ : Сатурн
Өтілген тақырыпты қорыту және жүйелеу. Үй жұмысын тексеру. Тест жұмысы.
Күн жүйесінің ғаламшарларын кімдер зерттейді?
А) географтар ; ә) астрономдар ; б) экологтар
2. Күнді неше ғаламшар айналып жүр
А) 7 ә) 8 б)11
3. Юпитер – бұл...
А ) күн жүйесіндегі ең үлкен ғаламшар ә) күн жүйесіндегі ең кішкента ғаламшар
Күн жүйесіндегі ғаламшарлар қандай ретпен орналасқан
А) шолпан, жер, марс , меркурий, нептун, сатурн , уран, нептун
Ә) меркурий, шолпан, жер, марс, нептун, сатурн, юпитер, уран
Б) меркурий, шолпан, жер, марс, юпитер, сатурн, уран, нептун
Жердің серігі бар ма?
А) бар биреу
Ә) жоқ
Б) бар екеу
Жауаптары:
1-ә, 2-ә, 3-а, 4-б, 5-а.
Негізгі бөлім. Жаңа тақырыпты меңгерту.
-Жұлдыз деген не? (аспан денелері)
- жұлдыздар неге жарқырайды? (Олар аспан денелері. Күнде жұлдыз.)
Жұмбақ : Зымыранға мінген,
скафандр киген,
Байқоңырдан ұшқан,
Жұлдыздарға жеткен.
Ғарышқа жол қалай ашылды?
Оқулықпен жұмыс
Білемін | Білгім келеді | Білдім |
| | |
| | |
Топтарды бас бармақ арқылы бағалау
Сергіту сәті.
Топтық жұмыс
Топ. Берілген әріптерден сөз құрап, оларға суреттерді таңда.
Топ. Ғарыш туралы шағын эссе.
Топ. Ғарыш туралы постер қорғау.
Топ. Қазақстан ғарышкерлерінің ұшу сапарын сағатпен,минутпен өрнектеу.
Дәптермен жұмыс.
Қорытындылау.
Тест.
Үйге тапсырма. Мазмұнын айту. «Өз қиялымдағы ғарыш кемесі» суретін салу.
Рефлексия. «Менің әсерім» Ойларын жазады.