О?ушылар?а ?лемдік де?гейде білім, т?рбие беру – ?азіргі заман талабы. Б?л за?ды да, ?йткені бізді? ?о?ам ?мірінде адамгершілік бастамаларыны? ролі бар?ан сайын артып, моральды? факторларды? ы?пал аясы ке?ейе т?суде.
Адамгершілікке т?рбиелеуді? ма?ызды педагогикалы? міндеттері – о?ушыларды? белсенді ?мірлік позициясын, ?о?амды? борыш?а саналы к?з?арасын, с?з бен істі? бірлігін са?тап, адамгершілік нормаларынан ауыт?ушылы??а жол бермеуді ?алыптастыру.
Бала мектеп табалдыры?ын ал?аш рет атта?анда б?рін білсем, ?йренсем деп ?міттенеді. На?тылы ойлау?а шамасы жетпесе де, азамат болсам деп ?иялдайды.
Бастауыш сынып – ?иын да к?рделі. О?ушылар жас, оны? ?стіне ой-?рісі тар, тіл байлы?ы кем. Саба?тан б?рын ойна?анды жа?сы к?реді. Жылауы да, ж?бануы да о?ай. ?рсуды, кеюді к?термейді. Олармен тіл табыса білу ?шін ?лкендер ?з жасын шегеріп, былайша айт?анда, «баламен бала болу?а тура келеді.
Солармен бірдей к?й кешесі?, бірге ойнайсы?, бірге к?лесі?, ?ыс?асы, бар тілеуі? солармен бірге болу?а тиіс. Онсыз білім берем деу ??м?а сі?ген сумен те?.
Саба? басталды дейік. Алды?да к?здері ж?удіреп бір топ бала отыр. Олар са?ан бір жа?ы сынай, бір жа?ы ?рке ?арайды. М??алім ?алай ?арым-?атынас жасайтыны, мінезі ?андай екені, мектеп т?рмысыны? к?птеген ерекшеліктері олар?а ?лі тылсым, ж?мба?.
Сезімтал ?стаз о?ушылармен ал?аш?ы танысты? ?стінде – а? к?п н?рсені а??ара алады. Ш?кірттеріні? ой-?рісі ау?ымын да бірден ажыратады.
Баланы? б?рі бірдей емес, кейбіреуі зейінді, зерек, айт?анды лезде ??ып ала ?ояды. Ал кейбіреуіні? а??арымпазды?ы ?лі нашар, ???анын жеткізіп айта алмайды. Ондай о?ушылармен к?бірек жеке ж?мыс ж?ргізуге тура келеді. Ол ?шін оларды? мінез-??лы?тарын, психологиясын алдын ала жете зерттеп, біліп алу ?ажет, м?ны? саба? процесінде к?п ж?рдемі тиеді.
Б?л бізге б?рынан белгілі н?рсе «Мы? рет айтып т?сіндіргеннен, бір рет к?збен к?рген абзал» деген ?ла?атты с?з бар. Б?л жаста?ы балалар к?п с?зділікті ?натпайды, ауызша айт?ан?а сене бермейді. Не н?рсе болса да, к?збен к?ргені ма??л. Сонда о?ушыларда ол бейне, зат немесе сурет жайында т?сінік пайда болады, оны? ??рылысы, жалпы к?рінісі, ?андай іске пайдаланатынды?ы санасында м??гі с?улеленеді, ?ызы?ушылы?ы артады. Мынаны к?з алды?ыз?а елестеті?іздерші: цирктегі си?ыршы?а ?лкен де кіші де ?ызы?а ?арайды. К?з алды?да бір заттан бір зат пайда болып жатады. Шынында да керемет н?рсе емес пе? Ал енді си?ыршы соларды ?олмен істеп к?рсетпей, с?збен сипаттап айтып берсе, ?ызы?ы болар ма еді? ?рине жо?.
Саба? кезінде пайдаланатын к?рнекілікпен бірге, о?ушылар арасында ?зара ж?мыс ?йымдастыруды? да к?п пайдасы бар. Мысалы: «Сыныпта кім д?птер, о?улы?тарын таза, ??ыпты ?стайды?» деген та?ырыпта ж?мыс ?йымдастырдым. Алдымен о?ушылар?а ?а?азды? ?алай жасалатынын, одан кітап, д?птер істеу ?шін ?анша адамны? е?бек ететінін интерактивті та?тада слайдпен т?сіндіріп, а?ын Н?сіпбек Айтовты? ?а?аз туралы ?ле?ін м?нерлеп о?ыдым. Б?л к?рініс пен ??гіме балалар?а ?лкен ?сер ?алдырды.
?рбір жа?сыдан, ?намды ?ылы? ?алыптастыру барысында. «Кім партада д?рыс отыра алады?», «Кім ?демі жазады?», «Сыныпты? е? ?здік о?ушысы», «Мен ?она?та бол?анда», «Амандаса білу-?лкен ?дептілік», «?зілісте» т.б. та?ырыпта ж?мыстар ж?ргізілді, н?тижелері уа?ытында жарияланып отырылды. Озып шы??ан о?ушылар ма?тау?а, марапат?а ілінді. Мені?ше, бастауыш сынып о?ушыларына к?п н?рсені? керегі жо?. М??алімні? д?рыс, ?діл к?з?арасы, жылы с?зі болса-сол жеткілікті.
?ыс?асы: ата-ана мен м??алім ынтыма?пен бірігіп, б?лдіршінні? жеке басыны? ерекшеліктерін ескеріп, ж?мыс ж?ргізсе ?ана т?рбие ісі ?р?ашан да о??а басады.
Просмотр содержимого документа
«"Бастауыш сынып о?ушыларыны? психологиялы? ерекшеліктері"»
Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері.
Оқушыларға әлемдік деңгейде білім, тәрбие беру – қазіргі заман талабы. Бұл заңды да, өйткені біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының ролі барған сайын артып, моральдық факторлардың ықпал аясы кеңейе түсуде.
Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері – оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін сақтап, адамгершілік нормаларынан ауытқушылыққа жол бермеуді қалыптастыру.
Бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттағанда бәрін білсем, үйренсем деп үміттенеді. Нақтылы ойлауға шамасы жетпесе де, азамат болсам деп қиялдайды.
Бастауыш сынып – қиын да күрделі. Оқушылар жас, оның үстіне ой-өрісі тар, тіл байлығы кем. Сабақтан бұрын ойнағанды жақсы көреді. Жылауы да, жұбануы да оңай. Ұрсуды, кеюді көтермейді. Олармен тіл табыса білу үшін үлкендер өз жасын шегеріп, былайша айтқанда, «баламен бала болуға тура келеді.
Солармен бірдей күй кешесің, бірге ойнайсың, бірге күлесің, қысқасы, бар тілеуің солармен бірге болуға тиіс. Онсыз білім берем деу құмға сіңген сумен тең.
Сабақ басталды дейік. Алдыңда көздері жәудіреп бір топ бала отыр. Олар саған бір жағы сынай, бір жағы үрке қарайды. Мұғалім қалай қарым-қатынас жасайтыны, мінезі қандай екені, мектеп тұрмысының көптеген ерекшеліктері оларға әлі тылсым, жұмбақ.
Сезімтал ұстаз оқушылармен алғашқы таныстық үстінде – ақ көп нәрсені аңғара алады. Шәкірттерінің ой-өрісі ауқымын да бірден ажыратады.
Баланың бәрі бірдей емес, кейбіреуі зейінді, зерек, айтқанды лезде ұғып ала қояды. Ал кейбіреуінің аңғарымпаздығы әлі нашар, ұққанын жеткізіп айта алмайды. Ондай оқушылармен көбірек жеке жұмыс жүргізуге тура келеді. Ол үшін олардың мінез-құлықтарын, психологиясын алдын ала жете зерттеп, біліп алу қажет, мұның сабақ процесінде көп жәрдемі тиеді.
Бұл бізге бұрынан белгілі нәрсе «Мың рет айтып түсіндіргеннен, бір рет көзбен көрген абзал» деген ұлағатты сөз бар. Бұл жастағы балалар көп сөзділікті ұнатпайды, ауызша айтқанға сене бермейді. Не нәрсе болса да, көзбен көргені мақұл. Сонда оқушыларда ол бейне, зат немесе сурет жайында түсінік пайда болады, оның құрылысы, жалпы көрінісі, қандай іске пайдаланатындығы санасында мәңгі сәулеленеді, қызығушылығы артады. Мынаны көз алдыңызға елестетіңіздерші: цирктегі сиқыршыға үлкен де кіші де қызыға қарайды. Көз алдыңда бір заттан бір зат пайда болып жатады. Шынында да керемет нәрсе емес пе? Ал енді сиқыршы соларды қолмен істеп көрсетпей, сөзбен сипаттап айтып берсе, қызығы болар ма еді? Әрине жоқ.
Сабақ кезінде пайдаланатын көрнекілікпен бірге, оқушылар арасында өзара жұмыс ұйымдастырудың да көп пайдасы бар. Мысалы: «Сыныпта кім дәптер, оқулықтарын таза, ұқыпты ұстайды?» деген тақырыпта жұмыс ұйымдастырдым. Алдымен оқушыларға қағаздың қалай жасалатынын, одан кітап, дәптер істеу үшін қанша адамның еңбек ететінін интерактивті тақтада слайдпен түсіндіріп, ақын Нәсіпбек Айтовтың қағаз туралы өлеңін мәнерлеп оқыдым. Бұл көрініс пен әңгіме балаларға үлкен әсер қалдырды.
Әрбір жақсыдан, ұнамды қылық қалыптастыру барысында. «Кім партада дұрыс отыра алады?», «Кім әдемі жазады?», «Сыныптың ең үздік оқушысы», «Мен қонақта болғанда», «Амандаса білу-үлкен әдептілік», «Үзілісте» т.б. тақырыпта жұмыстар жүргізілді, нәтижелері уақытында жарияланып отырылды. Озып шыққан оқушылар мақтауға, марапатқа ілінді. Меніңше, бастауыш сынып оқушыларына көп нәрсенің керегі жоқ. Мұғалімнің дұрыс, әділ көзқарасы, жылы сөзі болса-сол жеткілікті.
Қысқасы: ата-ана мен мұғалім ынтымақпен бірігіп, бүлдіршіннің жеке басының ерекшеліктерін ескеріп, жұмыс жүргізсе ғана тәрбие ісі әрқашан да оңға басады.