СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бастауыш сыныпта көркем жазуға үйрететін әдіс-тәсілдер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сыныпта көркем жазуға үйрететін әдіс-тәсілдер

Бастауыш сыныптардағы жазу сабақтарының мақсаты – балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру.Жазу дағдысының психологиялық негізгі мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал системасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу, есіту кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді.Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырады. Ең алғашқы, ерте дәуірде адамдар қандай да болмасын бір уақиғалар туралы мәліметтерді кейінгі ұрпаққа қалдыруға болады. Сөйтіп ондай мәліметтерді түрлі суреттермен белгілейді. Бұл кезең – идеографиялық сөйлеу кезеңі деп аталады. Идеографиялық сөйлеу белгілі бір айтылатын жағдай туралы еске түсіру рөлін атқарады.Кейінірек иероглифтік жазу шықты. Бұл заттарды немесе тұтас ойды білдірген. Біздің қазіргі қолданып жүрген жазуымыз алфавиттік жазу. Бұл кейінірек шыққан.Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография (емле) енеді. Алфавит – тіліміздегі әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу тәртібі. Графика – дыбыстың, буынның немесе сөздің айтылуы қалай болса солай таңбалануы. Ал орфографиялық тілдің белгілі бір нормаға келтірілген ережесін сақтап жазу.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сыныпта көркем жазуға үйрететін әдіс-тәсілдер»



Бастауыш сыныпта көркем жазуға үйрететін әдіс-тәсілдер

Бастауыш сыныптардағы жазу сабақтарының мақсаты – балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру.Жазу дағдысының психологиялық негізгі мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал системасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу, есіту кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді.Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырады. Ең алғашқы, ерте дәуірде адамдар қандай да болмасын бір уақиғалар туралы мәліметтерді кейінгі ұрпаққа қалдыруға болады. Сөйтіп ондай мәліметтерді түрлі суреттермен белгілейді. Бұл кезең – идеографиялық сөйлеу кезеңі деп аталады. Идеографиялық сөйлеу белгілі бір айтылатын жағдай туралы еске түсіру рөлін атқарады.Кейінірек иероглифтік жазу шықты. Бұл заттарды немесе тұтас ойды білдірген. Біздің қазіргі қолданып жүрген жазуымыз алфавиттік жазу. Бұл кейінірек шыққан.Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография (емле) енеді. Алфавит – тіліміздегі әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу тәртібі. Графика – дыбыстың, буынның немесе сөздің айтылуы қалай болса солай таңбалануы. Ал орфографиялық тілдің белгілі бір нормаға келтірілген ережесін сақтап жазу.Алфавит пен графиканы меңгеру – оқу мен жазудың (сауат ашудың) ең алғашқы, ең қарапайым, бірақ ең маңызды дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Алайда жазуды меңгеру оның тағы бір басты бөлігі орфографияны (немесе жазу, сауатты жазу) игеруді қажет етеді.Бастауыш сынып оқушылары орфографияны игере отырып, сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады, яғни өзінің сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре береді, жеке басының жалпы даму деңгейі жоғары дәрежеге көтеріле береді. Міне, жазуға үйренудің басты маңызының өзі анықталды.Жазбаша сөйлеудің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, жазбаша сөйлеудің қабылдаушыға әсер ететіндей қосымша құралдары жоқ; ол бүкіл оқушы қауымға арналады; онда автордың эмоциясы мен сезімі, толқуы мен мұңаюы, қуанышы реніші т.б.с.с. Бұл айтылғандар бастауыш сынып оқушыларының жазу тілін дамыту мәселесінің күрделі екендігін көрсетеді, яғни балалардың жазу тілін дамыту үшін, алдымен оларды жазудың өзіне дағдыландырып алу керек. Жазу дағдысының бастамасы әріптің әр бөлігін (таяқша, дөңгелек, қосу сызықтары) сызып, жүргізу арқылы жаттықтырылады.Бұл кезеңде бала басымен, бүкіл денесімен жоғары көтеріліп, төмен еңкейіп, екі жағына қисайып, неше түрлі қозғалыстар жасайды.Алайда мұғалім тиімді жаттығулар ұйымдастырса, көп ұзамай, бірте-бірте бастапқы қозғалыстарын жинақтап, азайта түседі. Ал, кейін әріп бөліктерін аса күш салмай-ақ қосып жаза алатын болады. Жаттығулардың нәтижесінде жазу қимылдары автоматталып, әуелі әріптерді, одан соң тұтас сөздерді де кідіріссіз жаза алады.Жазу қимылдары автоматталғаннан кейін жаңа міндет – сауатты жазуға (немесе орфографияға) үйрену міндеті туады.Тілімізде орыс тілінен енген, аяғы үнді дыбыс - әріптерге біріккен бірсыпыра сөздер бар (Ленинград, клуб, педогог т.б.). Бұл сөздердің соңғы үнді дыбыстары айтылуда қатаң дыбыстарға айналады, яғни д, г, б, дыбыстары қатаңдап т, к, п дыбыстарына айналып айтылады. Мұндай сөздерге қосымша қатаң дыбыстан басталып жалғанады: педогогке, клубтан т.с.с. Бұлар грамматика ережелеріне сүйеніп үйретіледі.

Қазақ тілінде фонетикалық қағидаға сүйеніп, естілуінше жазылатын сөздер көп-ақ: қалам, кітап т.б. Кейде көнерген біріккен сөздер дәстүрлі қағидамен, естілуінше жазылады: қыстыгүні, ашудас т.б.Сауатты жазуға үйрену жұмысы грамматикаға сүйенеді. Мектепте грамматиканыы оқыту неғұрлым жақсы жолға қойылса, оқушылардың сауаттылығы да соғұрлым жоғары болады. Олай болса, белгілі бір жазу ережесінде негіз болатын грамматикалық құбылыстар саналы түрде ұғындырылып, содан кейін қорытынды шығарылуы қажет. Мұнда ережені мәніне түсінбей, құр жаттап алудан сақ болған жөн.

Мұғалім тіл құбылыстары мен жазу ережелерін анық етіп түсіндіріп, оқушыларға сол ережелерді меңгерту тәсілдерін қарастыруы тиіс. Мысалы, қандай да болмасын сөз немесе оған жалғанған қосымшалар басқаша болмай, неге солай жазылғанына оқушы түсініп және оқыған ережесіне сүйеніп оны дәлелдей алатын болса, оның ережені саналы меңгергені. Ал ережені мүдірместен айтып бергенімен, неге солай жазылып тұрғанын дәлелдей алмаса, оқушы ережені механикалық түрде меңгерген болып шығады да, ол білгендерінің сауатты жазуға пайдасы шамалы болады. Сондықтан балалар мұғалімнің басшылығымен, тіл құбылыстарын, емле ережелерін бақылап, талдауға оларды бір-бірімен салыстыруға, ой жүгіртуге, сипаттауға, өз беттерімен жазған жазу жұмыстарында қолдануға міндетті.

Грамматиканы оқу барысында оқушылар тіл құбылыстарын саналы түсінумен қатар, тілдің нақты фактілерін де білулері қажет. Мысалы, сөйлемдегі сөздерді жалғаулардың байланыстыратынын балалар есте қалдыра алады; сөйлемдегі сөздердің жалғауларын ажыратып айтып бере алады. Бірақ өздері сөйлем құрауға келгенде оны қолдана алмайды. Егер олар сөйлем құрағанда сөздердің арасындағы байланысты анықтау арқылы, жалғаудың қызметін көңіл аударып дағдыланса, мұндай байланысты өздері сөйлем құрағанда да сақтауға тырысады. Бұл үшін сөйлемдегі бір сөзден екінші сөзге сұрақ қойып дағдылану қажет. Мысалы, мен (кім?) мектепке (қайды?) барамын т.б.

Сауатты жазуға үйрену үшін аналогия арқылы жаза білудің де маңызы зор. Ереже, қандай да болмасын, тек жалпы ғана нұсқау немесе түсінік береді. Яғни онда нақты бір сөзді қалай емес, бір топтағы сөздердің жазылуы көрсетіледі. Сондықтан оқушылар бір ережені меңгеру барысында дайын мәтіннен ұқсас мысалдарды таба білуге немес өздері мысал келтіре алуға тиіс. Оқушылар сол ережені оған ұқсас басқа жағдайларда қолдана алатындай дәрежеге жеткенде ғана ақыл-ой дағдысы қалыптасты деп есептеуге болады.

Дұрыс сауатты жазуға үйрену үшін сөздерді дыбыс құрамына, буын жігіне ажырату жұмысы әріп қалдырып кетпеуге, әріп алмастырып алмауға бірсыпыра көмектеседі. Мұндай жаттығулар ІІІ- ІV сыныптарда да жүргізіліп отырады.Тіліміздегі жазылуы айтылуынан өзгеше құлын, жұлын, күрек, басшы т.б.с.с. сөздері тек есту дағдысына сүйеніп, жазуға болмайды. Көбіне оларды салыстыру жолымен талдаудың жәрдемі тиеді. Сондай-ақ –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе сұраулықтарын етістіктің болымсыз түрімен, мен, бен, пен шылауларын септік жалғауларымен салыстырып байқаудың да маңызы күшті. Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, теріс жазылуынан мағына бұзылатынын, айтайын деген ойдың күңгірт, екі жақты болып шығатынын балаларға ережені түсіндіргенде де, жаттығулар жүргізгенде де, олардың жазуларындағы қателерді түзеткенде көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы көп (Тұзшы – тұщы, барма-бар ма т.б.).Сөйтіп, сауатты жазуға үйрену үшін аналогия, салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау сияқты ой операцияларының іске асуы ең маңызды шарт болып табылады.Сауатты жазуға үйренуде қол қозғалысы арқылы қабылдау мен елестетудің алатын орны ерекше екені белгілі. Көп оқитын тіпті ережені тамаша білетін оқушы да қолдың дағдылануынсыз жазуда қатені көп жібереді және жазуының ұсқыны да тартымсыз болады. Сондықтан әсіресе бастауыш класс балалары үшін танымның есту, айту, тыңдау, көру және қолын қозғау арқылы қалыптасатын функцияларын жүйелі түрде үйреніп, алғашқы кездің өзінде-ақ жақсы естіп, тыңдай алып, дыбыстық құрамға ойша тәртіппен талдау жасай алып, іштерінен қайталау т.б. сияқты тәжірибелер жинақтаудың маңызы орасан зор болатынын естен шығармауға тиіспіз.Сөйтіп, жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, оқушылардың сауатты жазуға үйрету үшін ескерілетін жағдайларды топтап көрсететін болсақ, олар төмендегідей:Мұғалім жазылатын сөздің немесе сөйлемнің мағынасын, мәнін оқушының түсінетіндігіне әбден көзі жеткеннен кейін барып жаздыруға тиіс (оқушы кейде мағынасына жете түсінбегендіктен қате жібереді).Сөзді дұрыс айтуға, ұқыпты жазуға, жазғандарына ой жүгіртуге бағыт беріп, қатемен жұмыс ұйымдастырады.Үнемі талдау жасау: түбірлес сөздер табу, сөз тіркестері арқылы сөйлем құрастыру, ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру – мұның барлығы оқушының ойлауын арттырып, материалды меңгеруге жағдай жасайды.Дыбыстық талдау, сөз құрамына жаттығу, сөз табының қызметі, синтаксистік талдаулар іске асырылып, сөйлеуге үйрету жұмыстарымен байланыстырыла жүргізіледі. Арнаулы орфографиялық жаттығулар (көшіру, диктант) тіл дамыту жаттығулары мен (мазмұндама мен шығарма) кезек жүргізіледі.Сөздік жұмыс үздіксіз жүргізіліп отырады. Әр оқушының жазудан да басқа әлсіз жақтары болады (кей сөздерден қате жіберу т.б.) Мұғалім ондай балалармен сөздік жұмысын жеке жүргізеді.Сауатты жазу дағдысын қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі – орфографиялық қате, сөйлеу қателерін болдырмау үшін алдын ала жинақтау, талдау жұмысы.Белгілі бір жағдайға дағдылану біраз уақыт жаттығуды қажет ететіні сияқты, сауатты жазуға жаттығу дағдысы да көп қайталауды, жаттығуды талап етеді. Сондықтан өтілгеніне біраз уақыт болған материалдарды жүйелі түрде еске түсіріп отыру пайдалы.Жазуға үйренуде уақытша нерв байланыстарын шартты рефлекс арқылы емес, операнттық рефлекс арқылы қалыптастырудың мәні ерекше болып табылады. Мұның мәнісі балаға дайын жұмысты орындату арқылы дағдыландырудан гөрі., өздеріне тапқызу, оларды ізденіп, қиналуға мәжбүр ететіндей тапсырмалардың тиімді нәтиже беретіні мәлім. Мұның барлығының да мақсаты қалыптасқан уақытша нерв байланыстарын (дағдыны) сақтау (сауатты жазу дағдысын) екенін жақсы түсініп, білімін жетілдіріп, педагогикалық шеберлігін ұштап отырған мұғалім ғана жұмысын ойдағыдай ұйымдастыра алады.
Жазуға байланысты жаттығу жұмыстары әр түрлі факторларға негізделеді:

Көру, қимыл факторларына негізделетін көшіріп жазу.Есту арқылы қабылдауына сүйенетін мәтінді жазу (мұғалім оқып берген немесе оқушы оқыған тексті жазу. Бұған диктант, мазмұндама жұмыстарын алуға болады).

Орфографиялық тапсырмалар бар жаттығулар: қалдырылып кеткен әріптерді тауып жазу немесе түзетіп жазу т.б. Жазу жұмыстарының бұл көрсетілген түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, яғни таза біреуінің қолданылуы мүмкін емес. Мысалы, диктант есту қабілетіне негізделгенімен, көру қимылсыз іске аспайды т.б. Сондықтан, жоғарыдағы сияқты топтау тек шартты түрде, жаттығудың қай түрінде негізгі мәселенің қайсысы екендігіне мұғалімдер көңілін аудару мақсатында ғана көрсетіліп отыр. Жазу дағдысын нығайта, жетілдіре түсетін, сонымен бірге іс жүзінде сыналған жаттығулардың негізгі түрлерімынадай:
Есте ұстау арқылы көшіру. Мұнда тақтаға жазылған мәтін оқылады, талданады, содан соң жабылады. Оқушы есінде оқығандарын жазады. Кейде мәтін талданғаннан кейін үйге беріледі. Жазып болғаннан соң мұғалім мәтінді ашып, жазғандарын салыстырып, тексеруге мүмкіндік береді. көшіріп жазудың бұл көрсетілген түрі диктант болғандықтан мұны көру диктанты деп атайды. Бұл әсіресе «қиын» сөздердің жазылуы өткенде пайдалы. Әдетте жазылуы қиын сөздердің тізімі оқулықтардың соңында беріледі мұндай сөздердің жазылуыан есте қалдыру үшін мұғалім мынадай әдіс тәсілдер қолданады:
Еркін көшіру. Балалар әуелі мәтінді оқып шығады, талдайды, сонан соң кітапты жауып қойып, мәтіннен есте қалғандарын, қалай ұғынса солай жазады. Грамматикалық тапсырмаларға байланысты көшіру. Сөздің немесе сөйлемнің бір бөлігі өзгеріссіз сол қалпында, екінші бір бөлігі өзгертіліп көшіріледі: қалып қойған жерін ойлап тауып немесе қосып, өзгертіп жазады: қалып қойған әріптер мен буындарды тауып қосу, сөздерді тауып қосу немесе сөйлемдерді аяқтау, берілген сөйлемнің немесе сөздің тұлғасын өзгертіп жазу сияқты тапсырмалар орындалады.

Диктанттың бастауыш мектепте жүргізілетін түрлері.
Ескерту диктанты. Мұнда мұғалім мәтінді тұтас оқып шығады. Балалар жақсылап тыңдап отырады. Содан кейін түсініксіз деген сөздердің мағынасын түсіндіреді. Мұғалім әрбір сөйлемді қайта оқып шығады, оқылған сөйлемдер балалардың қатысуымен тыңдалады. Сөйлемді жазбас бұрын мұғалім балалардың зейінін ондағы қиын сөздердің жазылуына, өтіліп отырған ережеге аударады. Оқушылар тиісті дыбыстарды көрсетеді, ережесін айтып береді, олардың қателескен жері болса түзетеді. Осындай жұмыстардан кейін ғана балалар сөйлемді жазуға кіріседі. Алғашқы кезде әр сөйлем оқылып, талданып барып жазылады. Кейін балалар жұмыстың бұл түріне дағдыланған кезде, бірнеше сөйлем бірден оқылып, олардың ішінен мағынасы түсініксіз сөздер мен жазылуы қиын деген сөздер ғана талданады, ал одан әрі мәтін тұтас оқылады да, сөздер іріктеліп алып талданады, содан соң мұғалім әр сөйлемді оқып, балалар жазады. Егер балалар белсенділік көрсетіп, сөздердің қалай жазылуын, талдануын сұрап, сөздіктен қарайтын болса, онда диктанттің тиімді болғаны.
Іріктеу диктанты. Мұның ескерту диктантынан айырмашылығы – балалар мұғалімнің айтқан сөздерінің барлығын жазып отырмайды, оның ішінен белгілі бір ережеге қажетті сөздерді немесе сөз тіркестерін іріктеп жазады. Диктанттың бұл түрінде уақыт үнемделеді, қажетті сөздер мен сөйлемдер көбірек жазылады, ең бастысы оқушылар мәтінді аса зейін қоя тыңдап отыруға мәжбүр болады.
Түсіндіру диктанты. Мұнда мәтін жазылып болғаннан кейін ғана талданады, қателері түзетіледі. Диктанттың бұл түрін жазуға кірісерде қажетті ережелер еске түсіріледі. Мұны ескерту диктантынан бақылау диктантына өткел ретінде жүргізілетін жұмыс деуге де болады. Түсіндіру диктантының бір түрі ретінде жүргізілетін жұмыс деуге де болады. Түсіндіру диктантының бір түрі ретінде сөздік диктантын да жүргізуге болады. Онда сөйлем де, мәтін д е емес, жеке сөздер айтылады. Бұған оқушыларға қиындық келтіретін немесе ережелерге бағынбайтын сөздер алынады. Сөздік диктант ұзақ болмайды, 5-10 минут шамасы, көбінесе сабақтың аяғында жүргізіледі. Мұғалім жеке сөздерді айтады, балалар жазады, жазғандарын сөздіктен қарап түзетеді. Үнсіз диктант ұйымдастырылады. Онда мұғалім қажетті суреттер көрсетеді (аю, сиыр, жылқы, қоян, қозы, трактор, комбайн т.б.), ал балалар бірден жазады немесе керекті әрпі бар карточканы көрсетіп, сонан соң жазады. Сөздік диктант 10-15 сөзден аспауы тиіс.
Осы көрсетілген жұмыстардың барлығы орфографиялық дағдыны автоматтандыру мақсатын көздейді.

Диктанттың түрлері көп.

Қатемен  жұмыс жүргізгенде ерекше талдау жүргізіледі. Қате жіберген сөйлемдерді қайтадан жазғызып,  астына сыздыру нәтижесін береді. Оқушыларды сауатты жазуға қалыптастыру үшн оларға кітапты көп оқу, қалай оқу,қалай пайдалану жөнінде айтып отырамын.Оқушыларды қатесіз, сауатты жазуға үйрету тәсілдері алуан түрлі. Өйткені әр баланың  ерекшелігіне байланысты қатесіз жазуға үйрету әдісі әр сабақта өзінше орын алады.

1.Сөздерді буын жігіне қарай айту,жазу заңдылығын білмегендіктен сөздердің буын жігін ажырата алмай, тасымалдан жиі қателесу басым.  Мысалы:сауап,тауық тәрізді сөздерді сау-ап, тау-ық деген түрде қате айту  қате жазуға жол ашады. 

Сондықтанда мен әрбір сабақ сайын сөздерді дұрыс буынға бөлуді дағдыландыруға машықтандырамын.Бұл ұшын «Менің атым неше буннан құралған», «Ата-анамның аты неше буыннан құралған»және «Досымның аты неше буыннан құралған»деген сияқты ойындар пайдаланамын. 2. А,Ә,Ы,І,У, Ұ,Ү,Ө,И,Я,Ю дыбыстарының (әріптерінің) қандай сөздерде, қандай буындарда айтылу,жазылу заңдылықтарын жете меңгере алмаған-  дықтары байқалды.  3. Дауыссыз Н-Ң,Т-Д;С-З,И-Й, Ж-Ш дыбыстарының емлесін шатастыру жиі кездеседі. Дыбыстардың артикуляциясын білмегендіктің, бір-біріне жақын дауыссыздарды ажырата алмаушылықтың түпкі негізі – бастауыш сыныпта сауат ашу кезеңінде дыбыс пен әріптің заңдылығын ұғынбағандықтан жіберілген олқылық. 

4. Сөз ішінде НН, ЛЛ,ТТ,КК,ҚҚ,СС,ШШ, ПП,ММ тәрізді қатар келген дыбыстардың бірін жиі тастап кетеді.Мұндай қосарлы дыбыстардан жіберілген қателер сөздердің құрамын ажырата алмаушылық заңдылықтарынан туған. 

5. Қос сөздердің қосарланып, қайталанып қолданылатын түрінің емлесінен де қате жіберіледі.Бұл қателер қос сөздердің өзіндік заңдылығын жете меңгермеушіліктен туған.Сонымен қатар қос сөздердің дефис арқылы  жазылатын ерекшеліктерін білмеуден қос сөздердің кейбір түрін сөз тіркесімен шатастыру жиірек кездеседі.  6. Біріккен сөздердің бір бүтін ұғым екендігін жете білмеушіліктен жіберілген қателер де кездеседі. Осы жерде жас ұстаздарға біріккен сөздердің емлесіне көбірек назар аударуға керек екенін айтқым келеді. Үйреткенде, мысалы:ТЕМІРҚАЗЫҚ (жұлдыз), БІРҚАЗАН (құс), ӘЛДЕҚАЙДА (есімдік) деген тәрізді мысалдар ұсынылып,бұлар былайша талданылады. Бірінші кезеңде бұл сөздердің қандай құрамды бөлшектерден жасалып тұрғаны анықталады: ТЕМІРҚАЗЫҚ сөзі – ТЕМІР-ҚАЗЫҚ; БІРҚАЗАН сөзі- БІР-ҚАЗАН; ӘЛДЕҚАЙДА сөзі-ӘЛДЕ-ҚАЙДА.  Екінші кезеңде - жаңа материал біріккен сөздердің кем дегенде екі немесе одан да көп бөлшектерден жасалатыны түсіндіріледі. Кейбір сөздер ешбір өзгеріссіз біріккен: ӘЛДЕБІР; ТАСБАҚА; АҚБОЗАТ. 
Қорытынды

Қоғам мен жалпы білім беретін мектептердің сұранысына сәйкес бастауыш мектеп буында көркем жазу пәнінің мәні зор. Оқушылардың жазу дағдысы қалыптастыру оны кейінгі сыныптарда жетілдіру үшін, жазу әрекеті мен психофизиологиялық әрекеттерін ескеру жазуға үйренудің әр тәсілдерінен қарулану тек көркем жазу сабағында жүзеге асады. Ол үшін бастауыш сынып оқушыларында графикалық каллеграфиялық жазу дағдыларын қалыптастыру процессінің психологиялық физиологиялық дидактикалық негіздерін ашу керек. Бір қарағанда алфавиттегі санаулы дыбыс таңбаларын әдемі және жылдам жазуға балаларды үйрету онша көп қиындық келтірмейтін сияқты. Шын мәнінде бұл дағдыларды оқушылар бойында қалыптастыру барысында мектептің алдында көптеген қиындықтар кездеседі. Жазба жұмыстарын көптеп орындатуға қарамастан, кейбір оқушылар дыбыс таңбаларын, олардың бір – бірімен байланысу жолдарын жазу кезінде қолдана біледі. Дыбыс таңбаларын көркем әрі айқын жазуға дағдыланса да, жылдам жазуға әдеттенбегендіктен, айтылған ойға ілесе алмайды әрі жазу сауаттылығы мен анықтығы төмендейді.Сауатты көркем жазудың негізі - әліппенің сауат ашу кезеңінде қалыптасады. Бұл жұмыс шығармашылықпен ұштастырғанда ғана оқушы сауатты көркем жазуға төселеді.Осы мақсатта оқу белсенділігін арттыратын әріптік, буындық үлестірмелі материалдар пайдаланып, берілген сөздерді талдап, өзінің кассаларынан сөз құратып, оқытып, ауызша жат жазу жүргізу керек. Ауызша арқылы құралған сөзді тақтаға жазып, қатесіз көркем етіп дәптерге жазғызып, оны оқытып тақтамен салыстыру керек. Үйрету жат жазулары жеңілден басталып, біртіндеп күрделенеді. Бір – екі әріпті үйретісімен сабақ сайын үйрету диктантын жатқа жазуда оқушы сауатын ашып, естуін дамытады. Осыдан жұмыстың біріне әріпті жат жазуды ұсынамыз. Мұнда үйренген дыбыстардың әріптік таңбаларын қаншалықты меңгергенін байқауға болады. Ол үшін әріп жазуын мынадай мазмұнда өткізгенжөн:
Бастауыш сыныпта жазуға үйретуді машықтандыруда әріп буын жат жазуларын дұрыс жазып сөздердің мазмұнын түсініп алмайынша бірден сөз сөйлем жат жазуларын өз дүниесінде сауатты жазу мүмкін емес.

Жат жазу жиі болса оқушылардың сауаты артады. Жат жазудың мақсаты – оқыған ережені оқушының қаншалықты меңгергенін, қосымша қандай жұмыс жүргізу керек екенін анықтау. Баланың жазу дағдыларын жүргізуде жат жазу жүргізу жұмысына қоса қатені түзету жолдарын да ұсынамыз. Олар: үйрету жат жазуы және көшіріп жазу жат жазуы.


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Құлмағамбетова Б. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., «Мектеп» баспасы. 2001

  2. Н.Оразханова. Фонетикалық талдауды сатылай комплексті түрде жүргізу. «ҚазаҚ тілі мен әдебиеті» журналы. №10. 2000.

  3. Е. Исабаев. Дыбыс жүйесінің негіздері. А., «Мектеп». 1992.

  4. Диктанттар жинағы. А., «Мектеп». 2004.