Сергіту сәттері
Гүлге теңеу іздеймін,
Гүл деген- мен, Күн анам.
Гүлдей жайнап, қуанам
***
Көжегім тұршы,
Бетіңді жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Киіміңді киші,
Мектепке жүрші.
Партаға отыршы,
Сабағыңды оқышы
***
Мұрты ұзын құмырсқа,
Келе жатыр жұмысқа.
Допты алды қолына,
Допты қойды жолына.
Оңға.солға қарады,
Үлкен тау деп ойлады.
***
Аппақ болып таң атып,
Түтін тікке шығады.
Қарлығаштар қанатын,
Самғап-самғап ұшады.
***
Алма,алма,көк алма,
Қызыл,сары көп алма.
Теріп,теріп келейік,
Атамызға берейік.
***
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып,бір тұрып.
Біз тынығып алайық.
***
Ботақаны нардың,
Жарға неге бардың?
Тілерсегің дірілдеп,
Секіре алмай қалдың.
***
Алуан гүлді жинаймын,
Анама оны сыйлаймын.
Гүлге толған құшағы,
Иіскеп мені құшады.
***
Сарқырап өзен ағады,
Шомылып жұрттар тұрады.
Өзен қандай керемет,
Толқып жағаға ұрады.
***
Алақай-ау,алақай,
Бері қара,балақай.
Ойнап-күліп жүрейік,
Айдын көлде жүзейік.
***
Көлге келіп қонады,
Көлдің көркі болады.
Таза ауада жүреді,
Тұнық суда жүзеді.
***
Мектебің,мынау,класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай боп кіресің,
Таудай болып шығасың!
***
Жазған аңыз,ертегіңді,
Ынта қойып оқимыз.
Қырғауыл болып ұшамыз, ұшамыз.
Түлкі болып қашамыз, қашамыз.
Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,
Орнымызға қонамыз.
***
Ұсталардай тарсылдатып,
Шегені де қағамыз.
Әшекейлеп, әдемілеп,
Қағазды да қиямыз.
***
Жалт-жұлт етіп қалағы,
Ерітіндіні жағады. Қолындағы кірпіші ,
Лезде орнын табады.
***
Жалқаулықты тастаймыз, Шынығамыз жастай біз. Ырғағымен әуеннің, Жаттығуды бастаймыз.
***
Тырна келді тыраулап,
Тіліп өтіп аспанды.
Қаздар көлде жүр ойнап,
Көктем тойы басталды.
***
Тыныш-тыныш балалар,
Қуыршағым –Ақмарал.
Ұйықтап жатыр дамылдап,
Ән салайық ыңылдап.
Әлди-әлди –ай, Әлди,әлди-ай!
***
Өзім тігем кестені,
Өзім кесем кеспені. Сабақтан да қалмаймын,
Екілікте алмаймын.
Шынықсын деп денемді,
Күнде жуам еденді.
***
Уақыт болды тұратын,
Ойын сауық құратын. Би билейік бәріміз,
Қол соғайық бәріміз!
***
Өсем десең әдемі бол,
Түзу отыр партада.
Тіке ұста бойыңды,
Шалқая берме арқаға.
***
Алақаным тарсылдап,
Сабаққа мен дайынмын.
Саусақтарым тырсылдап,
Жазуға мен дайынмын.
***
Аспанға қарап ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға,солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Түп-түзу отырып, Көркем етіп жазайық.
***
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық.
***
Тапқыр ойлы пішіндес,
Шапшаң жұмбақ шешіңдер.
И,й (қысқа й) әрпі бар ішінде,
Бізде бұндай көп есімдер.
***
Атам аулына барайық, Қызығына қанайық.
Өнеріне сүйсініп, Аздап тыным алайық.
***
Кел санаймыз екеуміз,
Бас бармағым -атам,
Балаң үйрек- әжем,
Ортан терек- әкем,
Шылдыр шүмек-анам.
Кішкентай бөбек- мен!
***
Жаздық, жаздық, жаздық біз,
Шаршап қалды қолымыз.
1,2,3! Бойға жинап күш.
***
Жабырқауды білмейміз,
Жатырқауды сүймейміз.
Біз талантты жас ұлан, Үлгі аламыз жақсыдан.
***
Орнымыздан тұрайық,
Қолды алға созайық. Бір отырып,бір тұрып,
Дем алып,бір қалайық.
***
Бір, екі,үш,
Қарлығаш боп ұш. Төрт,бес,алты,
Қарлығаш боп қалқы.
Жеті,сегіз,тоғыз,он,
Қарлығаш боп қон.
***
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ. Қосып едім екеуін , Болып шықты он саусақ.
***
Жазу жазып өзіміз,
Талып кетті қолымыз.
Бір,екі,үш,
Бір екі,үш,
Жинап алдық тағы күш.
***
Оңға, оңға түзу тұр!
Солға, солға түзу тұр!
Жоғары - төмен қарайық,
Орнымызды табайық!
***
Торғай-торғай тоқылдақ,
Жерден тары шоқып ап.
Бөтегесі бұлтиып,
Шиқ-шиқ етіп отырмақ.
***
Ормандағы аюдың, Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
***
Айнаға қараймын,
Шашымды тараймын.
Бақытты баламын,
Сымбатты боламын.
Әрқашан тазамын,
Бәрінен озамын.
***
Қарлығашқа ұқсайық,
Кәне қанат жасайық
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып-ұшып алайық.
***
Бір, екі – еңкей,
Бүгілмесін тізең.
Үш, төрт – шалқай,
Иілмесін тізең.
Қолды көтер аспанға.
Саусақты соз, жасқанба.
***
Бала-бала,балақан, Кәне қайсы алақан.
Саусақтарың әйбат, Былый-былай ойнат.
***
Бір,екі ,үш,
Бір,екі,үш,
Бойға жинап күш. Төрттік,бестік баға алып, Отырамыз тып-тыныш.
***
Жайқалады ақ бидай, Басын изеп аққудай.
Трактормен комбайн,
Жүргізуге мен дайын.
***
Бір ,екі,үш,бір,екі,үш,
Ал,қанеки,ұш.
Төрт,бес,алты.жеті,
Мынау ауыл шеті.
Сегіз,тоғыз,он,сегіз,тоғыз,он,
Ал,қанеки қон.
Асықпа да,саспа,
Бірден қайта баста.
***
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Санап едім он саусақ,
Он аяқта бес башпай,
Сол аяқта бес башпай.
Санап едім он башпай.
***
Сағаттың тіліндей иіліп солға бір, Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір.
Оң аяқ ,сол аяқ,жаттығу оңай-ақ.
***
Біздің тату баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
***
Біз бесеуміз,бесеуміз,
Бес тармақты
Он,жиырма,тоқсан,жүз.
Тойлаймыз ата тойын біз.
***
Иілеміз оңға бір, Иілеміз солға бір
Бәріміз де қараймыз,
Аяққа бір,қолға бір.
***
Бір, екі, үш, Бір, екі, үш,
Жаттығу жасап алайық.
Жаттығу жасап алайық,
Бір дем алып қалайық.
***
Екі қанат қазда бар,
Сайраңдайды жазда олар.
Екі қанат құрда бар,
Құр ауласаң,қырға бар.
***
Оң қолды алға соз.
Үшбұрыш сыз ауады.
Сол қол қарап тұрмасын
Шеңбер сызсын зырласын.
***
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бойымызды жазайық.
***
Тербеледі ағаштар ,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкене ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
***
Орманның біз емшісіміз,
Тоқ—тоқ-тоқ!
Құрт біткенді жоқ етеміз,
Жоқ—жоқ—жоқ!
Жоқ-жоқ-жоқ,Тоқ-тоқ-тоқ!
***
Саусақпен мұрын қысайық,
Әншіге біраз ұқсайық.
Әрбір сөздің дыбысы,
Қандай екен ұғайық.
***
Тәулік бойы тынбайтын,
Болайықшы «Ақ жаңбыр».
Астан-кестен жауатын
Өткінші енді біз жаңбыр!
Қатты нөсер басылды.
Күн жарқырай ашылды.
Неше түрлі әдемі,
Кемпірқосақ жасалды.
***
Ал, кәнеки көжектей,
Ырғып - ырғып қашайық!
Шөпке тойған көжектей,
Танаудан дем алайық!
***
Көктем келді, құс келді.
Күн ұзын, түн қысқа енді.
Көктем келді, су ақты,
Күннің көзі шуақты.
Көктем келді, гүл өсті,
Көбелектер гулесті.
***
Қарға қарқылдайды,
Шымшық шықылықтайды.
Бұлбұл сайрайды,
Қаз қаңқылдайды,
***
Қуыр,қуыр,қуырмаш,
Тауықтарға бидай шаш,
Басбармақ
Балаң үйрек.
Ортан терек .
Шылдыр шүмек ,
Кішкене бөбек
Сен бар қозыңды бақ.
Сен бар бұзауыңды бақ.
Сен бар лағыңды бақ.
Сен бар,құлыныңды бақ.
Ал сен жат,от жақ,
Қазанға тамақ жаса жұмысшыға.
***
Далада жел соғып тұр,
Қатты –қатты дауылдатып,
Ақырын –ақырын басылды,
Ақ жаңбырын самалдатып.
***
Тап-таза тұнық суда,
Балық жүзіп ойнауда,
Біресе керіледі. Біресе жиырылады.
***
Қоюланып тағы бұлт,
Жауды жаңбыр себелеп.
Жапырақты жағалап,
Бұға қалды көбелек.
Күннің нұрын сүйемін,
Күнге басымды иемін.
Моншағым көп мойнымда,
Үлкен қалпақ киемін.
***
Гүлге теңеу іздеймін,
Гүл деген- мен, Күн анам.
Гүлдей жайнап, қуанам.
***
Жел улейді:у-у
Құйын келіп билейді: зу-зу
Қатты-қатты жел соқты: гу-гу
Жапырақтар қол соқты: ду-ду.
***
Шығу үшін шымыр боп,
Шынығамыз шаршамай.
Бұлшық етттер шымыр боп,
Аламыз сосын тыныс жай.
***
Керіледі мысық
Бізге көзін қысып.
Жүгіреді жылдам,
Көрінсе оған тышқан.
***
Аппақ болып таң атып,
Түтін тікке шығады.
Қарлығаштар қанатын,
Самғап биік ұшады.
***
Инелік- ау, инелік,
Ұша берші тимелік,
Қорықпаймыз өзіңнен,
Алдық саған үйреніп.
***
Сәлем, көздер, қалғымағын,
Сәлем, құлақ, есті бәрін.
Сәлем, қолдар, ояныңдар,
Сәлем, аяқ жүріп қалғын.
Көз көреді, құлақ естіп,
Аяқтар топылдап, қол шапалақ ұрады өстіп.