СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 25.05.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бастауыш сыныптарға арналған дидактикалық материалдар жинағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған дидактикалық материалдар жинағы

Ойындардан, жұмбақтар, құзыретті тапсырмалардан, ашық сабақтардан құрастырылған

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сыныптарға арналған дидактикалық материалдар жинағы»

Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

«№2 орта мектебі» КММ






Бастауыш сыныптарға арналған

дидактикалық материалдар

ЖИНАҒЫ


(әдістемелік құрал)



Құрастырған: Уристимбаева Л.М.





Федоров с. 2016 ж.

«Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№2 орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Л.М. Уристимбаеваның «Бастауыш сыныптарға арналған дидактикалық материалдар жинағы» тақырыбында

лицензиялық жұмысына жазылған

РЕЦЕНЗИЯ


Ойлау – баланың таным әрекетінің ең жоғары түрі. Баланың ойлау қабілеттерін дамыту әр ұстаздың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Сабақ барысында ойын түрлерін, логикалық есеп-тапсырмаларды, жұмбақтарды, құзыретті тапсырмаларды пайдаланудың маңызы зор. Қазіргі таңда баланың тілін дамыту, тілді меңгерту жолдары өте көп.

Бастауыш сынып мұғалімі Л.М.Уристимбаеваның «Бастауыш сыныптарға арналған дидактикалық материалдар жинағы» тақырыбында жазылған жұмысында ойындар, логикалық есеп-тапсырмалар, жұмбақтар, метаграммалар, құзыретті тапсырмалар жинағынан тұрады.

Аталған жұмыс әр түрлі жастағы балалардың ойлау мен сөйлеу қабілеттерін дамытуға арналған. Дидактикалық материалдарды орындау барысында балалардың ойлау, сөйлеу, жүйелеу, өздігінен жұмыс жасау, салыстыру, қорытындылау қабілеттері қалыптасады. Л.М.Уристимбаеваның алып отырған дидактикалық материалдар арқылы ойын - тіл дамытудың ең тиімді құралы табылатыны сөзсіз. Л.М.Уристимбаева әр сабағында оқушылардың сөздік қорын молайтуға, дұрыс сөйлеуге, сөйлеу мәдениетіне айрықша назар аударып отырады және оқудың жаңаша әдіс-тәсілдерін сабақтарында тиімді қолдана біледі. Л.М.Уристимбаеваның лицензиялық жұмысы бастауыш сыныптарда өтетін сабақтарында пайдалануға тиімділігі зор. Балаға тілді меңгерту, сол тілде өз ойын жеткізуге қалыптастыру, тілге деген қызығушылығы мен танымдылық қабілеттерін, құзыретті қабілеттерін дамыту мәселесі кеңінен қойылып жүр.

Сөзімді қорыта келе, аталған жұмыстың баланың дамуында пайдасы зор жұмыс екенін айтқым келеді.


Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№2 орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Құмарова Б.Р.

______________

(қолы)




Мазмұны:

  1. Түсінік хат................................................................... 4-бет

  2. Мақсаты мен міндеттері ......................................... 5-бет

  3. Дидактикалық материалдар арқылы жеке тұлғаны дамыту 6-7-бет

  4. Ойын түрлері және шарттары.................................. 8-16-бет

  5. Логикалық есеп-тапсырмалар..................................... 17-23-бет

  6. Жұмбақтар, метаграммалар, анаграммалар............ 24-33-бет

  7. Оқушылардың құзыретті қабілеттерін қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар (1-сынып)......................... 34-39-бет

  8. Ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар............... 40-62-бет

  9. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................ 63-бет




















Түсінік хат

Ұсынылып отырған «Бастауыш сыныптарға арналған дидактикалық материалдар жинағы» мұғалімдерге әдістемелік нұсқаулық ретінде арналған. Аталмыш дидактикалық материалдар жинағының мақсаттары: оқушылардың құзыреттіліктерін дамыту, пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру, дидактикалық материалдар арқылы сапалы білім беру, қызықты сабақ өткізу.

Дидактикалық материалдар – қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің бір түрі, өзін-өзі басқаруды жетілдіреді. Білім беру саласында жиі көтеріліп жүрген мәселелердің бірі –оқушыларды өзін-өзі басқаруға үйрету. Осы мақсатты алға қойып, өз тәжірибеме оқыту жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабағымда ұсынылып отырған дидактикалық материалдарды түрлендіріп өткізу әдістерін еңгіздім.

Жаңа технология әдістері оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді.

Ұсынылып отырған «Бастауыш сыныптарға арналған дидактикалық материалдар жинағы» сауат ашу, қазақ тілі, математика сабақтарында қолданатын ойындардан, жұмбақтардан, логикалық есептерден, метаграммалардан және бірнеше сабақ әзірлемелерінен тұрады.

Осы жинақта берілген материалдар мен тапсырмалар бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне негізделіп құрастырылған.



Мақсаты:

  1. Оқушыларды ойын арқылы жеке тұлға ретінде дамытуға көмектесу.

  2. Ойын барысында балалардың жан дүниесін тану, оны сыртқа шығару жолдарын меңгерту.

  3. Әр баламен жеке жұмыс жасауға мүмкіндік беру.

  4. Бірлікке, достыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.



Міндеттері:

  1. Жеке тұлғаны өнегелі бағытта болуын тәрбиелеу.

  2. Жеке тұлғаны шығармашылық қабілеттілігінің дамуына жағдай жасау, білім алуға қызығушылықтарын арттыру.

  3. Оқушылардың ойын, құзыретті тапсырмалар арқылы өздігінен білім алуларына, ізденулеріне мүмкіндік беру.




















Дидактикалық материалдар арқылы жеке тұлғаны дамыту.

Әр адамның болашақта жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінен бастап, балабақша, мектеп, жоғары оқу орнында алған тәрбиесі мен білімнің маңызы зор. Баланы ұлттық рухта қалыптастыруда басты нысана жас ұрпақтың кішкентайынан өз тілін меңгеріп, ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп, қазақы болмысты сезіне өсуі. Ұлт болып қалыптасу жолында барлық соған апарар мүмкіншіліктерді пайдалана білу қажет. Әрбір педагогтың белсенді іс-әрекеті, түйінді шешімі, үлкен ізденісті рухани дамыған, бәсекелестікке дайын, құзыретті қабілеттері дамыған жеке тұлға ретінде жетілдірген ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған жөн. Жеке тұлға белгілі бір әрекеттер нәтижесінде қалыптасады. Тұлға үнемі даму үшін әрекет шығармашылықпен байланыста болу керек. Менің ойымша, жеке тұлға қалыптастыруда негізгі құралдардың бірі – дидактикалық материалдар (ойын, логикалық есеп-тапсырмалар, жұмбақтар, метаграммалар, анаграммалар, құзыретті қабылеттерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар).

Дидактикалық материалдар бастауыш сынып оқушыларына өте тиімді. Дидактикалық материалдардың негізгісі – ойын. Ойын арқылы оқыту мен тәрбиелеу баланы жалықтырмайды, қызығушылығын оятады, белсенділіктерін арттырады, денсаулықтарын нығайтады. Балалардың ертеңгі үлкен азаматтыққа жалғасатын жеке басының ерекшеліктері, беделдері оның бүгінгі ойын әрекеті үстінде қалыптаса бастайды. Ойын арқылы баланың шығармашылық мүмкіндіктері, эмоционалдық көңіл-күйі және ерік-жігері бүршік атып, білінеді.

Ойын – баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады. Сонымен қатар, ойын – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат беретін ғажап нәрсе.

Дидактикалық материалдар бастауыш сынып оқушыларының сабаққа белсенді де қызығушылықпен қатысуына әсерін тигізеді.

12 жылдық білім беруге көшу мақсатында мұғалім құзыретті болуы тиіс. Осыған байланысты оқушылардың да құзыретті қабілеттерін дамыту қазіргі заман талабы. Құзыретті тапсырмалар арқылы бала өмірге бейімделіп, ақпаратты қабылдап, қарым-қатынас жасай білуді үйренеді.

Дидактикалық материалдарды пайдалану нәтижесінде оқушылардың бойында ойлау, тапқырлық, шыдамдылық, белсенділік, өмірге бейімделуі, құзыретті қабілеттері, ұйымдастырушылық қасиеттері қалыптасады.













Ойындар және шарттары..

«Дыбыстар әлеміне саяхат» ойыны.

Ойынның мақсаты:әріптер туралы білімдерін тексеру, ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Әр балаға жеке-жеке әріптерді тарату. Сол әріп туралы айту. Сөз құрау.


Сөз ойла, тез ойла!

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Ойынның шарты: Шашылған әріптерден бірнеше сөз құрау.


«Достасқан буындар»

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Қатар отырған оқушылар ауызша орындайды. Орындау тәртібі бойынша бірінші оқушы қа буынын айтса, екінші келесі буынын тауып сөз құрауы керек


Жоғалған сөз”

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту.

Ойынның шарты: берілген мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою


... келді. ... еріді. Құстар жылы жақтан ... ... . Ағаштарда ... жарылды. Гүлдер ... . Адамдар ... киінді. Малдар ... ... .


«Кім көп біледі?» ойыны.

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты:
1. «Б» дыбыстан басталатын сөзге мысал ойла.
2. Білгіштің хаты.
Біз Білгішбектен хат алдық. Ол өзенге барып балық аулапты. Жинаған балықтарының атында «б» дыбысы бар екен. Ол сендерден көмек сұрайды. Қандай балықтар екенін айтып жіберейік. (бекіре, табан, алабұға, камбала) (Дыбыс таңдау» ойыны. Сөйлемдегі сөздер бірдей дыбыстан басталу керек.
Мысалы: Оспан орманнан оралып, орындыққа отырды.


«Жоғалған әріп» ойыны.

Ойынның мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Берілген сөздерде көп нүктенің орнына жоғалған әріпті таңдап қою керек.

... ор, ... алық,...ота, та... а,... оран.


«Кім тапқыр?».

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Антонимдері бар мақал-мәтелдер жазу. Мысалы:
Ашу-..., ақыл-...


«Жалғасын тап» ойыны.

Ойынның мақсаты: оқушылардың ауызша тілдерін дамыту.

Ойынның шарты: Оқушылар мақал-мәтелдің жалғасын тауып, түсінгендерін ауызша айтады.
1. Отанды сүю... ... ...

2. Досы көпті жау алмайды, ... ... ... ...
«Сөзден сөз тер» ойыны.

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның мақсаты: Кез келген сөздер беріледі. Оқушылар берілген сөздегі әріптерден бірнеше құрастыру керек. Мысалы: бБауырсақ сөзі - бауыр, бал, су, ара, ар, ауа, қас, бақ ас, қар, сақ, қуыр, рас, сау.

Сөйлем қуаласпақ”

Ойынның мақсаты: оқушылардың көру, есту, ойлау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту.

Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топқа суреттер үлестіріледі. Әр топтың оқушылары бір-бір сөйлемнен айтып, сол сурет бойынша ауызша мәтін құрастырады.


«Синтаксистік касса» ойыны.

Ойынның мақсаты: ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Карточкада бірнеше суреттер көрсетіледі (адам, құс, т.б.) беріледі және қойылатын сұрақтар карточкасы жасалады. Суреттің үстіне сұрақтары айтылып қойылады.


«Кедергіден өту» ойыны.

Ойынның мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Интерактивті тақтадан «кедергілер» көрсетіледі. Әр кедергінің өз тапсырамасы тақтадан көрінеді. Тапсырмалар топқа беріледі. Осылайша ойын соңында кедергілерден өтіп мәреге жеткен топ жеңіске жетеді.


«Шашылған әріп» ойыны

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: оқушыларға бірнеше әріптер беріледі. Сол әріптерден оқушылар сөз құрастырып шығарады. Мысалы, заж (жаз); ақба(бақа); рақ (қар); ғаша(ағаш); лмаа (алма); Аталау (Алатау); іпл (піл).



«Вагон құрау» ойыны.

Ойынның мақсаты: Оқушыларды шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Ойынның шарты: Әр топқа бірнеше вагондар беріледі. Әр балаға 1 вагоннан. Вагонның артындағы тапсырманы орындаған оқушы вагонды ретімен тақтаға келіп іледі. Қай топтың вагондары алдымен құралса, сол топ жеңіске жетеді.


«Атын айт» ойыны.

Ойынның мақсаты. Оқушылардың сөздік қорларын молайту.

Ойынның шарты: Интерактивті тақтадан бір-бірімен араласқан бірнеше суреттер тұрады. Оқушылар кезекпен шығып суреттерді «белгісі» арқылы топтан себебін түсіндіреді.

«Тізбек» ойыны

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін арттырады.

Ойынның шарты: ойын жүргізуші кез-келген бір сөзді айтады., ал келесі оқушы сол келтірілген соңғы әрпінен басталатын сөзді тауып айтуы қажет. 
Мысалы: Бақша-ана- Асхат- тарақ- қалам 
Берілген уақытта ең көп сөз атаған оқушы жеңімпаз атанады. 


«Алтыбақан» ойыны

Ойынның мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: сөздердің басқы әріптері қағаздың екі жағына жазылады. Топ мүшелері әріп таңдап алады. Қай топ көп сөз айтса , сол топ жеңіске жетеді.


«Адасқан дыбыстар» ойыны

Ойынның мақсаты: есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: бастауыш сынып оқушысына оқи отырып сөз мағынасын түсінуге көмек береді. Ойын ережесі бойынша, оқушы адасқан әріпті тауып, керекті әріппен ауыстырады. Мысалы: Күл деген жазуы бар көл суреті. Осы ойынға арналған сөздік материал: қыс- қыз, жас-жаз, қас- қаз, төрт-торт, орман –арман, 


«Шекараны сыз» ойыны.

Ойынның мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: оқушыға әртүрлі сөз жазылған парақтарды таратып беру, бұл сөздер Кім? Не? елдеріне, үй жануарлары мен жабайы аңдарға, үй құстары мен дала құстарына, ... тиесілі. Оқушыға басқа елде бір сөз қалмайтындай екі ел арасында шекара жүргізу тапсырмасы беріледі. Оқушы тапсырманы орындау үшін, оқып қана қоймай «даулы» жағдайда сізден кеңес сұрауы мүмкін. Аю- кім? немесе не?


Заттың атын айт”

Ойынның мақсаты: көру қабілеттері, ауызша тілдері дамытылады.

Ойынның шарты: Бірнеше балаға суреттер үлестіріледі. Әр оқушы өзінің суретін қалған оқушыларға сипаттайды, бірақ атын айтпайды. Заттың атын оқушылар тауып, айту керек.


Сиқырлы сандықша”

Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту.

Ойынның шарты: Оқушылар шеңберге тұрады. Музыка ойнап тұрады. Шеңбер бойымен “сиқырлы сандықшаны” оқушылар бір-біріне жібереді. Музыка тоқтаған кезде, кімнің қолында сандықша қалады, сол бала сандықшаның ішіндегі берілген тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер, әндер, өлеңдер айтады.



«Орамал тастамақ»

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту.

Ойынның шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады.Бастаушы балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап кетеді. Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артмда деп жауап береді. Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең,тақпақ айтуы керек.

Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек.Ойын осылай жалғаса береді.



«Жаңа ертегі»

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту.

Ойынның шарты: Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлерін атайды, суреттерін көрсетеді. Мысалы: кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып ойын жалғастырады.


«Ойлан тап» ойыны

Ойынның мақсаты: Оқушы буындар арқылы сөзді қатесіз, анық айтуға дағдыланады.

Ойынның ережесі: Бірнеше буындар жазылған қима қағаздар таратылады. Сол буындарға сәйкес буындар тауып жаңа сөз құрайды.


«Өлең шумағын дұрыс оқы» ойыны.

Ойында оқушылар Абай Құнанбаевтың жасырылған өлең шумағын табады. Мұғалім ойын ойнамас бұрын оқушыларға ойын ережесін таныстырып, Абай Құнанбаевтың басқа да білетін өлеңдерін айтып беруді талап етеді. Оқушылар Абай Құнанбаевтың өмірі мен өлеңдеріне тоқталып өтеді. Және содан кейін тақтаға таңдалған өлең шумағы жазылған тор көзді іліп қояды.

Ойынның мақсаты: Оқушылардың дыбыстардан сөз құрау, сөздерден сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру. Өлең шумағында кездескен дауыссыз дыбыстардың тіркесу жолдарын үйрету, ауызша тілдерін дамыту.

Ойын ережесі: Оқушылар тор көзде жасырылған өлең шумағын дыбыстарды дұрыс тіркеу арқылы өлеңді оқиды. Табылған өлең шумағының мағынасын өз сөзімен айтып береді. Дауыссыз дыбыстарға талдау жасайды.



«Дыбыс таңдау» ойыны

Ойынның мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, сөздік қорын дамыту.

Ойын ережесі: Оқушылар таңдаған дыбыстан басталатын сөз тіркесінен сөйлем құрайды.

Ойын кезеңдері: Ойын екі кезеңнен тұрады. Мұғалім ойын ережесімен таныстырады.

Бірінші кезең: балалар дыбыс таңдайды;

Екінші кезең: сол дыбыстан басталатын сөз тіркестері арқылы сөйлем құрайды.

Ойын тиімділігі: Оқушылардың ой - өрісі, сөздік қоры дамиды, белсенділігі артады.

Мысалы: Ойын нәтижесінде мынандай сөйлемдер құрауға болады:

Талғат таңертең тұрып, тауға тартты.

Бақыт бүгін бақшаға барды.


"Синонимін табайық" ойыны.

Ойынды "Синоним" тақырыбын бекіту сабағында немесе сабақтың мақсатына қарай өткенді еске түсіре отырып өткізуге болады.

Ойынның мақсаты. Оқушылардың "Синоним" тақырыбынан меңгерген білімдерін тексеру, жылдам ой қорытуға баулу, сөздік қорын байыту.

Ойынға синонимдік қатар түзуге болатын мақсаттағы сөздерді интерактивті тақтаға еңгізеу.

Ойынның шарты. Оқушыларға бір уақыт аралығында синонимдік қатар тузу тапсырылады.

Ойын соңында ауызша синонимдік қатардан сөйлемдер құралады.


«Кім тез?» ойыны

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту.

Ойынның шарты: Интерактивті тақтада бірнеше суретті көрсету. Әр қатардан 4 оқушы сурет бойынша сөйлем ойлап айтады. Интерактивті тақтадағы суреттерді (қозы, аңшы, бор, нан, алма, бота, күн, қыз, сүргі, ай, тышқан) қатыстырып тез сөйлем ойлайды. Қозы, аңшы, бор, нан т.б. сөздерден дыбыс құрамын, нан т.б. сөздерден дыбыс құрамын, буын санын айтады.


«Зымыран сұрақ».

Үш топқа бір уақытта бірдей сұрақтар қойылады. Әрбір топ мүшелері жылдам жауап беруі қажет. Бұл бөлімде біліммен қатар жылдам ой қорытып, нақты жауап беруі талап етіледі. Ойланып жауап беруге 15 секунд белгіленеді.

- Сөйлем мүшелері неше түрге бөлінеді?
- Бастауыш қай сөз табынан жасалады? Мысал келтір.
- Баяндауыш қай сөз табынан жасалады?
- Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?
- Бастауыштан кейін қай уақытта сызықша қойылады?



«Ой жинақта, талдаумен»


Тапсырмаларды таратып береді. Берілген нұсқа бойынша сөйлем құрау. Сөйлемнен сұрақ қойып тұрлаулы, тұрлаусыз мүшені тап. Ойлануға 2 минут беріледі. Ауызша орындалады.

1 топ тапсырмасы: Кім? Нені? Не істеді? (Зайра шәй жасады)
2 топ тапсырмасы: Не? Неден? Не істеді? (Мал төлден өседі)
3 топ тапсырмасы: Кім? Қайда? Не қылды? (Мұғалім сыныпқа кірді)


«Сиқырлы жапырақтар» ойыны

Ойынның мақсаты: Оқушылаодың ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Тақтада ілулі тұрған ағаштың кез келген жапырағын алып, сол жапырақтың тапсырмасын орындайды.

Тапсырмалар: жапырақта жазылған.

  1. Дыбыс деген не?

  • Дыбыс ауызбен айтылады, құлаққа естіледі.

  1. Әріп деген не?

  • Естіген дыбысты таңбалап жазсақ ол әріп болады. Әріпті оқимыз, жазамыз.

  1. Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

  • Дауысты дыбыстар созылып, әндетіп айтылады, өзі буын құрай алады.Мысалы: ы, а, ә, і.

  1. Даусыссыз дыбыстар қалай айтылады?

  • Дауыссыз дыбыстар созып, әндетіп айтуға келмейді. Ауыз қуысында кедергіге ұшырап, қысқа айтылады. Өз бетімен буын құрай алмайды. Мысалы: с, ш , л, р.


«Қыз қуу» ойыны.

Мақсаты: оқушылар бір-біріне сұрақ оқып, келесі оқушы сол сұраққа жауап береді.. Сол сұраққа жауап берген соң, келесі оқушыға сұрақ оқиды. Осылай жалғастырады.


  1. Қос сөздер дегеніміз не?

  2. Қос сөздің арасына қандай тыныс белгі қойылады?

  3. Қайталама қос сөздер дегеніміз не?

  4. Қайталама қос сөздерге мысал келтіріңіздер.

  5. Қосарлама қос сөздер дегеніміз не?

  6. Қосарлама қос сөздерге мысал келтіріңдер


«Орнын тап» ойыны:

Мақсаты: Қос сөздердің түрлерін ажырата білуге үйрету, тездікке, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу.


Қосарлама қ айталама Күйшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер


темір-терсек кезек-кезек киім-кешек


үйрек-қаз ап-анық жора-жолдас


топ-топ үп-үлкен қып-қызыл


сөйлей-сөйлей талай-талай дұп-дұрыс


«Тақия тастамақ» ойыны

Ойынның мақсаты. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Бір оқушы тақияны шеңбер бойымен жүріп, кез келген баланың басына кигізеді. Басында тақиясы бар бала түбір және туынды сөзді айтады. Ойын осылай жалғаса береді.


«КІМ БІЛГІР?» ойыны

Тақтадан заттардың, жан-жануарлар суреттері көрсетіледі. Суретке байланысты айтылған мақал-мәтелдерді кім біледі? (көп айтқан оқушы жеңімпаз болады)


«КІМ ТАПҚЫР?» ойыны


Ішінде антоним сөздері бар мақал-мәтелдерді тауып айтыңдар.

  1. Ашу-...,

Ақыл-...

  1. Ақылдан... жоқ.

Ашудан... жоқ.

  1. ... тауып айтады,

... қауып айтады.

  1. Дос...

Дұшпан...

  1. ... жарқырап жүреді,

.... қалтырап жүреді.

  1. ... дос жанынды сақтайды,

... дос малыңды сақтайды.

Математика

«Кім жылдам?» ойыны

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.Ойынның шарты: сыныпты 2-3 топқа бөлуге болады. Топтарға бірдей тапсырма беріледі. Топтар берілген тапсырманы жылдам есептеп шығаруы тиіс. Бірінші шығарған топ, ең жылдам атағына ие болады.

«Қалқанқұлақтың қатесін тап» ойыны.

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: тақтаға өрнектер жазылған парақтар ілінеді. Оқушылар қате жазылған өрнектерлі табуы тиіс.

8 + 2 = 9                                                    3 + 3 = 9                                                10 6  -  2 =4                                                    4 + 2 =6                                                   4 6
5 + 3 = 7                                                    7 -  5 =2                                                   2


« Көрші санды тап» ойыны.

Ойынның мақсаты: сандар қатарын еске түсіру, ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: тақтаға сандар ілінеді. Кез келген санды атап, сол санның көршілерін атауы керек. Мысалы, 4 десе, 4 санының көршілері 3 пен 5 деп жауап беруі керек.

«Артық фигураны тап» ойыны

Ойынның мақсаты: геометриялық фигураларды естес сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: тақтаға геометриялық фигуралар ілінеді. Мысалы, төртбұрыштардың саны 4 болса, үшбұрыштың 1-еуін ғана ілу керек. Содан соң оқушылар үшбұрыш артық фигура деп атайды. Бұл төртбұрыштарды өткен кезінде пысықтауға арналған дидактикалық ойын.

«Көкпар» ойыны

Бұл ойында оқушыларды екі топқа бөлеміз. Екі топқа да бірдей бірнеше тапсырмалар беріледі. Әр топтың басшысы алдын ала сайланады. Тапсырманы бірінші орындап біткен топ шығарған есептерін дәлелдейді. Сұрақтарға жауап береді. Егер дұрыс болмаған жағдайда 2 топ басшысы дәлелдеуге болады. Осылай екі топ мүшелері арасында математикалық көкпар болады.

Логикалық есеп-тапсырмалар.

1.Төрт сөмкеде 99 алма бар. Бірінші, екінші сөмкедегі алмалар бірдей.Үшіншісінде біріншідегінің жартысындай. Ал төртіншіде екіншіге қарағанда 2 есе артық..Әр сөмкеде неше алма бар?

2.Бұзау сиырдан 5 есе жеңіл.Ал олардың жалпы массасы 480 кг. Бұзау мен сиырдың әрқайсысының массасы қанша?

3.Әуежайдың ұшу алаңының ұзындығы 928 м. Оның үстіне әр 8м сайын белгілер салынған. Осы ұшу алаңында неше белгі бар?

4.Белгісіз санның жазылуында (1-ден 28-ге дейін) 1,5 және 7 цифрлары жоқ.Ол тақ сан және 3-ке бөлінбейді.Осы санды тап.

5.Көгалда қояндар мен қаздар жүрді. Қояндардың аяқтарының саны қаздардың аяқтарының санына тең. Қояндар көп пе, әлде қаздар көп пе?

6.Кез келген екі таңбалы саннан сол санды жазу үшін қолданылған цифрлардың қоСоңғысындысының мәнін азайт.Алынған айырманың мәні әрқашанда 3 және 9 сандарына бөлінетінін тексер.

7.Зәуре, Айнұр, Қымбат және Самалдың біреуі:6 наурызда, екіншісі 7 сәуірде, үшіншісі 6 шіледеде, төртіншісі 20 наурызда туған. Айнұр мен Қымбат бір айда туды, ал Қымбат пен Зәуренің туған күндері бірдей.Әр қыздың қай күні және қай айда туғанын анықта.

8.Ойыншық жасау үшін қыз бала 4 жолақ кесті.Әр келесі жолақты ол алдыңғысынан 2 есе қысқа кесті.Егер төртінші жолақтың ұзындығы 42 см болса, бірінші жолақтың ұзындығын тап.

9.Дымбілиес пен оның достары 3 алты орынды зымыранмен Айға ұшпақшы болды.Егер зымыранда 9 орын болса, неше зымыран қажет болады?

10.Екі қызда барлығы 9 шар болды.Бірінші қыздың 2 шары, ал екінші қыздың 3 шары ұшып кеткенде, қыздардың шары тең болды. Әр қыздың қолында неше шардан болды?

11Динарада үш түсті 66 қағаз бар.Көк түсті қағаздар қызыл түстілерден 2 есе артық.Ал қызыл түсті қағаздар ақ түсті қағаздардың үштен бір бөлігін құрайды.Динарада әр түстен неше қағаз бар?

12.Оқушылардың математикаға деген ынтасын арттырады, қызығушылығын оятады, өз білімдерін тереңдетуге, қабілетінің кемелденуіне мүмкіндік береді.

13.Бірінші қатарға бір-бірінен 2 м қашықтықта 112 ағаш отырғызылды. Екінші қатарға бір-бірінен 1м қашықтықта 222 ағаш отырғызылы. Қай қатар ұзынырақ?

14.Арман дүкеннен бір пакет кәмпит сатып алды. Бірінші күні ол оның бестен бір бөлігін жеді. Екінші күні пакетте қалған кәмпиттің жартысын жеді. Үшінші күні ол екінші күннен қалған кәмпиттің жартысын жеді. Сонда пакатте 5 кәмпит қалды. Әуелде пакетте неше кәмпит болды?

15.Мерей бір сан ойлады. Оны 10-ға көбейтіп, нәтижеге 50-ді қосты. Қосындының мәнін 5-ке бөлді.Сонда 130 шықты. Мерей қандай сан ойлады?

16.1,2,3,123,133,234 сандарының ішінен қалған үш санның көбейтіндісінің мәні мәні 369-ға тең болатындай етіп, үш санды алып таста.

17.Аня атасы туралы әр кезде жаңаша айтуға тырысады: «менің әкемнің әкесі», «менің әкемнің бауырының әкесі», «менің әкемнің қызының әкесінің әкесі», «менің бауырымның әкесінің әкесінің бауыры». Аня неше рет қателесті?

18.4 тең квадрат қалатындай етіп 8 шырпыны алып таста.















19.Гүлдана достарына 9 балмұздақ сатып алды. Гүлдана 316 теңге төледі ме, әлде 315 теңге төледі ме?

20.3 жәшікте 90 кг шеге бар. Бірінші және екінші жәшікте 66 кг, ал екінші және үшінші жәшікте 54 кг. Әр жәшікте неше кг шеге бар?

21.2.Бабаханның Ұланннан 5 есе артық кітабы бар.Егер Бабаханның 20 кітабын Ұланға сыйласа,олардың кітаптарының саны бірдей болады. Бабаханның неше кітабы бар? Ұланның ше?

Шешуі:

(Х*5)-20=Х Ұланда-10 кітап

(10*5)-20=30 Бабаханда-50 кітап

50-20=30

30=30

22.Сенің жасыңды 3 есе арттырса, менің жасымдай болады.Ал менің жасымнан сенің жасыңды алып тастаса, 20 қалады. Мен нешедемін? Сенің жасың нешеде?

Шешуі:

(3*Х)-Х=20 Сен-10 жастасың

3*Х-Х=20 Мен-30 жастамын

2*Х=20

Х=20:2

Х=10

(3*10)-10=20

20=20

23.Сыныптағы 30 оқушының жартысы ағылшынша, жартысының үштен бірі әрі ағылшынша әрі немісше, қалғаны тек немісше оқиды. Оқушылардың нешеуі немісше, нешеуі ағылшынша, нешеуі әрі ағылшынша әрі немісше оқиды?

Шешуі:

I тәсіл.

Барлық оқушы-30

Оның жартысы-15

Жартысының үштен бірі-5

Қалғаны-10

(30:2):3=5

30-(15+5)=10

Жауабы: 15, 10, 5.

II тәсіл.

Барлығы 30 оқушы.

Ағылшынша+немісше-Х

Немісше-2Х

Ағылшынша-3Х

Х+2Х+3Х=30

6Х=30

Х=30:6

Х=5

2Х=2*5=10

3Х=3*5=15

Жауабы:15, 10, 5.

24.Баянда 6 фигура бар. Ол 3х3 өлшемді шаршыны құрастырғысы келеді. Фигуралардың әртүрлі жинақтарын қолданып осыны қанша тәсілмен жасай алады?



























25.1*2*3*4*5=100 өрнегінде жұлдызшалардың орнына амал таңбалары мен жақшаны дұрыс орналастыр.

26.Аликтің анасының жасы оның жасынан 4 есе үлкен.Ал әкесі анасынан 3 жас үлкен. Үшеуінің жастарының қосындысы 84-ке тең. Алик қанша жаста?

27.Лимония елінде үш ауыл бар: Шыншылдар, Өтірікшілер,Қулар.Шыншылдар ауылының тұрғындары тек шындықты айтады.Өтірікшілер ауылының тұрғындары тек өтірік айтады. Ал Қулар ауылының тұрғындары кезек-кезек кейде шындық, кейде өтірік айтады.Бірде кезекші өрт сөндірушіге біреу қоңырау шалып: «Біздің ауылда өрт болып жатыр»,-дейді. Ай ауылды» деген сұраққа «Қулар ауылында» деген жауап алады. Қай ауылдың тұрғыны телефон шалған және кезекші не істеу керек?

28.8 8 8 8 8 8 8 8 8 8 8 8 жазылуындағы кейбір цифрлардың арасына «+» және «*» таңбаларын 2008 саны шығатындай етіп қой.

29. 5.Ойлаған санның төрттен бір бөлігіне 26-ны қосқанда 70 шықты.Ойлаған санды тап.

(Х : 4)+26=70

Х : 4=70-26

Х : 4=44

Х=44*4

Х=176

(176:4)+26=70

70=70

30.4 бала екі доңғалақты және үш доңғалақты велосипед теуіп жүр.Егер велосипедтердің барлық доңғалақтарының саны 9 болса,екі доңғалақты велосипед нешеу,үш доңғалақты велосипед нешеу?

I тәсіл.

Х+У=4 ________ Х=4-У

3Х+2У=9 _______ 3(4-У)+2У=9_____12-3У+2У=9

У=12-9_________Х=4-3___________Х=1

У=3 __________Х=1____________ У=3

Жауабы: 1, 3.

Яғни, екі доңғалақты велосипед-3

үш доңғалақты велосипед-1

3*2=6

3*1=3

6+3=9 болады.

31. Дананың ойлаған санынан ең үлкен бір таңбалы санды азайтып, нәтижеге ең кіші екі таңбалы санды қосқанда 100 шықты. Дана қандай сан ойлады?

(Х-9)+10=100

Х-9=100-10

Х-9=90

Х=90+9

Х=99

(99-9)+10=100

100=100

32.Нұрсұлтан саяжайдан алма жинады. Барлық жиналған алманың үштен бір бөлігін, яғни 12 алманы Нұрсәулеге, ал қалғанының үштен бір бөлігін және 1 алманы Кәмшатқа берді. Нұрсұлтанның өзінде 15 алма қалды. Нұрсұлтан неше алма жинаған еді?

Шешуі:

(а-12):3+1=15

(а-12):3=14

а-12=14*3

а-12=42

а=42+12

а=54

(54-12):3+1=15

15=15

Жауабы: 54 алма жинаған.

33.Қорапта 200-ден жаңғақ бар.Оларды тең етіп 2,3,4,5,6 балаға бөліп беруге болады. Қорапта қанша жаңғақ бар?

34.«5» цифрын 20 рет қолданып, «+» таңбасын қой. Нәтижесі 1000 шығу керек.

35. 1,2,3,......., 99 сандарында 5 цифры неше рет кездеседі?

36.Сенің жасыңды үш есе арттырса, менің жасымдай болады. Ал менің жасымнан сенің жасыңды алып тастаса 20 қалады. Мен нешедемін?

37.Үстел үстінде 5 май шам жанып тұр еді.Нұржан оның 4-еуін өшіріп тастады. Үстел үстінде неше май шам қалды?

38.10 таяқшаның неше ұшы бар? Ал он жарым таяқшаның ше?

39. 2,3,5 сандарына бөлгенде 1 қалдық қалатын ең кіші санды тап.

40.Диас өзінің ойыншықтарын екеуден, үшеуден топтастыра бастады. Диастың ойыншықтарының саны төмендегі сандардың қайсысына сәйкес келеді.

72,75,93,100.

41. Қосындыны есепте:

1+3+5+7+9+.......+997+999

42.Жаңа жылғы сыйлықтар үшін 270 алма, 675 мандарин және басқа да тағамдар алынды.Әрқайсысындағы алма мен мандарин құрамдары бірдей болатындай етіп, ең көп дегенде неше сыйлық жасауға болатынын төмендегі сандардың қайсысы сәйкес келетінін көрсет.

135,75,125,270

43.Сынып оқушылары 203 оқулық сатып алды. Барлық оқушылардың алған кітаптары саны бірдей. Сыныпта неше оқушы бар?

44.100 санының әртүрлі бөлгіштерінің саны қанша?

45. Бір әтеш екі адамды оятса, 10 адамды ояту үшін қанша әтеш керек?

46. Сыныпта бірнеше ер бала және 16 қыз бала бар. Дене шынықтыру сабағында олар әр қатарда 9-дан 3 қатарға сапқа тұғызылды.сыныпта қанша ер бала бар?

Шешуі:

Х+16=9*3

Х+16=27

Х=27-16

Х=11

11+16=9*3

27=27 Жауабы:11 ұл бала бар.

47.Көжектер мен балапан.

Ішпейді екен көжені,

Қоянның қос көжегі.

Бұған тағы қосйық,

Дән шоқитын шөжені.

Екі көжек, балапан-

Бәрі қанша ,балақан?

Қателессең байқамай,

Тағы қайта санатам.

2+1=1


48.Тиіннің жаңғағы.

Үшеу еді қолында,

Бірі қалды оның да.

Неше жаңғақ, есепте,

Түсіп қалды жолында?

3-1=2


49.Батыр бақалар

Үш құрбақа батыр ма,

Үш ноянға татыр ма?

Қоян көріп жағадан,

50.Қанша қой?

Бес қой қосу екі қой

Жалпы саны.......ғой.

Екі қой-қайта алғаным,

Айтшы қанша қалғаны?

5+2=7

7-2=5


51.Кірпінің олжасы

Бір алмасы солында,

Екі алма оңында.

Неше алма барлығы,

Бірі жатса жонында?

1+2+1=4


52.Мерейдің кәмпиттері

Алты кәмпит көп еді.

Сараңдығым жоқ еді.

Бір кәмпитім атаға,

Бір кәмпитім апаға,

Екі кәмпит мамаға,

-15-

Бірін берсем көкеге,

Өзіме де жете ме?

Жауабы: жетеді, өйткені

6-1-1-2-1=1











АДАСҚАН АТАУЛАР


Қолына алып қаЗықты

Ашқарақ асқа асықты


Жарасқа бәрі күліпті.

Жазда еСік киіп жүріпті


Көпен қатты ысқырды,

КепСерлерді ұшырды.


Балық аулай барғанмын мен,

Шортан ілдім Бармағыммен.


Қол бұлғайды балалар,

Келеді ұшып тырМалар


Атам шАпан байырғы

Қойын кері қайырды


Түні бойы бҰқалар

«Бақ-бақ»-десіп жақ талар



Татты да сорпаны,

Мұз салды ол тағы


ЕЛекті ерттеп алады,

Базарға атам барады.


Інім менің мүскентай

Қолқанатқа жарады-

Қалтасымен кішкентай

Күнде отын жарады

.

Айман апай айналды

Бәрін жиып қасына:

Бір-бір бантик байлады

Бес қАзының шашына.


Ойны қанбас Тілектің,

Күнімен асық атады.

Сыбанып ап білекті,

Бақасын баптап жатады.



Жазда ауылда атама

Шөп шабыстым шаҢғымен

Қыста қарап жатам ба-

Қырдан астым шалғымен


Екі жасар шамасы

ҚарындаШы Қымбатты

Жеті жасар аТасы-

Жомарт келіп жұбатты.



КЕРІ ОҚЫП КӨР

«УА!»-десіп отырар

Кейде үлкендер білсендер

«УА!»-дан тағы сөз туар,

Кері оқып көрсеңдер.


«АУ!» болады ол сөзін

Екі әріптен тұрады-

Көріп жүрген күнде өзің

Балықшының құралы.


«СҮТ»-сүйікті тамағың,

Теріс оқып қарағын:

Кейде ұйқыда көретін

«ТҮС» боп шығар жаңағын.


Көп қой ыдыс түрлері,

«КЕСЕ» деген және бар.

Көп жүк артып жүреді,

«ЕСЕК»-күшті жануар.


Оңға қарай оқысаң,

ҚАМЫТ-әбзел бұйымы.

Солға қарай оқысаң,

ТЫМАҚ –қысқы киімін.


Кері оқуға келетін

Тең мағына беретін.

Қызық сөздер тағы бар,

Оны өздерің табыңдар!


АНАГРАММАЛАР

Жылқышының қолында-

«Ұ» әрпімен,

Ондық саны тобында-

«Ы» әрпімен.

(Құрық-қырық)


«С»-мен айтсаң,

Тағам ішем онымен.

«З»-мен айтсаң,

Қағам жерге оны мен.

(Қасық-қазық)

«Ж»-дан бастасаң,

Жыл мезгілі болады.

«Қ»-дан бастасаң,

Құсқа айнала алады.

(Жаз-қаз)

«Қ»-мен егер бітірсең,

Ыдыс-аяқ ол бірі.

«Н»-мен егер бітірсең,

Балықтың ол бір түрі.

(табақ-табан)


ЖАҢЫЛТПАШТАР


ЖАЛҒЫЗ ЖОЛ ЖАҢЫЛТПАШ

Жаңылтпаштарымнан

жаңылысыңқырағандарың

жаңылысыңқырамағандарыңды

Жаңылыстырмасаңдарсайшы!


ЖЕТІ ЖОЛ ЖАҢЫЛТПАШ


Бүлдіршіндерді

Күлдіргендер

Бүлдіргендер екен десек,

Бүлдіргендерді

Бүлдіргендер-

Сөйтіп бәрін күлдіргендер

Бүлдіршіндер екен, білсек.


Талқы

(Жалғауларын қойып оқы)

Қып-қызыл күнделігі

Көр қыз...Моншақ атты.

Ол жайлы мен де бүгін

Айтамын сонша қатты.

Ойынға үйір неме

Сабақ... оқымайды.

Келмейді үйірмеге,

Кестеде тоқымайды.


Теңеді халық оны

Түз... жел, құйынына.

Сынадық салып оны

Ұландар жиынына.


Сын оған бір... өтті

Садақтың жебесіндей.

Моншағым терлеп кетті

Монша... төбесіндей



«МАҒЫНАСЫН ТАП» ойыны

Н-ЖАТТЫҒУ

Төбе деген жарық,

Түсті одан жарық.


Жауып еді бұршақ,

Сынды содан бұршақ.


Жоғалса да атың,

Жоғалмасын атың.


Ұйқасқан көп сөздің,

Айтшы несін сездің?



ҰЙҚАСЫН ТАП

Мына тұрған арғымақ,

Мінем оған...

Тістемейді, теппейді,

Бос қойсам да...


Мына тұрған тайлағым,

Келмейді оны...

Сирақ, мойын көрік деп,

Жүр жирафқа...


Мына тұрған торайым,

Танауына...

Шалшыққа кеп аунайды,

Нас баладан...


«ЖАЛҒАСЫН ТАП» ойыны

1.Ұяда...

Ұшқанда...


2. Көп...

Терең...


3. Ата көрген...

Ана көрген...


4. Істі...

Икемді...


5. Туған жер...

Туған ел...


6. Жақсы бала...

Жаман бала...



ӘЗІЛ ЖҰМБАҚ- ОЙЫНЫ

  1. Бірі айтылады да естіледі,

Екіншісі жазылады көрінеді.


  1. Өз құрамында 3 буын, 7 әріп,

Жалпы қарауындағы әріптері құрамындағыдан алты есе көп.


  1. Бір ағашта 36 алма,

оны алып жемек болсаң

Он шақтысы тамағыңнан еркін өтеді,

Қалғандары қақтығып барып өтеді.



БҰЛ ҚАЙ СӨЗДЕР?



А


А




А





Ы



Ы


Ы



Ы




А


А


А



А



А




Т


Т




Т





СӨЗЖҰМБАҚ ОЙЫНЫ

  1. Егер Ж –дан басталса, жыл мезгілі,

Қ-дан басталса, онда ол құс белгілі.

Ол қай сөздер?

  1. К-ден басталсам,

Маған қарап сабақ айтады.

П-дан басталсам,

Маған балалар жүгін артады.

  1. Басы-ашық, аяғы-қысаң,

Екі-ақ дыбыс, есеп қылсаң.

Саған да ол керек болар,

Өзен-көлге жақын тұрсаң.

  1. Қалай қарай оқыса да, бірдей мағына беретін басқы және саңғы дыбыстары бірдей сөздерді кім тауып жаза алады?

Е-е н-н

Қ-қ с-с

К-к а-а

М-м ы-ы


ФОНЕТИКАЛЫҚ СҰРАҚТАР

  1. Дыбыс емес, таңба

Оқылмайды, жазылады.

Бірақ сөзден табылады

Ол қай әріп еді?

Ойлап көрші, есіңде бар ма?


  1. Бір дыбыстан құралған қандай сөздерді білесіңдер?


  1. Әрі дауысты, әрі дауыссыз, әрі жуан, әрі жіңішке дыбыстар қатарында қолданылатын қай дыбыс? Кім мысалмен дәлелдеп бере алады?

  2. Бес дыбыспен айтылып, алты әріппен жазылатын қай сөз, ол кімнің аты?

  3. Мына сөздерде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыстар бар?

Қауын, жуан, миуа, қияқ, жуу.

ЖҰМБАҚТАР:

Жайлаған дүниені бір ғажайып,

Тік көтеріп отырар адамдарды. (Орындық)

Ә, керемет, бір ит бар,

Үй бағады, үрмейді.

Аяғы жоқ жүрмейді.

Темір тықсаң сөйлейді.

Тілін адам білмейді.

Рұқсатсыз ол иттен,

Адам үйге кірмейді. (Құлып)



Қарап тұрсаң өзіне,

Сурет түсер көзіңе.

Ол суретің ұқсайды

Дәл қазіргі кезіңе.

                          (Айна)

Жылмаң-жылмаң етеді,

Жылмаңдап сайдан өтеді.

Із-міз тастап кетеді.

                 

(Ине)

Бас-аяғы теп-тегіс болып біткен,

Селкілдесе денесі дір-дір еткен,

Өзіне қандай жуан кез келсе де,

Күшімен қақ айырып бөліп кеткен.

                     

(Темір арба)


Әншейінде жекесің,

Қарай қалса екеусің.

              (Айна)

Ерте тұрдым,

Алып тұрдым.

            

(Есік)



Бес ін, бес іннің

Аузы бір ін.

              

(Қолғап)

Ерте тұрдым, керек қылдым,

Қажетімді өтеп алып,

Босағаға тастадым.

             

(Кебіс)


Қуаты ыссы керемет,

Үйге лебін жаяды.

             (Пеш)


Жаңа табақ түбі тесік,

Тақ-тақ етті,

Астынан ақ керуен өтті.

              

(Елеуіш,ұн)

Күндіз де жүреді,

Түнде де жүреді,

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Не жүрген жолы жоқ.

Ол не, кім біледі?

                                                (Сағат)


Шыр-шыр етеді,

Құлағыңнан өтеді.

Ұстай алсаң,

Сөйлеп кетеді.

                   

(Телефон)


Менің үш көзім бар.

Бір көзім: «Кідір!» дейді,

Бір көзім: «Жүгір!» дейді,

Бір көзім: «Абайла!» дейді

«Қарап ал, маңдайға!» дейді.

                  

(Бағдаршам)






























Құзыреттіліктерді қалыптастыруға  бағдарланған тапсырмалар

1 сынып

Әліппеге дейінгі кезең   «Негешке көмектесейік».

Мұғалім: «Маған мектепке кіре берісте кезекші мұғалім мына конвертті ұсынды.Кімге және кімнен келді екен?Конверт сыртында біздің мектептің және сыныптың мекен-жайы жазылған.Хат Негештен келіпті.

   Негеш –сендер сияқты кішкентай бала.Ол көңілді,мейірімді,

білім құмар.Негеш үнемі«Кім?не?қайда?неге?сұрақтарын

 көп қояды.Сол себепті оны Негеш деп атайды.Мүмкін ол бізден де бірдеңе білгісі келетін шығар.Кәне,хатты оқып көрелік.

«Балалар,мен тұратын жерге қыс түспейді.Менің қыс мезгілі туралы білгім келеді.Қыс туралы әңгімелеп беріңдерші»..

Сендердің Негешке көмектескілерің келе ме?Олай болса алдарыңа Негешке көмектесейік деген мақсат қойыңдар.

Мақсатты іске асыру үшін төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:

-Қыс дегеніміз не?Ол қай айдан басталады және қанша айға созылады?Қыста аңдар мен құстар қайда тіршілік етеді?-Қыстап

Қалған аңдарға қандай қамқорлық көрсетесіңдер?-Адамдар қысқа қандай дайындық жұмыстарын жүргізеді?

-Қыста қандай ойын түрлерін ойнайсыңдар?Берген жауабыңнан қорытынды жаса.Сен жауабыңмен Негешке көмектесе  алдың ба?

                     

«Кім ән айта алады?»

Дыбыстар жиыны болды.Үзілісте ән айтып,сергіп қалғысы келген бір дыбыс «Ән айтайықшы!»-деген ұсыныс жасады.»Біз ән айта алмаймыз»-деп сыбырлады бір топ дыбыстар.»Біз ән айтуға қосыламыз!»деп мөңірей жөнелді келесі дыбыс тобы.

          Ізденуді ұйымдастыр.Қандай дыбыстарды әндетіп айтуға болады?Қай дыбыстар әндетіп айтуға келмейді?Қай дыбыстарды айтқан кезде ауа кедергісіз өтеді және оған не ерін,не тіс,не тіл кедергі келтірмейді.Қорытынды жаса.Қай дыбыстар дауысты,қай дыбыстар дауыссыз деп аталады?Неге олай аталады?

                 





«Заттар көрмесін ұйымдастырайық»

.Сәуленің ойыншықтары өте көп.Қуыршақ дейсің бе,түйе,қоян,кереует дейсің бе,не керектің бәрі бар.Тек шашылады да жатады.

        Бүгін інісінің туған күні.Сәуле інісіне арнап заттар көрмесін ұйымдастырмақшы болды.Бірақ әр түрлі формадағы,әр түрлі материалдан жасалған заттарды қалай топтастырып орналастыруға болатынына шамасы жетпеді.Сәулеге көмектескілерің келе ме?Көрменің неше бөлімнен және қандай бөлімнен тұрғанын қалар едіңдер?Көрменің әр бөліміне ат қой.

                            

«Жалқаубекке көмектесейік»

Балалар, үлкен бір қалада тұратын Жалқаубек деген бала сабаққа барғысы келмейді екен. Ол үйінде жатып алып теледидар, компьютер ойнайды екен.Ол баланың анасы сендерден көмек сұрап хат жазыпты. Сендер қалай ойлайсыңдар  Жалқаубектің осы қылығы дұрыс па? Неге дұрыс емес? Оқу не үшін керек? Жалқаубекке қандай ақыл айтасыңдар?

 

«Көмектес»

Оқушылар бүгін бізге Айгүл деген оқушыдан хат келіпті. Ол хатта былай деп жазылған:«Мен өз дыбыстарыма арнап «дыбыстар

үйшігі»  деп аталатын үй жасаған болатынмын.Сол үйдің ішіндегі дауысты дыбыстар жоқ.» Енді осы Айгүлге көмектеселік. Ол қандай дауысты дыбыстар? 

                    

«Сиқырлы көзілдірік»

«Сіздердің алдарыңызда сиқырлы көзілдіріктер.Бұл көзілдіріктер-

дің  шынысы дөңгелек,төртбұрышты және үшбұрышты.Дөңгелек көзілдіріктің сиқырлығы одан тек қана дөңгелек заттар көрінеді».

Төртбұрышты көзілдіріктің сиқырлығы одан тек қана төртбұрышты

заттар ғана көрінеді..Үшбұрышты көзілдіріктің сиқырлығы одан тек қана үшбұрышты заттар ғана көрінеді.Айнаш сенің көзілдірігің

дөңгелек екен,сен не көріп тұрсың? (алма,доп,өрік,шар .т.б                  



Әліппе кезеңі

«Буынға әріп қос».

 «Ай» және «су»буындары айрылмастай дос болды.Бір күні «ай» дауссыздарға қосылып,бірнеше сөзге айналып кетті.Қалай ойлайсыңдар,бұлар қандай дауыссыздар мен дауыстылар?

     



«Көмекке кел».

Айдос дауысты және дауыссыз дыбыстарға арнап қағаздан екі үй жасады.Дауыстыларды бірінші үйге, дауыссыздарды екінші үйге орналастырды.Ол с,ж,н,а,з дыбыстарының адасып жүргенін байқады.Айдос дыбыстардың өз үйлеріне оралуына көмектесті.

Ал дыбыстар Айдосқа осы дыбыстардан құрастырылған сөздерді сыйлады.қалай ойлайсыңдар бұл қандай сөздер?

                              

                                                       «Жоғалған әріп».

Марғұлан портфелін ашып жатып,ойламаған жағдайға тап болды:сөмкесіндегі оқу құралдарының бірінші әрпі

түсіп қапты.Бірінші әрпінен айрылған бұл құралдар қатты қобалжуда.Марғұлан бірінші әріпсіз бұларды қалай пайдаланады?Табуға көмекке кел.оны сөзбен жаз: …ағаз, ..арындаш,..әптер т.б.

                        

«Белсенді әріптер»

«Балалар мен кітапханаға барсам,әріптер жүгіріп жүр екен.Қайда

барасыңдар?деген сұрақ қойдым.А әрпі Астанадағы атасына баратынын айтты,ал С әрпі  сүйкімді сиырдың суретін салатынын айтты,ал Ж әрпі жасыл жапырақтарды жинайтынын қуанышпен айтып жүгіріп кетті.Ал кітапханадағы

Т,Ә,Б,Қ,О,Г әріптері қайда баратынын білмей отыр екен.Мен оларды сыныпқа алып келдім.Енді оларды қайда апарар едің?

Ойланып көмектесіп көрейік!

 

«Ойлан,тап!»

«Ай» немесе «гүл» буындарын пайдаланып,5 қыз баланың есімдерін жаз.

                            



«Көмекке кел».

Болат дауысты және дауыссыз дыбыстарға арнап қағаздан екі үй жасады.Дауыстыларды- түсі қызыл үйге, дауыссыздарды- түсі көк үйге орналастырды.Ол т,а,х,р,е,м дыбыстарының адасып жүргенін байқады.Болат дыбыстардың өз үйлеріне оралуына көмектесті.Ал дыбыстар Болатқа осы дыбыстардан құрастырылған сөзді сыйлады.Қалай ойлайсыңдар,бұл қандай сөз?

 



«Жоғалған әріп».

Санжар портфелін ашып.ойламаған жағдайға тап болды:портфеліндегі оқу құралдарының соңғы әрпі түсіп қалыпты.соңғы әпрінен айырылған бұл құралдар қатты қобалжуда.Санжар соңғы әріпсіз бұларды қалай пайдаланады? Көмекке кел.Оны сөзбен жаз: қала..., дәпте..., қүнделі..., оқулы..., сызғы..., өшіргі....



Әліппеден кейінгі кезең

«Ойлан тап».

Сәуле жолда келе жатып,сөмкесіндегі құрастырған әңгімесін түсіріп алды.Тек Аяз ата,шырша,сыйлық сөздері ғана сөмке түбінде қалады.Сәуленің құрастырған әңгімесінің қанша сөйлемнен,әрбір сөйлемінің қанша сөзден тұратындығын болжаммен айтып көр.Осы міндетті шешуде қандай сөздер саған қажет болды.Мәтінді қалпына келтіру үшін

Сәулемен әңгімелес.Өз әрекетіңді бағала:жоғарыдағылардың қайсысын қалпына келтіруге мүмкіндігің болды?

                       

«Әдеп сөздері».

Ертеңгі сабағын орындап болған Әлібек досымен киноға баруға жиналды.Жұмыстағы анасына бұл жайды

ескертпек боп,телефон шалды.Телефонды ер адам алып,жөн сұрасқаннан кейін анасын телефонға шақырды.

        Сөйлеудің бұл түрінде амандасу,кешірім сұрау,алғыс айту,қоштасудың қандай сөздері қолданылды деп ойлайсың?

Қасыңдағы әріптесіңмен сөйлеудің осы түрін іске асыр.

 

«Кім тапқыр?»

Жандос деген бала үйге берілген тапсырманы орындап отыр. Тапсырмасы: «мектеп туралы сөйлем құра.» Ол оқушы мынадай сөйлемдер жазды: Мектепте оқиды. Сабақ береді. Партада отырады. Осы жазылған сөйлемдер дұрыс па? Қандай сөздер жазылмаған?Жандостың үй тапсырмасын орындауға  көмектеселік?

 

«Адасқан сөйлемдер»

«Мәтін» елінде сөйлемдер өмір сүріпті.Бір күні олар өздерінің қандай сөйлем екенін ұмытып қалып, үйлерін таба алмай адасып қалыпты.Балалар, сендер оларға көмектесе аласыңдар ма ?Сөйлем түрлерін білесіңдер ме ?Мына сөйлемдердің үйі қайсысы,неге олай деп ойлайсыңдар ?

   Қайрат далаға шықты

-Сенің атың кім

-Менің атым Самат

-Екеуіміз дос болайық, бірге ойнайық, келісесің бе

-Алақай, мен өзіме дос таптым

-Досың болған қандай тамаша

 



«Буындар сыйлығы»

Бір күні бірінші сынып оқушыларына сыйлықтар әкеліп беріпті.Әр баланың сыйлығының саны әртүрлі.Мысалы , Ұлан 2 сыйлық алды, Сақыпжамал 4 сыйлық алды, Қуаныш 3 сыйлық алыпты.Балалар алдымен олай ойлап, былай ойлап түсіне алмапты,неге сыйлықтар былай әртүрлі бөлінгенін. Ақырында мұның сырын тауыпты.Ал ,балалар сендер мұның себебін түсіндіңдерме ?

Сөзде неше буын болады,неліктен ?Бұл жөнінде не айта

аласыңдар ?

 

«Тасымал»

Бірде сөздер саяхатқа шығыпты. Серуендеп келе жатса алдарында өзен кездеседі. Олар өзеннің арғы бетіне өтпекші болып теңізшіге келеді.Теңізші «тауық», «қоңыз», «дала», «кітапхана» сөздерін қайығына мінгізіп, ал , «әуен», «оян», «илеу», «қою», «ұя» сөздерін мінгізбеді.Қалай ойлайсыңдар, неге оларды мінгізбеді ? Тасымал туралы не біліп, не айта аласыңдар ?

 

«Сиқырлы сандық»

      Сабақты аяқталмаған оқиғаны баяндаудан бастауға болады.

«Сен бір күні саябақта серуендеп жүріп ағаштардың арасында жатқан өзгеше бір сандықтың үстінен түстің.Оның сиқырлы сандық екенін түсіндің.Сандықты ашып қалғанда  сен тамаша

бір ...... көрдің ....»

           І топ оқушылары сиқырлы сандықтың ішінде не көргенін

жазып береді.

           ІІ топ оқушылары сиқырлы сандықтың ішінде не көргенін

сурет арқылы білдіреді және сол туралы әр оқушы әңгімелеп береді.

                  

«Мен ойлаған ертегі»

«Аспанмен тілдескен биік тауда қалың қар.Осында тау барысы өмір сүреді,көктем келе мұнда ғажайып кереметтер болады.. Балалар осы ертегіде қандай кереметтердің болғанын қалар едіңдер?

Қане,ойланып көрейік.

           

«Ақылды заттар дүкені»

 «Дарын бүгін дүкенге барды.Бұл дүкендегі барлық заттар сөйлей

алады екен.Мен өзіме ұнаған затты сатып алдым.Ол маған былай деді: мен Ресейден келдім,мені алғаш камазбен әкелді,сосын вагонға тиеді,сосын машинамен дүкенге алып келді,мен қайдамын деп сұрағанда «Қазақстан»елі деді.Сатушы біздің нешеу екенімізді санады,сыртымызға бағасын жазды,сосын сен сияқты дүкенге келген адамдар сатып алды.Менің құрамымда жалбыз иісі қосылған хош иістімін.Енді мені пайдалансаң тап-таза болып шыға келесің. Дарын не сатып алды деп ойлайсың?Ал сенің  қандай зат сатып алғың келеді және онымен қалай сөйлесесің?

                        

«Менің көңіл күйім қандай?»

     «Алдаркөсе үйіне келді.Үйіне келсе  үш конверт жатыр екен.Біреуін оқып көргенде қуанды,екіншісін оқып көргенде ренжіді,ал үшіншісін оқып көргенде ойланып қалды.Конверттегі

жазулар мынадай екен.Қалай ойлайсыңдар мына суреттерге қарап жазуларды ажыратуға бола ма?

       «Алақай,ауылдан атам келді!Әке,сіз мені кешіріңіз,мен бүгін екі алдым.Сен неге маған қонаққа келмейсің?Айналайын,құлыным менің,сен бүгін барлық сабақтан бес алыпсың ғой!Асан Қарлығаштың әдемі қаламын ұрлап алды.Демалысқа қашан шығамыз?Алақай,тауға демалуға барамыз!

     Тапсырмаға кіріспес бұрын балалармен адамның көңіл-күйі туралы әңгімелескен жөн.Бізде барлық уақытта бірдей көңіл-күй болуы мүмкін бе?Дәл қазір барлық адамдар (мысалы,біздің сыныптың оқушылары) бірдей көңіл-күйде ме?Адамның көңіл-күйі неге байланысты?Адамның түріне қарап оның дәл сол кездегі көңіл-күйі қандай екенін білуге бола ма?Адам қуанышты болса оның түрі қандай болады?Бірдеңеге  ренжігенде түрі қандай болады?Ашулы болса ше?Ой үстінде жүрсе қандай болар еді?


Ашық сабақтар

Пән: әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Тарауды қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

Мақсаты:

1. Арналы бұлақ – асыл сөз тарауын қайталау. Сұрақтарға жауап бере алу.

2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Ұғымталдыққа, адамгершілікке, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.


Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мақтау.

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі материалдар

Сабақтың түрі: қайталау


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлемдесу;

  • Оқушыларды түгендеу;

  • Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.

  1. Психологиялық сәт:

Шеңбер құрып, сабаққа жақсы тілектер айту.

  1. Негізгі бөлім:

Екі топқа бөлу.

  1. Білімділер

  2. Ақылдылар


1-тапсырма: Сұрақтарға жауап беру.

1 сұрақ: Көпшілік риза болып, бала Мөңкеге:

- Билікті беруге, ал айта ғой,- депті...

а) бірауыздан

ә) бірнеше ауыздан.


2-сұрақ: Шешендік сөздер біздің заманымызға қалай жеткен?


3-сұрақ: Қожанасыр мен Алдаркөсе туралы өзің білетін әңгімелерді айтып бер.


4-сұрақ: Өтірік пен шындықтың арасын өлшеп көрсет.


2-тапсырма: «Білімді мыңды жығар...»

1. Шешендік сөздегі «жеті байлықты» ретімен. Жеті саны туралы не айта аласыңдар

2. Атымтай Жомарттың төрт ақылын түсіңдір.

3. Тараудағы сараң сөзіне есімі қарама-қарсы кейіпкер кім?

4. Күлдіргі кейіпкер кім?

5. Әділетті кім?

6. Әулие кім?

7. Теңеуі алтынмен бірдей не?

8. Астанаға бата берген ата кім?

9. 3-сыныпта оқыған қазақтың билерін есіңе түсір.


3-тапсырма: «Өлең - сөздің патшасы»


«Мен Абайды білемін» атты ақынның әндері мен өлеңдерін жатқа айту


4-тапсырма: Дәптермен жұмыс:

Тараудағы мына сөздерге сөздік жүргізу:

Барымта – жауласқан адамдардың бір-бірінің малын айдап кетуі.

Дарақ –

Лақап ат – қосымша есім.


5-тапсырма: Өздерің білетін бата сөзді жатқа айт.


6-тапсырма: «Мақал-мәтел – асыл сөз» атты сайыс


7-тапсырма: Үй тапсырмасы: Қазақтың би-шешендері (сөзжұмбақ құрастыру)


Қорытындылау.

Бағалау, мақтау.


Үй тапсырмасы: «Мен Абайды білемін» жинақ жасау



Пән: қазақ тілі

Тақырыбы: Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер

Мақсаты:

  1. Қос сөздердің жасалу жолының түрлерімен таныстыру. Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздерді ажырата білу; олардың әрқайсысының білдіретін мағыналарындағы айырмашылықты аңғара білуге үйрету.

  2. Қос сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыра алу дағдыларын дамыту.

  3. Эстетикалық тәрбие беру.


Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, практикалық .


Көрнекілігі: үлестірмелі материалдар, тест.


Сабақтың түрі: жаңа сабақ


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу;

Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

«Қыз қуу» ойыны.

Мақсаты: оқушылар бір-біріне сұрақ оқып, келесі оқушы сол сұраққа жауап береді.. Сол сұраққа жауап берген соң, келесі оқушыға сұрақ оқиды. Осылай жалғастырады.


  1. Қос сөздер дегеніміз не?

  2. Қос сөздің арасына қандай тыныс белгі қойылады?

  3. Қайталама қос сөздер дегеніміз не?

  4. Қайталама қос сөздерге мысал келтіріңіздер.

  5. Қосарлама қос сөздер дегеніміз не?

  6. Қосарлама қос сөздерге мысал келтіріңдер


  1. Жаңа сабақ:


Қос сөздер түбір сөздің алдынан күшейткіш буын қосылып айтылу арқылы да жасалады: Мысалы, үп-үлкен, оп-оңай, жап-жақын.


  1. Оқулықпен жұмыс:

1-жаттығу, 76-бет

Мәтінді оқып, көшіріп жазу.


  1. Өлеңді жатқа жазу:


Алматы қаласы.

Жап-жасыл ағашы,

Қып-қызыл алмасы.

Ақ басты тауы бар –

Алматы қаласы.


  1. Сергіту сәті:


Екі қанат кімде бар...


  1. Карточкамен жұмыс:

№1. Біздің үйде сегіз лақ болды. Екеуінің де жүні жылтыр, әдемі болатын.

№2. Көлдің таза, тұнық суы күнге шағылысып, айнадай жалтырайды.

№3. Сылдырап аққан бұлақтың жағасында жуан жалғыз ағаш өсіп тұр.

№4. Күн ашық болғанымен, ызғар бетті қарып барады.

№5. Түзу көше бойымен асықпай жүріп келеді.


  1. «Орнын тап» ойыны:

Мақсаты: Қос сөздердің түрлерін ажырата білуге үйрету, тездікке, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу.


Қосарлама айталама Күйшейткіш буын

арқылы жасалатын қос сөздер



темір-терсек кезек-кезек киім-кешек


үйрек-қаз ап-анық жора-жолдас


топ-топ үп-үлкен қып-қызыл


сөйлей-сөйлей талай-талай дұп-дұрыс



  1. Тест сұрақтары:


  1. Күрделі сөздерді көрсет:

а) арқар

ә) аяқ киім

б) серік

2. Қос сөздерді белгіле:

а) үп-үлкен, жарқ-жұрқ

ә) Қожахмет, Өмірзақ

б) Асқазан, қосаяқ

3. Қайталама қос сөздерді көрсет:

а) үп-үлкен

ә) айғыз-айғыз

б) асқазан

4. Қосарлама қос сөздерді көрсет:

а) көкорай,

ә) қып-қызыл,

б) киім-кешек

5. Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөзді көрсет:

а) кішкентай;

ә) үлкен

б) жып-жылтыр.


  1. Қорытындылау.

  2. Үйге тапсырма беру: 4-жаттығу, 77-бет

  3. Бағалау.



Пән: дүниетану

Тақырыбы: Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау.

Мақсаты:

  1. Оқушыларды ауаның құрамы және қасиеттерін еске түсіру.

  2. Табиғат пен адам үшін ауа қандай рөл атқаратынын түсіндіре, ойлау қабілеттерін дамыту.

  3. Ауаны қорғауға баулу.


Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, мақтау.


Көрнекілігі: «Ауаның құрамы» деген тірек-сызба, «Ауаның қасиеттері» деген кесте.


Сабақтың түрі: жаңа сабақ


Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі:


Оқушыларды түгендеу;

Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру


    1. Үй тапсырмасын тексеру:

  • Суқоймаларын қорғау.


  1. Кіріспе сөз:

Жердің айналасын ауа қабаты қоршап тұр. Бос кеңістіктің бәрінде ауа толып тұрады. Ауа көзге көрінбейді, оны сезім мүшесімен ғана білеміз. Жел – ауаның қозғалысы. Біздің ғаламшарымызды қоршап тұрған ауа қабатын атмосфера деп атайды.

Атмосфера – бұл жүздеген километрге созылған алып ауа қабаты. Атмосфераның қалыңдыңы ғаламшардың әр жерінде әртүрлі. Атмосфера жер шарын зиянды күн сәулелерінен қорғайды. Ауаның құрамы мен оның қасиеттерін алған Джозеф Пристан мен Антуан Лавуази зерттеді.


  1. Ауаның құрамы мен қасиеттері.

Көмірқышқыл газы 1 %



Оттегі 21 %



Азот 78 %


Ғылымдар ауаның көптеген газдардан тұратынын осыдан екі ғасыр бұрын ғана білді. Ауа – көптеген газдардың қоспасы, оның құрамында азот 78 %, көмірқышқыл газы 1 %, оттегі 21 %.


    1. Пікірталас:

Сұрақтар:

  • Ауа таза болу керек пе?

  • Адам ауаны неге ластамау керек?



Ауаның ластану

себептері


  1. Оқулықпен жұмыс:

Мәтінді оқу. 43-бет


  1. Топпен жұмыс:

Оқушылар «Ауаны қорғаймыз!» тақырыбында сурет салады.


  1. Қорытындылау:

«Орман-ғаламшардың жасыл өкпесі» деп неліктен айтады?


  1. Үйге тапсырма беру: мазмұндау.

  2. Бағалау.



Пән: еңбекке баулу

Тақырыбы: Қағаз майлықты сәндеп бүктеу

Мақсаты:

  1. Дастарқанға қойылатын қағаз майлықты сәндеп бүктеуді үйренуіне ықпал ету.

  2. Шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларының артуына ықпал ету.

  3. Ептілікке, ұқыптылыққа баули отырып, әсемдік пен әдемілікке үйрету.


Қажетті құрал-жабдықтар: қағаз майлық түрлері, шанышқы, шай қасық, қасық, тарелке.


Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету, практикалық


Сабақтың түрі: жаңа сабақ


Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі:


Оқушыларды түгендеу;

Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру


  1. Дастарқан мәзірі.


Қазақ халқы дастарқанды, дастарқанға қойылған асты өте жоғары бағалаған. Қонақтарды құрметтеуге, өздерінің мырзалық қасиеттерін қазақ кең дастарқаны арқылы көрсеткен. Олар дәмді тағам берумен бірге ыдыстарының таза, бүтін болуына дейін ерекше назар аударған.

Қазақ халқының қонақжайлылық қасиеті әлі күнге дейін сақталып отыр. Дастарқанды адамның тәбетін ашатындай безендіру үлгісі күн санап жаңарып келеді. Әдемі ыдыстарға салынған дәмді тағамдарды дастарқан бетіне дұрыс орналастырып, көркем безендіре білу де өнер.

Үлкен дастарқанда екі түрлі мата және қағаз майлық қолданылады.

Қағаз майлық – дастарқанның міндетті бір бөлігі. Майлықты дастарқан жапқыштың түсіне орай сәйкестендіріп немесе бір түсті етіп таңдауға болады.

Қағаз майлық тазалық сақтауға өте ыңғайлы. Жұмысты бастау барысында майлықтың шаршы пішіндес екеніне мән беру керек.



  1. Қасық пен шанышқы салатын қалташа дайындау.


1-2. Қол сүртетін қағаз майлықты жазып, екі бүйірінен ортасына қарай бүкте. Бүктелген бетін теріс қарат.

3-4. Екі шетін ортасына қарай қалташа жасап бүкте. Дайындалған қағаз қалтаға шанышқыны сал. Тағы бір бүкте, қасықты сал.


Жұмыс жасау барысында шанышқы, пышақты қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.


Қағаз майлықты гүл тәрізді бүктеу.

1-тәсіл.


  1. Шаршы пішінді майлықтың бетін жаз.

  2. Қиғаш сызық бойымен бір бұрышын екінші бұрышына беттестіріп бүкте.

  3. Майлықты екі жаққа кезек қаттап бүкте.

  4. Ұзына бойы бүктелген майлықты қыр түсіру үшін үстінен қатты басып, саусақпен жүргіз.

  5. Екі ұшін қосып, ортасына қасық пен шаңышқыны қой.


2-тәсіл.

1. Бір бұрышын қайырып, ұшын ортаңғы нүктеге түйіктір. Осы әдіспен төрт бұрышын да бүкте.

2. Бетін теріс қарай аудары, төрт бұрышын тағы да ортаңғы нүктеге түйістіріп бүкте.

3. Әрбіп бұрышын ашып, гүл күлтелерін жаса.



Мерекелік қағаз майлықты бүктеу.


  1. Төрт бүктелген майлық қағазды диагональ сызығы бойынша бүктеп, бүгу сызығын түсір.

  2. Қағазды жазып, бір жақ бұрышының ұшын ортаңғы нүктеге қарай бүкте.

  3. Диагональ бүгу сызығы бойымен тағы бір рет бүкте.

  4. Шаршы пішінді майлықты дәл-ортасынан теріс бетіне қарай екіге бүкте.

  5. Қиғаш бүктелген қалташаға қасық, шанышқыны салып қоюға болады.


Жұмысты аяқтап болған соң

«Дастарқан басында отыру» ережесін еске түсіріп, көрсетуге болады:

  • Сусын ұрттардан бұрын майлықпен ауызды сүрту керек. Себебі ыдыстың айналасында майдың (бояудың) ізі қалып қояды.

  • Мата майлықты тамақ ішіп болған соң, тәрелкенің ішіне емес, жанына қояды.

Пайдаланылған қасық, шанышқыларды майлықтың үстіне емес, тарелкаға салу керек.


Оқушылардың қағаз майлықтарын бүктеуіне қарап, бағалау.

Сынып: 1

Пән: ана тілі

Тақырыбы: Жуан дауысты дыбыстар

Мақсаты:

Білімділік: Дауысты, дауыссыз дыбыстарды еске түсіру. Жуан дауысты дыбыстар туралы білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту.

Тәрбиелік: Сауаттылыққа, адамгершілікке, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мақтау, кубизм, жеке, топтық жұмыс, жұмбақ.

Көрнекілігі: суреттер, дауысты, дауыссыз дыбыстар, кубик, сөзжұмбақ, үлестірмелі материалдар, қасқырдың, тиіннің суреттері, бұлттар, жаңдыр тамшылары, ермексаз, аралар, гүлдердің суреттері, бағалауға арналған геометриялық фигуралар.

Сабақтың типі:

Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Армысың асыл күн!

Армысың асыл жер!

Армысың көк аспан!

Армысың жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне менің қолым!

Кіріспе:

  • Блалар, бүгін біз сендермен «Әріптер бағына» саяхат жасаймыз. Саяхатқа шығу үшін не керек?

  • Дұрыс, көлік. Балалар сендер қандай көлікпен барар едіңдер? Ал, мен сендерге «Білім» көлігімен баруларыңды сұраймын. «Білім» көлігіне міну үшін біз сендермен осы жердегі «Сиқырлы сандар» құпиясын ашу керекпіз. Осы сандардың артындағы сұрақтарға жауап беру керекпіз. Сендер дайынсыңдар ма? Кім бірінші шығады?

1 санының сұрағы: Дыбыс дегеніміз не?

2 санының сұрағы: Дыбыстар нешеге бөлінеді?

3 санының сұрағы: Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? Оларды ата.

4 санының сұрағы: Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? Оларды ата.

  • Балалар енді бізге «Білім» көлігіне отыру үшін жол ашық. Қанеки бәріміз көзімізді жауып, көлікке отырғанымызды көз алдымызға елестетейік. Енді балалар, «Әріптер бағына» кіру үшін бізге мына қақпаны ашу керек. Оны ашу үшін біз сендермен жұмбақ шешу керекпіз. Сол жұмбақтың жауабына дыбыстық, буындық талдау жасау керекпіз. (жұмбақтың жауабы: құлып)

  • Енді біз сендермен «Әріптер бағына» кірдік. Мына ағашта қандай құс отыр екен?

  • Балалар, ол әліпбидің әріптерін танымайды екен. Біз сендермен әліпбидің әріптерін айтып берейікші. (әліпбиді айту, тізбектеп).

  • Жақсы балалар, енді әрі қарай жылжимыз. Алдымыздан кім кездесті?

  • Қасқыр.

  • Дұрыс, қасқыр қандай аң? Ол немен қоректенеді? Қасқырдың қасында қандай әріптер ілулі тұр? Олар қандай дыбыстар? Қандай түспен белгілейміз?

  • Жақсы, жарайсыңдар, әрі қарай кеттік. Балалар жоғарыда не көріп тұрмыз? Бұлттар. Балалар қазір жаңбыр жауайын деп тұр. Жаңбырдың тамшылары сиқырлы, рлардың үстінде әріптер жазылған? Қанеки сол әріптерді айтайықшы. (тамшылардың үстінде жазылған әріптерді атау, түрін ажырату.

Суреттермен жұмыс:

  • Балалар тақтада қандай суреттерді көріп тұрсыңдар? Кім айтады? Осы сөзді буынға бөлші. Дауысты дыбыстар бар ма? Олар қандай дауысты дыбысқа жатады?

«Орнын тап» ойыны.

Шарты: тақтадағы ілулі тұрған әріптерді тиісті сөзге апарып ілу. Дыбыстың түрін ажырату. (қал...м, д...птер, ж...лім, б...р, кем..., қ...с. ).

Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық.

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иiлiп

Солға қарай иiлiп

Бiр отырып, бiр тұрып,

Бойымызды созайық

Белiмiздi жазайық.

Оңға-оңға түзу тұр

Солға-солға түзу тұр

Жоғары-төмен қарайық

Қолымызды созайық

Бойымызға күш жинап

Бiр шынығып алайық.


Дәптермен жұмыс:

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Түп-түзу боп отырып,

Көркем етіп жазайық.

  • Балалар бұл не?

  • Сандық.

  • Сол сандықтың ішінде жтапсырма бар. Сол тапсырманы орындайық.

  • Жұмбақты оқы, шешуін тауып көшіріп жаз.

Шеңбер, жасап өседі,

Желмен бірге көшеді. (қаңбақ)

Шешуіндегі дауысты дыбыстың қандай екенін айтыңдар.

Саусақтарға арналған жаттығу.

Жаза, жаза, жазуды,

Талып қалды қолымыз.

Жақсы жазып жазуды,

5 аламыз бәріміз.

Коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытуға арналған тапсырма:

  • Балалар мен сендерге суреттердің қиындықтарын партаның үсітне қойдым. Сендерге тапсырма: осы суреттерді құрастыру, не бейнеленгенін айту, және оны құрастыру. (бір топқа кесенің суреті, екінші топқа қасықтың суретін беру, кейін ермексаздан сол ыдыс-аяқтарды жасау, не үшін керек екенін айту, дыбыстық талдау жасау).

«Ойлан, тап» ойыны.

Шарты: тақтада аралардың аяқтарында жуан дауысты дыбыстар бар суреттер ілінген, осы араларды тиісті гүлдің үстіндегі сөзге апарып жабыстыру. Дыбыстық, буындық талдау жасау.


«Сөйлем құра» ойыны.

Шарты: тақтадағы шашылып ілінген сөздерден сөйлем құрастыру. Әр сөздің жуан дауысты дыбыстарын табуды дағдылану. (Балалар далада ойнап жүр. Қыс келді. Далада қар жауып тұр. Мен шанамен сырғанадым.)

Қорытындылау:

«Кубизм» әдісі бойынша қорытындылау.

  1. Әріп дегеніміз не?

  2. Дыбыс дегеніміз не?

  3. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? Оларды ата.

  4. Жуан дауысты дыбыстарды ата.

  5. Қорап сөзін буынға бөл. Дауысты дыбыстарды тап.

  6. Жуан дауысты дыбыстар бар бір сөз ойлап айт.

Үйге тапсырма беру: 27-жаттығу, 20-бет

Бағалау: Оқушыларды әділ бағалау.








Сыныптан тыс іс-шаралар.

«Алғырлар мен тапқырлар» сайысы

Мақсаты: Оқушыларды ойлана білуге, тапсырмаларды тиянақты, тыңғылықты орындауға баулу. Логикалық ойлау қабілеттерін,, сөйлеу мәдениетін дамыту. Бірлікке, ынтымақтастыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, мақтау, мадақтау.

Көрнекі-құралдар: суреттер, сөзжұмбақтар, жұмбақтар.

Сайыстың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Психологиялық дайындық:

Армысың, асыл күн!

Армысың, асыл жер!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне менің қолым.

  1. Мұғалімнің сөзі:

Уа, жарандар, жарандар!

Мына бізге қараңдар.

Мінекей залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Кешіккенді тоспаймыз.

Бүгінгі ойын-сайысымызды бастаймыз.

  1. Бүгінгі біздің сайысымызға 3-4 сынып оқушылар қатысқалы отыр. 1-топ аты: «Алғырлар», 2-топ: «Тапқырлар».

  2. Сайысымыздың бағдарламасымен таныс болайық.

  1. «Кел, танысайық» (топтарлың атымен, ұранымен танысу)

  2. Өлең – сөздің патшасы.... (өлеңнен үзінді оқылады, авторын атау)

  3. Ойнайық та, ойлайық (әзіл есептер)

  4. «Алға, алға, алға» (қазақ тілінен сұрақтар, әр командаға 15 сұрақтан)

  5. «Қыс қызығы» суретшілер сайысы)

  6. «Ғажайып сандар» (әср санның артындағы сұрақтарға жауап беру)

  7. «Сиқырлы сандықша» (Жұмбақ шешу)

  8. Ән шырқайық, балақай. (белгілі бір тақырып бойынша ән айту)

  9. Үй тапсырмасы (сөзжұмбақ шешу)

  1. Ал, құрметті халайық,

Сайысты енді көріңдер.

Әділ-қазы алқасы

Әділ баға беріңдер!

Сайысымызды бастамас бұрын сайысымызға әділ баға беретін әділ-қазылар алқасымен таныс болайық.

Мектеп директорының ОТІЖ орынбасары Оспанова С.Қ.

Бастауыш сынып мұғалімі Құмарова Б.Р:

Музыка пәнінің мұғалімі Бекбосынова Г.Н.

Бүгінгі сайысымызды 5 баллдық жүйемен бағалайсыздар.



  1. «Кел, танысайық» (топтарлың атымен, ұранымен танысу)

Әр топ өздерін таныстырады. Әділ-қазыларға сөз беріледі.

  1. Өлең – сөздің патшасы.... демекші екінші кезеңде сендерге өлеңдерден үзінді оқимын. Ол кімнің өлеңі екенін айтасыңдар.

* Өнер-білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды. (Ыбырай Алтынсариннің өлеңі)



  • Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы – ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды. (Абай Құнанбайұлының өлеңі)



  • Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем! (Өтебай Тұрманжановтың өлеңі)



  • Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге...(Абай Құнанбаевтың өлеңі)



  • Ой, балалар, балалар!

Жылы-жылы жел соқты.

Жылғалардан су ақты,

Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті.

Жер қарайды – жаз кепті.

Желкілдейді көк майса.

Желіндейді мал жайса.

Ауыл көшті қыстаудан,

Әне, апамдар қой сауған. (Ілияс Жансүгіровтың өлеңі)

Әділ-қазыларға сөз беру.



  1. Ойнайық та, ойлайық (әзіл есептер)

  1. Үстел үстінде 5 май шам жанып тұр еді. Еркін оның 4-еуін өшіріп тастады. Үстелде неше май шам қалды? (қалды 1, жанып кетті 4)

  2. Әкемнің 7 ұлы бар. Оның әрбір ұлының қарындасы бар. Сонда әкемнің неше баласы бар? (8 баласы)

  3. Алма ағашында 10 алма, ал емен ағашында одан 5 алма артық өсіп тұр. Барлығы неше алма өсіп тұр? (10, еменде алма өспейді

  4. Неше рет арттырса да өзгермейтін сан (0)

  5. Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? (100-жүз, 10-он)

  6. Айгүл мен Айнұр апалы сіңілі олардың әрқайсысыныңбауырлары бар. Жанұяда неше бала бар? (3 бала)

  7. Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?

  8. 4 жұмыртқа 4 минутта піседі. Бір жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек?

  9. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды. Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл қалай?

  10. Аспанда екі қаз және 10 тауық ұшып келе жатты. Аспанда барлығы неше құс ұшып келе жатты?





  1. «Алға, алға, алға» (қазақ тілінен сұрақтар, әр командаға 15 сұрақтан)

«Алғырлар» тобына:

  1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі? (түбір)

  2. Жуық мәндес сөздер (синоним)

  3. Сын есімнің сұрақтары (қай? Өандай?)

  4. Қандай дыбыстар әрқашан жіңішке... (ч,щ.й)

  5. Ң жазылатын бір сөзді ата (қараңғы)

  6. Оңнан солға қарай оқысаң да, солдан оңға қарай оқысаң да сол сөз шығатын сөзді ата... (қызық, қазақ, қалақ, қырық)

  7. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата (сұлу)

  8. Сұраулы сөйлемнің соңына не қойылады? (сұрақ белгісі)

  9. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздер... (етістік)

  10. Жалқы есімдер қалай жазылады?

  11. Жаман деген сөзге қарсы мағыналы сөз (жақсы)

  12. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша (жұрнақ)

  13. Туынды сын есімді айт (ақылды)

  14. Сан есімнің сұрақтары (неше? Нешінші? Қанша?)

  15. Һ әрпі жазылатын сөзді ата.

«Тапқырлар» тобына:

  1. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша (жалғау)

  2. Қарсы мәндес сөздер (антоним)

  3. Жалпы есімдер қалай жазылады?

  4. Заттың санын, ретін білдіретін сөздер... (сан есім)

  5. Етістіктің сұрақтары... (не істеді? Не қылды? Қайтті?)

  6. Батыр сөзіне жуық мәндес сөз... (мықты, шымыр)

  7. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөз (биік)

  8. Ф әрпі жазылатын сөздер (фонтан)

  9. Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздер... (сын есім)

  10. Хабарлы сөйлемнің соңына қойылатын таңба... (нүкте)

  11. Туынды сын есім қалай жасалады? (түбірге жұрнақ жалғау)

  12. Туынды сын есімге мысал келтір... (тәртіпті)

  13. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2)



  1. «Ғажайып сандар» (бейнетаспадан сұрақтар, дүниетанудан)



10

10

10

20

20

20

30

30

30



10- Көкжиек сызығы дегеніміз не? (Кеңістіктің аспанмен астасқан жері)

10- Жергілікті жерде көкжиек тұстарын анықтайтын құрал. (құбылнама)

10- Ауаның қасиеті туралы айт. (біз оны көрмейміз, мөлдір, түссіз. Ауаның пішіні жоқ.ауа сығылады және серпімді)

20- судың қасиеттерін атаңдар. (судың нақты пішіні болмайды. Түсі болмайды. Су түссіз. Су мөлдір. Судың дәмі болмайды. Су иіссіз. Су ағады.)

20- Топырақ дегеніміз не? (жердің өсімдік өсетін құнарлы, үстіңгі қабаты)

20- Өсімдік дегеніміз не? (тірі организм. Ол өседі, гүл жарады, жеміс береді, қурайды)

30- Ғарыш дегеніміз не? (шексіз кеңістік)

30- Ғарышқа лағш рет ұшқан әйел ғарышкер (Валентина Терешкова)

30- Әлемнің жеті кереметін атаңдар (фаростық мұнара шам, Галикарнас кесенесі, Зевс мүсіні, Родос алыбы, Аспалы бақ, Мысыр пирамидалары және сфинкс, Эфестегі Артемида ғибадатханасы)

  1. «Қыс қызығы» суретшілер сайысы. Балалар қазірп сендерге 5 минут уақыт беріледі, сендер осы 5 минутта қыс қызығы атты тақырыпқа сурет салып, әділ-қазыларға апарып көрсетесіңдер.



  1. «Сиқырлы сандықша» (Жұмбақ шешу)

  1. Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп (аяз)

  1. Мүлгіп тұрған бақ тыныш,

Ораныпты ақ күміс. (қырау)

  1. Суда қалқиды,

Жылыда балқиды. (мұз)

  1. Туған жердің белбеуі,

Шұбатылып қалыпты.

Керемет-ау кернеуі,

Тасты тесіп, жарыпты. (өзен)

  1. Бұйра тұлымы,

Желмен ойнайды.

Қызыл мұрыны,

Жерге бойлайды. (сәбіз)

  1. Тігіп алып көк шатыр,

Қызыл күрең доп жатыр. (қызылша)

  1. Басына өскен тарбиып,

Жапырақсыз бұтағы.

Алады одан қан құйып,

Емге шипа бұл дағы. (бұғы)

  1. Ұшымен қазық,

Тор көзді жазық.

Үстіне өттім,

Асыл сөз жазып (дәптер)

  1. Қабы – сояу,

Діні – бояу.(қарындаш)

  1. Өзім сөзден тұрамын,

Аяқталған ойды құрамын. (сөйлем)

  1. Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады (қоңырау)

  1. Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш)

  1. Оқу-білім аспабы,

Қоймасының бас қабы.

Бөлмесі де бірнешеу,

Тиегі бар ашпалы (сөмке)

  1. Білім менен тәлім,

Парақты ашқанда,

Беттерінен мәлім (күнделік)



15. Ашылып, жабылады,

Әр үйден табылады.(есік, құлып)


16. Ағайынды төрт батыр,

Көтергені бір шатыр. (үстел)


17. Тақия толған сөк,

Ерте тұрсам жоқ. (жұлдыз)


18. Мен жүгірсем, ол да жүгіреді,

Мен мүдірсем, ол да мүдіреді. (көлеңке)




  1. Ән шырқайық, балақай. (белгілі бір тақырып бойынша ән айту)

Ұсынылған қағаз қиындыларын таңдайсыңдар. Сонда бір тақырып жазылған. Сол тақырыпқа байланысты ән айтасыңдар.



  • Мектеп,

  • Балапан,

  • Жаңа жыл,

  • Отан

  1. Үй тапсырмасы (сөзжұмбақ шешу)

  • Сендерге алдын ала үйге тапсырма берілген. Сөзжұмбақ дайындап алып келіңдер деп айтылған. Қазір сөзжұмбақтарыңды бір-біріне беріп, жауабын табасыңдар. Тауып болсаңдар жауабын ортаға шығып айтасыңдар. Ал дайындап келген топ жауабы дұрыс па, бұрыс па екенін айтасыңдар.

  1. Әділ-қазылар алқасына сөз беріледі.

  2. Қорытындылау.

  3. Мақтау, мадақтау.





«Бастауышым-балбұлағым!» бастауышпен қоштасу ертеңгілігі


Мақсаты: Бастауыш сыныптан алған білімдерін, өнерлерін байқату, ортаға салу. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстаздарымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: ұстаз, мктеп, Отан туралы даналық сөздер жазылған плакаттар, балалар қолөнерінің көрмесі, буклеттер, шарлар, гүлдер.


Өту барысы:


Көңілді әуен ойналып тұрады.


Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Кеше ғана білім ордасына тарыдай болып еніп, жан-жақтарына таңырқай қарап, жүрексіне табалдырық аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгін, міне бой түзеп, ойларына сана қосып, еліміздің саналы бір азаматтары болғалы отыр.

Бүгінгі «Бастауышым-балбұлағым» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер! Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып, тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер!


Ортаға бүгінгі кештің түлектерін шақырамын. Музыка


Сынығы едің алтынның,

Жолын берсін ақынның.

Бөлене бер Асланбек,

Батасына халқыңның.


Ақын қыз ең Алтынай,

Өмірің гүл мен нұр болсын.

Жүрегіңнің шыңына,

Ақын деген құс қонсын.


Көзінен нұр шашылған,

Ажары гүлдей ашылған.

Сымбатты, сұлу Әсем,

Көңілі судай тасыған.


Болат біздің айбатты,

Қолдары күшті қайратты.

Қалаға барып келіп ап,

Көңілі оның жай тапты.


Бастық болған біздің сыныпқа үлгілі,

Жақсы оқиды, әрі сыныптың дүлдіілі.

Айнұрды әдемі әрі паң десе,

Болады екен бәрімізге белгілі.


Қыдырымпаз біздің мына ұлымыз,

Бәріңіз де біле оны жүріңіз.

Мейірімді, шапағатын көріңіз,

Ортамызда Айбек деген ұлымыз.


Домалатып әкетеді добыңды,

Шақырайық, Жалғастай ұлымызды.

Қазақстан футболисті Жалғас,

Армандайды чемпион да болуды.


Жаңарынан от ұшқындап,

Жүреді ылғи дараланып.

Спорт десе жанын берер

Осы отырған Мәдидің

Биік шыңға жетері анық.


Кім білмейді Дәулеттің бар өнерін,

Аудандағы бір өнерпаз сен едің.

Домбыраңмен тәтті күйге бөлейсің,

Бір биікке шығарыңа сенемін.


Жамандыққа бармайды,

Жақсылықты қалайды.

Жаны сұлу Алматтың,

Мінезі бізге ұнайды.


Себепсіз қалмас сабақтан,

Көреміз сені тек алдан.

Өсе бер, жайнап, Валентина,

Ақылың бойға жарасқан.


Арманы көп Әсеттің,

Алға қойған көп мақсаты.

Өзі сүйер пәндерден,

Шығып жүр ғой жақсы аты.


Вальс.


Мұғалім: Өсті міне, бойларың,

Өсті міне, ойларың.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойларың!

Асланбек:

Армысыздар, мұғалімдер - әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.


Валентина:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.


1-оқушы:

Бізді үйреткен білімге жалықпастан,

Рақмет ұстазыма көзімді ашқан.

Біз – шәкірт, біз – отанның болашағы,

Білімнің басқышына қадам басқан.


2-оқушы:

Өзгеріп жатыр бүгін қала, қырым,

Құп алып ағалардың даналығын.

Бет алып бара жатыр болашаққа,

Аяулы жеті жасар балалығым.


3-оқушы:

Мен бүгін бұрынғыдан саналымын,

Қоңырау боп күмбірлейді жаңа күнім.

Дәптердің жазылмаған ақ парағы –

Ақ көйлек жеті жасар балалағым.


4-оқушы:

Өмірімнің көктемін,

Сенде өткізем деп келдім.

Алтын ұя – мектебім!


5-оқушы:

Оқып ғылым тектерін,

Ой аламын деп келдім,

Оттан ыстық мектебім!


7-оқушы:

Өнерпазың көп сенің,

Өнер табам деп келдім,

Өз бесігім -*мектебім!


Біздер әйбат баламыз.


Валентина: Ал балалар, осы білім ордасына алғаш келгенде алдымыздан күлімдеп қарсы алған алғашқы ұстаздарымызға не тілек айтамыз?


8-оқушы:

Сен менің әкемдейсің, анамдайсың,

Мен үшін армандайсың, алаңдайсың.

Ұстазым, сенен артық ақылшым жоқ,

Адалдық пен парасаттан жаралғансың.


9-оқушы:

Көңілін бар шәкірттің таба алатын,

Кеуделерге намыс отын жаға алатын.

Өзіңдей болса, шіркін, барлық ұстаз,

Жер таңдай, күміс көмей, көзі алтын.


Асланбек:

Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына, құдыретті күш, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Мұғалім-мектеп жүрегі» - деген Ыбырай Алтынсарин атамыз.


Барлығы бірге:

Алғыстарым көп менің,

Ұстаз – анам, мектебім!

Бақытты ел –Қазақстан,

Туған жерде көктедім.


«Қазақстан – туған жерім» әні


1-оқушы:

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.


2-оқушы:

Мектебім –білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.


3-оқушы:

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы,

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.


Асланбек:

Өнерді танымменен түсінемін,

Қашанда өнерлі жас сүйсінерім.

«Қазақ биін» билесін мың бұралып,

Биіменен шашу шашып бишілерім.


Қаражорға биі. 4-сынып оқушылары.


Валентина:

Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін әдебиет, тарих, биология, алгебра, физика, химия тағы басқа пәндерге негіз болатын ана тілі, математика, дүниетану, орыс тілі пәндерін зер салып оқып үйрендік.


4-оқушы:

Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл-білім үйреткен.

Ана тілін оқыдық,

Ерекше зор құрметпен.

Ана тілін сүйеміз,

Құрметпен бас иеміз.

Ана тілмен қоштасамыз,

Әдебиетпен достасамыз.


5-оқушы:

Ойланып есеп шығартып,

Төрт таңбаны білдірген.

Ғылымдардың патшасы,

Математика данасы.


6-оқушы:

Қазақ тілі пәнінен,

Білім алды балалар,

Сөйлемді, сөз таптарын,

Етістіктің шақтарын,

Жалғаулар мен жұрнақтар

Ережесін жаттадым.

5-шіге барғанда,

Алмагүл апай бағалар.


7-оқушы:

Ой жіберсең бәріне,

Дүниетану пәніне.

Өмір сырын үйретер.

Пәннің жақсы бірі де.

Жер байлығы көп екен,

Игеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген,

Дүниетану сабағы.


8-Оқушы:

Үйренеміз жалықпай,

Ағылшын тілін шарықтай.

Тіл сындырып, ән айтып,

Шаттанамыз қалықтай.

Ботагөз апай тәлімі,

Сәулесін шашқан жарықтай.


9-оқушы:

Баулыған әрбір өренді,

Гүлжан апай өнерлі.

Әсем әннің шебері,

Әрбір сөзі мәнерлі.

Қызықтырып ән-күйге,

Бізді үйретіп келеді.

Мінезі сондай сабырлы,

Сізге ұқсағым келеді.


10-оқушы:

Кемшілікті кезінде,

Кесіп айтар өзіңе.

Өнеге мол өзінде,

Өсиет көп сөзінде.

Көңілінің хошы-ай,

Көп шәкірттің досындай,

Болат ағай осындай.


11-оқушы:

Сөз сөйлесе жарқын-ақ,

Күніміздей жарқындап.

Қызық өтіп сабағы,

Өсіреді ой сананы.

Біздермен ойнап, күледі,

Сырымызды біледі.

Аққу апай қашанда,

Қамқор болып жүреді.


«Бастауышпен қоштасу» әні


1-оқушы:

Ойыңда мейірім, ақ тілек,

Бойында ақ сүт, тәтті леп.

Анадай пейіл қайда бар?

Бәріне тұрған бақ тілеп.

Арадай балын жиятын,

Ақылы дария құятын.

Ана көңілі – кеңістік,

Бүкіл әлем сиятын.


Валентина: Құттықтау сөзін Нина апайға береміз.


Аяулы анашым (қыздар)


2-оқушы:

Мектеп үшін намысын еш бермеген,

Еңбектен мектеп үшін жерімеген.

Біздер үшін ол кісі – жүрегіміз,

Қиындықта сол кісі – тірегіміз.

Мақтаныш қой осындай басшы Мереке апаймен,

Қол ұстасып оқушы боп жүргеніміз.


3-оқушы:

Сәуле апайға:

Күлімдеп жанары,

Біздерге жиі кеп.

Сынақтар алады,

Оқысаң нашарға,

Түйілер қабағы

Бестікті көп алсаң,

Мәз-мейрам болады.


Асланбек: Құттықтау сөзі мектеп директоры Бекқалиева Мереке Мәдениетқызы және мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оспанова Сәуле Құсманқызына беріледі.


Ән: «Тұлпарым» (ұлдар)


Айбек:

Бастауышым – балбұлағым,

Алдым сенен білім дәнін.

Әріп танып, білім алып,

Алғысымды жаудырамын.


Алтынай:

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.


Әсем:

Әр баланың жүрегіне жол тапқан,

Қиын екен ұстазбенен қоштасқан.

Біздер өсіп, алға баса береміз,

Саналы шәкірт боламыз деп сенеміз.


«Ұстазым» әні


Асланбек:

Қош бол, қош бол бастауыш,

Жаңғырады сан дауыс.

Ешқашанда бір өзіңді,

Ұмытпаймыз бастауыш.


Валентина:

Бір ата, бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек жүрегіміз.

«Бірлік барда, тірлік бар» деген бабам,


Барлығы бірге: Бірлікпен бірге соқсын жүрегіміз.




«Күз ханшайымы-2012» сайысының сценарийі.

Мақсаты: Күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Күзгі жемістер, дақылдардан әр түрлі заттарды жасай отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өз өнерлерін, өз әсемдіктерін көрсете білулеріне үйрету.



Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, жұмбақ, мақтау, мадақтау.

Көрнекілігі: «Күз ханшайымы» жазуы, шарлар, әр түрлі жапырақтар.

Іс-шараның өту барысы:

Музыка ойнап тұрады. Ортаға жүргізуші шығады.


Жүргізуші :

Жиылған қауым,армысыздар бәріңіз, 
Келіп жетті алтын дәнді сары күз. 
Бірге болып қуанышта бәріңіз, 
Бізбен бірге шаттық әнін салыңыз. 
1-жүргізуші:

Әділқазы береді,

Өздеріңе билікті.

Өнерде кім жеңеді,

Алады сол сыйлықты,- деп еңалдымен сіздерді әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік:


  1. Мектеп директоры Бекқалиева М.М..

  2. «Ізденіс» шығармашылық топ мұғалімдерінің жетекшісі Бижанова А.Ғ.

  3. «Жас қыран» ұйымының мүшесі Искакова Диана.


Құрметті әділ қазы мүшелері бүгінгі сайыс кезеңдерін 5 баллдық жүйемен бағалайсыздар. Әр кезеңнен кейін ұпай сандарын көрсетулеріңізді сұраймын.



1-жүргізуші: Уа, халайық,халайық,

Бәріміз назар салайық.

Мерекесі бақшаның,

Сайысын біз бастайық.


2-жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келді міне ортаға толқып-тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошаметпен қарсы алайық.

Ортаға сайысымызға қатысатын аруларымызды шақырамыз.

1 аруымыз МАД тобының аруы Абельдинова Адия

2 аруымыз 1-сынып оқушысы Толыбай Анар

3 аруымыз 2-сынып оқушысы: Ержасова Аякөз

4 аруымыз 2-сынып оқушысы Жанабергенова Айгерім

5 аруымыз 3-сынып оқушысы Бектурганова Гүлзат

6 аруымыз 4-сынып оқушысы Қайыржанова Аружан

1-жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын, сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін:


Сайыс шарттары:

1.Менің ата-тегім . (Өзін-өзі таныстыру.)

2.Кім ойға жүйрік (Жұмбақ шешу)

3 « Шебер қолдар» (Ата-аналармен бірлесіп жасаған гүлдер композициясы)

4. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету)

5. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету)


Бүгінгі сайысты бастау үшін бізге аруларымызды кезекпен шығару керек. Ол үшін қазір мен сендерге реттік нөмірлерді ұсынамын, сендер өздерін таңдайсыңдар.



«Менің ата-тегім»


Сайыстың «Өзін-өзі таныстыру» бөлімі бойынша әділ-қазылардан берген бағаларын көтерулерін сұраймын.



2. «Кім ойға жүйрік» (жұмбақ шешу)

Ортаға реттік белгімен аруларды шақырып, жұмбақтар жасыру.


МАД тобы аруына жұмбақтар:

1жұмбақ: Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тонады. (қар)

2 жұмбақ: Өзі қу, жүрген жері айғай да шу. (түлкі)


1-сынып аруына:

1-жұмбақ: Тілден ұшып, құлаққа қонады (сөз)

2 жұмбақ: Суға батпайды, Отқа жанбайды (мұз)


2-сынып аруына:

1 жұмбақ: Қыс бойына жатады, Тәтті ұйқыға батады (аю)

2 жұмбақ: Мен ақ қалам, ақ қалам, Жазған сайын жоқ болам (бор)


2-сынып аруына:

1 жұмбақ: Жуынып болғанында, Жүреді қолдарыңда (орамал)

2 жұмбақ: Бұдан кір қорқады, Судан бұл қорқады (сабын)


3-сынып аруына:

1 жұмбақ: Өзім сөзден тұрамын, Аяқталған ойды құрамын (сөйлем)

2 жұмбақ: Көреді бәрін өзгенің, Көре алмайды өздерің. (көз)


4-сынып аруына:

1 жұмбақ: Бойлаған сайын тереңге, Шығасың биік белеңге. (білім)

2 жұмбақ: Тиіп кетсе жылаған, Даусы көпке ұнаған. (домбыра)


Әділ-қазылар бағасы.

3. «Шебер қолдар» (ата-аналармен бірлесіп жасаған жұмысы)


Арулар жасаған жұмыстарын әділ-қазыларға ұсынады. Әділ қазы мүшелері осы кезеңнің ұпайларын көрсету үшін ойлануға уақыт береміз. Осы уақытта бізге 2-сынып оқушысы Қайрыжан Гүлсая «Бөбектер әні » әнімен ортаға шақырамыз.


Ән: «Бөбектер әні»


Әділ-қазылардың берген бағасы.



4. «Өнерлі өрге жүзер» (өнерлерін көрсету)


Арулар дайындаған өнерлерін ортаға салады. Арулар дайындалып болғанша, ортаға сынып оқушысы шақырамыз.


Ән:


Әділ-қазылардың берген бағасы.


5. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету )


Аруларымыз сән үлгісіне дайындалғанша, ортаға сынып оқушысы шақырамыз.


Би:


Әділ-қазылардың берген бағалары.


Жүргізуші: Білім,ғылым,өнерге,

Қанат қағар кездерің.

Еліміздің ертеңі ,

Үміт етер өздерің.

-дей отырып, бүгінгі «Күз ханшайымы» сайысын аяқтаймыз.

Әділ-қазылар қорытынды шығарғанға дейін әнге кезек береміз.


Ән: \


Күз ханшайымы» сайысы бойынша аруларға берілетін атақтар

  1. «Күз ханшайымы»

  2. «Әнші ару»

  3. «Биші ару»

  4. «Сүйкімді ару»

  5. «Шебер ару»

  6. «Тапқыр ару»


«Қош бол, құтты Әліппем!» атты ертеңгілігінің сценарийі

(Патша сарайының уәзірлері мен ханшайымдары ертегілер әлемінің табиғатын тамашалап келеді.)
Айбек: Уа. Уәзірлер, қараңдаршы! Үлкен мереке болғалы жатыр ғой деймін, көп қонақтар отыр.
Жалғас: 1-сыныпта үлкен қуаныш екен, «Әліппемен қоштасу ертеңгілігі болады»деп естідім.
Айбек: Ой, неге тұрмыз, патшамызға хабарлайық!
Ханша: Уәзірлер, қараңдаршы! Осында патшамыз да келе жатыр.
Уәзірлер: Патшамыз, төрлетіңіз, отырыңыз.
Патша: Уа, уәзірлерім, ертегі әлемінде не болғалы жатыр?
Айбек:Қымбатты патшамыз, бүгін 1-сыныптың ертегілер еліне келіп ән айтып, би билейтінін, Әліппемен қоштасатынын, сауаттарын ашып, әріп танып алғандарын ұзынқұлақтан естідік.
Патша: Не дейді? (Ашуланып қолындағы алтын таяғын 2-3 рет қатты ұрып) –Осыны ұйымдастырған кім екен, шақырыңыз!
Уәзірлер: Құп, тақсыр! (Екі уәзір ұйымдастырушыны қолдарынан жетектеп ортаға патшаға әкеледі)
Патша : -Менің рұқсатымсыз неге Әліппемен қоштасқалы жатырсыздар ?
1- жүргізуші:Иә, білім патшасы, кешіріңіз. Сіз бүгін бізді тоқтата алмайсыз. Менің достарым сіздің еліңіздің барлық әріптерін танып, біліп, үйреніп, жазып оқу алатын жағдайға жетті. Осы қуанышымызды мына жұрттың алдында паш етеміз. Одан да ашуыңызды басып 1 сынып оқушыларының өнерлерін тамашалаңыздар. Мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Патша: -Жарайды , онда рұқсат берейін, өнерлеріңді көрейін.
2- жүргізуші: Рахмет, білім патшасы!
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Естімеген естіңіздер,
Тыңдамаған тыңдаңыздар.
Қазір бізде «Әліппе тойы» басталады.
1-жүргізуші:
Нұрлыүмітінарқалағанарқаға,
Жансәулесінтарататынбаршаға
Шынпейілменқұрметіміздікөрсетіп,
Бүлдіршіндердішақырайықортаға..
(оқушыларкіреді)
Мұғалім:

-Құрметтіата-аналар , ұстаздар, оқушылар ! Бүгінсіздер 1 сынып шәкірттерінің«Қош бол, құтты Әліппем!» аттыертеңгілігінекеліпотырсыздар. Балалардыңеңалғашбетінашқаноқулығы-Әліппе. Бұлкітапбілімгебастайтыналғашқыжол. Ендешемерекеміздібастаймыз.
Оқушылар:
Армысыздар, құрметтіұстаздар!
Ардақтыата-аналар !
1-жүргізуші:1 сынып оқушыларының«Қош бол, құтты Әліппем!» аттыертеңгілігінбастауғарұқсатетіңіздер! Құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Бекқалиева Мереке Мәдениетқызына береміз.
2-жүргізуші:
Міне, бүгінбізбарлықғылымныңатасы, біздіңболашағымыздыңнегізі-Әліппенібітіріпотырмыз.
1-жүргізуші:
Бүгінбізшексізқуаныштымыз, өйткеніалғашхаттанып, сауатымызды ашқанбіздіңжақындосымызӘліппеменқоштасамыз
Мұғалім:
Ішітолыәріпке,
Білімдегіжарықне ?
Оқушылар:
Ол, сүйіктіӘліппе !
Мұғалім :
Олайболса, бәрімізгееңқымбат«Әліппені»ортағашақырайық !
Оқушылар: Әліппе ! Әліппе ! Әліппе !
(6 оқушы шығыпкетіпӘліппеніалыпкеледі, қолдарындаӘліппежазуыбаршар)
Әліппе:
Армысыздар ,жасдостар!
Армысыздар, ата–ана !
Болашаққажолбастар,
Әліппеңкелдіортаға
Білімдегенғажаптың
Әліппесінмеңгерген
Келешегіқазақтың
Басталадысендерден.
Таудай болса талабың,
Айтарыкөпәріптің.
Қуанышыбаланың
Қуанышыананың
Жақсыбілім-көрімдік
Болсынсізгехалайық!
Неүйреніп, небілдік
Қане, ортағасалайық !

Мұғалім: Балалар, осыӘліппесөзініңәрәрпінсаралапайтсақ.
Анар: Ә–әлемді
Ануар: Л–легімен
Сания: І – ізгілік
Рүстем: П – парасатпен
Дана: П–паш
Батырхан: Е–етеміз.
Мұғалім:
- Балалар, олайболса, сүйіктіӘліппеміздіренжітпей ,рахметіміздіайтып, өзімізденкейінгікішкентайбауырларымызбенқарындастарымызғатабысету-біздіңміндетіміз. Сондықтанбізосыуақытқадейіналғанбіліміміздікөрсетіп, ән-күймен, өлеңдерменөрнектеп, өнеріміздіортаға салайық. Әліппе, бүгінкешіміздіңеңқадірліқонағысыз. Сондықтанқұрметтағынажайғасыңыз.
-Балалар, білімалуүшінеңалғашқайдакелеміз ?
Оқушылар:
Мектепке келеміз
Мұғалім: Мектептуралықандаймақал-мәтел білесіңдер ?
Нұрқанат : Мектепкеме, білімтеңіз.
Аделя.:Мектеп-білімордасы.
Мұғалім: Ендеше , «Бала тілегі»әнінорындапжіберейік
Ән: Бала тілегі
Мұғалім: Қане, балалар, Әліппеге арнағанқандайөлеңдеріңбар, айтыпберейік.
Жасулан:
Ішітолыәріпке
МынауәйбәтӘліппе.
Барлықілім-білімнің
ӘжесіосыӘліппе.
Алипа :
Әліппем, меніңӘліппем
Сеніқолғаалыпмен
Есігінаштыммектептің
Ертеңісәулежарықпен
Бекболат:
Ата-апаатын сен,
Бізге үйреттіңӘліппе
Бізгенағызжақынсың
Сененбілдікәріпті.
Амира:
Артабердікітапқа
Бойымдағықұмарым.
Біргежүргенқасымда
Кітапболдысыңарым
Нурахмет:
Әсемоюөрнекпен,
КөмкерілгенӘліппем.
Сенболмасаңбілімге,
Бастайтынжолдыбіліппеем.
Олег:
Енді жаза білеміз,
Әріптіқосыпәріпке.
Ризаболыпсағанжүреміз,
Сүйіктібіздіңәліппе.
Ән: «Балапан»
Мұғалім:
-Балалар, біз 42 әріптітүгелжаттапалдық. Оқуды , жазудыүйрендік. Әліппеменқоштасутекбіздіңғанамектептеғанаемес, бүгінбіздіңеліміздіңмыңдағанбалалары«Әліппе»кітабынбітіргендерінмерекелеуде. Балалар, Әліппеденөткенәріптертуралықандайөлеңдербілесіңдер ?
Нурканат:
Алфавитің«А»тұрадыбасында ,
Рустем:
Әрқашанда«Ә»тұрадықасында
Амира:
Байқайсыңба«Б»тұрадыүшінші
Ал, осыныңсырынеде ?
Анар :
А-дегеноланаларғойардақты,
Ә-дегеноләкелерғойсалмақты
Б-дегенолбалаларғойәдемі
Біздіңелдеүшеуідекәделі.
Хормен:
Алшақкетпейсондықтандарасында,
Тұрадыоларалфавиттіңбасында.
Ән«Әліппе»
Мұғалім:
-Балалар, бізӘліппеденоқу, жазабілудіүйренсек, алматематикадансанауды, есептеуді , сандардыжазабілудіүйрендік. Ендігісөздіматематикағаберейік.
Анар: (Математика)
Мынауменіңкітабым,
Асақұрметтұтамын
Шөліркесемашыпсан
Білімнәрінжұтамын
Біздіңкелер шамамыз
5-ке 3-ті қосамыз
10-нан 5-тіалып,
Жауабынтезтабамыз.
Мұғалім:
-Балалар, математикаданосыуақытқадейіннеүйрендіңдер ?

Ендеше сандарды сөйлетіпкөрейік.
Батырхан :
Бірдегенім-білім,
Білім-жарықкүнің
Бекболат :
Екі-дегенім-еңбек,
Еңбекбәрін жеңбек.
Нурахмет:
Үшдегенім-үміт,
Үмітсізжоқжігіт.
Олег :
4-дегенімталап,
Талмайтұғынқанат.
Ануар :
5-дегеніңбірлік,
Бірліксізжоқтірлік.
Рустем :
6-дегеніңарман,
Атартаңыңалдан.
Жасулан.:
7-дегеніңжігер,
Жеңержолынбілер.
Нурканат :
8-дегенің–сенім,
Сүйенішіңсенің.
Батырхан :
9-дегеніңталғам,
Туражолғасалған.
Жасулан :
10-дегенің–Отан,
Отандысүйботам.
Мұғалім:
Балалар, бізсандардысөйлеттік .Ендіқазірменсендергеесептерайтыпматематикапәніненбілімдеріңдітексеремін. Ойланып барып, шешіңдер.
1. Оңқолымда 5 алма,
Солқолымда 5 алма,
Барлығынқосқанда
Боладынешеалма ?
2. 5 алманыңүшеуін ,
Досыңсұрапалады.
Айтшысонданешеуі
Өзқолыңдақалады ?
3. Сымда 5 үйрекотыреді, екеуінүркітіпжіберсек, нешеуіқалады ?
Мұғалім:
-Балалар,біз сендермен осы тоқсаннан бастап бағаланамыз, сондықтан қайбағажақсыекенінбілуүшін , бағалардысөйлетіпкөрейік.
Амира:
1 дегеніңжаманбаға,
Аладыоныжаманбала.
Анар:
2 дегеніңнашар баға,
Інішегім нашарлама.
Бекболат :
3 дегеніңортабаға,
Сапасы оның орта ғана.
Нурканат:
4 дегеніңжақсыбаға ,
Аладыоныжақсыбала.
Ануар :
5 дегеніңүздікбаға,
Оқитынболүздікқана.
Мұғалім:
-Балалар, еңжаманбағаларқайсыекен ?
-Ендешебұлбағаларды аламыз ба?
-Ендеше , еңжақсыбағаларқайсыекен ?
-Әринеол, 5 пен 4. Ендешеолбағаларды біз күнделікті алу керекпіз.
1. жүргізуші::
Ұстаздықеткенжалықпас,
Үйретуденбалаға,-депАбайатамызайтқандай , 42 әріптіүйретіп, білімгежетелегеналғашқыұстазымызғаалғысымызды айтып, әніміздіарнаймыз.
Ән: Ұстазым
Мұғалім:
-Балалар, бізматематикадандабіліміміздікөрсеттік. ЕндіӘліппеменқоштасатындакезкелді.
Әліппебізгеқаншаманәрсеүйреткен екен. БізӘліппеніңарқасындажазужазуға, өзбетімізбеноқуға, сөз, сөйлемқұрауғадағдыландық. ЕндешеӘліппегенедеуімізкерек ?
Хормен:
Әліппегерахмет !
Сания :
Қошбол, құттыӘліппем,
Көпнәрсеніүйреттің.
Таныстырыпәріппен
Тақылдатыпсөйлеттің.
Әліппе:
-Балалар, сендерменіжақсыигеріпсіңдер. Менсендергеризамын, сауболыңдар !
Хормен:
Қош, қошӘліппем!
2-жүргізуші::
Әліппеменқошайтысыпқаламыз,
Ендіқолғабасқакітапаламыз.
Ата-анақуанышқаортақбол,
Сауаттыбоп, шықтымінебалаңыз.
Би«Қаражорға»
Мұғалім:
-Мінебізбелгілібілімелінесаяхатжасап, біліміміздікөрсеттік. Әліппеніоқубарысындаата-аналардыңқосқанүлесіөтемол. Бақыттыбалалықшағыүшін, ата-аналарсіздергекөпрахмет! 1-жүргізуші: 1-сынып оқушыларын құттықтауды сөз кезегі ата-аналар комитетінің төрағасы Баймурзина Асия Нұрахметқызына беріледі.
Мұғалім :
Ендіата-аналарменбірлесіп«Тапқырдостар»аттыойынойнайық.
Ойын. Қазір отратаға 3 оқушы 3 ата-ана шығу керек. Менің қолымда қима қағаздар бар. Қазір мен сіздерге осы қағаздарды үлестіріп беремін. Сіздер өздеріңіздің жұптарыңызды табасыздар да қолдарыңызда қандай фигура екенін айтып бересіздер.
Мұғалім:

Келесібисіздергеарналады, аяулыата-аналар ,қабыл алыңыздар !
Қоштасувальсі.

Мұғалім:

- Балалар, сендер«Әліппені»бітірдіңдер. ЕндігісендердіңжаңадостарыңАнатіліоқулығыболады. Сондықтанәліппеніқалаймеңгерсеңдер, аннатілінсолайоқитынболыңдар. Алендіанатілінортаға шақырайық.
Анатілікеледі.
Анатілі:

Туғанелдіңтілімін,
Ақылыментанымын.
Түсіндірербәріне
Анатіліпәнімін.
Анатілім-ұраным
Анатілім-құралым.
Анатілімболмаса
Мықтыболмастұрағым.
Хормен:
Әліппеменқоштастық,
Анатілмендостастық.
Анатілі:
Төтеп беріп сынға
Қайыспағанауырға
Адалболыпдосына
Басимегенжауына
-Елдіңатынкімдейміз?
Хормен: ( Қазақелі )
Анатілі:Тауларыбареңбиік
Даласыбаржерұйық
Бұлқайел?
Хормен : (Қазақстан)
Біз 1 сыныпоқушылары
-Неніүйрендік ?
1. Анар -Оқуды
2-БатырханЖазуды
3-Амира есепшығаруды
4 Ануар: ән айтуды
5-Аделя: би билеуді
6-Нурканат: үлкендісыйлауды
7-Дана: кішігеқамқорболуды
8-Рустем :елімізгежақсылықжасауды
Ән: Отан
Патша:
-Мынандай , білімді, өнерлі, тәрбиелі, тату, ұжымыжарасқан, елін, жерін сүйетін, Тәуелсіздіктуынбиікұстапөсіпкележатқаноқушыларыбармектептіешқандайдауалаалмайтынынабүгінменіңкөзімәбденжетті. Ендеше, осыбілімордасындаұлттықрухты, дарындыбалаларкөбейеберсіндептілеймін .
Мұғалім:
-Білімпатшасыныңсөзінемендеқосыламын.Бізсендерденүлкенүміткүтеміз.
Қымбаттыбалалар ! Мектептегіалғашқыжеткенжетістіктеріңменқұттықтаймын. Әліппесендердітекәріптерментаныстырыпқойғанжоқ, сендердібір-біріңмендостыққа , мектепережелерінорындайтынтәртіпті оқушыболуғадаүйретті. Білімбаспалдағынаөрлегенсапарларыңсәттіболсын.


Тақырыбы: Қош келдің, Наурыз!

Мақсаты:

1. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, дәстүрлі түрде тойланып келген жыл басы – Наурыз мерекесінің қасиеті мен дәстүрінен сыр шерту. Ұрпақтар санасына ұлттық тағылым мен ұлттық салт-дәстүрлерден хабар беру.
2. Халқымыздың мол мұрасын саналарына сіңіре отырып, тағылым алуға жетелеу.
3. Ұлттық тәрбие көзінен нәр алуға түрткі жасау.
Туған халқының бай ауыз әдебиетін қадірлеуге, салт-дәстүрін пір тұтуға, ұлттық тағылымдармен сусындап өсетін халқының азаматы болуға баулу.


Түрі, формасы: Мерекелік іс-шара.


Әдіс-тәсілі: әндер, ойындар, би.


Көрнекілігі: Қанатты сөздер, қазақтың ұлттық бұйымдары.


Өту барысы:


Анар: Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,

            Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

             Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.

             Балғын шақты біз бақытты балалар!

 

Нурканат: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

 Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!


Анар:

Уа, халайық, халайық!

Мұнда назар салайық.

Мерекесі халықтың

Наурыз тойын бастайық!

Құтты болсын мереке,

Болсын думан береке!


Нурканат:

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Жас балаша нұрланып,

Жадырасып бәріміз.

Күннің жаңа нұры бар,

Мұның ғажап сыры бар.

Халық сүйген мейрамды

Қарсы алайық Наурызды!



«Наурыз келді» әні


Жаңа жыл:

Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Наурыз тойы салтанат,

Наурыз тойы мархабат.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.

 

Анар: Шашу, шашу шашайық,

Ән думанға басайық.

Наурыз келді далама,

Жаңа жыл келді ауылыма.


(Қыздар шашу шашады)


Нурахмет:

Көңілдің құлпыларын ашайық та,

Қиялмен қияларға асайық та.

Қасиетті наурыз тойы елдігіңнің,

Ерке бір қуанышы десе айып па?


Бекболат:

Желпіген аққу құстың қанатындай,

Бақ келіп ақ үйлерге қонатындай.

Қасиетті наурыз тойы пәктігіңнің,

Тойы деп айтуға да болатындай.



Олег:

Салтымен ата – бабамның

Жаңғырды қайта заманым.

Жаңа жыл басы – бұл Наурыз

Қайырлы болсын қадамың!


Анар: «Қошақаным» әнін қабыл алыңыздар!


«Қошақаным» әні.


Нурканат:

Ұлы күнде халайық,

Қалай қарап қалайық,

Сәйгүліктей ағайық,

Жасын болып жанайық.

Ортамызға шақырып,

Бабамыздың Қыдырдай

Ақ батасын алайық!


Анар:

Наурыз болып бізге сын,

Кержалқаулар торықсын.

Талапты мен іскерге

Қыдыр келіп жолықсын!


Бірге:

Қыдыр ата, Қыдыр ата келеді,

Қыдыр ата бізге бата береді!

Анар:

Осы тойға батасын берсін деп Кыдыр атаға сөз берейік.



Жасулан (Қызыр ата):

Ұрпақтардың бағы болсын.

Арайланған таны болсын.

Ақ батамен қол жайғанның,

Тілегінің бәрі болсын!


Нурканат:

Ей, балалар, балалар,

Енді маған қараңдар!

Наурызды тойлайық,

Қызық ойын ойнайық


Мұғалім: «Кім жүйрік» ойыны.

Ойын тәртібі: Бұл ойынның мақсаты сөзден сөз құрау.  «Ұзынсары» сөзінен басқа сөздер құрап шығару. Ал сонымен, шыныменен кім жүйрік екен?


Анар: Ортаға Тортаева Аделяны «Балапан» әнімен шақырамыз.


Амира:

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Би билеп, ән өнерге тамсанайық.

Аңызбен ертегімен бізге жатқан,

Құрметті қонақтарды қарсы алайық.


Аделя:

Жоғарыға шықсын қонақтар,

Келіп тұрған алыстан.

Құттықтайды сіздерді

Наурызда бізбен қауышқан.

Ал, халайық тұрмайық,

Әндетейік, шырқайық.


Анар: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй, - деп Абай атамыз айтқандай ортада ұлдардың орындауында «Тұлпарым» әнін қабыл алыңыздар.


«Тұлпарым» әні.



Анар:

Қазақтың көрген-білгені, өмірден түйгені халық ауыз әдебиетінің бір түрі мақал-мәтелдерден көрініс тапқан. «Ердің көркі – сақал, сөздің көркі – мақал» деген де қазақ. Ендеше, мақал-мәтелдерден жарысайық.

Мұғалім:

Мақал-мәтелдерден жарыс ұйымдастыру/ берілген мақалдарды жалғастыру/.

  1. Өз елім - ..... (өлең төсегім)

Туған жердің күні де ыстық,

  1. ..... (Түні де ыстық)

Ел іші - ... (алтын бесік)

  1. Адам көркі шүберек,

... (Ағаш көркі жапырақ)

  1. Күш - .... (білімде)

  2. Оқусыз білім жоқ,

... (Білімсіз күнің жоқ)

  1. Тіл тас жарады,

.... (Тас жармаса, бас жарады)

  1. Әдепті бала арлы бала,

... (Әдепсіз бала сорлы бала)

  1. Еңбек етсең ерінбей,

... (Тояды қарның тіленбей)

  1. Еңбектің наны тәтті,

... (Еңбектің жаны тәтті)


Рустем:

Ортамызды ашайық

Думандатып би билеп

Ән мен күйді төгілдіріп,

Інжу-маржан шашайық,

Жиналған жұрт таң қалсың

Өнерден күмбез жасайық.

Дана:

Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп.

Шаруаның кенелген

Мейрамы ежелден.

Құтты болсын, Наурыз!


Алипа:

Жаңғырар дәстүр салтымның

Көзелсін бұлақ жалғасы

Қастерлі менің халқымның

Мереке «Наурыз» жыл басы.

Сания:

Арпа, бидай бастаған

Жеті дәмнен аспаған.

Наурыз көже ― көп көже ―

Бұл тойдағы бас тағам.

Нурканат:

Өнерді танымменен түсінемін,

Қашанда өнерлі жас сүйсінерім.

«Қазақ биін» билесін мың бұралып,

Биіменен шашу шашып бишілерім. Ортада «Қазақ бишілері».

«Қахақ биі»



Анар:  Уа, халайық, құлақ сал!!!

                    Жақсылыққа қашанда,

                    Жан баласы тоймаған,

                    Жаңа жылдың басы деп,

                    Жылда бізбен тойлаған.

                     Шашу шашып көл-көсір,

                     Көжесі қазанда қайнаған.

 Осы кезде «Тазша бала» дорбасының ішінде нөмірленген асықты оқушыларға, ата-аналарға үлестіріп береді. Содан соң осы асықтың нөмірін атап, сұрақтар қояды. (сайыс түрінде өтеді).


: №1. Наурыз дегеніміз не?

  № 2. Наурыз мейрамында қандай тілектер айтылады?

  №3. Наурыз туралы ән немесе өлең айт.

  №4. Көктем айларын ата..

№5. Жеті атаны ата.

 №6 Төрт түлікке қандай жануарлар жатады? Аттарын ата.

 №7 Наурыз мейрамында қандай ұлттық тағамдар пісіріледі?


«Армандастар» әні.


Нурканат: Ән қосылсын әңіне,

                    Сән қосылсын сәңіне!

                    Ырысты боп жаңа жыл,

                    Бақ дарысын бәріңе!


Анар: Ой қосылып ойыңа,

           Бой қосылсын бойыңа!

            Аман –есен жетейік.

             Келер Наурыз тойына!

 






















Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Жеке тұлғаны қалыптастыру. Р.Көккөзова. 2004 ж.

2.»Ойын – оқушы білімін берік меңгерту құралы». А.Рысқұлбекова. 2005 ж.

3.»Бастауыш сынып» журналы. 2012 ж.

4.»Бастауыш мектепте оқыту» журналы. №11, 2011 ж.

5. «Мұғалім-әдіскер» журналы. №1,№2, 2012 ж.

6. Ойнайық та, ойлайық. Р.Кашенова. Поиграем, поговорим. Алматы, Ана тілі, 1996 ж.









Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!

Закрыть через 4 секунд
Комплекты для работы учителя