СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бастауышпен қоштасу

Нажмите, чтобы узнать подробности

2014 жыл 1 қырқүйекте 21 оқушыны қабылдадым.Міне қас қағым сәтте орта буынға аттағы отырған шәкірттерімнің өнерлері

Просмотр содержимого документа
«Бастауышпен қоштасу»

Бекітемін: МДТІЖО:Ф.Рыскалиева Күні: 18.05.18

Тақырыбы: «Бастауышым-балбұлағым»

Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.

Қанатты сөздер мен тақырып.

Кіріспе сөз:

Мұғалім:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда .

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Бастауышым-балбұлағым» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

олай болса,бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!

1.Елеусінұлы Сұлтан- ақылды,өте салмақты бала. Әнді қалай орындайды десеңізші!

2.Муфтахиева Ақниет- өте ақкөңіл. Жайдары жүзімен жан – жағына жылу шашып,бар адамды өзіне жақын тартады,әкесінің еркесі. Өлең,жырларды нақышына келтіріп оқығанда алдына жан салмайды. 

3.Русланқызы Жанерке-Олимпиада жүлдегері сыныбымыздың математигі, озат оқушы

4.Робердұлы Рахымжан-Ақкөңіл,қағілез оқушы

5.Маденият Шыңғыс- ата-анасының еркесі,үйінің кенжесі, көркем сөз шебері,намысқой спортшымыз

6.Габдилкаким Арайлым-кейіпкерлерді сомдаушы,алақанмен сурет саламыз номинациясының жүлдегері, үйінің тұңғышы. Әже тәлімін әрдайым жадында ұстап жүреді. 

7.Марат Бақытжан-Болашағынан үлкен үміт күткен суретшіміз

8.Шынтасқызы Диана-Ұлдармен қатар түсетін намысқой оқушымыз

9.Мендебеков Жанатбек-Әр ісіне ұқыпты,еңбек сүйгіш оқушы

10 Аблхас Бауыржан- үйінің тұңғышы. өте талантты бала. өзінің алғырлығымен, шығармашылығымен өз ортасының көсбасшысы.

11Хабдрахимова Аружан-Мың бұралған биші,өте ақкөңіл,бауырмал,әжесініңкішкентай ерке қызы.

12Қалымжан Бекнұр- ақкөңіл бала. ән айтқанды,сурет салғанды ұнатады.
13.Таташ Бекбол-мектепішілік 21 ғасыр көшбасшысы,майталман математигіміз

14.Рыспаева Айтолқын-Көркем сөз шебері,сынып аруы,әнші қызымыз

15.Қубаев Жақсылық- Кішіге қамқор,еңбек сүйгіш оқу екпіндісі

16.Гариполлаева Толғанай-көркем сөз шебері ,Республикалық,аудандық олимпиаданың жүлдегері,байсалды оқушы


Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4- сыныптарды ортамызға!


Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.



Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт.. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,

ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!


Толғанай: Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!


Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар


Бекбол: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!


Жанерке:Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!


Бекбол : Дұрыс айтасың Жанерке ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.


Жанерке : Олай болса Бекбол алтын ұя мектебімізге арнап

Арайлым мен Айтолқынның орындауында «Мектебім» әнін тамашалайық!

Ән: Мектебім. Арай ,Айтолқын


Толғанай : Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық


Сұлтан: Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.


Шыңғыс:Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.




Айтолқын: Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,

Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.

Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып , сан тарапқа тараған.


Мектебім- сүйікті мектебім,

Бауырыңда түлеймін , көктеймін.

Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,

Өзіңнен нәр алып көктедім.


Бауыржан: Мектеп – кеме , білім – теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Төрт жыл алған білім нәрін ,

Азық етіп ер жетеміз.


Келесі тамашалайтынымыз Жақсылық пен Сұлтанның орындауында Ән : «Мектебім »Жақсылық,Сұлтан


Толғанай: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Айнұр?


Бекбол :Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.


Жанерке : Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!



Диана:Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып , мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.


Жақсылық:Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,

Жирендік , ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.



Толғанай: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,

Басталған ақ батаңнан жас талабым.

Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,

Ұстаздың ұлағатынан басталарын.



Бекбол: Кеп- кешегі жабырқау қайда қалған,

Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.

Мейірің ба , ұстаздық жүрегің бе?

Жан дүниесін баланың жаулап алған.



Шыңғыс:Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Біз әлі биіктерден көрінеміз,

Үміт пен сеніміңіз ақталады .


Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

Мың алғыс мына отты жүректерден!


Ән:Бауыржанның орындауында «Алғашқы ұстазым»

Вальс Маскарад


Жанерке: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.

Бекбол: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Толғанай: Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !


Бақытжан : Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.

Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,

Қайталап атымызды сұрасқанбыз.


Рахымжан:Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар , мәңгі талай жылдарға.

Бастауышым- бал бұлағым ,

Алдым сеннен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

Ән.Ақниет


Аружан : бастауышым- балбұлағым

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым- бал бұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.


Бекнұр: Ойланып есеп шығартып,

Төрт таңбаны білдірген.

Ғылымдардың патшасы,

Математика данасы



Жанатбек: Қазақ тілі пәнінен,

Білім алды балалар.

Сөйлемді, сөз таптарын,

Етістіктің шақтарын,

Жалғаулар мен жұрнақтар.

Ережесін жаттадым.


Арайлым:

Бар жақсылық бір өзіңнен табылар

Ұстазға тән қасиеті бәрі бар

Гүлімжан апай бір өзіңе арналған

Шәкіртіңнің жыр – пейілін қабыл ал


Аружан (ағылшын пәні)


келесі тамашалайтынымыз Толғанай мен Жанеркенің орындауында

ӘН: «Бастауыш мектеппен қоштасу»

Аққу биі (Нежность)

Бекбол: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.


Толғанай:Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек ау.


Рахымжан:Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген.


Арайлым:Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!


Ақниет:Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!


Буратино

Ұлдар биі


хор. Ай дидарлы анашым

хор Анашым-анажаным

Бекбол:Құрметті көрермендер! Көңіл күйлеріңіз әруакытта көтеріңкі болсын! деген ниетпен кыздардың биін тамашалаңыздар

Би. Көңіл күй


Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Осымен «Бастауышым-балбұлағым» атты мерекеміз мәресіне жетті. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет! Кездескенше күн жақсы!

 


Ұстаз тілегі:

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.


Құрметті ата-аналар менің де сіздерге айтар алғысым шексіз. Осы жылдар ішінде сіздер менің білім беру жолында көмектеріңіз шексіз болды. Сіздерге көп-көпрахмет. 
Сүйікті шәкірттерім орта буынға ұшқан сайын ұстаз жүрегінде тәтті қимастық,сағыныш, болашаққа деген сенім баурап ерекше күйге түсіреді.. 
Сондықтан, шәкірттеріме бастауышта алған білімдерімен тәрбиелерін әрі қарай өмірде қажетіне жаратар деген сенімдемін.

Құттықтау сөзі

Марапаттау рәсімі

Қорытынды сөз