СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бастауышым-балбұлағым.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл ертеңгілік бастауыш мектеппен қоштасуға арналып құрылған.Оқушы бойында жауапкершілік сезімін оятса,ата-ана жүрегіне қуаныш ұялатады.

Просмотр содержимого документа
«бастауышым-балбұлағым.»

Бастауышым-балбұлағым.

(бастауыш мектеппен қоштасу ертеңгілігі)

Мақсаттары:

1.Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынына, білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2.Бастауыш сыныбымен,алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштасу,сәтті сапар тілеу.

3.Білім ордасы-мектепті,ұстаздарын құрметтеп,білімге деген құштарлықтарын арттыру.Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері:

  1. «Бастауыш мектеп түлектері» қабырға газеті,

  2. Қанатты сөздер: 1)«Бүгінгі шәкірт-көгершін, 2) «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың,

Болашағың көгерсін!» Саған мәңгі басымды ием,Бастауышым!»

3.Гүлдер,шарлар,жалаушалар.

­Өту барысы:

І.Кіріспе:

1-жүргізуші: -Қайырлы күн,құрметті ата-аналар,ұстаздар!

2-жүргізуші:Қайырлы күн,құрметті қонақтар!Балалық шақтың куәсі -бастауыш мектеппен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:-Толқимыз,толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күй болған ,сірә,қаншаңызда.

Қол соғып қошеметпен шақыралық,

Төртінші «А» сыныбын ортамызға!

2-жүргізуші:Адал да,ақкөңіл-Аяна,Аружан,Аслан,Ақерке,Арнұр,Айгерім,Альбина.

1-ж:Әдепті -Әділет. 2-ж:Байсалды-Бейбіт.

1-ж:Гүл жайнаған-Гүлден,Фариза. 2-ж:Досшыл- Қос Дильназ бен Диас

1-ж:Елгезек-Ерболат 2-ж:Жайдары,жарқын-Жанель,Жанат.

1-ж:Инабатты-Ильяс 2-ж:Мейірімді-Меруерт,Мерей

1-ж:Салмақты-Самал,Сұлушаш 2-ж:Уақытын үнемдей білетін-Уәли.

1-ж:Шыншыл-Шерхан.

Мұғалім: Оқушылар:

-Осы біздер қандаймыз? -Талабы биік таудаймыз!

Мұғалім: Оқушылар:

-Нені ұнатамыз? -Жақсылықты ұнатамыз,

Жамандықтан тез қашамыз!

Мұғалім: Оқушылар:

-Қалай оқимыз? -Көп оқимыз.Терең оқимыз.

Жанып тұрған тұрған шырақпыз,

Ағынды су бұлақпыз!

Мұғалім: Оқушылар:

-Біз кімбіз? -Туымен тұғырлы,Елтаңбасымен еңселі,

Әнұранымен айбатты

Қазақ елінің болашағымыз!

2-жүргізуші:Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер қазақты байрағынан таныған.

Өзі ақын,өзі әнші халыққа

Жарасады жігер берер Әнұран!

ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Мұғалім: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын сондай әрбір күнің,әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,

Тойларыңыз құтты болсын ағайын!

Құрметті ата-аналар,ұстаздар,қонақтар!Алдарыңызда тұрған балаларыңыз 4жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкене балдырған сәбилер еді.Енді міне,бойлары да,ойлары да өсіп,бастауыш сатыдан білім алып,оны аяқтап,орта буынға өткелі тұрған азаматтар.Олай болса,құрметті бастауыш мектеп түлектеріне білім айдынында сәт-сапар тілей отырып,мерекелік ертеңгілікті әрі қарай жалғастырайық!

ІІ. «Бастауышым-бастамам»

1-ж:Өтті оқу,сан сабақ, 2-ж:Бастауышым-бастамам,

Бүгін бізде салтанат. Білім жолын бастаған.

Білімменен достасып, Білім шыңы-биікте,

Бастауышпен қоштастық! Беліңді бу,жас данам!

1-оқушы:Мектеп деген-үлкен білім бұлағы,

Ұстаздар мен шәкірттердің тұрағы.

Айқара ашып біздер үшін құшағын

«Кел,сусында,оқы,біл»деп тұрады.

2-оқушы:Мектебім-білім берер алтын ұям,

Ер жетіп,сенде есейіп,артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.

3-оқушы:Мектеп-кеме,білім-теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

4 жыл алған білім нәрін

Азық етіп ер жетеміз.

4-оқушы:Мектеп деген- білім кені жыр кені,
Мектеп деген- ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген- тәрбиеші адамға,
Мектеп деген- даналардың мекені.
5-оқушы:Мектебім, алтын ұяң, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
6-оқушы: Мектебім – сүйікті мектебім.
Бауырыңда түлеймін көктеймін.
Сен – бұлақ, мен – мен қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.
7-оқушы:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі,
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
(оқушылар бас иеді)
8-оқушы:Аяулысың, алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектепке арналады бұл әнім.

1-ж:Мектеп қой еліміздің қаны,жаны,

Мектептен басталады бәрі-бәрі.

Бүгінгі салтанатты кешімізде

Шырқалсын мектеп жайлы қазақ әні!
«Анадай асыл мектебім»әні.(хор)

2-ж:Біз бүгін білім нәрімен сусындатып,ілімнің іргетасын қалаған бастауыш мектеппен,оңымыз бен солымызды танытқан алғашқы ұстазбен қоштаса отырып,бастауыш сыныпта білім берген пән мұғалімдеріне де алғысымызды білдірмекпіз.

1-ж:Еліміздегі қатынас тілі-орыс тілін үйретіп жүрген ұстаздар Райхан Түсіпқызы мен Бақыт Темірқызы, сіздерге арнаймыз!

9-оқушы: Мы обещаем вам учится,

Лишь на четыре и на пять.

Чтоб нами вы могли гордиться

Чтоб все уметь и много знать!

2-ж:Ағылшын тілі де біздің өмірімізде елеулі орын алуда.Қазақ тілімен қатар қойып жаттап жүрген, ағылшын әліпбиімен таныстырған Жұмабике Ражабқызына алғыс айтамыз!

10-оқушы:Ұстазымыз ағылшынды үйретті,

Жаттатқызып әрбір әріп,суретті.

Қанша есейіп біз биікке кетсек те,

Үйренеміз шет тілінде сөйлеуді.

1-ж:Біздің шапшаң,епті болуымызға көмектескен,шаршағанымызды ұмытатын сабақ- дене шынықтыру сабағы. Осы пәннің мұғалімі Махаббат Даутбекқызы,сізге арналады.

11-оқушы:1-2-3,Бойға жинап күш,

Біз балдырған баламыз.

Әлі де өсіп-толамыз,

Сонда спортсмен боламыз!

2-ж:Бізге ән айтуды,музыканы тыңдай білуді үйреткен-Гүлсая Асылханқызына алғысымыз көп!

12-оқушы: Іздендік біздер шарқ ұрып,

Үйрендік өлең айтуды.

Төгіліп күйлер шертіліп,

Домбыра ән боп тартылды.

1-ж:Мейірім мен адамгершілікке баулып,өзіміздің мінез-құлқымызды танып білетін «Өзін-өзі тану»пәнінің ұстазы,әрі биші Гүлнұр Асқарқызына арнаймыз!

13-оқушы:Жамандықтан сақтандырған,

Жақсы істі мақтан қылған.

Білім алған мектебімде

Билер билеп шаттандырған.

2-ж: Өз пәндерінің ұстасы болған-пән мұғалімдеріне биден шашу шашамыз!

«Қуыршақтар» биі.(ұлдар мен қыздар тобы)

1-ж: Жылы сөздеріміз бен асыл тілектерімізді білім бастауы-Әліппені ең алғаш қолға ұстатқан,

2-ж:Ең асыл ұғымдармен таныстырып,ең жақсы қасиеттерге баулыған,

1-ж: 4жыл бойы білім нәрімен сусындатқан,

2-ж:оқуға,жазуға үйреткен,

1,2-ж.бірге:Ардақты,аяулы ұстазымыз-Раушан Мадесқызына арнаймыз!

«Көбелек»биі.(қыздар тобы)

14-оқушы:Жасқана ашып есігін,

Сыныпқа әрең еніп ек.

Қанша сәби болсақ та,

Ұстазға шексіз сеніп ек.

15-оқушы:Еркесі едік мәпелеген әр үйдің,

Отын жаққан кеудемдегі жалынның.

Адам бол деп маңдайымнан сипаған,

Ұстазымды ұлы адам деп танимын.

16-оқушы:Ұстазымды алғашқы жан анамдай көремін,

Бойында барды аямай сарқып бізге беретін.

Балапанын қорғаштаған қызғыштай,

Білім нәрін санамызға егетін.

17-оқушы:Енді міне,сағымдай өте шықты,

4жыл уақыт аз ба екен,кім біліпті?

Ұстаз-ана жасады мына бізден

Ел танымас азамат бір-бір мықты.

18-оқушы:Арада өтсе-дағы дүркіреп жыл,

Ой қосып,қостың ұстаз санама нұр.

Өзіңе борыштармын өмір бойы,

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл!

2-ж:Жылы жүзің күн көзіндей арайлы,

Кеңесіңмен жолға салдың талайды.

Ұстаз,Сізге бас иеміз бәріміз,

Біздер үшін ағарттыңыз самайды.


1-ж: Жүрегімде ұстаз берген сабағы,

Өн бойыма тамырланып тарады.

Ұмытпаймыз салған жолын,ақылын,

Хормен:Мәңгі,мәңгі,мәңгі есте қалады!

«Мұғалім»әні.(хор)

2-ж:Мектеп табалдырығын аттап,білім теңізіне шомылуға шыққан балаға ата-анасынан жақын, жанашыр, қамқоршы жан жоқ.

19-оқушы:Ана-біздің күніміз,

Біз-ананың гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз!

20-оқушы:Өр тұлғалы әкелер,

Қырандай боп балапанын мәпелер.

Бүгін,міне,бастауышпен қоштаспақ,

Азамат боп кешегі сәби еркелер.

1-ж:Ата-ана, жаз күніндей қабағыңыз,

Таң нұрындай арайлы ғой ажарыңыз.

Гүлдей жайнап қасымызда болсаңыздар,

Балбыраймыз,бал-бұл жанып жанарымыз!

2-ж:Біздің ардақ тұтар ата-аналарымызға арналған биді тамашалаңыздар!

«Ботақан» биі.(қыздар мен ер балалар тобы)

Мұғалім: 2009/10оқу жылы 1-ші қыркүйек күні бірінші сынып табалдырығын 24бүлдіршін атттаған еді. Міне,қызығы мен қиындығы бірдей болған 4жыл сырғып өтіп,сол 24бүлдіршін бүгін бастауыш мектептің 24түлегі болып,орта буынға өткелі тұр.Олар бір-бірімен тату,достығы жарасқан үлкен бір үйдің балаларындай

21-оқушы:Жұп жазбастан жүреміз,

Біздің сынып мақтаулы.

Өйткені біз сүйеміз

Дәйім тәртіп сақтауды.

22-оқушы:Өнеріміз өрге жүзер өнерде,

Білімдіміз-ойда оқу,біздерде.

Мақсатымыз-өнерлі боп,жақсы оқу,

Өнер,білім-тең таразы біздерге.

1-ж:Бірдей біздің ойымыз бен сырымыз,

Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

Бірге өсеміз оқуда да,еңбекте,

Күліп ойнап бірімізбен біріміз!

«Достарым»әні.(хор)

Мұғалім:Мектепте оқыған оқушының езу тартарлық қызықтары жетерлік.Олай болса,солардың кейбіреуін көріп-тамашалайық.

ІІІ. «45минуттың қызықтары»

«Лето»биі.(мульфильм үзіндісі)

1.Қазақ тілі сабағы: «Етістік» (Етістік,етістікті білмесек,неменеге жетістік?Етістік дегеніміз не? «Ет тістікі» деген сөз)

2.Математика сабағы: «8ді бөлу»(8-ді 2-ге бөл.Қалай тігінен бе,көлденеңінен бе?Тігінен 2-үш,көлденеңінен 2-нөл шығады)

«Теңдеу шешу»(шеш,бол тез,шеш.Костюмін шешеді. «Шеш деймін,шеш»Қойыңызшы апай,шешінуге ұялам)

3.Орыс тілі сабағы: «Алфавит» (Мынау не?-Балапан.Ц әрпі тұр ғой орысша айта қойшы-Цалапан.)

Я,ты,он-местоимения.Это-яблоко.Оно-мое.Скажи,что это?-Это-тыблоко.)

4.«Болашақ боксер»(Апа,маған груша ала келесің ба? Неше кило қарағым?1-еу..Балам,міне,1кг грушаң. Ой,апа!Маған ұратын спорттық груша керек!)

2-ж:Осындай өнерлі,дарынды оқушылар-біздің Тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы.Еліміздің гүлденуі-біздің қолымызда.Тәуелсіз Отанымызда біз бақытты өмір сүрудеміз.

«Жас дәуірдің түлегіміз» әні.(хор)


ІҮ.Қорытынды:

23-оқушы:Ауылым-ырысы мол,құт-мекенім,

Мәңгіге ақ бесігін тербетемін.

Қасиетті Жер-ана,ауыл-елде

Алаңсыз асыр салып,ер жетемін!

24-оқушы:Біз-жас ұлан,Отан-ана өркені,

Үміт артқан болашағы,ертеңі.

Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,

Гүлге бөлеп,жақсартамыз өлкені!

«Отан»әні.(хор)

І-ж:Мектеп,үйім,ұстазым,ата-анам,

Сендерден өсіп,сендерден мен нәр алам.

Саясы ыстық,сендер биік бәйтерек,

Тамырланып,сан тарапқа тараған.

ІІж:Қалайтын баласының сәтті жолын,

Қуаныш кернеп отыр шат жүрегін.

Сіздерге арнап айтар ақ тілегін!

(ата-аналардың тілектері)

Іж: Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпен өзіңізге

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз!

Мұғалім:-Құрметті,бастауыш мектеп түлектері!Сендерді білім теңізінің алғашқы асуын ойдағыдай тәмәмдаған қуанышты мерекелеріңмен шын жүректен құттықтаймын!Алдағы уақытта талмас қанат,қажымас қайрат тілеймін.Білім шыңында алда болуларыңа тілектеспін!

Бітіруші түлектер,

Жүктелер бар аманат.

Айтылды ізгі тілектер

Болмасын еш жаманат!

Хормен:Жақсы оқимыз сабақты,

Баламыз біз талантты!

ІІж:Бастауыш сынып түлектерін және ата-аналарын марапаттауға ортаға мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары_________________________________________________________шақырамыз.

(ата-аналар мен оқушылар марапатталады.)

«Өз елім менің»биі.(қыздар тобы)

ІІж: Құрметті ата-аналар,ұстаздар,қонақтар!

Алдағы уақытта да өзіміздің жақсы біліміміз бен саналы тәртібімізбен алда болуға уәде береміз!

Іж:Құрметті ата-аналар,ұстаздар,қонақтар! Осымен бастауыш мектеппен қоштасу ертеңгілігіміз аяқталды.

Іж,ІІж:Сау болыңыздар!

«Балдырғандар маршы»әні.(хор)


СОҢЫ.




ПІКІР: Бұл іс-шара бастауыш мектеппен,алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштасуға арналған.Баланың білім ордасы-мектепке,ұстаздарына,білімге деген құштарлықтары арта түседі. Оқушылардың бойында достық,ұйымшылдық қасиеттерін арттыруға бағытталған.Ата-ана алдында өз балаларының қабілеттерін танып-білуге мүмкіншілік туғызады.