Тақырыбы: «Бастауышым - бастамам, білім жолын бастаған»
Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға білімді болуға шақыру.
Мектепті, яғни білім ордасын, ұстаздарың құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуына жетелеу, тәрбиелеу.
Бастауышы сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштаса отырып,жоғары сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныту, сәт-сапар тілеп табыстау.
Сынып жетекшінің кіріспе сөзі
Құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар әрине, бастауыш сыныптың түлектері, бүгінгі салтанатты мерекелеріңіз құтты болсын!
Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн Кеше ғана тұлымдарын желбіреп, жүректері лүпілдеп, білім ордасына тарыдай болып еніп, жан-жақтарына таңырқай қарап, жүрексіне табалдырық аттаған балапан едіңдер,. Бүгін, міне, 4 жыл білім нәрімен сусындатқан, қалам ұстап, әріп, танықтан, білімнің негізі – бастауыш сатысымен де қоштасар сәт таянды
Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бір мұрат.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -
дегендей, бұл да бір қуанышты күн.
2019-2020 оқу жылының қорытындысы
Сынып жетістіктері
Қарақат:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би билеп, ән де бүгін шырқалар.
Хадиджа:
Қош келіпсіздер, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған.
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Айша:
Құрметті қонақ құттықтаулары
Құрметті Раушан апай қош келдіңіз,
Өзіңізді мақтан етіп жүреміз біз.
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,
Сөз береміз құрметпен өзіңізге,
Балаларға арналсын тілегіңіз
Бекжан
Мектеп үйім, ұстаздарым, ата-анам,
Сенен өсіп сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған.Сөз кезегін
Диас
Бастауышым – бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын дей отырып құттықтау сөзді
Монтаж:
Сыныпта өткен іс-шаралар
Оқушылармен ата-аналар өмірінен көріністер:
"Есеп"
БАЛА Аида :Әке, кешегі шығарып берген есебіңіз түп-түгел қате екен.
Әкесі Нұржігіт : Не дейді?Мүмкін емес!
Баласы Аида : Ашуланбай-ақ қойыңыз, өзге балалардың әкелері де сол есепті шығара алмапты.
Дүниетану сабағы
Мұғалім :Еркеназ Балалар, қалай ойлайсыңдар, осы жерден Ай алыс па,Африка алыс па?
Оқушы: Өмірбаев Әрине,Африка алыс.Өйткені біз Айды көреміз,Ал Африканы көрмейміз.
Орыс тілі сабағында
-Мұғалім Гүлдана: Сәрсен, сен неге шиколад деп жазғансың?
- Оқушы Шәкір: Жи, ши пишется через и деп үйреткен өзіңіз ғой.
Ермек
Әке Али : -Ермек, бері кел! Кане бізге Абайдың бір өлеңін окып жіберші
Бала Өтеғұлов Д: -Кешіріңдер, мен оқи алмаймын...
Әке Али -Неге?
Бала Өтеғұлов Д -Абай атамыздың өзі жазып кеткен ғой,
«Мен жазбаймын өлеңді Ермек үшін...» деп...
МАТЕМАТИКА САБАҒЫ
Мұғалім: Сенің қолыңда 8 қалам бар.Оның төртеуін досыңа бердің, өзіңде қанша қалам
қалды?
Оқушы:Мен оларға бергенше, үйдегі сіңіліме бергенім жақсы ғой.
Мұғалім: Қатты зат килогараммен, сұйық зат литрмен өлшенеді.Ал ара қашықтық немен өлшенеді?
Оқушы: Сызғышпен
Мұғалімнің сөзі:
Бұл күнге жәйдан-жай жете салмағанымызды ескерсек,бүгінгі күні сіздердің алдарыңызда рахаттана еске алатын сәттеріміз де аз емес.Бір сәт елестетер болсақ…….
(слайд көрсетіледі.)
Шәкір
Өмірде ата-анаңмен бауыр қымбат,
Тай құлындай бірге өскен достар қымбат.
Сусындатып білім беріп үйреткен,
Ұмытылмас дара тұлға ұстаз қымбат дей келе барлық ұстаздарға 4 «А» сынып оқушылары мен ата –аналры алғыстарын білдіреді
Слайд
Ант
1-оқ: Бекнұр Біз №5 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушыларының қатарына ене отыра, достарымыздың, ата-аналарымыздың, ұстаздарымыздың алдында...
2-оқ: Нұрайым Ұстаздардың берген ақылын, білімін, тәрбиесін естен шығармауға...
3-оқ: Асылхан Ұстаздардың жүйке-жүйесін тоздырмауға...
4-оқ: Аяулым Бес пен төрттің құшағында қалықтауға,сүңгуге...
5-оқ: Мансур Мектеп ішінде жүгірмей,алыспай, жұлыспай, бірақ шапшаң қимылдауға.
6-оқ:Бекзат Тақта алдына шыққанда ең үздік қақпашы сияқты бір де бір сұрақты жауапсыз қалдырмауға...
7-оқ: Наз Ұстазымның атына кір келтірмеуге...Ант етеміз ,ант етеміз, ант етеміз.
Қорытынды сөз
Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал кү лкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр Осы қуанышты да қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Шәкірттеріме тілерім: Бүгінгі менің көгершіндерім, болашақтарың көгеріп, көктеп, биіктерге самғаңдар Егеменді еліміздің көк байрағын биіктен желбіретер ақылды,білімді,ел билейтін ұландар,көркейтетін қыздар болыңдар деген тілекпенен Бастауышым - бастамам, білім жолын бастаған атты тәрбие сағатымызды аяқтағым келіп тұр. Амандықта кездескенше
Нұрымбетова Нұрлыгүл Оралбайқызы