Тәрбие сағат 15.05.15ж.
Сабақтың тақырыбы : «Бастауышым – бастамам,
саған арнап ән жазам»
Сабақтың мақсаты:
Білімнің негізі бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынын көз жеткізу.
Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан ұстазымен қоштаса отырып орта буында сабақ беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып. Сәт – сапар тілеу.
Білім берген ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп , білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал азаматы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі : Слайд, А 2, А3 суреттер, А4 нақыл сөздер, мақалдар, ойынға қажетті құралдар,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
Келген қонақтарды , ата – аналарды құрметпен жайғастыру.
Оқушыларды музыка әуенімен ортаға шақыру
Негізгі бөлім:
Мұғалім : Қымбатты ата-аналар, ұстаздар бүгінгі мерекелік сабаққа қош келдіңіздер. Бүгінгі күн мен үшін де, сүйікті оқушыларым үшін де ерекше күн. Оның ерекшелігі сол 4 жыл бойы оқып қанатын қатайтқан балалар бастауыш сыныппен, алғаш көрген ұстаздарымен қош айтысқалы отыр .Осы қуанышты да қимас сәттеріміз құтты болсын балалар.
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда .
Қол соғып , қошеметтеп шақырайық,
4 «Ә» сыныбын ортамызға!!!
Вальс «Қош бол, бастауышым - балбұлағым»
Сіздердің алдарыңызда тұрған оқушылар осыдан 4-жыл бұрын 6 жасар оң мен солын айырмаған сәби болса ,бүгін міне ес біліп білім жиған оқушы .Ал сынып біз бұл күнге жай жете салған жоқпыз .Қиындықпен қызыққа толы күндеріміз әрқашанда есімізде болары сөзсіз.Осы жолда менің алдыма қойған міндетіміздің келешек тізгінін ұстайтын ыстыққа күймейтін, суыққа тоңбайтын , итерсең құламайтын, құласа жыламайтын, тепсе темір үзетін, қуса жеткізбейтін, сегіз қырлы бір сырлы азаматтар тәрбиелеу.Ал балалар қадамдарыңа гүл бітсін.
Балнұр: Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар ұстаздарым қымбатты!
Ислам : Армысыздар әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйла оқы деп,
Үйреткен ғой Абай , Ыбырай бабалар
Темірлан : Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Алтай : Армысыздар өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер
Міне бүгін бастауышпен қоштасады
Азамат боп, кешегі сәби еркелер!
Ән «Аяулы әнім мектебім»
Али : Мектеп – кеме, білім – теңіз ,
Барар жерге тез жетеміз,
Төрт жыл алған білім нәрін,
Азық етіп ер жетерміз!
Айбек : Қазақ тілі пәнінен , білім алды балалар,
Сөйлемді сөз таптарын, етістіктің шақтарын,
Жалғаулар мен жұрнақтар, ережесін жаттадым.
Анашымдай сыр шерткен, Ақыл – білім үйреткен.
Ана тілін оқыдық , ерекше зор құрметпен
Мират : Ойланып есеп шығарып, төрт таңбаны білдірген ,
Ғылымдардың патшасы математика данасы .
Ой жіберсең бәріне, дүниетану пәніне,
Өмір сырын үйретер, жақсы пәннің бірі де!
Ән «Учат в школе»
Мирас : Шаттанамын мен бүгін шаттанамын ,
Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын,
Осы сырды үйреткен бастауышым,
Түстей боп, міне бүгін артта қалдың!
Ләззат : Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ?
Бастауышта алған білім сырларым ,
Азық болар , мәңгі талай жырларға.
Амина : Үйренеміз жалықпай,
Ағылшын тілін шарықтай.
Тіл сындырып,ән айтып,
Шаттанамыз қалықтай,
Диана апай тәлімі
Сәулелісін шашқан жарықтай.
Ән «Әр қашан күн сөнбесін» (ағылшын тілінде)
Айқын : Алдыңа келіп ұстазым, тұңғыш қалам ұстадым
Күлімдеген көзіңнен , мейірімі сезілген.
Сипадың да басымнан, әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан басталғанын түсіндім:
Әділжан : Сөз сөйлесе жарқын - ақ, күлімдейді жарқырап.
Қызық өтіп сабағы, өсіреді сананы.
Біздермен ойнап күледі, сырымызды біледі,
Қасымызда жүреді ,қамқоршымыз ол біздің !
Ән «Ардақты ұстазым»
Зүльфия : Ұстаздар сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады.
Темірлан А: Жүзің жылы, құшағың кең
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге шығамын мен.
Данара : ұстазым ғой әліпбиді үйреткен,
Көкейімде көрік беріп үйреткен.
Мені оқытып , өркенімді өсірген,
Жалындатып жанарыма нұр еккен.
Би «Мереке күніңмен»
Мұғалім :
Өздеріңмен адымдап аспандаймын,
Сендер барда ешкіммен жасқанбаймын.
Бастауышты бітірген сендер
Ал мен тағы бір белестен асқандаймын.
Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын арман тілек талаптарың.
Самғаңдар биіктерге қайрылмасын
Енді ғана қатайған қанаттарың
Ия ия қатайды қанаттарың
Тағы бір өтсем бе екен санап бәрін
Мінекей бүгін міне бәріңе де
Қимасттықпен қараймын ҚАРАҚТАРЫМ!
Карина :Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Әйгерім : Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
Дильназ : Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
Еркебұлан : Бастауышым- бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Өтті сенде қызық шағым
Би «Флешмоб»
Лаула : Би биленіп ән айтылар аспандап
Бірте – бірте көтерілді баспалдақ
Алғаш ұстаз алғыс айтып өзіңе
Қоштасу сәт қимастықпен басталмақ
Барлық білім бастауыштан басталған
Алғыс саған үлкендермен жастардан
Рахмет саған алғаш ұстаз апайым
Еңбегіңді ойға тоқып қайтарам!
Хамит : Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны
Айқара есік ашып тастағаны
Бір мереке думан боп осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны
Диас : Енді міне, сағымдай боп өте шықты
4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,
Ұстазымыз жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.
Ән «Көңілді күн»
Қорытынды:
Тәрбиелік мәні бар ойындар
Мұғалім: Бойларында от бар екен, байқадым!
Жүректерде шоқ бар екен байқадым!
Әр қашанда осы отты сөндірмей,
Жалындатып шарықтаңдар , айтарым.
Қонақтарға , ата – аналарға оқушыларға арналған қоштасу бейне таспа (слайд)
Ата – аналарға сөз кезегі
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін
ортаға шақырайық ата – ананы
СОҢЫ