СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Батырлар жыры. «Қобыланды батыр» жыры

Категория: Русский язык

Нажмите, чтобы узнать подробности

Батырлар жыры - көлемі жағынан да, мазмұн-мәні жағынан да қазақ фольклорында ауқымды орын алатын аса көрікті жанрлардың бірі.

Батырлар жырының басты тақырыбы - ерлік, батырлық, елді сыртқы жаулардан қорғау. Елді, жерді сүю, Отан қорғау мөселесі - қай жырдың болмасын алтын арқауы. Онда ел басынан өткен елеулі оқиғалар нақты бейнеленбегенмен, тарихи кезеңдердің табы айқын байқалып отырады. Елдің әрідегі ескілігін жырға қосатын көне эпостарда тарихи оқиғалар тым көмескі тартып, киял-ғажайыптық сипат басым болса, одан беріректе туған қаһармандык эпостарда тарихи оқиғалар сілемі нақтырақ көрініс береді. Есімдері мәлім тарихи түлғаларды (Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Кенесары, Наурызбай, Ағыбай, Есет, Жанқожа, т. б.) жырға қосатын шығармаларда тарихи деректілік тіптен басым. Яғни батырлар жыры - елдің азаттықка ұмтылган күрес жолының ерлік шежіресі. Халықтың елге қорған болған айбынды адал ұлдарына сөзден соққан ескерткіші.

Просмотр содержимого документа
«Батырлар жыры. «Қобыланды батыр» жыры»

Мерзімі: 8.09.2017ж.

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры. «Қобыланды батыр» жыры

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Батырлар жыры туралы мәлімет беріп, жырдан үзіндіні таныстыру. Жырдағы батырлар ерлігін, халқы үшін жанын беруге дайын екендігін түсіндіру.

ә) Тәрбиелігі: Ойлау қабілеттерін, қиялын жыр кітаптар, суреттер арқылы, тірек кесте толтыру. Мақал – мәтелдердің мағынасын ашып түсініп, дамыту;

б) Дамытушылығы: Елін, жерін қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Батырлар суреттері, жырлар жинағы, мақал – мәтел

Сабақтың әдісі:  жинақтау.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

   Психологиялық дайындық.   Сабаққа қызығушылығын ояту.

II. Үй тапсырмасын тексеру

    а) Сұрақ – жауап арқылы пысықтау

    ә) Іштей оқыту

    б) Рөлге бөліп сахналау

    в) Үй тапсырмасын бекіту.

III. Жаңа сабақ.

І-топ:

Батырлар жыры - көлемі жағынан да, мазмұн-мәні жағынан да қазақ фольклорында ауқымды орын алатын аса көрікті жанрлардың бірі.

Батырлар жырының басты тақырыбы - ерлік, батырлық, елді сыртқы жаулардан қорғау. Елді, жерді сүю, Отан қорғау мөселесі - қай жырдың болмасын алтын арқауы. Онда ел басынан өткен елеулі оқиғалар нақты бейнеленбегенмен, тарихи кезеңдердің табы айқын байқалып отырады. Елдің әрідегі ескілігін жырға қосатын көне эпостарда тарихи оқиғалар тым көмескі тартып, киял-ғажайыптық сипат басым болса, одан беріректе туған қаһармандык эпостарда тарихи оқиғалар сілемі нақтырақ көрініс береді. Есімдері мәлім тарихи түлғаларды (Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Кенесары, Наурызбай, Ағыбай, Есет, Жанқожа, т. б.) жырға қосатын шығармаларда тарихи деректілік тіптен басым. Яғни батырлар жыры - елдің азаттықка ұмтылган күрес жолының ерлік шежіресі. Халықтың елге қорған болған айбынды адал ұлдарына сөзден соққан ескерткіші.

ІІ-топ:

Батырлар жыры елдің сан ғасырлық тарихын, ерлік дәстүрін, кезеңдік оқиғаларға деген халық бағасын, алдан күткен үміті мен аңсар-мұратын көркем жинақтап бейнелейді. Ол тарихтың шалқар кешінде жиі қайталанатын соғыстар мен шайқастардың жылнамасы емес, ел есінде ерекше қалған елеулі оқиғаларды жинақтай бейнелейтін көркем туынды. Халықтың оны ерекше қастерлеп, сүйсіне жырлап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етуінің тағы бір сыры ондағы отаншылдык идеяның ерекше асқақтығында. Халықтың арман-мұңының үнемі алдыңғы кезекте тұратындығында.

Ең алдымен оның басты қаһарманы - батыр. Батырлар жырының барлығында ол әдеттен тыс жағдайда дүниеге келеді. Бір балаға зар болған ата-анасы оны тәңіріден тілеп алады. Ғайыптан туған ол жастайынан алып күштің иесі және тез ер жетеді. Алғашкы ерлігін өзіне жар таңдау сапарында көрсетеді. Оның жары да өзіне сай ер мінезді, ақыл-парасатқа бай, сезімтал, айнымас жолдас болып келеді.

ІІІ-топ:

Жырда батырмен ажырамастай бірлікте сипатталатын бейненің бірі - оның аты. «Ат - ердің қанаты» деген нақылға берік халық жырларында ат - батырдың ең жақын серігі. Батырдың аты жырда ерекше әсерлене суреттеледі. Ол «алты ай жорытса арымайтын» жауға мінетін тұлпар ғана емес, қысылған жерде батырға ес қосатын ақыл иесі болып көрінеді. Сол сияқты батырлар жырында "Қобыланды сонда сөйлейді, сейлегенде бүй дейді», «Қорамсаққа қол салды, бір салғанда мол салды» деген сияқты тұрақты кайталаулар болады.

Батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді.

Қобыланды батыр туралы өтеміз. Ол туралы әкелген мағұлматты ортаға салайық

І топ: Қобыланды батырдың тарихтағы орны. 
Қобыланды батыр, Қарақыпшақ Қобыланды – аты аңызға айналған халық батыры, қолбасшы. 
Шамамен XV ғасырда өмір сүрген. Қыпшақ тайпасының қарақыпшақ тармағынан шыққан. Халық жадында сақталған әңгімелерде оны көбіне «Қарақыпшақ Қобыланды» деп атайды. Сондай-ақ, Қобыландының ірі қолбасшысы болып, талай шайқастарға қол бастап барғаны жөнінде де баяндалады. 
Ол жас кезінде Көшпелі өзбектер мемлекетінің билеушісі Әбілхайыр ханның жанында жүреді. Ханның арандатуымен Қодан тайшының ұлы Дайырқожаны (Ақжол биді) өлтіреді. Бұл оқиға Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайырдан бөлініп 200 мың адаммен бірге Шу өзені бойына көшуіне, сөйтіп, жаңа мемлекет – Қазақ Хандығының пайда болуына алып келеді. Қазан қаласына жасалған жорыққа қатысқан.Едіге бидің төртінші ұрпағы Әлшағырмен соғысқан. Өзі де Әлшағырдың ұлы Орақ батырдың қолынан қаза табады. Бейті қазіргі Ақтөбе облысы аумағында. 
ІІ топ: Қобыланды батыр жырының негізгі идеясы. 
"Қобыланды батыр" жыры - қазақ халқының қаһармандық жыры.Негізгі мазмұны – шетел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Көркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзі халықтарының белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған классикалық шығарма.Жырдың ең көне түрі бізге жетпеген. «Қобыланды батыр» жырын жырлаған ақын, жырау-жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрғысынан толықтырып, өңдеп, әрлеп отырған.Сондықтан да, «Қобыланды батыр» жыры көп нұсқалы жыр. 
Бізге талай ғасыр талқысына түсіп, талай ақын-жыраулардың өңдеуінен өткен кейінгі нұсқасы ғана белгілі. 
ІІІ топ: Қобыланды батыр жырының жинақталып, хатқа түсірілу мәселесі жөнінде. 
«Қобыланды батыр» жырын жинау, хатқа түсіру жайы тек ХІХ ғасырда ғана қолға алынды. «Қобыланды батыр» жырының бізге 29 нұсқасы жеткен. Оның 26 нұсқасы – Қобыланды батырдың ерлігі жайында,Қай нұсқа болмасын алғаш хатқа түсіріп, оны жырлаған ақын-жыраулардың аттарымен (Мысалы: Мергенбай, Біржан, Нұрпейіс, Қабыл, Нухридин т.б.) аталған. Суретте «Қобыланды батыр» жырын таратушы жыршы Сеспайтегі Нухридин Жаңаарқа өңірінде жырлаған. 

      Қобыланды батырға мінездеме бер.

 Нар түйедей, ержүрек, өжет, қайратты.

Батырлардың киімдерінің және қару – жарақтарының аттарын атап жаз.

Найза, садақ, жебе, айбалта, қылыш, пышақ.

ІV . Бекіту.                       

1.Тапсырма: Қобыланды батырға қатысты теңеулерді тауып мінездеме бер.

Қобыланды нар түйедей, ақсұңқар құстай, түлкідей, арыстан туған қаһарман,өжет.

2. Тапсырма: екі қатарға тең бөліп,батырдың киімдерін, қару- жарақтарын атау.

Киімдері

Қару- жарақтары


Дуылға

Сауыт

Жамылғы

Белдік


Садақ, жебе, найза, сүңгі,

Айбалта, қалқан, қанжар, қылыш,

Семсер, мылтық , шоқпар.










V  . Қорытындылау.

Батырларды ата.  Ерлік туралы мақал – мәтелдер оқы.Үйге: мазмұнын баяндау.VIII. Бағалап, мадақтау