СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Батыс Еуропаны? ша?ын капиталистік елдері.

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

1. О?ушыларды?  Батыс Еуропаны?  ша?ын капиталистік елдеріні? жалпы ерекшеліктерімен танысуы, оларды? бір – бірінен айырмашылы?тары ж?не ??састы?тары туралы т?сініктерін ?алыптастыруы,  аума?ты?  хал?ы , м?дениеті ж?не т.б. ерекшеліктері туралы таныстыруы;

2. о?улы? м?тінімен, атлас картасымен , кескін картамен,  Еуропаны? саяси картасымен, презентацияларымен е?бек ете білу да?дыларын дамыту;

3. ?з беттерінше е?бек ете білуге, ?з ойларын еркін жеткізе білуге, бір – біріне к?мектесе білуге, бір – бірін ты?дау?а ж?не ты?дата білуге, сыныптастарыны? жетістіктерін ?з жетістігіндей санай білуге, Елбасы Н. Назарбаевты? Жолдауын  та?ырып ішінде кіріктіре  пайдалана білуге , ?з Отанын с?юге т?рбиелеу.

К?рнекіліктері: Д?ние ж?зіні? саяси картасы, д?ние ж?зіні? жарты шарлар картасы, Еуропаны? саяси картасы, атлас, ИБТ, презентациялар, видеоролик  « Бельгия»

Типі:  аралас

?дісі: семинар,  шы?армашылы? ізденіс, с?йлеу

Т?сілі:  иллюстрациялы?, демонстрациялы?, с?ра? - жауап

О?ытуды ?йымдастыру т?рі:  топпен, ж?ппен, жеке , ?жымды?

Технология: о?у мен жазу ар?ылы сыни т?р?ыдан ойлау технологиясы стратегиялары  « Ми?а шабуыл»,  « Арнайы жіберілген ?ателік»,  « ?лемді шарлау»,

?олданыл?ан ?дебиеттер: интернет желісі, ?Р – ны? Президенті Н. Назарбаевты? 30- ?араша 2015жыл?ы Халы??а Жолдауы.

Саба? барысы:

Просмотр содержимого документа
«Батыс Еуропаны? ша?ын капиталистік елдері.»

18. 12. 15 ж. география 11-кл. ЖМБ сабақ № 29

Сабақтың тақырыбы: Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдерінің жалпы ерекшеліктерімен танысуы, олардың бір – бірінен айырмашылықтары және ұқсастықтары туралы түсініктерін қалыптастыруы, аумақтың халқы , мәдениеті және т.б. ерекшеліктері туралы таныстыруы;

2. оқулық мәтінімен, атлас картасымен , кескін картамен, Еуропаның саяси картасымен, презентацияларымен еңбек ете білу дағдыларын дамыту;

3. өз беттерінше еңбек ете білуге, өз ойларын еркін жеткізе білуге, бір – біріне көмектесе білуге, бір – бірін тыңдауға және тыңдата білуге, сыныптастарының жетістіктерін өз жетістігіндей санай білуге, Елбасы Н. Назарбаевтың Жолдауын тақырып ішінде кіріктіре пайдалана білуге , өз Отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Дүние жүзінің саяси картасы, дүние жүзінің жарты шарлар картасы, Еуропаның саяси картасы, атлас, ИБТ, презентациялар, видеоролик « Бельгия»

Типі: аралас

Әдісі: семинар, шығармашылық ізденіс, сөйлеу

Тәсілі: иллюстрациялық, демонстрациялық, сұрақ - жауап

Оқытуды ұйымдастыру түрі: топпен, жұппен, жеке , ұжымдық

Технология: оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау технологиясы стратегиялары « Миға шабуыл», « Арнайы жіберілген қателік», « Әлемді шарлау»,

Қолданылған әдебиеттер: интернет желісі, ҚР – ның Президенті Н. Назарбаевтың 30- қараша 2015жылғы Халыққа Жолдауы.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушыларды сабаққа дайындау.

Оқушыларды топтарымен отырғызу. №1 –топ , № 2 –топ және №3- топ. Өздеріне ерік берілді, оқушылар өз қалаулары бойынша бөлінді.

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, жоқ оқушылардың себебін анықтау. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Психологиялық жақсы көңіл - күй орнату.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылардың үй тапсырмасын қаншалықты меңгергендіктерін тексеру, кемшіліктер болса, жоюға мүмкіндіктер жасау.

« Миға шабуыл»


1 –топқа сұрақтар

1. Италияның жерінің ауданы 301, 3 мың км ²

2. Сицилия аралындағы жанартау Этна

3. Экологиялық проблемасы автомобиль санының артуы, өнерк

4. Аралдық қала Венеция

5. Ақша бірлігі еуро

6. Италия орналасқан түбек Апеннин

7. Діні католик

8. Ормандар Италияның ... пайызын алып жатыр. 20%


2-топқа сұрақтар

1. Халқының саны 58 млн адам

2. Италия ішіндегі мемлекет Ватикан

3. Ел аумағы ... провициядан тұрады. 94

4.Помпейдің күйреуіне әкелген жанартау Везувий

5. Италия өзендері По, Тибр

6. Италияның саябақтарының саны. 4

7. Халықтың орташа тығыздығы. 193 адам 1 км ²

8. Әйгілі италиялық скрипкашы Паганини


3 -топқа сұрақтар

1.Астанасы Рим

2.Мемлекет басшысы президент

3. Теңіздік шекаралары Лигурия, Тиррен, Ион, Адриат

4. Ит алияны Еуропадан бөлііп жатқан тау Альпі

5. Италияның оңтүстігіне тән климат жерорта теңіздік

6. Орманының ағаштары емен, шамшат, шегіршін, қарағай , және т.б.

7. Франция көгілдір жағалауының жалғасы Италия Ривьерасы

8. Қала халқы басым бөлігі Солтүстігі


Құрметті оқушылар, бағалауды ұмытпаңыздар!

«Кім жылдам?»

Мемлекеттер

Астанасы

1.

Бельгия 1-ТОП

Брюссель

2.

Нидерланды

Амстердам

3.

Австрия

Вена

4.

Швейцария

Берн

5.

Ирландия

Дублин

6.

Норвегия 2-ТОП

Осло

7.

Швеция

Стокгольм

8.

Дания

Копенгаген

9.

Финляндия

Хельсинки

10.

Исландия

Рейкьявик

11

Португалия 3-ТОП

Лиссабон

12

Испания

Мадрид

13.

Грекия

Афины

14.

Лихтенштейн

Вадуц

15.

Мальта

Валлетта




Кескін картамен жұмыс ( Жұмыс флипчартта)


Тақтаға әр топтан бір оқушыдан кезекпен кезек шығады, міндеттері 6 елдің кескіні берілген , оларды орнына қою керек.


Сәйкестендіру:


Бағалауды ұмытпаңыздар!


ІІІ. Білімін жан – жақты тексеру. Еуропа елдерін оқушылардың қаншалықты терең меңгергендігін тексеру үшін « Арнайы жіберген қателік» тәсілін пайдалану.

Еуропа елдерінің ішінде экономикалық даму сатысы жағынан арта қалған , даму сатысы Африканың Чад және Нигер елдеріне ұқсас елдері де бар. Ол қандай елдері және не себепті артта қалған?

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің 30- қараша 2015 жылғы халыққа Жолдауында «Еуропа елдері экономикамызды артқа тартады, өздерімен бізді де тұңғиыққа сүйреп , батырады, Еліміздің алтын қорын сақтап қалу үшін , ол аймақпен ынтымақтастық орнатпауға тиіспіз» - деді. Экономикамызды көтеруге көмектесетін қандай аймақ ? жауаптарыңды түсіндіріңдер.

І V. Жаңа тақырыпты оқып үйренуге дайындық. Күн ретін тақтаға жазу, сабақ тақырыбын тақтаға жазу. Оқушыларды сабақтың мақсатымен және олардың міндеттерімен таныстыру.

Міндеттері тақтаға жазылады немесе өздеріне айтылады.

Міндеттері:

1. Презентацияға дайындалу, уақытты тиімді пайдалану

2. Бір – бірін тыңдау және тыңдату

3. Бір – біріне сұрақтар дайындау

4. Тақырыптарын қорғау

5. Топтық келісімді сақтау

6. Өз топтарына көмекке келу

7. Өзгелерге кедергі жасамау

8. Бағалауды ұмытпау

9. Сыни тұрғыдан бір – бірінің қателіктерін түзету.

10. Топтың Президентін сайлау

V. Жаңа тақырыпты оқып үйрену.

Жаңа тақырыпты оқушылардың тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып ашуы. Тақырып өте үлкен болғандықтан , мен семинар ретінде алдым. Бұл жерде менің оқушыларым СТО технологиясының « Әлемді шарлау » стратегиясын пайдалана отырып, өздері үйде жасап келген презентацияларын көрсетеді және қорғайды.


Оқушылар тапсырмаларын дайындап болғанша тақтада «Бельгия» туралы видеоролик көрсетіледі.

І -топ

« Бельгия, Нидерланды, Австрия»

ІІ – топ

«Швейцария, Ирландия, Мальта»

ІІІ – топ

«Монако, Ватикан, Люксембург»

Оқушыларым мемлекеттердің экономикалық – географиялық жағдайына, табиғи жағдайына, ресурстарына, халқына тоқталады,басқа оқушыларға түсіндіру үшін бір рет мұғалім орнына тұрады, тақырыптарын ашу мақсатында барлық мүмкіндіктерді пайдаланады. Қалған оқушылар түсінбеген жерлерін топ президентінің өзінен сұрайды.

VІ. Жаңа тақырып бойынша түсініктерін тексеру. Оқушылардың дайындаған презентацияларын қаншалықты дұрыс қорғағандығын анықтау мақсатында тереңдетіп тексеру сұрақтарын қою. «жасырын сөздер»

3 оқушы ( 3топтан) есіктің сыртына шығып тұрады. Келесі 3 оқушы ( тағы да 3 топтан) оларға тапсырма дайындайды. Дайын болған соң, сырттағы оқушыларды шақырады. Оларда тақтаға тақырып бойынша 10 сөз жазады.

Мақсаты: Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендіктерін тексеру.

10 сөздің ішінде бірнеше сөздер сәйкес келуі тиіс.

VІІ. Жаңа тақырыпты бекіту. ( Флипчарт бетіне оралу )

Тағы да кескін картаға ораламыз, енді оқушылар қаламмен аймақтарды қоршап жәе мемлекеттердің үстіне айтылған санды қойып шығады.

1 –топ. Солтүстік Еуропа : 1.Финляндия, 2. Норвегия,3. Швеция, 4.Дания, 5.Ирландия, 6.Исландия

2-топ. Оңтүстік Еуропа: 1. Италия, 2. Испания 3. Грекия 4. Португалия 5. Мальта 6. Ватикан

3-топ. Батыс Еуропа: 1. Ұлыбритания 2. Бельгия 3. Германия 4. Франция 5. Нидерланды 6. Швейцария

VІІІ. Үйге тапсырма . § 12, оқулық бойынша оқып шығу, қортынды тест жұмысына дайындалу.

Оқушыларды бағалау парағы бойынша бағалау. Жетістіктері мен кемшіліктерін айту. Атсалысқандары үшін рахмет айту. Оқушылармен қоштасу.



Бағалау парағы

Оқушының аты – жөні






Миға шабуыл

Кім жылдам?

Картамен жұмыс №1

Сәйкестендіру

Жолдау

бойынша

Презентация

Картамен жұмыс№2







Жасырын сөздер

Жалпы бағасы

Қорытынды баға

-

-

1 б

21 /5


1.












2.












3.












4.












5.












6.