СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы МКҚК «Сервис және жаңа технологиялар колледжі» Нургалиева Нургуль Джангельдиновна

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1. "Қызықты биология әлеміне саяхат"

Просмотр содержимого документа
«Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы МКҚК «Сервис және жаңа технологиялар колледжі» Нургалиева Нургуль Джангельдиновна»


«Қызықты биология әлеміне саяхат » интеллектуалды сайыс


Түрі: танымдық сайыс

Мақсаты: оқушылардың ой-өрістерін дамыта отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, табаңдылықпен шешім қабылдауға, оны дәлелдеуге үйрету, биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: плакаттар, шарлар, слайд шоу.

Мұгалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Қызықты биология әлеміне саяхат » атты №121 топ арасындағы биология пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!


Ақыл- тон аңдығанға тозбайтұғын,

Білім-кен, қанша болса азбайтұғын,

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқанның ауруы не қозбайтұғын –


деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскерлерімізді таныстырып өтейін:


1топ: «Жас биологтар»

2топ: «Дәрумендер»

3топ: «Популяция»


Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:

1.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары : С.Нурмукашева

2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары : А.Старинец

3.Жаралыстану-математика бағытындағы ӘБ жетекшісі, химия және биология пәнінің жоғары санатты мұғалімі: Е.Манохина.


Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам:



Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:

1.Топты таныстыру

а)Топтың аты (Биологияға байланысты болу керек)

ә)Топ басшысын сайлау

б)Топтың ұраны

в)топтың эмблемасы




2.«Бәйге» (Сұрақ-жауап сайысы).Әр топқа 5 сұрақтан қойылады.

3. Үй тапсырмасы. Бұл кезеңде әр топқа тақырыптар берілді, сол берілген тақырып бойынша слайд дайындап, қорғау. Жоғарғы ұпай 15 ұпай.

4.Жұмбақтар сайысы

5.Шығармашылық сайыс

6.Капитандар сайысы


Тапқыр, білгір, дарынды,

Жарыс бар бүгін арынды,

Биология пәнін сүйсен сен

Ортаға сал барыңды –

деп, сайысқа қатысушы оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы турын бастайық.





1кезең

Ортамызға келіп тұр

Әр топтың жұлдыздары

Танысатын сәт келді

Жұлдыздардың сөзімен

«Таныстыру» кезеңінде әрбір топ өз атауларын, эмблемасын ,ұранын айтады. Жоғары ұпай 10 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт.


2кезең


«Бәйге». Бұл кезеңде әр топқа сұрақ қойылады. Сұраққа топ бойынша жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі


1топ:

1.Алғаш жасушаны көрген ғалым(Роберт Гук)

2.Микроскоптың көзбен көруге арналған бөлігі (окуляр)

3.Қан беруші адам (донор)

4.Тісті емдейтін дәрігер(стомотолог)

5.Қан аздық ауруы (анемия)

2топ:

1.Микроскоптың жарық түсіретін бөлігі (Айна)

2.Ересек адамда неше тіс болады(32)

3.Инсулин жетіспегенде болатын ауру (қант ауруы)

4.Тұқымқуалаушылықпен өзгергіштік зерттейтін ғылым саласы (генетика)

5.Жасушаны зерттеуде қандай құрал қолданылады?(жарық микроскоп)




3 топ:

1.Цитология ғылымы нені зерттейді? (жасушаларды)

2.Вирус латынша қандай мағынаны білдіреді? (у)

3.Жыныстық көбеюдің жыныссыз көбеюден негізгі айырмашылығы (көбеюге екі организм қатысады)

4.Организм ұрығының дамуын зерттейтін ғылым (эмбриология)

5.Онтогенез екі кезеңге бөлінеді: (эмбриондық және постэмбриондық)


3кезең

Үй тапсырмасы. Бұл кезеңде әр топқа тақырыптар берілді, сол берілген тақырып бойынша слайд дайындап, қорғау. Жоғарғы ұпай 15 ұпай.


4кезең


Жұмбақтар сайысы. Бұл кезеңде әр топ келесі топқа жұмбақ жасырады. Егер бір топ жауап бермесе, екінші топ жауап береді. Дұрыс жауапқа 5ұпай беріледі.


5кезең

Шығармашылық кезең. Бұл кезеңде әр топ өзінің өнерлерін көрсетеді. Ең жоғары ұпай 20 ұпай.


6кезең

Капитандар сайысы.


«С» әрпінен басталатын биологиялық сөздерді атаңыздар.

1минут уақыт ішінде қанша сөз жазылса сонша ұпай қойылады.


Сөздің кезегін әділ-қазыларға береміз.


Енді кезек марапаттау кезеңіне өтеді.


Жүргізуші: Сонымен бүгінгі «Қызықты биология әлеміне саяхат » сайысы өз мәресіне жетті. Алда әлі де биік – биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.

Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін,

Біз тілейміз ұрпақтың амандығын.

Ей болашақ саулығың өз қолыңда,

Уламасын тәніңді у, санаңды мұң.



Шуақты күндерде жолыққанша!









Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!