| I кезең- мотивациялық- қозғаушы | Балалар сендер қандай ертегі білесіңдер? Сендерге қандай ертегінін кейіпкерлері ұнайды? | Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді, өздеріне ұнайтын ертегілері атап береді. |
| ІІ кезең проблемалық ізденушілік | Балалар бүгін сендермен бауырсақ ертегісімен танысамыз. Сендерге ертегі не жайында екені туралы айтып беремін. Тәрбиеші ертегіні айтып түсіндіреді. Балалар ертегі не жайында? Бауырсақ кімнен қашып кетеді? Қашып келе жатып неге жолығады? Бауырсақ қандай өлең айтып алдап қашып кетеді? Бауырсақ қандай аңдарға жолығады? Бауырсақ неге жем болады? Түлкі қандай аң? Сергіту сәті: Ертегіні сахыналау | Балалар тәрбиешінін айтқанын қызығушылықпен тыңдайды. Ертегіні мұқият тыңдап отырып қызығушылық танытады. Ертегі жайлы өз ойларын білдіреді. Бауырсақтын кездескен кедергілерін айтып түсіндіреді. Балалар өздеріне ұнаған кейіпкерді атап айтып береді, олардың іс – әрекеттеріне тоқталады. Түлкіні сипаттап айтып береді. Шапалақтап қол соғайық 1,2,3,4,5 Аяқ бенен топ басайық 1,2,3,4,5 Қолымызды көтерейік 1,2,3,4,5 Орнымызда жүгірейік 1,2,3,4,5 Балалар қызығушылық таныта отырып ертегіні сахыналайды. |
| III кезең- Рефлексивті- түзеуші | Балалар бүгін біз сендермен қандай ертегімен таныстық? Ертегі не жайында айтылған? Бауырсақты не жеп қояды? Түлкі қандай аң? | Қойылған сұрақтарға жауап бере отырып оқу іс – әрекетін қорытындылайды. |