СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Better or worse?

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Better or worse?"  тақырыбы бойынша лексиканы зерделеуде оқушылардың әрекетің ұйымдастыру. good, bad салыстырмалы шырайларының қолданылуын қалыптастыру.

Просмотр содержимого документа
«Better or worse?»

4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Better or worse?

Сабақтың мақсаты:

білімдік – «Better or worse?» тақырыбы бойынша лексиканы зерделеуде оқушылардың әрекетін ұйымдастыру; осы шағын тақырып шеңберінде рецептитік және рецептиті – репродуктивтік коммуникатитік дағдылардың қалыптасуына ықпал ету; бір буынды сын есімнің good, bad салыстырмалы шырайының қолданылуын қалыптастыру; there is/are құрылымының қазіргі және өткен шақтарда қолданылуын белсенді ету; оқушылардың фономатикалық есту дағдысының [еә], [іә]дифтонгтары бар сөздерді дұрыс оқу дағдысының қалыптасуы үшін жағдай жасау; дамытушылық – оқушылардың мәтін мазмұнын талдау, салыстыру, болжау білігінің дамуына, ұсынылған ақпараттың оқылған мәтінге сәйкес шынайылығын айқындау билігінің дамуына; өзі тұратын қаланың/ауданның /ауылдың тарихын жазуға ақпаратіздеу қажеттілігін қалыптастыру; тәрбиелік – сабақта оқушы тұлғасының эстетикалық қасиеттерін, әдептілік, сыпайылық, жауапкершілік, тәртіптілік, адалдық, өз қадірін сезіну, сыныптастарының жетістіктеріне қуану және ықтимал сәтсіздіктеріне қайғыру сезімдерінің қалыптасуы үшін жағдай жасау. Can I have some …., please? Here it is; Thanks клише сөйлемдерді пайдаланып сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.


Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру сәті T: Good morning, children! Ch: Good morning, teacher! T: I’m glad to see you! Ch: We are glad to see you too! T: How are you today? Ch: Fine, thanks. And you? T: I’m OK. Thank you. 2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Today, we are going to continue speaking about the place we live in. We will practice to describe your home town. 3.Тірек білімді белсендіру.

«Сауда көрмесі» дидактикалық ойыны. Мақсаты. қарапайым монолог сөйлемдерінің лексикалық – грамматикалық құрылымына жаттығу.

Ойын барысы: сыныпты 2–3 топқа бөлеміз. Топтардың әрқайсысына әртүрлі тұтыну тауарлары (азық – түлік, киім, кеңсе тауарлары) бейнеленген дүкен көрмесі бейнеленген суреттерді үлестіреміз. Топтардың әрқайсысы there is/are құрылым пайдалана отырып дүкен көрмесін сипаттауы тиіс. Оқушылардың назарын санауға келмейтін зат есімдердің (азық – түлік атаулары) етістіктң жекеше түрімен үйлесуіне аударыңыз.

4. Жаңа білім мен әрекет ету тәсілдерін меңгеру. Оқулықпен жұмыс.

1 – жаттығу. Read correctly.

Оқушыларға келесі сөз дауысты дыбыстан басталған жағдайда қосарлы дауыссыз Rr әрпінің бірге оқылатының түсіңдіремін. Одан кейін жаттығуда көрсетілген сөз тіркестерінің оқылуын пысықтаймыз. [ð] дыбысының дұрыс айтылуын тыңдаймыз.

2 – жаттығу. Read the text.

Шағын мәтін негізінде бірге оқуға жаттықтыруды жаттықтырамыз.

3– жаттығу. Describe the pictures using therе is\are.

Осы тапсырма therе is\are грамматикалық құрылымын қолдануға одан әрі жаттығуға бағытталады. Оқушылар суреттерді сипаттуы тиіс.

Keys:

1. there is some soup in the plate. 2. There is some salad in the plate. 3. There is a pizza in the picture. 4. There is some milk in the jug. 5. There is a sandwich. 6. There are three tomatoes. 7. There are two pickles. 8. There is some water ion the glass.

4 – жаттығу. Look at the pictures and answer. Then listen and read.

Қазақстан қалаларының өткені мен бүгіні бейнеленген слайдтарды алдын ала дайындауды ұсынамын. Қалаларды сипаттаған кезде therе is\are, there was\were құрылымын пайдаланамыз. Естіген ақпараттың түсінілгенін тексеру үшін оқушыларға сұрақ қоямын. Оқушылар мәтінмен жұмыс істеуге дайындалғаннан кейін осы суреттер бойынша сілтеме сұрақтарға жауап бере отырып Алматықаласы туралы мәтіннің мазмұнын болжап білуді ұсынамын.

Оқушылар мәтінді жаттығу мәтінімен салыстыра отырып екі рет тыңдайды. Одан кейін өз бетімен оқылуын пысықтайды. Ақпарат қабылдауға қиындық туғызуы мүмкін сөздердің мағынасын түсіндіремін: better, worse, wooden, a mill, a post – office. A mill, wooden сөздерін енгізген кезде көрнекі иллюстративтік материалды пайдаланамын. Сонымен қатар хронологиялық даталардың оқылуына назар аударамыз, қажет болса, қосымша пысықтаймыз. Оқушылар мәтінді жаттығу мәтінімен салыстыра отырып екі рет тыңдайды. Одан кейін өз бетімен оқылуын пысықтайды.

Track 44

Look at the pictures. Do you now city? It’s Almaty. But many years ago its name was Verniy. In 1860 Verniy was not a big town. It was like a small village. The buildings were small. They were wooden. There weren’t any cars, buses in the town. There was a hospital, a post office and a mill. 5000 people lived there. It was a good small town.

Today Almaty is bigger than it wasin 1860. There are lots of cars, buses and people. Almaty is busier and noisier now. Old Verniy was quieter than Almaty today.

But what is better: a small town or a big city?

5. Бастапқы түсінікті тексеру.

5 –жаттығу. Read again and choose.

Оқушылар пікірлерді оқып, дұрыс нұсқасын таңдайды. 6–жаттығу.Write about the history of your village\town\city. Ask your parents\granparents to help you.

Бұл тапсырманы үйде орындауға ұсынамын. Оқушыларға ата – аналарынан қаланың тарихы және қандай болғаны жайлы сұрауларын өтінемін. Оқушылар өткен шақты пайдаланып, тұрған жерлерін суреттеп жазады.

7- жаттығу. Discuss the sestate ments. Give your reasons why.

Тапсырманы орындауға кірісуден бұрын оқушыларды good\bad сын есімінің салыстырмалы шыраймен таныстырамын. Одан соң сыныпты екі топқа бөліп, топтардың әрқайсысы good\bad сын есімінің салыстырмалы шырайын пайдалана отырып үлкен және кіші қалалардың артықшылықтарын сипаттайды. Тапсырманы орындауға 2-3 минут беремін. Оқушылардың міндеті пайымдауларын растайтын өз дәлелдемелерін ұсыну.

8- жаттығу. Make sentences.

Осы тапсырманың мақсаты берілген грамматикалық құрылымға сүйене отырып сөйлемдер құрудың қарапайым дағдысын қалыптастыру болып табылады. Оқушылар жұптасып, суреттерді сипаттайды. Сын есімнің салыстырмалы шырайының дұрыс қолданылуын қадағалаймын. Бірнеше оқушыдан жауап аламын. Сын есімнің салыстырмалы шырайының дұрыс қолданылуына оқушылардың назарын аударамын.

Keys: 1. Building 2. is newer than Building 1. 2 Moscow is colder than Kyzylorda. 3. Picture 2 is better than picture 1.4. Street 1 is busier than Street 2.

Сергіту сәті

If you are and know it,

Clap your hands.

If you are and know it,

Clap your hands.

And you really want to show it,

If you are really happy and know it,

Clap your hands.

6. Білім мен әрекет ету тәсілдерін бекіту.

Дәптермен жұмыс.

1 –жаттығу. Complete the table

Оқушылар кестедегі бос орындарға сын есімнің дұрыстүрін жазуы тиіс. Лексикалық – грамматикалық материалды бекіту мақсатында оқушыларға кестедегі сын есімдерді қолдана отырып сөйлемдер құруды ұсынамын. E.g.: Today is colder than yesterday. It is hotter in Almaty than in Kokshetau. This pencil is longer than that.

Keys:

Adjective

comparative form

adjective

comparative form

Big

bigger

quiet

quieter

Good

better

nosy

noisier

Hot

hotter

busy

busier

Cold

colder

bad

worse

Long

longer

worse

higher


2- жаттығу. Draw your city (town, village) now and write about it.

Осыжаттығуды орындаған кезде оқушыларға there is\are and There was\were құрылымын пайдалануды ұсынамын.

E.g.: There were few buildings in my town. Now there are lots of buildings.

3–жаттығу. Read the facts about Kazakhstan. Are they true or false? Use different sources of information (encyclopedias the. Internet) to help you.

Keys:

1. Aktau is bigger than Atyrau. –False.

2. Oral is hotter than Taraz – False.

3. The Syrdarya River is longer than the Irtysh River – False. (The Syrdarya River is 2212 km long, the Irtysh River is 4248 km long).

4. The Khan Tengri mountain 3s higher than Talgar mountain. – True ( The Khan Tengri mountain is 7010 m, the Talgar mountain is 4979 m)

5. The Caspian Sea is smaller than the Aral Sea – False (The Caspian Sea is 371 000 sq.km, the Aral Sea is 3 300 sq. km)

6. Pavlodar is younger than Taraz – True (Taraz is 2013 years, Pavlodar – is founded since 1861)

4 - жаттығу. Listen and complete the text with these words.

Оқушылар аудиожазбаны тыңдап, мәтіндегі бос орындарға кестедегі сөздерді жазуы тиіс.

Track 45.

Turkestan is a very old town. It’s older than many other cities in Kazakhstan. Turkestan was a busy place before and it’s a very busy town now too. It’s an industrial town. There are many plants in it. It’s noisier than it was many years ago because of that.

7. Сабақты қорытындылау.

– You worked very well!! Now, let’s revise the words you have learnt at the lesson. (Check yourself! A town, better, worse, wooden, a mill, a post office.)

– Brilliant! Please, open your activity books and as usual assess your work at the lesson.

8. Үй тапсырмасы туралы ақпарат.

Жұмыс дәптеріңдегі 3 –жаттығу.