Сабақ тақырыбы: | Бейорганикалық заттардың қосылыстары және олардың арсындағы генетикалық байланыс. |
Сілтеме: | 9 (жаратылыстану-математикалық бағыт) оқулық. Н.Нұрахметов, К.Жексембина, Н.Заграничная |
Жалпы мақсаттар: | · Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты ашуға арналған өзгерістер орындату, есептер шығарту, тарауды қорытындылау, жинақтау. Оқушылардың талдау, қорытынды жасау білім-білік дағдысын дамыту. · Сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. |
Күтілетін нәтиже | · Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты ашуға арналған өзгерістерді орындайды, есептер шығарады, тарауды қорытындылайды. Критерий арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды. |
Түйінді идеялар | Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланыс. |
Сабақтың әдісі | Топтық, жеке, жұптық тапсырмалар, диалог әдісі. |
Сабақтың көрнекілігі | Көрнекіліктер: плакаттар, тірек сызбалар, слайд түрінде. |
Ұйымдастыру кезеңі | · Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. · Оқушыларды 4 топқа бөлу. · Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады. |
Үй тапсырмасын сұрау | 1- тапсырма 1. Қазіргі кезде неше химиялық элемент белгілі. 2. Химиялық элементтің қасиеті немен анықталады? 3. Элемент атомының құрылысы қандай? 4. Элементтердің топша бойынша қасиеттерінің ұқсас болуы немен анықталады……… және олардың металдық, бейметалдық қасиеттері қалай өзгереді. 5. Период бойынша элементтердің қасиеті қалай өзгереді? 6. Элементке сипаттама беру жоспары бойынша реттік нөмірі 20 және 6-шы …………элементтеріне сипаттама бер. Осы элементтер оксидтері берілген заттың …………… қайсысымен әрекеттеседі: НСІ, NaOH? 2- тапсырма Мына элементтерден түзілетін қосылыстардың химиялық формуласын жазыңдар: А) Са және бром; Б) Р және Н; Г) Н және күкірт Д) натрий және хлор; Е) мырыш және күкірт; Ж) магний және оттек; З) С және Н; Әр қосылыстағы химиялық байланыстың түрін көрсетіңдер. |
«Ой қозғау» | Түрткі сұрақ: Бейоргантеалық қосылыстардағы генетикалық байланыс қандай? |
Жаңа сабақ | 1.Кім жылдам?– мұнда оксидтің, негіздің, қышқылдың, тұздың формулалары жазылған карточкалар араластырылады. Топбасшылары шығып осылардың өздеріне сәйкесін бөледі. 2. Генетикалық байланыс (өзгеріс орындау) 1) Cu →CuO→CuCl2 →Cu(OH)2→CuO→Cu 2) Na→NaOH→ NaCl→Na2SO4→NaNO3→NaNO2 3) Al2→Al2O3→AlCl3→Al(OH)3→Al2O3→Al 4) Ca→CaO→CaCO3→CO2→Na 2CO3→NaCl 3. Тәжірибе көрсету. (5 мин) Әр топқа өздеріне сәйкес химиялық реактив беріп оған тәжірибе жасау. Судағы ерігіштігін дәлелдеу, ерігіштік кестеден көрсетіп дәлелдеу. 4.Венн диаграммасы. Оксид. Қышқыл. Негіз. Тұз. 5.Химия тұрмыста, өндірісте. Әр топ өздерінің тұрмыста, өндірісте қолданылуы туралы реферат қорғау. |
Тапсырмалар | Есеп шығару. Жұмыс дәптерден есеп беру. І- топқа. Берілгені m (Cu)= 4г т/к (CuO)-? Шешуі 2Cu+O2→ 2CuO II- топқа Берілгені m (Na) = 9 г т/к m (NaOH) -? Шешуі: 2Na+2H2O→ 2NaOH+H2 III-топқа Берілгені m (P2O5)= 6 г т/к m (H3PO4) -? Шешуі: P2O5+3H2O→ 2H3PO4 IV- топқа гені m (CaO)= 12г т/к m (CaCl2)-? Шешуі CaO+2HCl→ CaCl2+H2O |
Кейінгі тапсырмалар | Берілгені:O2, H2O,Na,KOH,CuO,NaOH,Na 2SO4, SO3,HCI,Na2O,CuSO4. Осылардың ішінен генетикалық өзара байланысы бар заттарды тауып, өзара айналуларын реакция теңдеулерін жазу арқылы дәлелдеңдер. Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын тиісті реакция теңдеулерін жаз: а) Cu → CuO → CuCI2 → Cu(OH)2 → CuO → CuSO4 ә) AICI3 → AI(OH)3 → AI 2O3 → AI 2(SO 4)3 → AI(OH)3 → AI(OH) 2CI Есептер мен жаттығулар жинағынан берілетін тапсырмалар. Төмендегі сызба нұсқалардағы белгісіз заттарды тауып,айналуларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар: 1) Na → X → Na 2SO4 →Ba 2SO4 2) H 2S → X → SO2 → У → H 2SO |