Мағынаны тану кезеңі 1-тапсырма. Топпен жұмыс. Постер жасау Тақырып бойынша бейнеролик көрсету Тақтада қазақтың салт-дәстүрлеріне арналған суреттер ілініп тұрады. Суреттерді сәйкестендіру және ортақ тақырып қою  | Үлкенге ізет |  | Бесікке салу |  | Тұсау кесу |  | Сүндет той | Дескриптор: - Суреттерді сәйкестендіреді.- 1 балл - Барлық суреттерге ортақ тақырып қояды.- 2 балл Бағалау «Бас бармақ» тәсілі бойынша 2 тапсырма. Өздік жұмыс. Мәтінмен жұмыс. Эссе жазу. «Бесікке салу» Мәтінді оқып,тірек сөздеріне сүйеніп , шағын эссе жазу. «Бесікке салу» «Бесікке салу» «Әлди – әлди ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем» бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыздың елеулі дәстүрінің бірі. Бесікке салу жолы үлкен, елдегі тәрбиелі, өнегелі әжелерге, әйелдерге тапсырылады. Жас сәбиді бесікке салу рәсімі төрде отырған әжеге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап, тыштырма жасап, баланы бесікке бөлейді. Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі таза заттар қойылады. Бесікке салған әжеге үй иесі кәделі сыйлық сыйлайды. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады. Бесікке салу рәсімінен кейін төрде отырған үлкен ақсақал ата сәбиге батасын береді. Батадан соң келген қонақтарға дастархан жайылып, соңы ойын – сауық кешіне жалғасады.
Дескриптор: -Мәтінді оқып, түсініп , тірек сөздер жазады.-1 балл -Тірек сөздерге сүйеніп, эссе жазады .-2 балл Бағалау. «Бағдаршам» тәсілі бойынша. Сергіту сәті 3-тапсырма. Өздік жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар 1-Деңгей. Салт-дәстүрге байланысты 2 мақал-мәтел жазу. 2-Деңгей. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазу. «Бесікке салу» «Әлди – …………. ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем» бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы ………… есептеледі. Жаңа туған баланы ……….. салу да халқымыздың елеулі дәстүрінің бірі. Бесікке салу жолы үлкен, елдегі тәрбиелі, өнегелі әжелерге, әйелдерге тапсырылады. Жас ........... бесікке салу рәсімі төрде отырған ...................... тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап, тыштырма жасап, баланы ………………. бөлейді. Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі таза заттар қойылады. Бесікке салған әжеге үй иесі кәделі сыйлық сыйлайды. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады. Бесікке салу рәсімінен кейін төрде отырған үлкен ақсақал ата сәбиге батасын .................... . Батадан соң келген қонақтарға дастархан ............, соңы ойын – сауық кешіне жалғасады.
3-Деңгей. -Тірек сөздерге сүйеніп, тақырыпты болжап, бір шумақ өлең жазу. Тірек сөздер: бесік, бесікке салу, салт-дәстүр, бесік киелі, бесік қасиетті, бесікті сатпау, мұра Дескриптор: -Салт-дәстүрге байланысты 2 мақал жазады.-1 балл -Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазады.- 2 балл -Тірек сөздерге сүйеніп, тақырыпты болжай отырып, бір шумақ өлең жазады.-3 балл Бағалау «Бағдаршам» тәсілі арқылы Бекіту кезеңі «Синквейн» Бесік Киелі, қасиетті Тербетеді, жатқызады, бөлейді Бесік сәбидің алтын ұясы. Кереует |