СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Білгірлер (Зияткерлік сайысы)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: а) Жан-жа?ты, ой – ?рісі ке?,?з еліні?, хал?ыны?, ?амын ойлайтын азамат болу?а баулу;

?) О?ушыларды? ынтасын, ?ызы?ушылы?ын арттырып, ой – ?исынын дамыту; б) О?у-білімге, ?нерге ?ызы?ушылы?ын арттыру, адамгершілікке, жауапкершілікке  баулу.  К?рнекілігі:  Т?Ж,интерактивті та?та, магнитті та?та, сайыс аттары;                                                                                        ?дісі: с?ра?-жауап, ??гімелесу, интеллектуалды? ойын,текшелер,т.б.

П?наралы? байланыс: Ана тілі, ?аза? тілі, д?ниетану, математика, а?ылшын, орыс тілі, музыка п?ндері.

Просмотр содержимого документа
«Білгірлер (Зияткерлік сайысы)»

Сабақтын тақырыбы: Білгірлер (Зияткерлік сайысы)

Сабақтың мақсаты:
а) Жан-жақты, ой – өрісі кең,өз елінің, халқының, қамын ойлайтын азамат болуға баулу;

ә) Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып, ой – қисынын дамыту; б) Оқу-білімге, өнерге қызығушылығын арттыру, адамгершілікке, жауапкершілікке баулу.
Көрнекілігі: ТҚЖ,интерактивті тақта, магнитті тақта, сайыс аттары; Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, интеллектуалдық ойын,текшелер,т.б.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, қазақ тілі, дүниетану, математика, ағылшын, орыс тілі, музыка пәндері.

Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.

  • Балалар, бүгін пәнаралық сабақты біз 4 кезеңнен тұратын интеллектуалды ойын түрінде өтеміз. Бұл сабақта берілген сұрақтарға жауапты тез беруге тырысыңдар.

Сәттілік тілеймін!

I кезең: «Бәйге» Шарты: Мен барлық топқа бірдей 16 сұрақ қоямын. Бірінші болып, нақты жауап берген топқа ұпай саны қосылады. Әр дұрыс жауапқа 1ұпай.

1. Абайдың анасы кім? (Ұлжан)
2. Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөз табы (Сын есім)

3. Дарабоз атанған батыр кім? Батырдың шын аты кім? (Қабанбай-Ерасыл)

4. Батыс Қазақстан облыс орталығы қай қала? (Орал)
5. Жылдың 4 мезгіліне өлең жазған ақын кім? (Абай)

6. ҚР – ның тұңғыш президенті кім: Қашан сайланды ? (Н.Ә. Назарбаев, 1991 жылы 1 желтоқсан)

7. Қазақстан қандай мемлекетпен шекаралас ? (Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан)

8. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім ? Қашан ұшты ? (Тоқтар Әубәкіров, 1991 жылы 3 қазанда тұңғыш рет ғарышқа ұшты)

9. Абылай ханның шын аты кім ? (Әбілмансұр)

10. Ұзындық өлшем бірлігі ? (мм, см, дм, м, км)

11. Қазақтын ұлттық аспаптары ? (Домбыра, қобыз, т.б.)

12. Ұлы Отан соғысының батыр қазақ қыздары кімдер ? (Әлия, Мәншүк, Хиуаз Доспанова)

13. Қазақ тілі оқулығының авторлары ?(Уәйісова)

14. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қашан жарияланды ?

(1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланды)

15. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қашан енгізілді?

(1993 жыл 15 қараша)

16. 1 жылда қанша күн бар? (365 –366 күн)



II кезең: «Жеті жұрттың тілін біл !» Бұл кезеңде мен сендерге жұмбақ жасырамын.Шешуін 3 тілде айту керек: қазақша, орысша және ағылшынша. Әр тілге – 1ұпайдан барлығы – 3 ұпай.

  1. Қабат – қабат қаттама,

Ақылық болса аттама (Кітап – книга – book)

  1. Жеті қазынаның бірі,

Адамды қорғап жүретін досы. (Ит – собака - dog)

3. Жүз теңгең болғанша,

Жүз ..... болсын. (Дос – друг - friend)

4. Футболшының алаңдағы ойын заты. (Доп – мяч - boll)

  1. Ұшқан не ? жүгірген аң,

Бәріне тамақ керек. (Құс – птица - bird)

  1. Тұмсығымен қозғалар,

Соңынан аппақ із қалар. (Бор – мел - chalk)

  1. Жердің көркі не ? (Гүл – цветок - flower)

  2. Сағат сайын қағылады, тек мектептен табылады. (қонырау – звонок - bell)

  3. Ас атасы не ? (Нан – хлеб - bread )

  4. Тілі жоқ өзінде, сөзі бар ізінде. (Қалам – ручка - pen)

  5. Қыста жерді басады,

Жазда сайға қашады. (Қар – снег - snow)

  1. Әр адамның шағын отаны бар. (Отбасы – семья - family)

  2. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі. (Көктем – весна - spring)

  3. Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ,

Тоны бар, киеріне шапаны жоқ.

Пайдасы үй ішінен табылған соң,

Далаға кіріп – шығар сапары жоқ. (Мысық – кот - cat)

15. Қалқиып екі құлағы
Елеңдеп, қорқып тұрады (қоян-заяц-rabbit)

16. Ашылып жабылады
Әр үйден табылады (есік – дверь-door)

ІІІ кезең «Ғажайып төрттік» Біздің сайысымызда 4 негізгі пән әдебиет, қазақ тілі, дүниетану, математика пәндері бойынша білімдерің тексеріледі. Әр топ мүшесі ұяшық таңдайды. Ұяшықта көрсетілген сан – ұпай саны болып есептеледі.

Математика 10. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?

20. Ең үлкен 3 таңбалы санға бірді қоссақ неше шығады? (999+1=1000)
30. Көбейтудің қасиеттерін ата? (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімдік)
40. Әлібек 1 айда 2 ертегі оқыды. Ол 1 жылда неше ертегі оқиды. (24 ертегі) Қазақ тілі 10. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді, олардың түрлері? (қатаң, ұяң, үнді)
20. Қарсы мағыналы сөздерді тауып ата: семіз – (арық), терең – (таяз), қою – (сұйық), қысқарды – (ұзарды)
30. Туынды сөз дегеніміз не? (түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз)
40. Жұмбақты шеш. Өзім сөзден тұрамын
Біткен ойды құрамын (сөйлем) Дүниетану
10. Бұлт түрлерін ата? (будақ, шарбы, қабат)
20. Дені сау адамның тамыры 1 минутта неше рет соғады? (60 – 80 рет) 30. Неге глобустың көпшілігі көк бояумен боялған? (жер шарының 3/1 бөлігі су)
40. Желдің күші мен бағытын анықтайтын арнаулы құрал? (флюгер) Әдебиеттік оқу
10. Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, тұңғыш ағартушы ұстаз. Қостанай облысында туған. Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан бұл кім? (Ыбырай Алтынсарин)
20. «Дарабоз» атанған батыр? Батырдың шын аты кім? (Ерасыл – Қабанбай)
30. «Туған жердің тасы да танымал» әңгімесіндегі басты кейіпкер кім? (Қаныш Сәтбаев)
40. Абайдың 5 асыл іс пен 5 дұшпанды атап шық? 5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым 5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ .


  1. ІV кезең «Жорға» Соңғы кезеңде барлық топтарға 15 сұрақ қойылады,соларға тез нақты жауап беру керек. 1 минут ішіндегі әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан қосылады. 1. Қыс айларын ата? (желтоқсан,қаңтар,ақпан)
    2. Қазақ алфавитінде неше әріп? (42 әріп)
    3. Нота сызығындағы төртінші нотаны ата? (фа)
    4. «Корректор» мамандығы қандай қызмет істейді? (газет,журнал қатесін түзейді)
    5. Суретші ата? (Ә. Қастеев)
    6. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс? (У)
    7. 6 х 9 = (54)
    8. 30 тамыз қандай күн ? (Конституция күні)
    9. Адам денесінің тірегі не ? (Қаңқа)
    10. Екі немесе бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуін қалай атаймыз? (диалог)
    11. Ақан серінің тұлпарының аты (Құлагер)
    12. «Менің атым Қожа» әңгімесінің авторы кім ? (Бердібек Соқпақбаев)
    13. Қазақ хандығының құрылғанына биыл неше жыл? (550 жыл)
    14. Тәуке ханның қазақ тарихындағы ең үлкен еңбегі қалай аталады ?

( Жеті жарғы)
15. Қазақстанның жойылып бара жатқан жануарлары мен өсімдіктері енгізілген кітап қалай аталады? (Қызыл кітап) Қорытынды:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Мақсатқа сені жеткізер, - деп бүгінгі сабағымызды қорытындылап, жеңімпаз тобын анықтайық.


Жеңімпаздарды анықтау. Ұпай санын есептеу. Марапаттау.







Мекен-жайы: Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Белес ауылы

Мектебі: Белес ЖОБМ балабақшасы

Аты-жөні: Кажгалиева Меңсұлу Кеңесқызы

Қызметі: Бастауыш сынып мұғалімі, әдістемелік бірлестік жетекшісі

Санаты: жоғары

Еңбек өтілі: 28 жыл