СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Білгірлер сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сынып оқушыларына арналған интеллектуалды сайыс сабақ

Просмотр содержимого документа
«Білгірлер сайысы»


Тақырыбы: Білгірлер.

Мақсаты : 1.Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту,

білім деңгейін, шығармашылық ізденісін

байқау. Оқушыларды алған білімдерін өмірде

пайдалануға үйрету.

2.Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын

қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін

арттыру.

3.Оқушылардың қызығушылығын,

белсенділігін арттыру.

Әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд.

Жүру барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі:

Көңілдерін сабаққа аудару.

ІІ.Негізгі бөлім:

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

1-кезең

«Бәйге» турын бастаймыз.

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.

Тапсырма :

«Ұрылар мен кемпір»

Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:-«Бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын», - деп ойлайды. Сөйтіп жалман –жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:

5. Сапырып-сапырып Арманға бер,

Құйып-құйып Алмасқа бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер,

Өзің іште маған бер», - деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік», - деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде адам нешеу? Жауабы:10 адам.

2.Тапсырма:

«Торғай нешеу?»

Талдан ұшты көп торғай,

Емес бірақ көп торғай.

Алдында оның бастаушы,

Артында оның қостаушы.

Және тағы қарасақ,

Қайта оны санасақ,

Соңында біреу қап келді,

Алдында төртеу, топ келді,

Үшеуі қатар жарысқан,

Түзіліп үшеу қалыспан.

Ойың жүйрік болса егер,

Торғай нешеу, есепкер.

2-кезең«Жорға»

Ойын толық, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Жоғары, жоғары, жорғала

Шапшаңдыққа таң қал ма.

Ойын деген нарталас,

Жеңілемін деп ойлама!

Тапсырмалар:

1.Сусын құюға арналған сапты ыдыс?


2.Жиырма төрт сағат немесе -?


3.Сөзге шебер,тілге жүйрік адам?


4.Табиғатты суреттейтін жанр-


5.Байқоңырдан ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақ ғарышкері-


6.Жүзімнің ортасында не бар ? .


7. Адам бейнеленген сурет-



3 кезең - «Қиял әлемінде» Ойыншыларға

тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес

қызықты әңгіме құрастыру керек.