Балалардың назарын мультимедиа арқылы Аяжан мен Елдоспен бірге ғажайып мамандықтар әлеміне саяхатқа шығайық. -Қане,балалар,бүгін біз Балапан және оның достарының мамандық туралы әңгімесін тыңдап алайықшы. -Балалар,күшік дұрыс айтып тұр ма? -Кім болғысы келеді екен? -Балалар,мамандық-әрбір адамның болашағы, сондай-ақ шаруашылық көзі болып табылатын сүйікті ісі.Кез келген адам өз мамандығына құрметпен қарайды.Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді.Әлемде көптеген мамандық түрлері бар екен. Дәрігер,мұғалім,жүргізуші,құрылысшы,тігінші,аспаз,кенші, суретші,шаштараз,милиция. Білімпаз атаның тапсырмалары: Топтастыру арқылы мамандық түрлеріне тоқталу. Жұмбақ: Тікті әсем киімді, Дүкенге әкеп ілінді.(тігінші) 2.Мектептің жүрегі, Білімнің тірегі.(мұғалім) 3.Сауықтырар сырқатты, Жылы үнімен тіл қатты.(дәрігер) 4.Зымыранды ерттеген, Ай-жұлдызды зерттеген.(ғарышкер) 5.Тәртіп,заңды сақтайды, Ел сенімін ақтайды.(полиция) 6.Кірпіштен сарай,үй салады, Ол адам кім болады?(құрылысшы) Ал осы мамандықтарға жеке-жеке тоқталып өтейік. Дәрігер-адамдарды емдейді,дәрі береді. Мұғалім-балаларға сабақ оқытады. Аспазшы-тәтті-тәтті тағамдар пісіреді. Тігінші-көйлек тігеді. Құрылысшы-арнайы білім алады.биік-биік,әсем үйлерді салады.Үйді ағаштан,тастан,бетоннан тұрғызады. Бұл мамандықтардың бәрі де адамға қажет. «Дидактикалық ойын: «Әр маманның құралын тап» Шарты:Балалардың алдына әр түрлі мамандардың құралдары беріледі. Плакатта мамандықтар көрсетілген.Балалар кімнің құралы екенін табады. Қалташаға салады. Сөйлеуді дамыту Э.Шимнің «Үй салу оңай емес» әңгімесін оқып, түсіндіру. Біз әжемізбен бірге үй салып жатқан құрылысшылар еңбегін қызықтап қарап тұрғанбыз.Олар шапшаң қимылдап жатты. Міне,үлкен кран тұтастай қабырғаны көтеріп,іргетасқа орнатты. Міне,терезені орналастырды. Әне,екінші қабырғаны қойды.Нәтижесінде үй үлкен әрі әдемі болып шықты. Мен қатты қызығып кеттім. -Мен өскенде құрылысшы боламын.Мұнан да әдемі де зәулім үйлер саламын!-дедім әжеме. -Әңгімеде не туралы айтылған? -Құрылысшы не салды? -Үй неше қабатты? Сөздік жұмыс. Құрлысы-әсем үйлерді салатын маман. Іргетас- үйдің ең бірінші салатын табаны. Кран- Ауыр заттарды биікке көтеретін көлік. Сергіту сәті: Ұшқыш болып ұшайық, Тігіншіге ұқсайық. Дөңгелене би билеп, Бишіге де ұқсайық. Поэзия минуты: Балалар,сендер мамандықтар туралы тақпақтар білесіңдер ме? Гүлайна Әжем-күйші Әпкем-биші Асқан шебер Ағам-күйші Ісі нұсқа, Әкем-ұста Үй салады, Жаз бен қыста. Нұрайлым: Мөлдір Жаққан білім шырағын, Әжеме тіс салшамын, Мен мұғалім боламын. Көзіне әйнек тағамын. Сондықтан да өскенде, Мен дәргер боламын. Т.Айзере: Айару: Тәп-тәтті тамағы, Жақсы оқып сабақты, Апай-ас маманы. Білім алып толамын. Пісіре білгенге, Ауруларды емдейтін. Астың жоқ жаманы. Мен дәрігер боламын. Елжан: Кәмшат: Қолда темір қалағым, Ақ көйлегім үстімде Саздан сарай саламын. Би билесем «Айгөлек» Алматыдан аумайтын Қой демейді ешкімде Әсем қала саламын. Шаршамаймын дөңгелек С.Айзере Жақсы оқып сабақты Білім алып толамын. Бөбектерді оқытар, Мен мұғалім боламын. Шығармашылық жұмыс: 1-топ: «Дәрігерлер» 2-топ: «Мұғалімдер» «Дәрігерлер» тобына құтыға дәрумендерді жапсыру ұсынылады. «Мұғалімдер» тобына кітап суретін бояу. Аяқталған жұмыстарын мадақтап,тақтаға ілемін. «Көп-аз» ойыны Сурет бойынша салыстырады.тақтадан көп-аз ойынына бірнеше суреттер беріледі.Соларды балалар бір-бірімен салыстырып,қай жақ көп,қай жақ аз екенін табады. «Кімнің құралы?»сәйкестендіру тестісі Балалардың алдына мамандықтар мен олардың құралдары бейнеленген сурет беріледі.Балалар қарындашпен сәйкестендіреді. |