СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Білім б?ла?ы кітапты с?йі?іздер!

Нажмите, чтобы узнать подробности

?сіп  келе жат?ан  бала?а кітапты?  берері  мол. Баланы? ой-?рісін  дамытуда, с?з байлы?ын  к?бейтуде, сонымен ?атар е?бек?орлы??а   ж?не адамгершілікке, ?семдікті т?сіне с?йе білуге ?йретуде, экологиялы?  білім  беруде де  орны  б?лек ?стаз кітап  болып  табылады.

Просмотр содержимого документа
«Білім б?ла?ы кітапты с?йі?іздер!»

Ұзынкөл ауданы

«№ 2 Ұзынкөл орта мектебі» КММ

Елмуратова Гаухар Дарьябаевна

Бастауыш сынып мұғалімі:

Сот: 8-778-378-83-00

Үй тел: 8-714-44-2-42-79

Эл. почта: gauhar_1806@ mail.ru.

uusshv2@mail.ru


Білім бұлағы  кітапты  сүйіңіздер!  

  Өсіп  келе жатқан  балаға кітаптың  берері  мол. Баланың ой-өрісін  дамытуда, сөз байлығын  көбейтуде, сонымен қатар еңбекқорлыққа   және адамгершілікке, әсемдікті түсіне сүйе білуге үйретуде, экологиялық  білім  беруде де  орны  бөлек ұстаз кітап  болып  табылады. Жас кезінен кітап оқуды  серік  етіп, оқығанының  дұрыс немесе  бұрыстығын  өзі  ұғып сараптай білуге, оны  өзгеге  де дәлелді  түрде жеткізе  білуге  үйренудің  алғашқы  сатысын мектеп  қалайды.

Балалар өте әсершіл. Алған әсерлерін   көпке дейін  ұмыта алмай  әңгімелеп  жүреді  және жағымсыз кейіпкерлердің қылықтарына шын  көңілмен  реніш білдіріп  отыратынын өздеріңіз  де  білесіздер ғой. Олар  еліктегіш те. Кітаптан жақсылықтың  үнемі  жеңіске  жетіп, жамандықтан басым  түсіп салтанат  құратынын  ұғып,  өздері де жаман қылық  көрсетуден аулақ болады деп ойлаймын. Балаларға  арналған  кітаптардың  түрлі — түсті болып  келуі және  мазмұнды да,  әсем  безендірілген суреттерге  толы  болуы да  кітап құмарлықты  оятады.

Кітаптың тек қана суретін көріп қою жеткіліксіз .  Бұл  суреттердің не үшін салынғанын  анықтап айтып, сен қалай  ойлайсың  деп  қызықтыра білген абзал.  Салынған  суреттермен дұрыс жұмыс түрі  ұйымдастырылса ғана  оқыған кітаптың  мәні ашылып,  мағынасы  санасына жететін болады.

Өмірі  көрмеген аң  не  құс  туралы  да  ең  бірінші  болып кітап таныстырады.Жербетіндегі   тамаша  жерлердің  сұлулығын  сипаттауда  кітапқа  жететінкөмекші  жоқ. Кітапты  тек  қана  бала  оқу  керек  деген ұғым  түбірімен  қате. Балаңызбен бірге  өзіңіз  де  қолыңызға  кітап  алып, ондағы  оқиғаларға  араласып кетіңізші. Сіз  бір  жұмбақ әлемге еніп  кеткен  сияқты  болып, одан бас  көтере  алмай қаласыз.

Кітаптың назарынан ешбір  тақырыптың да тыс  қалмайтынын  біз үлкендер жақсы білеміз. Сондықтан да бүгінгі  күні  белең алып келе жатқан  жаман әдеттермен  күрестің  де  белсенді  мүшесі  кітап  екенін  ұмытпағанымыз жөн. Егер  балаңыз  жат қылықтан бойын  алыс  ұстап , емін-еркін   шат  өмір  сүрсін  десеңіз  осыны әрдайым ескеріп  қойыңыз!