СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Білім деген асыл тас...

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Назарбаев университеті жанынан біліктілікті арттыру курсында  ағылшын тілін оқумен  қатар әр түрлі тақырыпта бейнежазбалар  қарадық.  Соның ішінде мысалы, Филип Монтгомеридің «Пән мен тілді біріктіріп оқыту» тақырыбын-дағы бейнежазбаларында көптілділікті оқушылар үшін оқу үдерісінде үйретіп, оған қызығушылық тудыратын оқу тәсілдері мен ахуал туғызу тәсілдері туралы айтқаны, Бриджит Гудманның «Үш тілді білім берудегі ресурс» тақырыбын-дағы бейнежазбалары ұнады. Назарбаев университеті жанынан біліктілікті арттыру курсында  ағылшын тілін оқумен  қатар әр түрлі тақырыпта бейнежазбалар  қарадық.  Соның ішінде мысалы, Филип Монтгомеридің «Пән мен тілді біріктіріп оқыту» тақырыбын-дағы бейнежазбаларында көптілділікті оқушылар үшін оқу үдерісінде үйретіп, оған қызығушылық тудыратын оқу тәсілдері мен ахуал туғызу тәсілдері туралы айтқаны, Бриджит Гудманның «Үш тілді білім берудегі ресурс» тақырыбын-дағы бейнежазбалары ұнады. Сол жахбалар мен бейнелер туралы өз ойым жазылған.

Просмотр содержимого документа
«Білім деген асыл тас...»

Кабушева Ғалия Кенесовна,

Орал қаласы, 172 топ.

17.11.2017 жыл

Білім деген асыл тас...

«...біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр!

Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан

тот баспастан жалтырай да жарқырай береді.»

Қаныш Сәтпаев.

Назарбаев университеті жанынан біліктілікті арттыру курсында ағылшын тілін оқумен қатар әр түрлі тақырыпта бейнежазбалар қарадық. Соның ішінде мысалы, Филип Монтгомеридің «Пән мен тілді біріктіріп оқыту» тақырыбын-дағы бейнежазбаларында көптілділікті оқушылар үшін оқу үдерісінде үйретіп, оған қызығушылық тудыратын оқу тәсілдері мен ахуал туғызу тәсілдері туралы айтқаны, Бриджит Гудманның «Үш тілді білім берудегі ресурс» тақырыбын-дағы бейнежазбалары ұнады. Онда ол CLIL концепциясына тоқтала өтіп және Аризона штаты университеті профессорының «Тілдік жоспарлау бағдарлары» теориясына тоқталады. Теория бойынша, тілдік саясаттың ұйымдастырушы-лары лингвистикалық әртүрлілік тұрғысынан тілдерді қарастыратын үш негізгі бағдар бар. Бірінші бағдар – тіл мәселе ретінде, екінші бағдар- тіл құқығы, үшінші бағдар – тіл ресурс ретінде қарастырылады. Сонымен қатар Томас Рисенто және Нэнси Хорнбергтің «Тілдік жоспарлау кезеңдері» тақырыбындағы зерттеулері біз алдағы уақытта елімізде жүргізіліп жатқан үш тілділік білім беру бағдарламасында өз тәжірибемізне пайдалануға, бейнежазбаларда көрсетілген тәсілдерідің ішінен өзімізге керегін алып, тәжірибемізде қолданамыз деп ойлаймын. Әрі қарай бейнежазбаның ішінен «Педагогикалық білім беру мазмұнын жаңарту» тақырыбына тоқталдым. Өйткені осы жылы мамыр айында Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жанынан «Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Математика және информатика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы» бойынша 80 академиялық сағат көлемінде оқу курсын аяқтаған болатынмын. Назарбаев университетінің Жоғарғы білім беру мектебінің мұғалімі Қайрат Құрақбаевтың бейнежазбаларына тоқталып өтейін. Онда ол:

  1. Мектеп мұғалімін дайындаудағы халықаралық тәжірибеге;

  2. Педагогтың кәсіби стандарттары;

  3. Орта білім беру мазмұны мен жаңартуларға;

  4. Орта білім беру мазмұны мен жаңартулардың педагогикалық білім берумен байланысына тоқталады.

Және ол болашақ мұғалімінің мектептегі жұмысқа дайындығы туралы негізгі төрт тармаққа тоқталып өтеді:

  • Кәсіби тәжірибеге дайындығы;

  • Білім мен түсінудің арасындағы байланыс;

  • Рефлекция және іс-әрекет (Hatti, 2011);

  • Зерттеу арқылы реформаланған тәжірибе.

Сонымен қатар шетелдік дидакт ғалым Тимперли педагогтың кәсіби дамуының он негізгі қағидаттарын көрсетті. Әрі қарай Англия, Австралия елдеріндегі болашақ мұғалімдерін дамытудың басым бағыттарын да салыстырмалы түрде көрсете білді. Бұл жерде де біз өз жұмысымыздың басым жағын немесе кемшіліктерін салыстыра отырып, жұмысымызды жетілдіре аламыз. Қайрат Құрақбаевтың бейнежазбаларында келтірілген әдіс-тәсілдер, тәжірибелер қазіргі оқу жағдайна сәйкес жазылып, мектеп мұғалімінің іс-тәжірибесіне, яғни күнделікті жұмысына пайдаланар деректер келтірілген. Өте пайдала кеңестер берілген.

Бүгінгі күні біздің елімізде білім беру жүйесін жаңғырту жүзеге асуда. Бұл процесстер педагогикалық теория мен практиканың іргелі өзгерістерімен қатар жүреді. 2017жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1, 2 бастауыш сыныптары және жалпы орта білім беретін мектептердің 5, 7 сыныптарында білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы іске асырылуда. Білім берудегі өзгерістер мұғалім көзқарасын, мақсаттары мен міндеттеріне де өзгерістер кіргізетіні қақ. Сондықтан болашақ мұғалімдерді жоғарғы оқу орнынан бастап даярлау, ал жұмыс істеп жатқан педагогикалық кадрлардың бәрін дерлік біліктілік курстардан білімдерін жетілдіру керектігі айтпай ақ түсінікті. Сонымен қатар сабақ үрдісінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану, топтык және жеке жұмыстануға үйрету, сыни тұрғысынан ойлау, АКТ-ны пайдалану, функционалдық сауаттылыққа уйрету, қойылған мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау қазіргі мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Бұл әдістерді қолдану Жоғарғы білім беру мектебінің нұсқаушысы Дебора Браун сабағын қарап шыққанымды кезіктірдім. Негізінен алғанда бізге көрсетілген бейнежазбалардың барлығыда қазіргі саясат жағдайында өте пайдалы қорек болды. Қазағымыздың ұлы ғалымының бірі Қаныш Сәтпаевтың «...біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай береді» еген асыл сөзі осы мұғалімге арналған сияқты, біз мұғалім өмір кілтін даярлайтын адамдармыз. Тек сол кілттерді өмірдің көзін ашалардай етіп жасауымыз керек. Ендеше білім жүйесін және мазмұнын жаңарту мен үш тілділік бағдарламасын жүзеге асыру міндетімізді ұйымдасқан түрде, бір жұдырықтай орындайық. Сөзімді қорыта келіп, Назабаев Зияткерлік мектері денгейінде және Назарбаев Зияткерлік мектептері педагогикалық шеберлік орталықтары денгейінде белсенді түрде қалыптастырған нақты біліктілік курстарын жән мектеп мұғалімдері үшін ұйымдастырылған ағылшын тіл курстарын әзірлеп, барлық жағдай туғызып, қамтамасыз еткені үшін ұйымдастырушыларға көп рахметімді айтамын. Осындай қазіргі заманға сай курстар, әсіресе ағылшын тіл курстары, іс-тәжірибе алмасу семинарлары жие ұйымдастырылса деп тілек білдіремін.