СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Білім к?ніні? саба?ы

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік: ?аза?стан  Республикасыны? 25 жылды?ы   туралы  м?ліметпен  танысып,  патриот   ??ымын  т?сінеді.

 Дамытушылы?: ?исынды  ойлау  ар?ылы  «Отан», «?аза?стан»,  «Т?уелсіздік», «Патриот»  ??ымдарын  ажыратады,  ойларын  ашы?  айтады.

Т?рбиелік:О?ушылар  бірлесе  ж?мыс  жасайды,  бір – біріні?  пікірін     ты?дап  ба?алайды.Бір –бірін   ??рметтеуге  ?йренеді. Отан,  ?аза?стан,  Т?уелсіздік,  патриот   ??ымдарын  ?астерлейді.

Просмотр содержимого документа
«Білім к?ніні? саба?ы»

«Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл!



Білім сабағы

Тақырыбы:

«Мен өз Отанымның патриотымын»



Сыныбы: 9 «А»

Сынып жетекшісі: Жаналиева А.Н.









Бекітілді: 1.09. 2016ж. Тәрбие ісі меңгерушісі: Е.Байғұлиев




Білім сабағы


Тақырыбы: «Мен өз Отанымның патриотымын»


Мақсаты:

Білімділік: Қазақстан Республикасының 25 жылдығы туралы мәліметпен танысып, патриот ұғымын түсінеді.

Дамытушылық: Қисынды ойлау арқылы «Отан», «Қазақстан», «Тәуелсіздік», «Патриот» ұғымдарын ажыратады, ойларын ашық айтады.

Тәрбиелік:Оқушылар бірлесе жұмыс жасайды, бір – бірінің пікірін тыңдап бағалайды.Бір –бірін құрметтеуге үйренеді. Отан, Қазақстан, Тәуелсіздік, патриот ұғымдарын қастерлейді.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кестелер, сызбалар.

Құрал - жабдықтар:Стикерлер, маркерлер, флипчарт.

Сабақтың оқыту әдіс – тәсілдері: «Алдын - ала берілген атаулар», акроним, кластер, «Үшбу хат», «Еркін жазу», «Бірін - бірі оқыту», «Ойлан.Жұптас.Пікірлес» өзара бағалау, топтық жұмыс.


Сабақтың барысы: Мемлекеттік Әнұранды орындау

I .«Қызығушылықты ояту» /сабақ мақсатын айқындау/ кезеңі /6минут/.

1.«Алдын – ала берілген атаулар» (3 минут). Диалог жүргізу:

  • Отан

  • Қазақстан

  • Тәуелсіздік

  • Патриот

Жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау /терминдер/ жазып қойып, оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұраймын.

2.Ойсергек ( 2 минут) «Қазақстан» сөзіне акроним жасау. Қазақстанның болашақта қандай болғанын қалайсыңдар ?

Қ-абілетті, а-сқақ, з-айырлы, а-быройлы, қ- ұзыретті, с-әулетті, т-ағылымды, а-йбынды, н-амысқой.

3.Топқа біріктіру (1 минут).

-Білім сабағындағы негізгі ұғымдар қандай?

1.Отан

2.Қазақстан

3.Тәуелсіздік

4.Патриот

Топқа біріккен соң, әр топ мүшелері өзара рөлдерді бөліп алады.

Топтың ережесін құру.Әр топқа стикер таратылып беріледі.Топ мүшелері бірігіп келесі топтарға бір сөзбен тілек жазып, сәттілік тілейді.


Топбасшы

Хатшы

Уақыт белгілеуші

Баяндамашылар

Сарапшы/зерттеуші, бақылаушы/







II «Мағынаны ажырату» /жаңа білімді іздену мен зерттеу/ кезеңі /17 минут/:

«Еркін жазу»/жеке жұмыс/ (3 минут). Оқушылар «Мен өз отбасымның патриотымын» тақырыбында жазбаша жұмыс жүргізеді.Қорғауға 2 минут беріледі.

«Бірін – бірі оқыту» /топтық жұмыс/ (3 минут). «Отан», «Қазақстан», «Тәуелсіздік», «Патриот» ұғымдарына оқушылар топпен бірлесе отырып, кластер жасап, қорғайды. Қорғауға 4 минут беріледі.

«Ойлан.Жұптас.Пікірлес» /жұптық жұмыс/ (3 минут). Оқушылар «Мен өз сыныбымның патриотымын» тақырыбында жұптасып ауызша пікірлерін білдіреді.Қорғауға 2 минут беріледі.

III. «Ой толғаныс»/үйренгенді айқындау және бағалау/ кезеңі /20 минут/.

Топтық жұмыс: «Мен өз Отанымның патриотымын» (5 минут). Әр топтың спикері жеребе арқылы өз тапсырмаларын таңдап алады.

I. Топтық зерттеу.

II. Әссе жазады.

III. Бестармақ құрастыру.

IV. Үшбу хат жазады.

Әр топқа жеке критерийлер қойылып, сол талаптарды орындау тапсырылады.Әр топқа критерийлер жазылған парақшалар таратылады.

(Критерийлер мазмұны)

Топтық зерттеу:

  1. Нақты тақырып мазмұнын ашу.

  2. Сауатты орындалу.

  3. Сапалы және мағыналы болуына көңіл бөлу.

Эссе жазу

1.Нақты дәлелдер мен дәйектер келтіру.

2.Сауатты орындалу.

3.Әссенің жүйелі жазылуына мән беру.

Бестармақ.Барлығы 11 сөзден құралуы керек. «Мен өз Отанымның патриотымын»

1. Қай ел? 1 сөз. Мысалы: Қазақстан.

2. Қандай? 2 сөз. Мысалы: Тәуелсіз, Мәңгілік.

3. Не істедік? 3 сөз. Мысалы: Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.

4. Қорытынды 4 сөз. Мен өз Отанымның патриотымын»

5.1 сөз. Негізгі сөзге мағыналас болу керек. Отан.

Үшбу хат. Тақырып: «Мен өз Отанымның патриотымын».

Хатты досына /келесі топқа/ жолдау. Өз ойын білдіру. Дәлелдеу.

Жариялау.(10минут) Әр топ тапсырмасын 2 – 3 минут ішінде қорғап шығады.

Өзара бағалау.(1 минут ) Бағдаршам түстерімен жүргізіледі. Қызыл түс – төмен, сары түс – орта, жасыл түс – жоғары көрсеткішті білдіреді.Әр топқа өзге топтарды бағалау үшін бағдаршам түсіндегі желім қағаздар таратылады. Сол арқылы топ мүшелері ақылдаса отырып, өзге топтардың жұмысына баға береді.

Бағалау.(4 минут ) Оқушылар «4 сөйлем» тәсілі көмегімен (пікір, дәлел, мысал, қорытынды) өз ойларын жеткізеді.

Сабақты қорытындылау:Кері байланыс (2 минут).

  • Сабақ ұнады ма?

  • Бүгін біз не үйрендік?

  • Сабақ барысындағы сенің көңіл – күйің қандай?











Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!