СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқу үдерісін жетілдіру жолдары

Категория: Завучу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқу үдерісін жетілдіру жолдары

Просмотр содержимого документа
«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқу үдерісін жетілдіру жолдары»

Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқу үдерісін жетілдіру жолдары

Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып
отыр. Бүгінде ұстаз қасиетті міндетін атқара отырып, білім беруді одан әрі
ізгілендіру, жеке тұлғаны қалыптастыруда озық, жаңартылған әдістемелік
жүйені меңгеру,ел дамуына оңтайлы ізгі қадамдарды игеру сияқты жаңа
талаптарға сәйкес істерді жүзеге асыруға бет бұрды.
«Әлеуметтік — экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін оқу — тәрбие үрдісіне енгізе отырып, тарату қазіргі таңдағы білім беру саласындағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қоғамдағы жаңа өзгерістер ұстаздардың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек.
Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деп
Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру
мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Қазіргі таңда пәнді жақсы,
терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Ал оның негізі бастауыш сыныптарда қаланбақ.
Сондықтан да бастауыш сыныпта әр сабаққа әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру көкейкесті мәселе.

Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістете алатындай етіп ойланып құрылады. Осыған байланысты
оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады.
Кез-келген мұғалім критериалдық бағалауды қолданбас бұрын оның өзіне тән терминологиясын толық меңгерген жөн. Жаңашыл мұғалімдер
педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқылы шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл, әрі шығармашылықпен
жұмыс істей алатын жеке тұлға болуы керек. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі.

Кіріктірілген білім беру бағдарламасында пәнннің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған.
Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» (спиральді) орналастырылған және бір-бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.

Сын тұрғысынан ойлау — өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру.
Бала санасын тақырыпқа сай ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы балалармен пікірлесу, топтасу арқылы білімдері молаяды.Сабақ барысында алынған білім сын тұрғысынан талданып, меңгерілген біліммен салыстырылып, өзіндік түсінік пайда болады. Білім алушылар өз білімін
арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. Критерийлер — оқытудың міндеттерін
жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі. Бастауыш сыныптардың негізгі міндеті — жеке тұлғаны дамытып, білімге және оқуға деген сенімін нығайту, іскерлік пен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып,
ынтасын арттыру болып табылады.

Еліміздің болашағы, көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Заман көшіне ілесе отырып, жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу-барша ұстаз алдында тұрған негізгі
міндеттердің бірі. Реформаны жүзеге асыру әрбір ұстаздың басты міндеті. Сондай міндеттердің бірі ретінде командалық оқыту әдістемесі негізінде кіріктірілген білім беру бағдарламасының үштілдік саясатының мақсатын жүзеге асыру болатын. Мұндай игілікті істер ел болашағын қолына алатын болашақ жастарымыздың жан — жақты өсіп — өркендеуіне ықпал етері сөзсіз.

Жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру, ең алдымен мұғалімнің кәсіби шеберлігіне, әрдайым өзінің білімін жетілдіріп, шығармашылық ізденісте жүруі маңызды.
Сондықтан да мұғалімдердің инновациялық біліктілігі проблемасы аса назар аударуды талап етеді.
Жаңа формация мұғалімі пәнді жақсы білумен қоса, стандарт талап етіп отырған құзыреттіліктерді жете меңгеруі тиіс, жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру мәселесі де психологиялық — педагогикалық
тұрғыда шешілуі керектігі де теориялық тұрғыда анықталды, яғни психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді, іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын талдау ізденіс жұмыстарының бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Ал бүгінгі қоғам қажеттілігінен туындап
отырған негізгі талаптардың бірі мектеп табалдырығын аттаған жас жеткіншектерді парасатты да саналы азамат етіп тәрбиелеу — әрбір ұстаздың борышы. Сондықтан бүгінгі жаңашыл талапты мектеп мұғалімі мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларға халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату арқылы әрбір оқушы бойына ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайлылық пен кішіпейілдік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен
байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге ұмтылыс жасай білген де ғана мектеп
оқушыларының ұлттық рухын оята білеміз. Қорыта келгенде оқу процесінің жаңаруына қажетті шарт кез-келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін,
педагогикалық шеберлігін арттыру арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады.