СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Биология п?нінен мектепішілік олимпиадасын ?ткізу ?лгісі

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Олимпиада ма?саты:

- биологиядан тірі ж?не ?лі ж?йелер арасында?ы байланыстарды, за?дылы?тарын, жекелеген т?рлерді? таралуын, ?сімдіктер мен жануарлар д?ниесіні? шы?у тегі мен эволюциясын, классификациясын, таби?и ?орларын аны?тауды ?йрету;

- 9-11-сынып о?ушылары арасынан талапты, білімді ж?не ізденімпаз жалынды жастарды аны?тап, ?олдау к?рсету.

pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Саба?ты? та?ырыбы:   §54. Теріні? ??рылысы, ?ызметі мен ма?ызы.

Ма?саты: Тері ??рылысын басшылы??а ала отырып, Теріні? ?ызметі мен  

                    а?за ?шін ма?ызын аны?тау, д?лелдеу, жалпылау, ал?ан

                    білімдерін ?з бетінше пайдалана білуге да?дыландыру, п?нге

                    деген ынтасын  арттыру, ?з бетімен ж?не де топпен ж?мыс

                    жасау?а ?йрету.

Просмотр содержимого документа
«Биология п?нінен мектепішілік олимпиадасын ?ткізу ?лгісі»

Биология пәнінен мектепшілік пән олимпиадасын өткізу ережесінің үлгісі.

Жалпы ереже:

Атаулы Ереже олимпиаданы өткізудің мақсаты мен міндеттерін және олимпиаданы өткізудің тәртібін, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді іріктеуді белгілейді.

Бұл олимпиаданың өтілуі зияткерлік әрекет саласында білімін ғылым жолымен жалғастыруға негіздеген дарынды оқушыларды айқындау мен қолдауды, жаратылыстану саласындағы түрлі байқауларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлауды жорамалдау, Қазақстан Республикасында білімнің беделін көтеру болып табылады.

Олимпиада мақсаты:

- биологиядан тірі және өлі жүйелер арасындағы байланыстарды, заңдылықтарын, жекелеген түрлердің таралуын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің шығу тегі мен эволюциясын, классификациясын, табиғи қорларын анықтауды үйрету;

- 9-11-сынып оқушылары арасынан талапты, білімді және ізденімпаз жалынды жастарды анықтап, қолдау көрсету.

Олимпиада міндеті:

- биология пәнінің ерекшеліктері туралы білімді меңгерту;

- биология ғылымының біртұтас жүйе екендігі туралы білімдерін қалыптастыру;

- өсімдіктер мен жануарлар құрылысын зерттеу, жан-жақты анықтау әдістеріне дағдыларын қалыптастыру;

- биология ғылымы арқылы жас бітіруші түлектердің бойына таңдаған мамандықтары бойынша қызығушылықтарын арттыру.

Үйлестіру жұмысын жүргізу тәртібі:

Жұмыстарды бағалауда барынша әділдікті қамтамасыз ету үшін әрбір турдан соң олимпиадаға қатысушылардың барлығымен тапсырмалар талқыланады. Тапсырмаларды талқылаудан кейін қатысушылардың тілегі бойынша жұмыстарды үйлестіру жүргізіледі. Үйлестірудің мақсаты - жұмыстарды бағалауда олимпиадаға қатысушылар мен қазылар алқасының мүшелері арасында толық өзара түсіністікке қол жеткізу болып табылады.

Олимпиадаға қатысушыларды марапаттау:

1.1. Олимпиаданың ашылуы, қорытындысын шығару және қатысушыларды марапаттау салтанатты және мерекелік жағдайда өтеді.

1.2. Олимпиада жүлдегерлері тиісті білім беру орнының дипломдарымен, грамоталарымен және сыйлықтарымен марапатталады.

Олимпиаданың қорытындысын шығару:

Олимпиаданың қорытындысы 2 күннің нәтижесі бойынша шығарылады.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Олимпиада кезеңдерінің шешуші кезеңінің нәтижесі бойынша анықталады. Егерде тапсырма 60%-ға орындалса, нәтиже есепке алынады.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері І,ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Олимпиадаға қатысушылардың орындайтын тапсырмалары:

1.Биология пәнінен тест тапсыру.

2.Микроскоппен жұмыс істеу әдістемесі.

3.Виртуальды тапсырмаларды орындау.

4.Кестемен жұмыс.

5.Логикалық тапсырмаларды орындау.

6.Биологиялық есептер шығару.

Ережесі:

1. Биология пәнінен тест тапсыру (15 сұрақ, 15 минут)

А) ботаника

В) зоология

С) адам анатомиясы

D) адам мен жануарлар физиологиясы

Е) биохимия

F) генетика

2. Микроскоппен жұмыс істеу:

А) микроскоп жәрдемінде бір жасушалы балдырлардың құрылысын түсіндіру.

В) микроскоп жәрдемінде қарапайымдыларды ажырата білу.

3. Виртуальды тапсырмаларды орындау:

А) әр түрлі өсімдіктердің және жануарлардың виртуальды кескіндерінен мүшелерін дұрыс анықтай білу.

4. Кестемен жұмыс:

А) Кестедегі берілген тапсырмаларды сәйкестендіру.

Б) Кестеде көрсетілгендердің айырмашылық, ұқсастықтарын анықтау.

5. Логикалық тапсырмаларды орындау.

Ойлау қабілетін қажет ететін қарапайым сұрақтарды табу, шешу.

6. Биологиялық есептер шығару.

Түрлі генетикалық, экологиялық есептерді шығару.
















Биология пәні олимпиадасының 9-сыныпқа арналған тапсырмаларының үлгісі.

1. Биология пәнінен тест тапсыру (15 сұрақ, 15 минут). Тапсырмада 25 сұрақ бар, олардың әрбіреуіне 4 жауап нұсқасы ұсынылған. Әрбір сұраққа ең толық әрі дұрыс деп санаған тек бір ғана жауапты таңдаңыз. Таңдалған жауап индексінің жанына “+” белгісін қойыңыз. Өзгерткен жағдайда “+” белгісі қайта қойылуы қажет. (15 ұпай)

1. Дәндерде қор жинаушы қызметін атқаратын ұлпа:

а) жабын;

б) өткізгіш;

в) негізгі;

г) түзуші.

2. Өркеннің қосалқы бүршіктері орналасуы мүмкін:

а) жапырақта немесе жапырақ қолтығында;

б) жапырақта және буынаралығында;

в) жапырақта және өркеннің төбесінде;

г) өркеннің төбесінде және жапырақ қолтығында.

3. Металлургияда, пиротехника мен медицинада ертеректе споралары қолданылды:

а) папоротниктердің;

б) мүктердің;

в) қырықбуындардың;

г) плаундардың.

4. Піскен алманың үгілуі немен түсіндіріледі:

а) жасуша бөлігінің бұзылуымен;

б) пісу барысында жасуша аралықтарының пайда болуымен;

в) жасуша өсуінің тоқтауымен;

г) жасуша аралық заттың бұзылуымен.

5. Гельминттер деп аталады:

а) барлық құрттар;

б) адам мен жануар ағзасында тоғышарлық ететін барлық құрттар;

в) адам мен жануар ағзасында тоғышарлық ететін тек жалпақ құрттар;

г) адам мен жануар ағзасында тоғышарлық ететін тек жұмыр құрттар.

6. Былқылдақденелілерде қан зат алмасудың қалдық өнімдерінен тазарады:

а) жүректе;

б) бауырда;

в) бүйректе;

г) қарында.

7. Өрмекшітәрізділердің аяғының екінші жұбы:

а) антеннулалар;

б) мандибулалар;

в) хелицерлер;

г) педипальпалар.

8. Қандағы глюкозаның бауырдағы гликогенге айналуын ынталандыратын гормон:

а) адреналин;

б) глюкагон;

в) инсулин;

г) окситоцин.

9. Ішекқуыстыларда асқорыту қалдықтары не арқылы шығарылады:

а) несеп ағар арқылы;

б) дене тесіктері арқылы;

в) аналь тесігі арқылы;

г) ауыз қуысы арқылы.

10. Сиыр цепенінің жүйке жүйесі:

а) диффузды;

б) жүйке тізбегі түрінде;

в) жүйке бағаналарымен берілген;

г) жүйке түтігі түрінде.

11. Антиденелер түзіледі:

а) барлық лимфоциттермен;

б) Т-лимфоциттермен;

в) В-лимфоциттермен;

г) фагоциттермен.

12. Көз алмасында жарық оның келесі элементтері арқылы біртіндеп өтеді:

а) қасаң қабық – көз бұршағы – қарашық – алдыңғы камера – шыны тәрізді дене – торлы қабық;

б) қасаң қабық – алдыңғы камера – қарашық – көз бұршағы – шыны тәрізді дене – торлы қабық;

в) қасаң қабық – алдыңғы камера – көз бұршағы – қарашық – шыны тәрізді дене – торлы қабық;

г) қасаң қабық – қарашық – көз бұршағы – алдыңғы камера – шыны тәрізді дене – торлы қабық.

13. Сүтқоректілерде салатамыр қаны көктамырлар арқылы, ал көктамыр қаны салатамырлар арқылы ағады:

а) үлкен қанайналым шеңберінде

б) кіші қанайналым шеңберінде

в) бауырдың қақпа жүйесінде

г) экстрасистолалы қанайналымда, қан жүрек қарыншасынан құлақшаларға құйыла бастағанда.

14. Метаморфозбен даму тән:

а) құстарға

б) бауырымен жорғалаушыларға

в) сүтқоректілерге

г) қосмекенділерге

15. Қарапайымдылардың жиырылғыш вакуолі қамтамасыз етеді:

а) осмос қысымын реттеуді;

б) зат алмасу өнімдерін бөліп шығаруды;

в) тыныс алуды;

г) барлық үш қызметті де.

2. Микроскоппен жұмыс істеу:

Оқушыға бір қарапайымдыны анықтау үшін микропрепарат беріледі. Микроскоп арқылы қарап құрылысын анықтайды. Анықтап болған соң қосымша тапсырмада берілген суреттегі бағдаршаларға жазады. (6 ұпай)

3. Виртуальды тапсырмаларды орындау:

Суреттерге сәйкес келетін атауларды таңдаңыз. (8 ұпай)

1.Қауырсынды – шеткі. 2. Доғалы. 3. Саусақ салалы – ілмек тәрізді.

4. Қауырсынды – ілмек тәрізді. 5. Саусақ салалы – шеткі.

6. Саусақ салалы – торлы. 7. Параллельді. 8. Қауырсынды – торлы.

4. Кестемен жұмыс:

А) Төменде ауру туғызатын ағзалар тізімі берілген.Олар сандармен белгіленген.Ал жұқпалы аурулар тізімі бас әріптермен белгіленген.Қандай аурудың,қандай ағзалармен шақырылатынын анықтаңыздар.Жауапқа арналған кестені толтырыңыздар.Сәйкес ағзалар санының астына,олар туғызатын аурулар әрпін жазыңдар. (10 ұпай)

Ауру туғызатын ағзалар:

  1. Вирустар

  2. Бактериялар

  3. Қарапайымдылар

Жұқпалы аурулар: И.Тұмау

А.Құтырма(Бешенство) К.Қызылша(Краснуха)

Б.Ішсүзек(Брюшной тиф) Л.Полиомелит

В.Ботулизм М.Лямблиоз

Г.Туберкулез Н.Оба

Д.Гепатит О. Оспа

Е.Корь П.Баспа(ангина)

Ж.Көк жөтел(коклюш) Р.Малярия(Безгек)

З.Күл(Дифтерия) Т.Ұйқы ауруы(сонная болезнь)

С.Холера

1

2

3











Б) Мүктәрізділердің өкілдерінің әрқайсысына тән сипаттамаларды анықтаңдар. (5 ұпай)

Сипаттамалар

Көкек зығыры

Сфагнум немесе шымтезек

Сабағы бұтақталмаған



Екіүйлі өсімдік



Ризоидтары бар



Суды сақтаушы жасушалары бар



Ризоидтары жоқ




5. Логикалық тапсырмаларды орындау. ( 6 ұпай)

А) Мэридың әкесінің 5 қызы бар: Чече, Чочо, Чача, Чичи. Сұрақ: бесінші қызының аты қалай?

Б) Бір суретшіге тапсырыспен портрет салдыртқан джентльмен қасындағы досына портретті көрсетіп: «Менің ешқандай да не аға-інім, не апа-қарындасым жоқ. Бірақ мына кісінің әкесі менің әкемнің баласы болған» деді. Портретте бейнеленген кім?

6. Биологиялық есептер шығару. (10 ұпай)

Алғашқы консументтердің энергетикалық балансы:

С=тұтыну энергиясы. Бұл АТӨ-ға тең емес (алғашқы таза өнім) продуцент, өйткені, қуат көзі 100% тиімді бола алмайды.

А= ассимиляцияға ұшыраған энергия.

R= тыныс алуға және жылуға салынған энергия.

U= зәр затына жұмсалған энергия.

F= фекалийлерге жұмсалған энергия.

Р= биомассаға жиналған энергия, яғни екінші ретті косументтерге жарамды.

Сонымен:

С= Р+ R+ U+ F

Алғашқы консументтерге кім жатады? Алғашқы продуценттердің энергетикалық балансын құрастырыңыз. Тыныс алу кезінде энергия қалай жоғалады? Редуценттерді атаңдар. Трофикалық деңгейлердің шектеуі не болады? Жауапты сызбанұсқа және сурет арқылы жазуға болады.





















М-С. Бабажанов атындағы ЖОББМ








Биология пәнінен мектепшілік пән олимпиадасын өткізу ережесі.









Тілепова Назгүл Бақтыгерейқызы-

биология пәнінің мұғалімі.











Сайқын ауылы