| 1.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Психологиялық ахуал туғызу. - Сәлемдесу Амандасу - инабаттылық пен әдепке қатысты қатынас нормасы болып табылғандықтан оқушыларымызбен амандасып, көңіл –күйлерін сұраймыз. Топқа бөлу: Бүгінгі сабағымыз саяхаттаумен басталады. Саяхатқа шығу үшін міндетті түрде билет алуымыз керек. Ол үшін оқушылармен арнайы терминалдан билеттер аламыз. Билеттің артында әрбір топшаның атаулары жазылып тұрады. Сол бойынша балалар топшаларға бірігеді. 1-топ: Алатау тобы 2-топ: М.Әуезов тобы 3-топ: Байқоңыр тобы 4-топ: Абай тобы Өткен тақырыпқа шолу және үй тапсырмасы. Үй тапсырмасын «Көршіңді тексер» әдісімен балалар бір-бірінің дәптерлерін алмастырып тексереді. Интербелсенді тақтада жауаптары көрсетіледі. Әрбір топшаның саяхатқа қаншалықты дайын екенін анықтау мақсатында, өткен тақырыпқа байланысты шолу жасап кетеміз. «Дұрыс, дұрыс емес» әдісі арқылы тексеріледі. Яғни оқушыларға арнайы өткен тақырыпқа байланысты әртүрлі деңгейде сұрақтар тізбегі оқылады. Және ол сұрақтар дұрыс болуыда мүмкін немесе дұрыс емес болуы да мүмкін. Тыңдап отырған оқушы, оның шешімін тез арада тауып, орындыққа жылдам барып отырып қалуы шарт. Егер а саны b санынан үлкен, ал b саны с санынан үлкен болса, онда а саны с санынан үлкен болады. (дұрыс) Егер тура теңсіздіктің екі жақ бөлігіне де бірдей сан қосылса, теңсіздік белгісі өзгертіледі. (дұрыс емес) Егер тура теңсіздіктің екі жақ бөлігі бірдей оң санға көбейтілсе, теңсіздік белгісі өзгертілмейді. (дұрыс) Егер тура теңсіздіктің екі жақ бөлігі теріс санға көбейтілсе немесе бөлінсе теңсіздік белгісі өзгертілмей, тура теңсіздік шығады. (дұрыс емес) Егер теңсіздік белгілері бірдей тура теңсіздіктер мүшелеп қосылса, онда теңсіздік белгісі қосылғыш теңсіздіктердің белгілеріндей тура теңсіздік шығады. (дұрыс) Теңсіздік белгілері бірдей және оң жақ бөлігі мен сол жақ бөлігі оң сандар болатын тура теңсіздіктерді мүшелеп көбейтуге болады. (дұрыс) Егер болса, онда болады. Мұндағы (дұрыс) Екі санды өрнектің теңсіздік белгісімен жазылуы санды теңсіздік деп аталады. (дұрыс) 1-тапсырма: «Сәлемдеме» әдісі бойынша 4 топқа 4 түрлі тапсырма беріледі. 4 тапсырма 3 түрлі деңгейде қарастырылған. Алатау тобы: Теңсіздіктерді мүшелеп қосуды орындаңыздар: А деңгейі: және  В деңгейі: және  С деңгейі: және x+y-ті бағалаңдар. М.Әуезов тобы: Теңсіздіктердің қасиеттерін пайдаланып: А деңгейі: теңсіздігінің екі жақ бөлігіне де -2 санын қосыңыздар. В деңгейі: теңсіздігінің екі жақ бөлігіне де -2а санын қосыңыздар. С деңгейі:  x+y-ті бағалаңыздар. Байқоңыр тобы: Теңсіздіктерді мүшелеп көбейтіңіздер: А деңгейі:  В деңгейі:  С деңгейі: және 2xy-ті бағалаңыздар. Абай тобы: Теңсіздіктердің қасиеттерін пайдаланып: А деңгейі: теңсіздігінің екі жақ бөлігін де -3-ке көбейтіңіздер. В деңгейі: теңсіздігінің екі жақ бөлігін де -2-ге көбейтіңіздер. С деңгейі: есептеңіздер. Тапсырма дескрипторы: | 1 | Теңсіздіктің қасиеттерін есеп шығаруда қолданады | 1 | | 2 | Тура теңсіздікті жазады | 1 |
Бағалау: Бас бармақ әдісі арқылы. 2-тапсырма: Теңсіздіктерге байланысты мәтін есептер арнайы билеттерде жазылып тұрады. Әрбір топшаның топ басшысы шығып, жасырын есептерді алады. Билеттерді алып, топ болып келесі бекетке жетуді көздейді. 1-топ: Алатау тобы Тік төртбұрыштың ұзындығы 4,5 см-ден артық, 5 см-ден кем. Оның ені 2 см-ден артық, 3,2 см-ден кем. Тік төртбұрыштың ауданын бағалаңдар. Тапсырма дескрипторы: | 1 | Берілгенін санды теңсіздікпен жазады | 1 | | 2 | Тік төртбұрыштың ауданының формуласын қолданады | 1 | | 3 | Теңсіздіктерді көбейтеді және тік төртбұрыштың ауданын бағалайды | 1 | 2-топ: М.Әуезов тобы М.Әуезов театрында көрермендерге арналған 15-тен артық, 21-ден кем театр қойылымы жоспарланған. Егер аптасына 3 қойылымнан өткізілсе, онда бұл театр қойылымы неше аптаға дейін өткізілетінін бағалаңыздар. Бағалау дескрипторы: | 1 | Берілгенін санды теңсіздікпен жазады | 1 | | 2 | Санды теңсіздіктің қасиетін қолданады | 1 | | 3 | Шыққан мәнді бағалайды | 1 | 3-топ: Байқоңыр тобы Тік төртбұрыш қабырғалары , аралығында болса, онда осы төртбұрыштың периметрін бағалаңыз. Бағалау дескрипторы: | 1 | Берілгенін санды теңсіздікпен жазады | 1 | | 2 | Тік төртбұрыштың периметрінің формуласын қолданады | 1 | | 3 | Санды теңсіздіктерді қасиетін қолданады және тік төртбұрыштың периметрін бағалайды | 1 | 4-топ: Абай тобы Ерасыл мен Ерқанат бақтан алма теріп алды. Ерасыл бақтан 11-ден артық, бірақ 15-тен кем алма терді. Ерқанат бақтан 9-дан артық, бірақ 13-тен кем алма терді. Ерасыл мен Ерқанат терген алмаларын өздері және екі достары тең бөліп алды. Балалардың әрқайсысының неше алмадан алғандарын бағалаңыздар. Бағалау дескрипторы: | 1 | Берілгенін санды теңсіздікпен жазады | 1 | | 2 | Санды теңсіздіктерді мүшелеп қосады және бөлуді орындайды | 1 | | 3 | Жауабын табады | 1 | Бағалау: Формативті бағалау 3 –тапсырма: Оқулықпен жұмыс. №898, 39-бет Бағалау дескрипторы: | 1 | Санды теңсіздіктердің қасиеттерін қолданады | 1 | | 2 | Шыққан мәнді бағалайды | 1 | Бағалау: Парақша арқылы Сергіту сәті: «Kahoot» әдісі арқылы уақытпен есептер шығарады. 4-тапсырма: Мирас Абайдың қара сөздерін жаттады. Ол бірінші күні сөздердің -інен артық, бірақ -інен кем х санын жаттады, Мирас екінші күні қара сөздердің -інен артық, -інен кем у санын жаттады, Мирас екі күнде Абайдың неше қара сөз жаттағанын бағалаңыздар. Бағалау дескрипторы: | 1 | Берілгенін санды теңсіздікпен жазады | 1 | | 2 | Санды теңсіздіктің қасиетін қолданады | 1 | | 3 | Шыққан мәнді бағалайды | 1 | Рефлексия «Пойыз» әдісі арқылы Үйге тапсырма : №902-904, 40-бет |