Кіші жас «Балдәурен» тобындағы ұйымдастырылған оқу
қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 03.09.2019ж.
Тәрбиеші: Молдахметова Г.М.
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Пән: Денешынықтыру
Өтпелі тақырып: «Балабақша»
Тақырыбы: Бір-бірден сапқа тұру,жай жүріспен жүру.
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Төзімділікке, шапшандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Саптан шықпай өз бағытын сақтауды, саппен жүруге үйретуді дағдыландыру.
Оқыту: Жай сапқа өз орнын табуға үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Денсаулық технологиясы. Ойын технологиясы. Дамыту технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Доп
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шеңберге тұру :бір-бірінің артынан жүргізу, бір қатарға тұрғызу, амандасу, сабақтың тақырыбын айту, жаттығу жасағанда балаларға көмек жасау.
Бір тізбек жасап кіреді, бір қатарға тұрады, амандасады, тәрбиеші айтқан тақырыпты тыңдайды,мұғалімнің есебін айтқызбай орындау, жаттығуларды жасау
2.Негізгі бөлім: Қатармен жай жүріс, белгі бойынша бір-бірден тоқтату.
Бір қатарға саппен жүру, жүгіру, көрсету.
Көрсетуден кейін жай жүруге,жай жүріске
дағдыландыру.
Екі қолмен берілген жаттығуларды толығымен жасау, бір-бірден саппен жүру, сапты бұзбауға дағдыландыру.
Ойын: «Кім жылдам»
3.Қорытынды:
Дем алатын жаттығулар, қатарға тұру, сапқа тұру, сабақты қорыту.
Кіші жас «Балдәурен» тобындағы ұйымдастырылған оқу
қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 05.09.2019ж.
Тәрбиеші: Молдахметова Г.М.
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Пән: Денешынықтыру
Өтпелі тақырып: «Балабақша»
Тақырыбы: Шеңберге тұру, қатармен жай жүріс, белгі бойынша бір-бірден тоқтату.
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Қатарға сапқа тұруға үйрету.
Дамытушылық : Шеңберге тұру дағдыларын бекіту.
Оқыту: Тәрбиешінің белгісі бойынша тоқтауға,бір бағытты сақтай отырып қатарда жүруге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Денсаулық технологиясы. Ойын технологиясы. Дамыту технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Доп
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Зал бойынша нұсқаушының артынан жүру сап бойынша, бірінің артынан бірі. Зал бойынша нұсқаушының артынан жүгіру. Шеңберге тұру
Қатармен жай жүріс, белгі бойынша бір-бірден тоқтау.
2.Негізгі бөлімі:
1.5 м қашық допты бір-біріне домалату,аяқ алшақ етіп отыру
«Қояндарша секіріміз» - Қос аяқпен секіру, аяқ бірге, аяқ алшақ.
Ойын: «Ең жылдам»
Алтын сәуле арайлы
Бақшамызға тарайды.
Қуанышпен шат күліп.
Қарсы алайық арайды
Балаларым қат-қатар,
Тұрындаршы бір қатар.
Оңға қарай бұрылып.
Тізбек болып тізіліп
Алға қарай басайық.
Балалар шеңбер бойымен жүреді: аяқ ұшымен, өкшемен, сыртымен, аяқты көтеріп және әр бағытта жүру, жүгіру, жай жүріп дем-алу.
Балаларға шеңберге тұруына көмектесу.Балалардын жаттығуды дұрыс жасауын қадағалау.
Балаларға аяқтарын алшақ етіп отыруына ұсынады.
1.5 м қашық допты бір-біріне домалату,аяқ алшақ етіп отыру
3.Қорытынды:
Дем алатын жаттығулар, қатарға тұру, сапқа тұру, сабақты қорытындылау. 1-1,5 мин Бір қатарға тұрады . Дем алатын жаттығуды жасау, сабақ қалай өткенін айту , қоштасу. Бір қатарға тұрады . Дем алатын жаттығуды жасау, сабақ қалай өткенін айту , қоштасу
Кіші жас «Балдәурен» тобындағы ұйымдастырылған оқу
қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 05.09.2019ж.
Тәрбиеші: Молдахметова Г.М.
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Құрастыру
Өтпелі тақырып: «Мен және қоршаған орта»
Тақырыбы: Шуақты күн
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру
Дамытушылық: Елестету , қиялдау қабілеттерін дамыту
Оқыту: Күн шуағын бейнелеуге үйрету
Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Күннің көзі, түрлі-түсті доптар
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Ойындық жағдаят
Балаларға ойынға ит келеді. Ол өзімен әртүрлі түсті шеңберлер ала келеді және онымен ойнауды ұсынады.
2.Негізгі бөлімі:
Тәрбиеші фланеграфқа бұлт пен күннің жапсырадыда тақпақ оқиды.
Бұлт тығылып орманға,
Шықты күнім аспанға.
Сондай таза сәулелі,
Даярмыз аялап ұстауға.
Тәрбиеші тақпақты тағы бір қайталап шығады.
Сөздік жұмыс:
Шуақты күн
-Қәне, балалар, күнімізге күліп және ауа арқылы сүйіп, қол бұлғайық.
-Балалар, күннің түсі қандай?
-Міне, мынандай сары түсті.
-Ал мынандай түстен не болуы мүмкін?
Фланеграфтағы жасыл дөңгелектерді көрсетеді.
-Ал, мынандай түстен (қызыл) не болуы мүмкін? Фланеграфқа қояды.
-Балалар, бізде не сары түсті?
-Ал, көк түсті ше?
-Ал қызыл түсті ше?
Балалармен жұмыс жүргізіледі.
«Түрлі түсті доптар»
Тәрбиеші түрлі-түсті доптармен ойнауды ұсынады. Педагог мына сөздерді айта отырып, допты балаларға қарай лақтырады.
3.Қорытынды:
«Қағып ал менің қызыл (сары, жасыл, көк) добымды,
Маған лақтыр жасырма оны!»
Тәрбиеші әрбір баламен жеке ойнайды.
«секір добым асықпай,
Ойнасын барлық балақай!»
Балаларды мадақтау.