СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Біріншіге барамын.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың ой өрісін дамыту.Білімге құштарлығын ояту.

Просмотр содержимого документа
«Біріншіге барамын.»

Бекітемін:

Күні:

Тақырыбы: «Біріншіге барамыз!»

Мақсаты:1.Мектепалды дайындық тобыннан жыл боый алған білімдерің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету. 2.Балалардың сөздік қорын, тілін, ой-өрісін, кенейтіп дамыту. 3.Ұжымдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбилеу.

к/құралдар: безендірілген зал, муз. аппаратура,шар, костюмдер.

Жүру барысы:

Кұрметті ата-аналар қонақтар!  Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында

тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып,  білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен  қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Біріншіге барамыз  атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.


Нұрлы үмітін арқалаған арқаға

Жан сәулесін таратасын баршаға

Шын пейілсін құрметімізді көрсетіп

Бүлдіршіндерді шақырымыз ортаға.

1. Амангелдіұлы Рустамбек

2. Бақытжанқызы Інжу

3. Бақыт Інжу

4. Батырбекұлы Мерхат

5. Болатбекұлы Ұланбек

6. Гилымова Жанерке

7. Ғимран Рысгүл

8. Ғадылқызы Таңнұр

9. Есболқызы Дана

10.Малаев Нұржан

11.Нұрлан Мейрамбек

12.Рахметоллақызы Жанерке

13. Сираж Нұрайым

14.Сапи Шыңғыс

15.Сабыржанқызы Ақнұр

16.Тұрланұлы Даулет

17.Уалихан Абылай

18.Уразғалиқызы Гүлназ

19.УазиховаАружан

20.Уазих Дильназ

21.Хайрулла Жандаулет

22.Шынтасұлы Ерасыл

Абылай: Қоштасу тойын бастайық

Ән мен биге қостайық

Өнерімізді көрсетіп

Құрметіне бұл тойыдың

Ән мен шашу шашайық

«Вальс» биі

Хор « Біріншіге барамыз»әнін тамашалаңыздар!


Тәрбиеші:Өтті қызық көп күндер

Алты жасқа жеттіңдер

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер.- деп келесі кезекте балалардың тақпақтарына кезек береміз.


Дильназ:Қуанамыз сыйлаймыз,

Қуаныштың мың гүлін

Дайындықты қимай біз

Қоштасатын күн бүгін.

Інжу:Өсті міне бойларын

Өсті міне ойларың,

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

Аружан:Қызық күндер өткіздік

Дайындықтың бағында

Көп оқыдық, көп білдік

Ел мен Отан жайында

Отан деген –атамекен

Отан деген туған жер

Отан-ана

Отан-үлкен

Қазақстан –туған ел.

Р.Жанерке:Келгенімде алдыңа

Қызыл арай гул алып

Жақсы тарттың жанына

Шәкіртім деп қуанып.


Тәрбиеші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі.

Әсем бимен түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады

Қыздардың орындауында «Гүлдер»биі

Хор: «Балапан» әнін тамашалаңыздар!


Шыңғыс:Сен үйреттің сөйлеуді

Сенде ойым есейді

Мектепке барам мен енді

Рахмет саған, Дайындық

Жандаулет: Сүйген өз қыз, өз ұлын

Бөбегім деп аянбай

Мектебім өз үйім

Апай болды анамдай

Альгис:Мектеп –анаң бүгінен

Мектеп-алтын босаған

Мектеп берген біліммен

Марқаясын жасұлан

Мектепке: енді барамыз

Біз оқушы боламыз

Жақсы оқып сабақты

Күнде бестік аламыз.


Тәрбиеші:Балаларымыз көңілді,

Шақырамыз ортаға,

Тойымызға сән беріп,

Би билесін шаттана.- дей отырып, ортамызда


Аружан, Дильназ, Інжу орындауында «Өзбек» биін тамашалаңыздар


Балалар жыл бойына қандай пәндер болды? Еске түсірейік?

І – тапсырма орыс тілі пәні бойынша тақпақ айту:,

ІІ -тап /ма Балалар мына оқулықөалай аталады?(Математика)

1.Табақта 10 алма

Данияр алды 7 алма

Сонда қалды неше алма. 10-7=3

2.Көлден ұшты жеті қаз

Қайтып қонды екі қаз

Қонбады оның үшеуі

Кәні кім тез жетеді 7-2=5

3. Далада тұр екі ешкі

Қорада тұр екі ешкі

Екі ешкі мен екі ешкі

Болады бардығы неше ешкі 2+2= 4

4.Неше жапырақ

Тал басында тізіліп

Он жапырақ тұр енді

Жел соқты да үзіліп

Ұшып кетті біреуі

Ізінше оның жұлқынып

Түсті тағы біреуі

Тұр әлі де ілініп

Жапырақтың нешеуі?10-2= 8

5. Есеп шығару

Қанша бала

Мұз айдында 7 бала

Асыр сап жүр, сырғанап

Сырғанамай екі бала

Жағалауда тұр қарап

Енді осы бар баланың

Санын айтсақ жарадың 7+2=9 3+2=5

6-1=5

10-5=5

10+10=20

ІІІ-тап Тіл дамыту.

Не білдік?Не үйрендік?

Мен сіздерге жұмбақтар жасырайын

1.Ақылшы дос балаға

Жақсы серік ағаға

Үндемейді ол саған

Білгір, бірақ бағала. « Кітап»

2. Мен –ақ қалам,ақ қалам

Жазған сайын жоқ болам. «Бор».

4-пән. Көркем әдебиет.

Қандай ертегілерді білеміз?

«Қарлығаш пен дәуіт», «Мақта қыз бен мысық»

Ойын: «Күн шуағы»
- Балалар мынау қандай пішін?
- Түсі қандай? Осы дөңгелекті шуақты күнге айналдыруымыз керек. Күннің нұрын менің қойған сұрақтарыма жауап беру арқылы жапсырып отырамыз. Сендердің өте зерек, алғыр, тапқыр екендеріңді ата - анамызға және ұстаздарымызға көрсетейік.
1. Тік төртбұрыштың қабырғалары нешеу? (4)
2. Бір аптада неше күн бар? (7)
3. Машинаның дөңгелектері нешеу? (4)
4. Қазір қай мезгіл? (көктем)
5. Бағдаршамда неше көз бар? (3)
6. 8 наурыз кімдердің мерекесі? (аналарымыздың)

Хор: «Балдырған»әні

Ән: Уазих Дильназдың орындауында «Көнілді күн»


Медина:Алда талай өтермін

Өмірдің зор сынағын

Мақсатыма жетермін

Өнегең мен мұғалім.

Ұланбек:Мектебім,қия алмаймын

Көп нәрсе қиялдаймын

Мәңгілік оқушың боп

Қалуға ұялдаймын.

Даулет:Енді мен үлкен боламын

Анамның тілін аламын

Ұстаздың барлық айтқаның

Миыма қүйып аламын

Б.Інжу:Ана тілі ардақтап

Ата салтын, біз көрдік

Сурет салып, ән жаттап

Оқып жазып үйрендік

«Қарлығаш» хореографиялық би тобы: Нұрайым, Рысгүл, Жанерке қыздарымызды қарсы алайық «Балапан» биімен.

Хор: Мектебім әні:

Ойын: «Мектепке не керек?»

Ойын: «Тез бейнелейік?»

Таңнұры: Ұстазға әркім басын ию керек,

Кемеңгер, ақылшым деп білу керек

Сен бүгін керемет боп кетсең дағы

Жеткізген сол ұстаз деп білу керек

Рустамбек: Биыл ғана мектептің

Табалдырығын аттадым

Әліппені қолға алып

Әріптерді жаттадым.

Дана: Партаға алғаш отырдым

Бұдан асқан бақыт жоқ

Оқушы болдым мінекей

Ойнауға енді уақыт жоқ.

Гүлназ:Алтынсаринатаның

Мектебінде оқимын

Ұстазымның әр сөзін

Көңіліме тоқимын

Жақсы оқып келемін

Сабақтан да қалмаймын

Осы өлең жолдарынн

Мектебіме арнаймын.

Бір топ кыздардың орындауында «Кемпірқосақ» биі.

Ән: «Ұстазым»

Осымен «Біріншіге барамыз» ертеңгілігіміз аяқталады.











































Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі.







Ертеңгілік




«Рахмет саған, Дайындық!»

МАД 0б тобы










Тәрбиешісі:Кдырсихова А