Жаңа сабақ. Мұғалім оқушыларға мәтін есептер шығарылу алгоритмдерімен таныстырып,түсініктемелер береді. Мәтінді есеп деп сөздерден құралған есептерді айтамыз. Мәтінді есептерді шешу үшін алдымен шартын түсініп оқып алу керек. Мәтінді есептерге теңдеу құру үшін есептегі белгісіз шамаларды анықтап алу қажет. Есептегі белгісіз шамаларды латын әріптерімен белгілейміз. Құрылған теңдеуді шешу үшін есептегі амалдарды тізбектей орындау қажет. Қысқаша есеп шарттарын схема арқылы көрсетіп, оқушының ойын жүйелей білуге баулиды. Жұмысты 1 бүтін деп есептейміз.    Бірлесіп жұмыс жасау мәтін есептеріне мысалдар қарастырып жалпы сыныппен талқылайды, оқушылар алдына мәселе қояды: Айданашоколадты 3минутта, ал Дамир 6 минутта жейді . Олар осы шоколадтыбірге неше минутта жеп бітіреді?Оқушыларға есептің шешуінің әртүрлі нұсқаларын көрсетеді Мұғалім бағыттаушы сұрақтарарқылы осы есепті шешу үшін уақыт , жұмыс,еңбек өнімділігі,яғни минутына қандай бөлікті жейді ұғымдарын жете түсіндіреді. Соған байланысты формулаларды бере отырып, есепті кестеге салып шығару оңайырақ болатынын айтады. | Уақыт t | Өнімділік p | Жұмыс A | 1 адам | | | | 2 адам | | | | Бірге | | | | | Уақыт t | Өнімділік p | Жұмыс A | Айдана | 3 |  | 1 | Дамир | 6 |  | 1 | Бірге | ? | ? | 1 | + = 1: =2 Жауабы: 2 минут. Нәтижелері бағалау парағына түсіріледі. 6. Фронтальды жұмыс Хауыздағы су бір құбырдан 7 сағатта толады, ал екінші құбырдан хауыз 8 сағатта босайды. Екі құбыр ашық болса, бассейін неше сағатта толады? 1) 1) 1:7= (бөлік ) – бірінші трубаның өнімділігі 2) 1:8= (бөлік ) – екінші трубаның өнімділігі 3) - = (бөлік ) – жалпы өнімділік 4) 1:56= (бөлік) –жұмыстың жалпы уақыты Жауабы: 56 сағат. 7.Сергіту сәті 8.Жұппен жұмыс/ Work in pairs 1.Ертедегі есеп. Бір қойды арыстан 2 күн,қасқыр 3 күн, ал ит 6 күн жейді. Егер бір қойды арыстан, қасқыр және ит бірлесіп жесе, неше күн жейді? Жауабы: 1сағат 2.Хауыз бірінші және екінші құбырдан аққан сумен 6 сағатта толады. Хауызға су бірінші құбырдан ғана ақса, хауыз 10 сағатта толады. Хауызға су екінші құбырдан ғанаақса, хауыз неше сағатта толады? Жауабы: 15сағат 3.Ағасы, інісі және қарындасы бірлесіп қардан аққаланы 12 минутта жасады. Қардан жасалған осы аққаланы, егер ағасы ғана жасаса 24 минутта,егер інісі ғана жасаса 40 минутта жасайды. Егер осы аққаланы қарындасы ғана жасаса, қанша уақытта жасайды? Жауабы: 1сағат 9. Фронтальды жұмыс. Оқушыларға ағылшын тілінде есеп беріледі. Jonn and his brother took water with them on a hike. Jonn takes 3 hours to drink 1 pint of water and his brother takes 4 hours to drink 1 pint of water. How many hours will it takefor the combined amout drink to be 1 pint? Нәтижелер бағалау парағына түсіріліп отырады. 9. Сабақты қортындылау Рефлексия. Мұғалім сабақты сұрақ-жауап арқылы оқушылардың өзіне қортындылатып, рефлексия жүргізеді парақтары бойынша бағалайды |