Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»/Біржан әнінің зор құдіреті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Көркем шығарманың мазмұнын меңгерту, шығарманы оқып-үйретудің әдіс-тәсілдерін дұрыс қолданып, талдай білуге баулу;
Дамытушылық:Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, шығармашылық ізденістерге баулу;
Тәрбиелік:Қазақтың салт-дәстүрін білуге, қарапайымдылыққа, адамгершілікке, қонақжайлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу;
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары, сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, іздендіру, т.б
Сабақтың түрі: іскерлік дағдыны қалыптастыру
Көрнекіліктер: Абай, Біржан, М.Әуезов портреттері.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
-Балалар, 3 топқа бөлінген себебіміз, бүгінгі сабақта тапсырмаларды топ болып ақылдасып орындап отырамыз. Ендеше, І топ –«Абай», ІІ топ – «Біржан», ІІІ топ –«Мұхтар» болсын. Әр топ осылар туралы қысқаша мәліметті тақтаға «Топтастыру» стратегиясы бойынша жазсын.
І топ -Абай
ІІ топ –Біржан
ІІІ топ –Мұхтар
Эпиграф
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй!
Абай
ІІІ Жаңа тақырып
М.Әуезов «Біржан сал Абай аулында» Біржан әнінің зор құдіреті.
1-тапсырма. Мәтін бойынша жұмыс.
І топ Жоспар құру
ІІ топ Композициялық құрылысына талдау
ІІІ топ Абай мен Біржанды «Венн диаграммасы» арқылы салыстыру
2- тапсырма. «Тұжырым» кестесі бойынша жұмыс
І топ -Абай,ІІ топ-Әйгерім,ІІІ топ-Біржан
Кейіпкерлер
Іс-әрекеті
Адами қасиеті
3-тапсырма.Оқулықпен жұмыс
І топ .Біржанның «Жанбота» әні туралы үзіндіні тауып, мәнерлеп оқу
ІІ топ. Абайдың Біржан әнінен алған әсері бейнеленген жерді тауып оқу
ІІІ топ. Ұлжанның Біржанға бата берген кезін тауып оқу
4-тапсырма.Тест жұмысы
1.Абайға бала кезінде жеңгелері еркелетіп қойған аты
а/ Сабалақ ә/Телғара б/Ерасыл
2.«Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы!» Кімнің сөзі?
а/ Абай ә/Біржан б/Әйгерім
3.«Өнерпаз болсаң, өр бол! Жалқы бол, жарлы бол, ол –кемшілік емес!» Кімнің сөзі?
а/ Жиренше ә/ Абай б/ Біржан
4.«Кісісін бір болыстың біреу сабап,
Бар ма еді статьяда көрген жерің?...» -деген жолдар кімнің, қай өлеңінен үзінді?
а/ Жаяу Мұса «Ақ сиса» ә/ Абай «Көзімнің қарасы» б/ Біржан «Жанбота»
5.Шығармадағы типтік образды ата
а/ Абай ә/ Біржан б/ Әйгерім
6.«Біржан сал» фильміндегі Біржанды сомдаған актер кім?
а/ Т.Жаманқұлов ә/А.Әшімов б/Д.Жолжақсынов
7.Әйгерімнің шын аты кім?
а/ Үмітей ә/Шүкіман б/Балбала
8.Әйгерімге алғыс айтқан кейуана
а/ Зере ә/Иіс б/Ұлжан
9.Керімбала:
Тағы бір ауыз!-деп еді.
Оралбайға:
Тағы! Тағы! –деп Біржан да ықыласпен айтты.
а/ диалог ә/монолог б/ эпилог
10.Біржанның сұрауы бойынша қоштасардағы жастар айтқан ән
а/ «Жамбас сипар» ә/ «Жиырма бес» б/ «Жанбота»
Бекіту
5-тапсырма «Топтастыру» стратегиясы
Қонақжайлық мейірімділік
әңгімеден қандай тәрбие алдық?
Татулық сыйластық
Бауырмалдық өнерсүйгіштік
Біржанның ізбасарлары:Оралбай,Үмітей,Әмір,Керімбала
Сұрақ: Елімізді дүние жүзіне танытқан қандай әнші, өнер адамдарын білесіңдер? /Әміре, Б.Төлегенова, Р.Бағланова, «Ұлытау» тобы, М.Бисенгалиев, т.б./
Ендеше, екі ұлы -Абай мен Біржан өнер құдіретін түсініп, бір-бірінің қадірін қалай арттырса, біз, кейінгі ұрпақ та өнерді сүйіп, қастерлей білуіміз керек.
VI.Үйге: «Өнерім –өмірім» тақырыбына шағын шығарма жазу
VII.Бағалау