| Мотивация- лық- қозғаушы- лық | Шаттық шеңбері. Тілегіміз тыныштық, Ашық болсын кең аспан. Мықты болсын іргеміз, Бәріміз де біргеміз. («Өзін-өзі тану» пәні бойынша.) -Балалар, бір сәт көзімізді жұмып, ұшақ сияқты қанатымызды жайып, «Ойыншықтар әлеміне» саяхатқа барайық. Көзімізді ашқанда біз ойыншықтар әлемінде боламыз. -Қараңдаршы, ойыншықтар қандай көп. Әдемі және жасалған әртүрлі қуыршақтар бар. Кәне, сен машинаны жүргізіп көрші.Ал сен қуыршақтың даусын тыңдашы.Не дейді? Мына қуыршақтар билейді екен. Қандай тамаша!Бұл ойыншықтар зауытта жасалған, дүкендерде сатылады. Сендердің ойыншықтарың көп пе? Ойыншықтарың туралы айтып көріңдер. Енді өзіміздің іні-қарындасымызға ойыншықтар жасап, қуантсақ деймін. Сендердің жасаған ойыншықтарыңды көріп, ата-аналарың да риза болсын.Енді орынымызға жайғасып, бір-бірімізге кедергі жасамай, жұмысымызды бастайық. | Балалар бір-бірінің артына тұрып, қолдарын екі жаққа жайып, ұшақпен ұшады. Балалардың назары ойыншықтарға ауысады,әр ойыншықты алып қарайды. Өздеріне ұнаған ойыншықтармен ойнайды. Балалар өздерінің ойыншықтары туралы әңгімелейді, тақпақтарын айтады. |
| Ұйымдастыру- шылық ізденістік | -Балалар, сендер мына ойыншықтарға тағы да қарап, өздеріңнің қалауларың бойынша іні-қарындастарыңа ойыншықтарды мүсіндеңдер. Педагог мүсіндеу кезінде балаларға көмек көрсетеді. Балалармен бірге адам бейнесінің суреттерін қарайды, олардың дене мүшелерінің орналасуына көңіл бөледі. Қимыл-қозғалыстарды сөзбен сипаттап айтып жеткізулерін сұрайды. Ермексаздан осындай өздеріңе ұнаған бейнелерді мүсіндеуге тапсырма береді. Балалар адам бейнесін мүсіндеудің жолдарын өздері қарастырады. Әліппе-дәптердегі мүсіндеу әдіс-тәсілдеріне қарай отырып, қозғалыстағы адам бейнесін мүсіндеу жолдарын түсіндіреді. Ермексазды алақанға салып жұмсартып, сопақтап адам кеудесін келтіреміз. Ермексазды кішірек төрт бөлікке бөліп, есу арқылы жіңішкертіп, екі қолын, аяғын кеудесіне орналастырамыз. Кішкіне бір бөлігін алып, домалақтап, басын жасаймыз, осы бөліктен шымшу арқылы мұрнын, құлағын, бет пішін шығарамыз.Одан кейін қолын, аяғын қимылдап тұрған адам бейнесіне келтіреміз.Басқа түсті ермексаздан өз қалауларын бойынша кейімдерін әсемдейміз. Сергіту сәті: Ортақ болсын асқар тау, Жеміс толы бақша-бау. Болсын жермен су ортақ, Болсын кең де, көл де ортақ. Ақпыз, қара, сарымы, Ағайынбыз бәріміз. (Ә. Дүйсенбі) | Балалар педагогтің нұсқауымен сурет үлгіге қарай отырып, қимылдағы адам бейнесін мүсіндейді. Адамның дене бөліктерінің ерекшеліктерін көрсетеді. Ол үшін адамның қолды көтеріп қоюы, бүйірін таянып тұрыы, шынтақты бүгіу, жүріу немесе иілуін қимылмен жасап көрсетеді. Балалар өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. |
| Рефлексия- лық түзетушілік | Балалардың жұмыстарын қарап, мадақтап, баға беру. «Қуыршақ» әнімен сабақты қорытындылау. | Балалар аяқтаган жұмыстарын көрмеге қояды. |