СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Біз мақтан етеміз,біз еске аламыз

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

9 мамыр күніне "Біз мақатн етеміз, біз еске аламыз" тақырыбында арналған сценарий

Просмотр содержимого документа
«Біз мақтан етеміз,біз еске аламыз»

Біз мақтан етеміз , біз еске аламыз

Ән « Жеңіс күні» Ұлжан

Серік: Жеңіс! Қандай құдіретті сөз еді бұл! Осы бір сөзге төрт жылдай теңселген дүниенің қайғы-қасіреті мен ой-қиялы сыйып жатыр.

Жансая: Жеңіс! Сенің жолыңда қаншама қанды лайсаң қалды. Сенің жолыңда қаншама боздақтар құрбан болды.

Серік: Иә, сан обаларда жүздеген тіпті мыңдаған жауынгерлердің денесі қалды. Сол обаларда жанып тұрған жұлдыздар – ер ұлдарымыз бен қыздарымыздың жүрек оттары емес пе ! Сол обалардың етегінде оттай боп жанып тұрған қып-қызыл қызғалдақтар мәңгі өшпес ел махаббатының белгісі емес пе ?

Жансая: Ендеше, құрметті ауыл тұрғындары, ұстаздар мен оқушылар бүгінгі 9 мамыр Жеңіс күніне , Жеңістің 72 жылдығына арналған «Біз мақтан етеміз, біз еске аламыз» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

Серік: Міне, Жеңістің 72 жылдығын тойлап жатырмыз. Жеңіс, .... Иә оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе? Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орындалды.

Жансая: Жеңіс жолында талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Фашистердің тұтқын лагерінде қаншамасы өлтірілді.

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болсадағы ғасырдың бұл қай жылы

Әрқашан да басын иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

Серік: Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске түсіруге арналған 1 минуттық үнсіздік жариялаймыз

Серік: Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды.

Жансая:Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып тойлайды.
Гүлназ

Қырандарым, кешегі ұландарым,

Жау шапқанда жабығып, тұра алмадың.

Әлі есінде ана мен баланың да,

Қан майданға тіленіп, сұранғаным.

Сызды жатып, суықтан тоңбадыңдар,

Шөлге шыдап, ыстықтан солмадыңдар.

Қабанбайдың көзіндей көкелерім,

Отқа түсіп Отанды қорғадыңдар!

Сол жылдары халыққа қиын болды,

Кей үйлерге екі-үштен өлім «қонды».

Қарайлаған жалғызы жер жастанып,

Бәсіресін бере алмай, бағы солды.

Бейбарыс
«Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің,
Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.
Жасқанбаған жауынан жарақты ер,
Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел.
Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ,
Жүздеріңе сендердің қарап білер.
Дарқан мінез, дария ой, дара шыңдар,
Жарқын жүзді, жүрегі ақ, жаны асылдар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Майдангерлер азайып барасыңдар.

Әсем

Соғыс берді Аналарға жесірлік,

Дей алмаймыз «Санамыздан өшірдік»

Боздақтардың қаны судай төгілген

41-де көрмеді жұрт не сұмдық?

Батыр халық бақ қондырған құс қолға,

Қуанамыз ақ көгершін ұшқанға,

Сұм соғысты жерлеп қайтқан әкелер,

Болған солай бізде әділ күш барда.

Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім,

Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім.

Ұрпақ үшін тозбайтұғын бітпейтін,

Ардагерлер – естелігі соғыстың.

Мерей

Шын сұрапыл сол бір дауыл-боранның,

Ызғарынан көкірегіне толар мұң.

Ардагерлер сирегенмен өздері,

Қалыңдайды естелігі олардың.

Дамир

Ешқашанда енді соғыс болмасыншы
Гүлдері ата-ананың солмасыншы
Жеңерміз қиындықты қайыспастан
Тек қана елге амандық орнасыншы
Бейбіт болып әрбір күніміз
Береке тола берсін жылымыз
Биіктерге тұрсын мәңгі желбіреп
Көк аспанмен түстес біздің туымыз

Ән «Әлия» Танзиля

Серік: Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...
Жаснсая: Кешегі неміс-фашист басқыншыларымен болған қырғын соғыстағы жеңіс оңайлықпен келмеді. Талай ардақты азамат елі, жері үшін жанын қиды. Соның бірі, бірі емес бірегейлері –қазақтың батырлары Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Сұлтан Баймағанбетов, Бақтыораз Бейсекбаев батырлардың есімдерін естігенде ең бірінші патриот, еліне адал адамның бейнесін елестетесің.

Нұрай
Қайтпаған жауыннан
Қаһарман Бауыржан
Қан ішер фашисті
Қырды ол мыңдаған.
Ерлігі әрқашан
Есімде сақталады
Ұрпағы ұмытпайды.
Өмірінен үлгі алады.

Гүлжайна

Туған жер өскен орта, байтақ дала
Махаббат, ыстық жүрек, құмарлана
Сүйеді Төлегендей ер баласын
Баулыған батырлыққа отан- Ана!
Бауыржан
Ажал боп төнген жауына,
Дауылды көктің қыраны.
Оралды Алатауына,
Ерліктің өжет бір әні.
Таңғалтқан батырлығымен,
Тарланбоз Талғат ағамыз.

Ерхан

Арылтып жаудан жерімді,

Табанға жаншып өлімді,

Жеңіспен желпіп өмірді,

Оралды ерлер көңілді,

Десеңдер бұл қай күні –

Бәрі қосылып: Тоғызыншы мамыр күні!

Қарақат

Алақай – ай, Әйгілі

Тоғызыншы мамыр бүгін.

Алғаш күні шаттықтың,

Соңғы күні қайғының.

Абай

Ұлы кешке сенген күн,

Фашистерді жеңген күн.

Қырмызы гүл, қызыл гүл,

Құшақтарға енген күн.

Нұрай

Сағындырып жеткен күн,

Қадірі әбден өткен күн.

Тұңғыш рет туған жер

Тәтті ұйқыға кеткен күн.

Айна        

Мазасыз мына ғаламда,

Қатер көп әлі адамға…

Ақ құсымнан амалсыз

Адасып мен қалам ба?!

Келмесін ол күн, келмесін,

Төнбесін қатер, төнбесін!

Соғыстың өрті жанбасын,

Сәбилер жетім қалмасын!

Есігіне әр үйдің,

Бесігіне сәбидің

Мәңгілік бақыт орнасын,

Болмасын, соғыс болмасын!

Мәңгілік бақыт орнайды,

Болмайды, соғыс, болмайды!

Жансая:Осы сұрапыл соғыста ер азаматтармен бірдей біздің апаларымызда өздерінің естен кетпес ерліктерін көрсетіп, отан үшін қан майданда жараланған солдаттардың жанын сақтап өз көмектерін аяған жоқ.

Серік: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Аманда

Жансая:

Желбірейді бейбітшілік жалауы

Орындалып жас ұрпақтың қалауы,

Қорған болған елінің елдігіне,

Батырлардың бас идік ерлігіне.

Ұрпақтары қаһарман бабалардың

Тәуелсіз қамалын көрдік міне

Ән «Қазақ бабалары»Ержан мен Даниял


Серік:Ардақты ардагерлер! Бүгінгі ұлағатты ұрпақ сіздердің ерлік, қаһармандық істеріңіздің алдында мәңгі қарыздар. Қадірменді ардагер аталар! Ет жүрегі «Отан» деп соққан ағайын! Баршаңызды Ұлы Жеңіс мерекесімен тағы да құттықтаймыз.

Жансая:Батыр Бауыржан атамыздың аузынан байтақ далаға ұран болып тараған, ұлағат болып жеткен «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген асқақ рух бүгінгі ұрпақтың санасында бүршік жарсын, жүректерінде махаббат от болып лауласын. Жиналған барша қауымға отбасыларыңызға тыныштық, дендеріңізге саулық, Қазақстан атты Отанымызға мәңгі тыныштық тілейміз.