Просмотр содержимого документа
«Біз жемқорлыққа қарсымыз»
Ақтөбе құрлыс-монтаж колледжі
Шығарма
Тақырыбы: «Біз жемқорлыққа қарсымыз»
Авторы:
Төлеуова Гүлжазира
Ақтөбе, 2016 ж
Біз жемқорлыққа қарсымыз!!!
Бірі білсе, бірі білмес «ҚР-ның жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы 1998 жылы 2 шілдеде қабылданып, қолданысқа енгізілген. Алайда осы заң 1998 жылдан қазіргі кезге дейін сан түрлі өзгерістер мен толықтыруларға, яғни 16 рет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған жол бермес үшін өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлген.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін, ең алдымен «жемқорлық» сөзінің мағынасын шыққан тегін біліп, оның мемлекетке, қоғамға, халыққа келер зияны мен қасіретін білуіміз керек.
«Жемқорлық» - латын сөзі «corruptio» сатып алу дегенді білдіріп, мемлекеттік басқару құрылымындарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бас пайдасы мен пайдасы үшін пайдалану мақсатында жасалған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттiң бірі болып табылады. Ежелден келе жатқан жемқорлықтың басты белгілері:
лауазымды адамның өзінің немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті үшін
ақша, бағалы қағаздар, өзгеде мүліктер, мүлік сипатындағы пайда табу мақсатындағы пара алу;
мемлкеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу және т.б.
1989 жылы әлемнің 37 мемлекеті халықтық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күрес туралы конвенцияға қол қойылды. Ал Қазақстан 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы қабылданып, осы конвенцияға қосылды. Елімізде жемқорлыққа қарсы заңымыз сан – түрлі өзгерістерге ұшыраса да, жылдан-жылға жемқорлықпен күресуден нәтижесі қуантарлық. Себебі, осы Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларымен күресуді негіздейді. Жемқорлық қазіргі таңда балабақшаның өзінен басталады деп жатады, я шынымен де, қазіргі кезде балабақшадан басталып сонау мемлекеттік шенеуніктерге дейін жемқорлықпен айналасуда. Осы себепті, менің ойымша, баршамыз бір жұдырықтай жұмыла отырып, жемқорлықты алдын-алуымыз қажет. Осыған байланысты ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның 5-бабына сілтеме жасайтын болсақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптері:
1) барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдiгi;
2) мемлекеттiк органдардың қызметiн анық құқықтық регламенттеудi, мұндай қызметтiң заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттiк және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;
3) мемлекеттiк аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және заңды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын мәселелердi шешу рәсiмдерiн жетiлдiру;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық, саяси-құқықтық ұйымдық-басқару жүйелерiн қорғаудың басымдығы;
5) Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкес лауазымды адамдар мен мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген басқа да адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берiлуiн тану және т.б.
Біз жемқорлыққа қарсымыз, неге? Себебі еліміздің болашағына, қоғамның болашағына, отбасымыздың болашағына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сол себептен де жемқорлықпен күресу, тек құқық қорғау органдарының міндеті ғана емес, сонымен қатар барша қазақстандықтардың міндеті болып табылады.
Жемқорлық- ол бір вирус сияқты, сол вирустан құтылу үшін басқан қадамдарымызды мұқият басып, ақылмен жеңуіміз керек. Сондықтан да Мен жемқорлыққа қарсымын! Біз жемқорлыққа қарсымыз! Барша әлем жемқорлыққа қарсы!