| -Балалар қараңдаршы менің қолымдағы доптың пішіні қандай? - Дұрыс, ал сендер білесіңдер ме, біз өмір сүріп жатқан жердің пішіні де осындай доп сияқты дөңгелек. -. Енді экранға назар аударайық. /Жердің бейнесін көрсету/ Жер туралы әңгіме. -Балалар, біздер осы Жер шарында өмір сүреміз. Ендеше дөңгеленіп шеңберге тұра қалайық. Жерде өмір сүреміз, Ойнаймыз біз күлеміз. Әлемде бар көп қызық, Үйренеміз, білеміз. Балаларды орындыққа жарты шеңбер қылып отырғызу. -Жарайсыңдар, балалар. Біз бүгін оқу қызметімізде осы бізді қоршаған әлем туралы білетін боламыз. Экраннан күннің бейнесі шығады. Күнмен таныстыру. -Күннің пішіні қандай? -Жарайсыңдар. Дұрыс айтасыңдар. /Экранда табиғат суреті бейнеленген/ Балаларға табиғат туралы әңгімелеу. Жан-жануар, құстар, жеміс-жидектер туралы әңгімелеу. -Дұрыс айтасыңдар. Енді осы табиғаттың 4 жыл мезгілі бар екен. -Қазір жылдың қай мезгілі екенін білу үшін, жұмбақты шешіп көріңдер. Астық пісіп, орақ түсіп, Қырман дәнге толады. Бөбектерім айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? Осы кезде күз бейнесі жасалған бұрыштан Қайың ағашы шығады. -Сәлеметсіздер ме балалар, мен Қайың ағашымын. Тәрбиеші: -Ой балалар, қандай тамаша, қане амандасайық. Тәрбиеші: -Қайың ағашы сен неге көңілсізсің? Ағаш: Мен неге көңілсіз болмайын, күз мезгілі келді. Менің ормандағы достарым тоңып қалды. Оларды жылытатын жапырақтарым жерге түсіп жатыр. Тәрбиеші: -Біздің балаларымыз сізге көмектеседі. Ендеше жерде жатқан жапырақтарды себетке салайық. Д/О: «Түстеріне қарай орналастыр» Шарты: Жапырақтарды себеттің түсіне қарай ажыратып салады. /Сары, қызыл, жасыл/ Ағаш: Жарайсыңдар, балалар. Қане, айтыңдаршы күз мезгілінде ауа райы қандай болады? -Дұрыс, жиі жел соғады. Тыныс алу жаттығуы: -Жел соққанда ағаштың жапырақтары қандай дыбыс шығарады? -Күн салқын болғанда біздің қолымыз тоңып қалады. Қане жылынайық. -Жаңбыр жауғанда алақанымызды тосамыз, тамшылар тамады. Жаңбыр қатты жауып кетті. Тәрбиеші: -Балалар, орманда қоян да отыр екен, қане оның көңіл-күйін көтеру үшін, оған ән айтып берейік. Сергіту сәті: Ақ қоян тұршы, Бетіңді жушы, Айнаға қарашы, Шашыңды тарашы, Әй-әй көйлек киші, Былай-былай жүрші. Саңырауқұлақ келеді: -Сәлеметсіздер ме балалар, -Сендердің дауыстарыңды естіп, келе жатырмын. Сендерге қызықты ойыным бар. Д/О: «Жемістер мен көкөністерді ажырат» Шарты: Балалар жемістер мен көкөністерді ажыратып, атайды. Үлкен, кіші себетке бөліп орналастырады. Түлкі келеді: -Сәлеметсіздер ме балалар -Балалар, мен сендердің білімдеріңді тексерейін деп келдім. Менің кім екенімді білесіңдер ме? -Мені таныдыңдар, ал менің достарымды танисыңдар ма? /Жануарлардың суреттерін көрсетеді/ -Ал, кім маған жануарлар туралы тақпақ айтады. -Жарайсыңдар балалар, сау болыңдар! |