Ортаңғы «Құлыншақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметтінің конспектісі
Тәрбиеші :Ергазина Э.Н
Білім беру саласы:Коммуникация
Пән: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Біздің достарымыз аю мен есек
Өтпелі тақырып: Мен және қоршаған орта
Мақсаттары:
Тәрбиелік:Достыққа , татулыққа тәрбиелеу.
Дамытушы: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту
Оқыту: Тәрбиешінің көмегімен қысқа сюжетті екі ойыншық туралы әңгіме құрастыруды үйрету
Педагогикалық технологиялар: үлгіні талдау,көрсету,түсіндіру
Ресурстармен қамтамасыз ету: ойыншық суреттері, ойыншықтар
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балалар, күннің көзі топқа қайдан түседі.
Ия жарайсындар балалар. Ендеше күннің көзінен жылу сұрайықшы
Алтын шашты, Күміс көзді, күннің көзі бізге жылу берші.
Балалар денемізді жылытып алсақ, күннен алған жылуымызды бір-бірімізге берейік.
Балалар қандай аңдар білесіндер ?
Балалар сендер аңдар туралы көп біледі екенсіңдер Бүгін біз есек пен аю туралы әнгімелесіп көрейікші. Тәрбиеші қолына аю қуыршағын киеді. Балалар біз аю туралы не білеміз?
Аюдың жақсы көретін тағамы не?
Аю туралы қандай өлең білесіңдер?
Балалар менің қолымдағы қай аңның қуыршағы?
Есектің жақсы көретін тағамы?
Балалар есек пен аю біздің достарымыз. Достарыңа қандай қөмек корсетесіңдер?
Балалар дұрыс айтасындар аңдарға қамқорлық көрсету керек.Достықты бағалау керек, адам баласына қиянат жасамау керек.
Сергіту сәті:
Жаттығу «Ормандағы аңдардың жүрісін салу»
Балалар бәріміз бірге «о», «э», «ы» дыбыстарын әндетіп айтайықшы
Сұрақ- жауап арқылы қортындылау. Балаларды мадақтау
Ортаңғы «Құлыншақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметтінің конспектісі
Өткізу күні: 25 09 19
Тәрбиеші :Утетлеуова Г Ш
Білім беру саласы:Коммуникация
Пән: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Шал шалқанды екті ...
Өтпелі тақырып: «Біз еңбекқор баламыз»
Мақсаттары:
Тәрбиелік:Достыққа , татулыққа тәрбиелеу.
Дамытушы: Қайырымдылық сезімін дамыту
Оқыту: Тәрбиешінің көмегімен ертегінің мазмұның айтуға үйрету
Педагогикалық технологиялар: үлгіні талдау,көрсету,түсіндіру
Ресурстармен қамтамасыз ету: ойыншық суреттері, ойыншықтар
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері
Орнымыздан тұрамыз.
Қолды белге қоямыз
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біздер тату баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Бүгін сендер«Шалқан»ертегісімен танысасыңдар.
(Үстел үсті театрын пайдалана отырып, ертегі мазмұнын ашу)
-Ерте, ерте, ертеде. Бір атай мен әжей өмір сүріпті. Атай үй алдындағы бақшаға шалқан егіпті. Бір күні шалқаны үлкен болып өсіпті. Осы кезде ата шалқанға тамсана қарап, оны тарта бастайды. Тартып-тартып шалқанды жұла алмайды. Көмекке кемпірін шақырады.
Атай: Әй,кемпір кел мында маған көмектес дейді.Әжей атадан, ата-шалқанның сабағынан ұстап тартып еді жұлынбады. Әжей көмекке немере қызын шақырды:
Әжей: Қызым, қызым бізге көмекке келші дейді.
Қызы әжейден, әжей атайдан, атай шалқаннан ұстап, әрі тартады, бері тартады шалқанды суыра алмайды.
Немере қызы көмекке күшігін шақырады.
Немере қыз: Күшігім,күшігім бізге көмектес дейді.Күшік қыздың етегінен, қыз әжейден, әжей атайдан, атай шалқаннан ұстап, әрі тартады, бері тартады шалқанды суыра алмайды.
Күшік көмекке өзінің досы мысықты шақырады.
Күшік: Әй мысық кел бізге көмектес дейді.
Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, қыз әжейден, әжей атайдан, атай шалқаннан ұстап, әрі тартады, бері тартады шалқанды суыра алмайды.
Мысық көмекке тышқанды шақырады.
Мысық: Тышқан,тышқан бізге көмектесші дейді.
Тышқан мысықтың құйрығынан, мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, қыз әжейден, әжей атайдан, атай шалқанның сабағынан ұстап тарта бастаған кезде,шалқанды жерден суырып алады.Олар қуанып,шалқанды үйге апарып,дәмді ботқа пісіреді. Сөйтіп,бірліктің,достықтың арқасында отбасы мүшелері мен кішкене достар жеңіске жетеді.
-Балалар біз қандай ертегімен таныстық?
-Балалар ертегіде күшік қалай дыбыстады?
-Мысық қалай дыбыстады?
-Тышқан қалай дыбыстады?
Дидактикалық ойын: «Даусынан таны»
-Балалар енді тыңдаңдаршы бұл ненің дауысы?
-Мынау ненің дауысы?
-Ал,бұл ненің дауысы?
-Жарайсыңдар балалар!
-Балалар сендердің ойын ойнағыларың келе ме?
.Мен сендерге ризашылығымды білдіремін
-Сау болыңдар балалар!
Ортаңғы Құлыншақ тобына ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 09 10 19
Тәрбиеші :Утетлеуова Г Ш
Білім беру саласы: Коммуникация
Пән: Сөйлеуді дамыту.
Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі!
Тақырыбы:Балалар текшемен ойнайды.
Мақсаты:
Тәрбиелік:Балаларды сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету.
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын қоршаған ортадағы заттармен таныстыру.
Оқыту: Бөлмедегі заттарды атауға дағдыландыру.
Билингвальдық компоненті: Ойын-игра, құрастыру-конструирование.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне шақырады.
Арайлап таң атты
Күн сәулесін таратты
Жарқырасын даламыз
Жарқырасын қаламыз
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілі екенің қайдан білдіндер балалар?
Дұрыс айтасындар балалар.
Балалар бәрі бірге шеңберге тұрып,өлең шумақтарына сай қимылдар жасайды.
2.Негізгі бөлім:
Сурет бойынша әңгіме құрастыру тәрбиешінің сұрақтары бойынша. Сөйлем құрастыруға көмектесу. Заттарды жеке және көпше түрде атау
(ойнады-ойнаймыз,
қалау-қалаймыз).деген сөздерді қолданып сөйлем құрастыра білуге үйрету.
Балалар мына суретте не бейнеленген?
Қоян не істеп жатыр?
Ағаштың жапырақтары қандай?
Тәрбиеші а,у,и дыбыстарының
дұрыс айтылуын бекітеді ,сурет бойынша қысқа әнгіме құрастырады.
Билингвальдық компоненті: Ойын-игра, құрастыру-конструирование.
Сергіту сәті:
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа.
Алды допты қолына,
Қойды допты жолына.
Оңға қарады,
Солға қарады
Үлкен тау деп ойлады.
Ойын: Текшенің орның тап
Мақсаты: Балалардың есте сақтауы мен зейінің дамыту.
3.Қорытынды:
Балалар бүгінгі оқу қызметі не жайында болды?
Сендер тағы қандай ойыншықтармен ойнайсыңдар?
Суреттерде балалар немен ойнап отыр?
Ортаңғы «Құлыншақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметтінің конспектісі
Өткізу күні: 25 09 19
Ортаңғы Құлыншақ тобына ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 16 10 19
Тәрбиеші :Утетлеуова Г Ш
Білім беру саласы:Коммуникация
Пән: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Үйде жалғыз қалғанда...
Өтпелі тақырып: « Қош келдің , Алтын күз !»
Мақсаттары:
Тәрбиелік Балаларды үйде қауіпсіздік ережелерін сақтап, жауапкершілікке тәрбиелеу, қауіпті жағдайларды ескере отырып, үлкендердің айтқанын тыңдауға баулу.
Дамытушы: Өмірлеріне қауіпті келенсіз жағдайларға ұшырамас үшін қандай заттарды ұстауға болмайтындығы жөнінде дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту: Балаларға үйде жалғыз қалғандағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету;
Педагогикалық технологиялар: үлгіні талдау,көрсету,түсіндіру
Ресурстармен қамтамасыз ету: қорапша, сіріңке қорабы, қайшы, дәрі құтысы, суреттер
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Мотивациялық – қозғаушылық
Балалар мен бір қорапша тауып алдым. Оның ішінде не бар екенін көргілерің келе ме?
Қорапшаны ашамын.
Қорапшаның ішінде сіріңке қорабы, қайшы, дәрі құтысы т.б заттар болады.
Балалар қызығушылықпен қарайды.
-ия
Ұйымдастырушылық кезең
-Балаларға сіріңкемен ойнауға болады ма?
-Не себепті ойнауға болмайды?
-Газды балалар жақпайды.
-Пышақты алуға болмайды.
-Үйде жалғыз қалғанда бөтен адамдарға есік ашуға болады ма?
Не себепті болмайды?
-Электор приборларын балаларға іске қосу –қауіпті!
-Қайшыны дұрыс ұстамасаң көзге кіріп кетуі ықтимал.
Д/о «Болады,болмайды»
Тәрбиеші балаларға суреттер көрсетіп,ондағы іс-әрекеттердің дұрыс не бұрыс екенін сұрайды.
Балалар үйде жалғыз болғанда қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет?
Балалар үйде жалғыз қалғанда өздерін тәртіпті ұстау керектігін түсінеді.
сіріңкемен ойнауға болмайды, бөтен адамдарға есік ашуға болмайды, пышақты алуға болмайды т.б
Қорытынды :Үйде жалғыз қалғанда өзін-өзі ұстай алу дағдыларына назар аудару
Ортаңғы Құлыншақ тобына ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 30 10 19
Тәрбиеші :Утетлеуова Г Ш
Білім беру саласы:Коммуникация
Пән: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: "Көкөністерден сорпаны пісіреміз (дидактикалық ойын)
Өтпелі тақырып: « Жомарт күз»
Мақсаты:Тәрбиелік:Әңгімені құрастыруды жалғастыру, көрсетілген әрекеттер арқылы әңгімені құрастыру
Дамытушылық: Балалардың белсенді сөздік қорын байыту
Оқыту: Тілдік қатынасты байыту
Педагогикалық технологиялар: үлгіні талдау,көрсету,түсіндіру
Ресурстармен қамтамасыз ету: көкөністердің суреттері, ойыншық
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Мотивациялық – қозғаушылық
Қандай жыл мезгілі келді?
Күзде қандай жеміс жидек піседі? Адам үшін олар пайдалы ма?
Ұйымдастырушылық кезең
Балалар , қонаққа қонжық келді
Көкөністерден сорпа пісірейік
Қандай көкөністер керек ?
Қырыққабат, картоп, қызылша, сәбіз, пияз , ет , тұз және су
Бірінші саламыз ....
Екінші саламыз ...
Үшінші саламыз ...Дұрыс па ?
Сергіту сәті
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Д/о « Сорпа пісіреміз »
Ойын мақсаты: Көкөністердің атауларын қайталап отыру.Ойын кезінде жүргізушіні зейін қойып мұқият тыңдау, бір-бірімен соғылыспай шеңбер ішінде жүру,жүгіру.
Ойын құралдары: Көкөністердің муляждары немесе басқа киетін маскалар.
Ойын шарты: Жүргізуші: Балалар,сендер көрдіңдер ме қазанда су қалай қайнайды? Көкөністер піскенде суда қалай жүзеді? Біз барлығымыз қазан боламыз. Қайсы көкөністі атайды,сол қазанға түседі де қазанның ішінде жүзіп, жүгіріп жүреді, бір-бірін соқпайды.
Балалар шеңбер құрып тұрады, әрқайсысында көкөністен.
Анамның қазанында су қайнайды
Барлық көкөністер онда секірді.
Әй,картоп (сәбіз,пияз ) қазанға бар
Ана сорпасын пісіреді.
Ойын бірнеше рет қайталанады.
Қорытынды: Қандай тағам пісірдік? Қандай көкөністерді салдық?
Сорпа дәмді болды ма? Жарайсыңдар , балалар