Просмотр содержимого документа
«Біздің отбасымыз»
№ 2 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Біздің отбасымыз
Сабақтың мақсаты: отбасы мүшелері атауларын қайталау; отбасы туралы әңгімелей алуға үйрету Күтілетін нәтиже: Пәндік: отбасы мүшелерінің атын, жасын айта алу; ақылды, әдемі,көңілді, күшті, мейірімді, сүйкімді деген сөздерді отбасы мүшелеріне қатысты орынды қолдана алу. Тұлғалық: отбасы мүшелерін құрметтеу,үлкенді сыйлау,кішіге қамқор болу. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
Оқушыларға сөздік бойынша сүйкімді, мейірімді сөздерінің мағынасы түсіндіріледі, бұл сөздердің қандай? деген сұраққа жауап беретініне назар аударылады, сондай-ақ олардың дыбысталуына назар аударылады. 1-тапсырмада оқушылардың назары отбасы тақырыбына аударылады, оқушылар отбасы суреті бойынша жұмыс жасайды. Оқушылар сурет бойынша отбасында неше адам барын және отбасы мүшелерін атайды, сондай-ақ осы суретті салған баланың және оның қарындасының жасын өз қалаулары бойынша айта алады. 2-тапсырмада берілген сөздерді (әдемі,күшті.мейірімді,сүйкімді,ақылдыікөңілді) ажыратып оқу арқылы сын есімдер қайталанады, сөздерді аудиотаспадан тыңдау арқылы олардың дыбысталуына назар аударады. Сондай –ақ берілген сөздерді аудиотаспадан тыңдап жаздыруға да болады, содан кейін оқушылар өздері оқулық бойынша тексеру арқылы аталған сөздердің дұрыс жазылуына да көңіл бөледі. Аталған сөздер 3-тапсырманы орындау арқылы бекітіле түседі. Бұл тапсырмада оқушылар отбасы мүшелері атауларын қайталайды.Тәуелсіздік жалғауының 1 жағында берілген сөздерді ( менің анам, менің әкем т.с.с.) өз отбасына қатысты қолданады. Бұл тіркестерді әдемі, күшті, мейірімді, сүйкімді, ақылды, көңілді сөздерімен толықтыру арқылы өз отбасы туралы айтады. 4-тапсырмада тыңдалым және оқылым әрекетіне көңіл бөлінеді. Оқушылар мәтінді аудиотаспадан тыңдайды және мәнерлеп оқуға жаттығады. Келесі тапсырма (5-тапсырма) 4-тапсырманың жалғасы болып табылады. Мұнда берілген үлгі бойынша ( Үлгі:Қайрат- Айдардың әкесі. Ол 40 жаста. Ол күшті және ақылды) оқушылар Айдардың анасы (Раушан) және қарындасы (Маржан) туралы айтады. «Есте сақта!» айдарында оқушылардың назары ана\шеше, әке-шеше/ата-ана сөздеріне аударылады. Бұл сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Оқушылар осы уақыта дейін тек ана сөзін қолданып келсе, енді шеше сөзінің қолданысымен танысады. 6-тапсырмада үлгі бойынша сөйлесу арқылы оқушылар сөзде неше буын бар екенін, қандай буын екенін айтып, сөздерді буынға бөліп жаттығады.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
№ 3 сабақ
Күні:______________
Сабақтың тақырыбы: Менің немерем
Сабақтың мақсаты: «немере» сөзімен таныстыру; отбасы мүшелері атаулары туралы білімдерін толықтыру. Күтілетін нәтиже: Пәндік: отбасы мүшелері атауларын меңгеру; өз ата-әжелері туралы айта алу Тұлғалық: отбасы мүшелерін құрметтеу, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ. Оқушыларға сөздік бойынша немере, ұқыпты сөздерінің мағынасы түсіндіріледі. Немере сөзінің кім? сұрағына, ал ұқыпты сөзінің қандай? деген сұраққа жауап беретініне, сондай ақ олардың дыбысталуына назар аударылады. 1-тапсырма арқылы оқушылар немере сөзінің қолданысымен танысады. Бұл сөзді ата-әжелері қолданатынына назар аударылады. 2-тапсырмадағы сөздерді (ақылды, күшті, көңілді, әдемі, мейірімді, ұқыпты) толықтырып оқу арқылы сын есімдерді қайталайды, олардың жазылуына көңіл бөлінеді. Сондай-ақ бұл сөздердің немере сөзімен байланыстыра қолдануымен танысады (Менің немерем ақылды). 3-тапсырмада ауылда, қалада сөздерін тұрады етістігімен байланыстыра қолдануға үйренеді. Ауылда, қалада сөздерін жатыс септігінің жалғауына назар аударылады (Менің атам ауылда тұрады. Менің немерем қалада тұрады). Осы үлгі бойынша оқушылар өздерінің ата-әжелері қайда тұратынын айта алады. 4-тапсырмада тыңдалым және оқылым әрекетіне көңіл бөлінеді, оқушылар мәтінді аудиотаспадан тыңдайды, мәнерлеп оқиды. Келесі тапсырма (5-тапсырма) осы тапсырманың жалғасы болып табылады. Оқушылар мәтін бойынша Әсет туралы сұрақтарға жауап береді. Олар Әсеттің неше жаста екенін, нешінші сыныпта оқитынын, оның қандай бала екенін және оның қайда тұратынын айтады. 6-тапсырмада оқушылар қала сөзін қала атауымен байланыстыра қолдануға жаттығады. Яғни қала атауы қолданылғанда, қала сөзінің түрленетініне назар аударады (қалада, Алматы қаласында ). Оқушылар қала сөзін Алматы, Астана,Атырау,Ақтау,Семей,Шымкент сияқты қала атауларымен байланыстыра қолданады. Сондай-ақ оқушыларға ауыл атауы қолданылғанда ауыл сөзінің де осындай өзгеріске түсетіні түсіндіріледі. 7-тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру арқылы (Сен қайда тұрасың? Сен қай қалада/ауылда тұрасың?) оқушылар осы білімдерін бекіте түседі.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.