СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Бізге көлік қалай және қандай көмек көрсетеді?»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Бізге көлік қалай және қандай көмек көрсетеді?» тех карта

Просмотр содержимого документа
««Бізге көлік қалай және қандай көмек көрсетеді?»»

«Жұлдыз» ІІ кіші тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні: 29.03.2017ж.

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Бізге көлік қалай және қандай көмек көрсетеді?»

Мақсаты: Балаларға көліктер туралы түсінік беру, олардың түрлерін ажыратуға үйрету; сурет бойынша әнгімелей білуге үйрету. Сөздік қорларын толықтыру, дауыс ырғағын дұрыс сақтап сөйлеулерін дамыту. Ойыншық көлік түрлерін мұқият, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: түрлі көліктер мен мамандардың суреттері.

Сөздік жұмыс: жеңіл көлік, жүк таситын көлік.

Қостілділік компонент: жеңіл көлік-легковая машина, жүк таситын көлік-грузовая машина.


Оқу қызметінің

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне ыстық тілектер айтуын ұйымдастырады. Балалардың назарын өлең жолдарына аударады.

Балалар тәрбиешімен бірге сәлемдеседі, бір-біріне ыстық тілектерін айтады.



Ұйымдастырушылық –

ізденістік

Үлкенмін ғой, міне, мен,

Ойыншықтарды жинаймын.

Машинаға мінер ем,

Кабинаға сыймаймын.

М.Әлімбаев

– Мен не туралы өлең оқыдым?

– Балалар, айтыңдаршы кімге қандай ойыншық ұнайды?

– Әли, сенде қандай ойыншық бар?

– Қандай көліктің түрлерін білесіңдер?

– Мына көлікті жүк көлігі дейді. Бұл көлікпен жүк тасиды.

– Ол қалай дыбыс шығаратынын білесіңдер ме?

– Жүк көлігі гүрілдейді. «Гүр-гүр-гүр» деген дыбыс шығарады. Кәне, бәріміз қайталаймыз.

– Балалар, мынау қандай көлік? (Автобус)

– Мына көлікті автобус көлігі дейді. Бұл көлікпен адамдарды тасиды.

– «В-в-в-в» деген дауысымыздың ырғағы орташа шығады. Қайталаймыз.

– Ал мынау қандай көлік? Бұл көлікті жеңіл көлік дейді.

– «Ыың-ың-ың» деген дауысымыздың ырғағы төмен шығады. Қайталаймыз.

– Ал мынау қандай көлік? Бұл – пойыз. (Пойыз көлігін сипаттау).


Сергіту сәті:

Бөп-бөп, пыш-пу ...

Мен ең күшті

Менен күшті

Кім бар? Пыш-пу!

Темір жолшы

Абай болшы:

Жол ашып қой,

Жер қашық қой!


Бу-бу-бу!

Бө-ге-ме!

(Ә. Табылды)

«Кімді, нені қай көлікке отырғызамыз?» дидактикалық ойыны. (Сызық арқылы қосу).




Жаңа сөздермен жұмыс:

Жеңіл көлік-легковая машина, жүк таситын көлік-грузовая машина.


Өлеңді тыңдайды.





– Машина.


-Балалар жауап береді.

– Машина бар.

– Жүк таситын, жеңіл көлік.

– Құм тасиды.

– Тас тасиды.


– Гүр-гүр-гүр.

– Автобус.



«В-в-в-в» деп қайталайды.


– Жеңіл көлік.


«Ыың-ың-ың» деп қайталайды.

-Пойыз

– Пойызға адамдар отырады.




Балалар қимылмен көрсетеді.









Тәрбиешінің көмегімен тапсырманы орындайды.

Екінші бағандағы суреттерді көлік түрлерімен сәйкестендіреді.


Балалар қайталайды:

Жеңіл көлік-легковая машина, жүк таситын көлік-грузовая машина.


Рефлексия-лық-түзетушілік

– Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік?

– Көліктердің қандай түрлері бар?

Сұрақ-жауап арқылы балалардың қызметін қорытындылайды.



Балалардың жауабы тыңдалады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: көліктердің түрлерін;

Игереді: көліктердің пайдасын;

Меңгереді: сұраққа жауап беріп, дыбыстарды анық айтуды.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!