Мағынаны тану. «Жаңа сабақ» кезенде оқушыларға кәдімгі блакнот пен калькуляторды көрсетіп, оқушылардың ойларын ортаға салу. Жаңа сабаққа мақсат қою (оқушылар тақтаға жазады) Мәтін. Калькулятор - қазіргі уақытта барлығымызға таныс есептің теңдеуін шығаруға көмектесетін құрал. Қалта калькуляторлары, ұялы телефонда және дербес компьютерде қолданылатын калькуляторы. Адамдар есептеуді жүргізуді есептеу аспаптары мен құрылғылары пайда болмай тұрып бастаған. Ол үшін олар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды. Олар тастарды үйіп, заттардың санын жерге сызған сызықшалармен немесе жіптерге түйілген түйіншектермен есептеген. Бірақ бұл есептеулер көлемінің артуы есептеу құралдарының пайда болуына себепші болды. Ең бірінші пайда болған есептеу құралы ол есепшот болды. Есепшоттың жасы 2000 – 5000 жылдар шамасында. Пайда болған жері Ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, ежелгі Греция болуы мүмкін. Гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», жапондықтар серобян деп атаған. Есепшотпен есептеулер орналасқан тастарды жылжыту арқылы жүргізілген. Есепшот Ресейде ХҮІ – ХҮІІ ғасырларда пайда бола бастаған. Жүйеде калькулятордың екі түрі бар: Қарапайым және Инженерлік. Калькуляторды іске қосу: Пуск = Программы =Стандартные = Калькулятор Калькуляторлардың түрін ауыстыру үшін: Видменюін пайдаланамыз. Калькулятордағы цифрлық ақпараттарды басқа бағдарламаларға көшіру үшін: Правка= Копироватьнемесе Вырезать және Вставить командаларын пайдаланамыз. Блокнот – кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Қазіргі уақытта блокнот дербес компьютерлерде де, соңғы үлгідегі сенсорлық телефондарда да кеңінен қолданыла басталы. Блокнотқа мысалыға өзімізге керекті мәліметті (ақын – жазушылардың өлең жолдарын, нақыл сөздерді, мақал – мәтелдерді, жақындарымыздың туған күндерін, байланыс нөмірлерін де) қосымша жазып, сақтап қоя аламыз. Қазіргі блокноттарда мәтін мен қатар фотосуреттерді де, аудио жазба мен қатар видео жазбаларды да енгізе аламыз. Тіпті мәтінді енгізбей керек ақпаратты дыбыстық нұсқада да енгізе аламыз. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым мәтіндік редакторлар мүмкіндіктеріне қарағанда төмендеу. Оның бір талассыз жақсы жағы бар- ол қарапайым әрі жинақы жұмыс істеуге мүмкіндік береді, жедел жадта тіпті ешқандай орын алмайды десе де болады. Бұл программаны іске қосу үшін Пуск – все программы – стандартные – Блокнот командаларын орындаймыз. Блокнот тек бір ғана қаріп түрін (жүйелік шрифт) ғана пайдаланады.__ 1.Тапсырма 2 топқа мәтін беру. 1-топ «Блокнот», 2-топ «Калькулятор» Постер қорғау, 1 шумақ өлең  2.Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы А деңгейіндегі тапсырмаларды орындату Формативті бағалау (бағалау парағы) |