 | Мұғалімнің аты-жөні: Купешова Жанат Закарияқызы Жұмыс өтілі: 14 жыл Жұмыс орны: Алматы облысы, Текелі қаласы, №5 ОМ Қызметі: технология пәнінің мұғалімі Санаты: І санатты |
Сабақтың тақырыбы: | Блузканы модельдеу |
Жалпы мақсаттар: | Киім үлгілерін модельдеу тақырыбын АКТ ны пайдаланып өзбетінше меңгерту, Оқу пирамидасының теориясын қолдана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылық дағдыларын дамыту тапсырмалар беру арқылы оқушылардың эстетикалық талапқа сай, киімді көркемдей алу дағдыларын,ойларын анық айту, ойлау, тапқырлық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. |
Күтілетін нәтиже: | Киім үлгілерін модельдей алады, топтық жұмыс жүргізу арқылы ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады берілген тапсырма арқылы постер жасап қорғау барысында ойларын анық айтып, тапқырлық танытады, дарынды және талантты оқушылардың қабілеттері дамып, сыни ойлауға дағдыланады. АКТ арқылы берілген мағлұматтарды дұрыс қолданады. |
Түйінді идеялар: | Киім үлгілерін модельдеу дағдысын әлемінде және күнделікті тұрмыста қолданылу ерекшелігі. |
Уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Тыңдаушылардың іс-әрекеті |
Кіріспе бөлім |
Топқа бөлу (3 мин)
| Столдың бетіне қойылған түрлі -түсті қағаздарды араластырып қойып, оқушылардың таңдауларын өтінеді. Шағын 2 топқа бөледі. | Бір түсті таңдап алады.Түстер бойынша 2 топқа бөлінеді. Топтағы оқушылар рөлдерді бөліп алады, топта топ басшысы, уақыт қадағалаушылар анықталады. Бағалау парағымен танысады. (бағалаудың критериалды түрі ұсынылады.) |
Үй тапсырмасын сұрау 5 мин | «Жылдам сыдырма» ойыны арқылы тест тапсырмасы | Әр топқа берілген 2-нұсқалы тест тапсырмаларын Орындайды, интербелсенді тақтадан көрсетілген жауаптар арқылы жұптасып тексереді. Бағалау: ұпай арқылы |
Негізгі бөлім |
5 мин | Тапсырма: 1 топ Кеуде бүкпесін алдыңғы бой ортасына ауыстыру 2 топ Жең сызбасын эскизге сай модельдік өзгертулер енгізу. | Әр топ интернет желісін пайдаланып , сән тандау(сәннің сырт көрінісін сипаттау) |
15 мин | Тапсырма: «Жеті рет өлшеп, бір рет қый» | Түрлі түсті қағазға үлгіні қойып шетін айналдыра сызу.Нұсқа бойынша көйлектің алдыңғы бойының жартысын қию. жаңа бүкпені орналастыратын орынды белгілеу. Белгіленген сызықтар бойымен қию. Алдыңғы бойдың бүкпесін жабады. Омырау бүкпесін нобайсызығына сәйкес ауыстырады: а) бүйір; ә) қолтық ойындысына; б) мойындыққа; в) бел сызығына; г) алдыңғы бойдың ортасына қарай ауыстырып пішімдерді кияды. |
5 мин | Қолқа салу салты Тапсырма: Топтық жұмыс. 1. Топ Модельдеудің неше түрі болады: Көркемдік модельдеумен кімдер айналысады? 2.Топ Техникалық модельдеу дегеніміз не? | Пішім негізіне жаңа бүкпесін бағытын көрсетіп белгілеп, сол сызық бойымен қияды, содан соң алдыңғы бүкпесінді жауып, жаңасының арасын ашады. Кеуде бүкпесін жабыстырады. Кеуде бүкпесін жабыстырған кезде бел бүкпесі пайда болады. |
3 мин Сергіту сәті | «Ине жасырмақ» ойыны | Сөзжұмбақ шешу. |
3 мин | «Қуыршақты киіндір» бөлімі | Топтар дайындаған үлгіні қуыршаққа кигізіп қорғайды. |
Қорытынды бөлім |
3 мин | Тақырыпты қорытындылау мақсатында дайындалған тапсырмалар. | Оқушылар екі нұсқалы тапсырмаларды шығарады. «Мен бұл блузканы қалай шығардым?» атты эссе жазып береді. Кіріспе бөлімінде: сұрақ жауаптар. Қорытынды бөлімінде |
1 мин | Үйге тапсырма беруді ұйымдастыру. | Оқушылар үй тапсырмасымен танысады |
2 мин | Бағалау кезеңі, кері байланыс. | |
3.ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМІНДЕ эссе жазу тапсырмасы беріледі. Оқушылар екі нұсқалы тапсырмаларды шығарады.