Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні / Дата проведения:
Тәрбиеші / Воспитатель :Садвокасова В.А.
Білім беру саласы / Образовательная область: Шығармашылық
Пән / Предмет: Сурет салу
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: «Бізді қоршаған әлем»
Тақырыбы / Тема: : «Бояулар әлеміне саяхат»
Мақсаттары / Цели
1. Тәрбиелік- воспитательная: Әсемдікті құрметтеуге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Жағыстың сәйкес жағыс түрімен таныстырып, палитрамен жұмыс істеуге дағдыландыру. -Жылы және суық түстерді меңгерту.
3. Оқыту – обучающая: Балалардың назарын негізгі түстерді (қызыл, сары, көк) қабылдауға бағыттау.
-Негізгі бояуларды бір-біріне қосу арқылы әр түрлі түстерді алу жолдарын балаларға үйрету.
Педагогикалық технологиялар / пед. Технологии: ойын технологиясы, денсаулық сақтау технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : гуашь, ақ қағаз
Белингвалдық компонент : сары-желтый, Қызыл-красный, Көк-синый
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
(Ғажайып сәт)
Бояу ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Келгендеріңе қуанып қалдым.
Қараңдаршы менің патшалығым өте үлкен. Оның тұрғындары сурет салады, мүсін жасайды, қағазбен жұмыс істейді.
Фламостер мұңайып кіреді)
Бояу ханшайымы:О Фломастер досым сен не көңілсізсің?Бүгін бізге қонаққа балалар келіп отыр мұңайғаның дұрыс болмас.
Фломастер:О, ханшайым мына пішіндерді салып, қиып енді не істеуді білмей тұрмын?
Бояу ханшайымы: Мұңайма фломастер.Балалар фломастерге көмектесеміз бе?
Балалар көмектесуге келіседі.
2.Негізгі бөлім
Сендерде осындай жұмысты ұнатасыңдар ма?
- Балалар, менің киімімде бояудың әр - түрлі түстері бар. Ал сендер түстер туралы не білесіңдер?
Негізгі түстерді білесіңдер ме?
- Негізгі түстер қандай?
Бояу ханшайымы балалар түстерді үш тілде де айталады:
Сары-желтый,сары-yellow
Қызыл-красный,қызыл-red
Көк-синый,көк-blue
- Балалар кемпірқосақты білеміз бе?
- Кемпірқосақта қанша бояу түрі бар?
Кемпірқосақта жеті бояу түрі бар. (қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк ақшыл.)
Көктілділік: сары-желтый-yellow, Қызыл-красный-red, Көк-синый-blue
Сергіту жаттығуы:
Ал балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық.
Ал енді бәріміз Фломастерге көмектесейік.
Мына геометриялық пішіндерден бейне құрастырайық.
Дидактикалық ойын: «геометриялық фигуралардан бейне құрастыр».
(Балалар түрлі - түсті пішіндерден үй, көлік, адам, гүл жасайды)
Фломастер: Рахмет балалар сау болыңдар.
Бояу ханшайымы: Балалар сендер қандай ертегі кейіпкерлерін бейнелеуді жақсы көресіңдер?
Бояу ханшайымы:Балалар әлі қылқалам келмей жатыр оның галериясы әдемі бөлмесі жабық суреті қалай салу керектігін сендерге көсете алмай тұрмын.
Тәрбиеші:Бояу ханшайымы сен уайымдама біз суретті қылқаламсызда сала аламыз солай ма балалар?
Ендеше суретімізді салмастан бұрын
Бояу ханшайымы: Қандай тамаша, әдемі суреттер! Кәне көрейінші не салдыңдар?
Тәрбиеші:Бояу ханшайымы сізге рахмет балалар жасаған жұмысын сізге сыйға береміз.
Саусақ жаттығу:
Бояу ханшайымы:Балалар сендергеде
Рахмет сендердің суреттердіңді қылқаламға көрсетемін қылқаламсызда сурет салуға болатынын айтамын.
Тәрбиеші:
- Нені бейнеледің?
- Қандай тәсілмен салдыңдар?
- Сендерге ұнады ма?Менде сендерге түрлі түсті шарларды сыйға тартамын,
Жеке жұмыс:
Амина біз бүгін қайда саяхат жасадық?
Абылай біз кімге көмектестік?
3.Қорытынды
Балалар біз немен таныстық , не туралы өттік?
Дұрыс айтасыңдар балалар, біз бояушылар еліне саяхатқа бардық. Біз фломастерге көмектестік.
Өте жақсы саяхат болды. Жарайсыңдар балалар!