СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Болашағымыз бірлікте

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Мәңгілік ел" идеясын жүзеге асыруда оқушылардың бойында  рухани-адамгершілік  

            құндылықтарды қалыптастыру

Просмотр содержимого документа
«Болашағымыз бірлікте»

Қалалық семинар

9.11.2016

шебер сынып

Кенжегалиева С.К

Тақырыбы: БОЛАШАҒЫМЫЗ- БІРЛІКТЕ

Мақсаты:

Білімділік: “Қазақстан 2050”стратегиясының мақсатын түсіндіру арқылы “Мәңгілік Ел” идеясының маңызын, ел тарихын білуге, болашақты болжай білудің маңыздылығын, адамгершілік- рухани байлық екенін түсіндіру.

Дамытушылық: Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге өз үлестерін қосуға баулу

Тәрбиелік: Жасөспірімдерді патриотизмге, Отанды, елді, жерді сүюге, әдептілік пен рухани-адамгершілікке, бірлікке, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Міндеттері:

- тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруына ықпал ету;

- адамгершілік проблемаларды шешу білігін меңгерту;

- байланыс жасау бейімділігі мен мінез-құлық мәдениетін дамыту.

Үйірме жетекшісі: Құрметті қонақтар, ұстаздар ! Бүгінгі мектебімізде өткелі отырған "Болашағымыз- бірлікте" тақырыбындағы шебер сынып іс-шарамызға қош келдіңіздер демекпіз. Құрметті оқушылар ең алдымен “Санамақ” әдісі бойынша топқа бөлініп алайық. Сіздер №1, №2, №3 сандары жазылған қағазды аласыздар. Келесі жағында топтың аттары жазылған. Олай болса, №1 санын алғандар “Бірлік” тобын, №2 санын алғандар “Болашақ” тобын, №3 санын алғандар “Адамгершілік” тобын құрайды. Осындай құрылған тамаша топтардың бір-біріне деген жылы лебіздерін тыңдап алсақ: Ол үшін “Мен бүгінгі сабақта...” деген сұраққа әрбір топтан 2-3 оқушы өз жылы лебіздерін айтса.

Үйірме жетекшісі: «Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - "Мәңгілік ел" идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел», - деді Президент. 

“Мәңгілік Ел” жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін дайындаудың өзектілігі:

Білім беру ұйымдарының ұлттық мәдениетті меңгеру, бекіту, көріну және трансляциялауына ықпал ететін білім алушы тұлғасын рухани, ұлттық теңестіру мен әлеуметтендіруге бағдарлау қажеттілігімен айқындалады.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің мақсаттары мен міндеттерін іске асыруда тәрбие жұмысының басым бағыттары анықталды:

  • жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие

  • ұлттық тәрбие

  • зияткерлік тәрбие

  • еңбек тәрбиесі және кәсіби өзін-өзі анықтау

  • дене және психологиялық тәрбие, салауатты өмір салты

  • экологиялық тәрбие

  • көпмәдениетті тәрбие

  • көркем-эстетикалық тәрбие

  • көшбасшылық қасиеттерді дамыту

  • отбасы тәрбиесі

  • рухани-адамгершілік тәрбие

Олай болса, әрі қарай оқушылар сендерге №1 тапсырма беріледі. Ол мектептегі тәрбие бағыттары бойынша рухани-адамгершілік тәрбиесі, оның қасиеттері, дегенімізді қалай түсінесіңдер? Постер қорғайсыңдар.

Үйірме жетекшісі: /толықтырып отырады/. Рухани-адамгершілік тәрбие қоғам өмірінің нормалары және салт- санасымен келісілген тұлғаның өзіндік санасын, этикалық қағидаттарын дамыту, оның адамгершілік қасиеттері мен ұстанымдарын қалыптастыру үшін жағдай жасауды болжайды. Енді “Еркін микрофон” айдары. Сіздер “Мәңгілік Ел” идеясы туралы қысқа да нұсқа мағынасын айтасыздар. Олай болса,. "Мәңгілік Ел" идеясы. Ол: - ... Сәтбай Айзат өз өлеңін оқуына болады. Енді "Аралдар картасына " бір сәт назар аударсақ: Алдаңызда бірнеше араладар берілген. сіздер қай аралда жүргендеріңізді анықтап алсақ, қалай қарайсыңдар? Олай болса стикерге өздеріңнің жүрген аралдарынды белгілеңдер. Аралдар:1. “Қуаныш. 2.“Мұң” 3.“Достық” 4.“Ынтымақ 5.“Болашақ” 6. "Үрей" 7.“Адамгершілік” /Әр топ мүшелері қандай аралдарда жүргендерін анықтап отырады./. Сергіту сәті

№1 топ “Бірлік” тобы:

Егер өз Отаныңды шексіз сүйетін болсаңыз.. Қол бұлғайсыз

№2 “ Болашақ” тобы:

Еліміздің болашағы біздерміз десеңіз... Екі қолыңызбен шапалақтап қошемет керсетесіз

№3 “Адамгершілік” тобы:

Егер сіздің бойыңызда рухани адамгершілік тәрбиесі қалыптасты десеңіз... Екі қолды жоғары көтересіз

Н.Ә.Назарбаев: "ХХІ ғасырдағы Қазақстанды сендер салып дамытуларың керек. Мен біздің жастарға сенемін. Сендердің білімдерің, сендердің күш-жіігерлерің еңбектерің қуатты да өркендеген Қазақстанды құруға жұмыс істейтіндігіне кәміл сенемін. Ұлы Абайдың өсиетін жақсы орындайды және ХХІ ғасыр Қазақстанның «Алтын ғасырына» айналуына сүбелі үлес қосады деп сенемін"деген. Олай болса, келесі №2 тапсырманы орындап көрейік: Ол Болашақтың “Алтын ғасырын” болжаймын... деп аталады. “Квест” әдісі бойынша әр түрлі заттар берілген. Соларды пайдалана отырып, өз идеяларының, болжамдарының макетін, белгісін, монументін т,б.с.с жасайды. Қорғайды. Бұл болжамдарыңды, идеяңды қай жерге орналастырар едіңдер? Оқушылар сәл ғана сергіту сәті. Әр топ “Мәңгілік Ел” идеясын жүзеге асыруда ұран сөздер айтулары керек.

  • №1 “Бірлік” тобы

  • №2 “Болашақ” тобы

  • №3 “Адамгершілік” тобы

Үйірме жетекшісі: "Мәңгілік Ел" идеясын жүзеге асыратын және оны әрі қарай дамытатын- бүгінгі жастар. Жастар осы ұлттық идеяны жүзеге асыру үшін өз Отанын сүйетін үлтжанды, бойында рухани-адамгершілік қасиеттер қалыптасқан патриот болулары керек. Ел мәртебесіне, оның асқақтығы мен биіктігі, тұтастығы мен мызғымастығы, тек әділеттілік пен өзара ынтымақтастық және сыйластықтың негізінде қол жеткізілуі тиіс. Олай болса, алдымызда келе жатқан тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына және "Мәңгілік Ел" идеясын жүзеге асыруда 25 сөзді пайдаланып, барша Қазақстан халқына ақ тілек білдірсеңіздер 1.Жолдау. 2. Мәңгілік ел. 3 Елбасы. 4 Заң.5 Қыз .6 Ұл.7 Қазақстан. 8 Ата – ана. 9 Ту.10 Әнұран. 11 Астана. 12 Қазақ тілі.13 Жер.14 Байлық. 15 Тыныштық. 16 Мектеп.17 Білім.18. Оқу. 19. Ақыл. 20. Достық. 21 Көзқарас. 22 Адамгершілік. 23Мәртебелі жол. 24 Бірлік. 25 Болашақ.

Қорытындылай келе, ұрпағымыздың жұлдызын жағып, мәртебесін биіктетін де, тағылымын қалыптастырып, танымын кеңейтетін де - білім. Жастарымыздың білім машығын игеріп, алған білімдерін күнделікті өмірде және "Мәңгілік Ел" идеясын жүзеге асыру барысында тиімді пайдалануда, ХХІ ғасыр Қазақстанның "Алтын ғасырына" айналуына мектеп оқушылары, үйірме мүшелері де өз үлестерін қосады деп сенеміз. Оқушылар барлығы түрегеліп тұрып:

"Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып,

Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!" және қолдарын бірге ұстай отырып, үшбұрыш жасап "БОЛАШАҒЫМЫЗ- БІРЛІКТЕ!" деп дауыстап аяқтайды. Үйірме жетекшісі: Біз ұстаздар қауымы, сендердің армандарыңның, тамаша болашақты болжай алатын идеяларыңның орындала беруіне тілектеспіз! Әрбір жастарымыздың бойында рухани-адамгершілік құндылықтар, азаматтық құқықтық қасиеттер мен туған жерге деген сүйіспеншіліктері қалыптасқан, білімді де білікті көшбасшыларымыз көбейе берсін демекпіз. Соңында барлық үйірме мүшелері тақтаның алдында тұрып, Бақтияр Айдаровтың орындауындағы "Мәңгі ел үшін" әнін хормен бірге айтып аяқтайды. Музыка ойнайды.





"Әділет" үйірмесінің "Мұражай" үйірмесінің "Туристік өлкетану" үйірмесінің мүшелері


"Алтын таразы" болса "Алтын кітап" болса. "Алтын қалам" болса деп армандаймыз


Оқушылар шығармашылықта... "Мәңгілік ел" Сәтбай Айзат өлең оқуда Кенжаглиева Дарина постер қорғауда

"Мәңгілікк ел "идеясын іске асыруда рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру жолдары

тақырыбында өз ойларын ортаға салуда...


"Болашағымыз бірлікте" атты шебер сабақта үш үйірменің мүшелері кезекті тапсырмаларды орындау үстінде...



Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі









"Мәңгілік ел" идеясын жүзеге асыруда оқушылардың бойында рухани-адамгершілік

құндылықтарды қалыптастыру

Тақырыбы:

БОЛАШАҒЫМЫЗ БІРЛІКТЕ

Түрі: шебер сынып

Кенжегалиева Сауле Капсултановна





Арқалық қаласы

9 қараша. 2016 жыл