СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Боленова Аяулым Думановна

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Боленова Аяулым Думановна»

Жақия Шайжүнісов атындағы электронды колледж

Дәріс 3

Пән: Математикалық теория негіздері мен әдістері

Курс тақырыбы: Арифметикалық ұғымдар және оларды оқыту әдістемесі

Сабақ тақырыбы: Кестелік қосу және азайту

Кестелік қосу және азайту — берілген бірнеше санның қосындысы анықталатын арифметикалық амал. a және b сандарын қосу нәтижесінде a мен b сандарының (яғни қосылғыштарының) қосындысы деп аталатын x саны пайда болады. Қосу амалы орындалған өрнек былайша жазылады: {\displaystyle ~x=a+b,}  {\displaystyle ~a}  — қосылғыш, {\displaystyle ~b}  — қосылғыш, {\displaystyle ~x}  — қосынды. Қосу амалының нәтижесі ({\displaystyle ~x} ) — қосынды деп аталады. Қосу амалына барлық сан аймағында (облысында) шектеу жоқ, бір мәнді орындалады.

Кез келген {\displaystyle ~a,b} және{\displaystyle ~c} сандары үшін сәйкес аймақтарда (облыстарда) қосу амалының заңдылықтары тура:

  • {\displaystyle ~a+b=b+a} (ауыстырымдылық);

  • {\displaystyle ~a+(b+c)=(a+b)+c} (терімділік);

  • {\displaystyle ~a+0=0+a} ({\displaystyle ~0} қосуға қатысты бейтарап элемент).

Ауыстырымдылық пен терімділік заңдары қосылғыштардың реттілігі қосындыға әсер етпейтіндігін дәлелдейді.

Қосу амалын "{\displaystyle ~+} " ("плюс") таңбасымен белгілеуді 1489 жылы чех математигі Ян Видман (1460 — XVI ғ.) ұсынған.


Кестелік қосу және азайту. Қосу мен азайтудың ауызша тәсілі

Мақсаты: оқылған материалды қайталау және кестелік және ауызша қосумен азайту білімдері мен дағдыларын толықтырады.

Пәндік нәтиже: Оқушылар қосу мен азайтудың ауызша тәсілін қолдануға байланысты білімдері мен дағдыларын қайталап, жеке қиындықтарын анықтайды.

Сабақ барысы

Білімдерін белсендіру және оқу іс-әрекетіндегі қиындықтарды анықтау.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ауызша есептеуге математикалық диктантты енгізуге болады, онда қосу мен азайтудың кестелік жағдайлары қамтылатын 20-ға дейінгі сандар қарастырылады. Осы сандарды қосумен азайтудың өзі оқушыларға қиындықтар тудырады.

  • Азайғыш 18, азайтқыш 9. Айырым тең ...

  • Бірінші қосылғыш 8, екіншісі 5. Қосынды...

  • 7-ні 9-ға қосу.

  • 13 саны 6-дан нешеге артық?

  • 7 мен 6 сандарының қосындысын табыңдар.

  • 30 бен 90 сандарының қосындысын табыңдар.

  • 120-дан 60-ты азайтыңдар.

  • 40 пен 80 сандарының қосындысын табыңдар.

  • 8-ді 7-ге қосыңдар. Осыған ұқсас есеп құрастырыңдар.

  • 16-дан 9-ды азайт. Осыған ұқсас есеп құрастырыңдар.

  • 29-ды 11-ге қосыңдар. Осыған ұқсас есеп құрастырыңдар.

Ауызша қосу мен азайтудың оқушыларға қиындықтар тудыратынын ескеріп, төмендегідей түрдегі тапсырмаларды жиі орындауды ұсынуға болады.

18+6

12+35

410-20

38+7

45-22

740-90

59+6

98-65

180+60

72-5

67-23

480+90

Жекелей туындаған қиындықты оқшаулау.

Азайту мен қосу тәсілін игермеген оқушы сандарға амалдар қолдана алмайды.





Оқытушы: Боленова А.Д.